«мүмкіндік»
(грекше – dynamis, латын-
ша – potentia) және «шындық» (грекше – energeia, латынша – actus)
деген екі жаңа ұғым енгізеді. Материя – бір нәрсеге айналатын
мүмкіндік. Форма – ол шынайы, сондықтан ол материямен бірігіп,
соңғыны нақты шындыққа, яғни шынайылыққа айналдырады, ол өз
кезегінде, өзінің бойынан басқаға айналудың жаңа мүмкіндіктерін та-
бады. Пішін-бітімі жоқ мәрмәр кесегі деген не? Іс жүзінде – ештеңе.
Бірақ егер мүсінші барлық артық жерлерін шауып тастап, мәрмәрдан
Деметраның – молшылықтың әйел-Құдайының бейнесін сомдаса,
бұл енді біз назар аударатын, пішініне сүйсіне қарайтын бірдеңе бо-
лып шығады. Ал кірпіш деген не? Ол – шынайы саз балшық, сонымен
қатар болашақ үйдің мүмкіндігі де. Сөйтіп, кез келген нәрсенің пайда
болуы – бір немесе басқа материалдық мүмкіндіктің болмысқа
(шындыққа) айналуы. Жоқтан бар жасалмайды.
Оған қоса, Аристотельдің ғылымды
үш
үлкен тарауға бөлгенін де
ерекше атап өткен жөн:
•
теориялық ғылымдар
, яғни білімнің өзі үшін білім іздеуге
келтіретін ғылымдар;
•
іс жүзіндегі ғылымдар
– яғни міндеті – моральдық кемелдікке
жету болып табылатын ғылымдар;
•
өнімді ғылымдар
, яғни мақсаты – белгілі бір нысандарды өндіру
болатын ғылымдар.
Бұл үдемелі сатыда Аристотель теориялық ғылымдарға, яғни
метафизикаға, физикаға (оның ішінде психологияға да) және матема-
тикаға даусыз басымдық береді. Рас, Аристотельдің өзі «метафизи-
ка» деген терминді қолданбаған (ғалымдардың ойынша, оны перипа-
тетиктер (Аристотель идеясын қолдап, ары қарай жалғастырушылар)
енгізген немесе Аристотельдің шығармаларын басып шығаруға байла-
нысты б.з.д. I ғасырда Андроник Родосский енгізген). Аристотель:
• «бірінші философия» немесе «теология»;
• «екінші философия» немесе физика деп ажыратқан.
Физиканы ойшыл формалар (бітім-пішін) және мәндер туралы
ғылым деп түсінеді. Ал егер оны біздің заманымыздың физикасы-
мен салыстыратын болсақ, онда Аристотельдікі – онтология немесе
сезіммен қабылданатын дүниенің метафизикасы болып шығады.
Қозғалыс пен қалыптасуды теріске шығаратын элеаттардан
айырмашылығы – Аристотельдің пікірінше, қозғалыс – ол әлеуетте бар
нәрсені өзекті ету. Сол себепті болмыссыздық, элеаттар ойлағандай,
ештеңе болып табылмайды. Ол – әлеуеттен өзектілікке өту сияқты,
58
болмыс арнасында шыр айналатын болмыс формасы. Аристо-
тель қозғалыстың барлық мүмкін формаларының онтологиялық
құрылымын ұсынды. Оны барынша көрнекті және дәл баяндаған
итальяндық ғалымдар Дж.Реале және Д.Антисери болды. Аталған
мәселені сипаттаудағы олардың тәсіліне жүгінейік:
«Әлеует пен әрекеттің (акт) әртүрлі санаттарға жататыны сияқты, –
деп жазады олар, – әлеуеттен әрекетке өту секілді, қозғалыс та әртүрлі:
1) субстанция (түпнегіз), 2) сапа, 3) сан және 4) орын деп аталатын
санаттарға жатады. Сөйтіп, қозғалыстың төрт түрін аламыз:
1) түпнегізде өзгеру – «пайда болу немесе құру»;
2) сапада өзгеру – «жоғарылау немесе төмендеу; немесе айналу»;
3) санда өзгеру – «ұлғаю немесе кему»;
4) орны бойынша өзгеру – орын ауыстыру, «трансляция».
«Өзгеріс», – деп жазады ары қарай Дж.Реале мен Д.Антисери, –
барлық төрт формаға да жарамды термин, ал «қозғалыс», керісінше,
келесі үшеуіне, әсіресе төртіншісіне ғана қолдануға жарамды.
Барлық осы формаларда бір күйден қарама-қарсы күйге ауыса-
тын субстраттың (әлеуетті болмыстың) болатыны жорамалданады.
Пайда болу – ол форманы материя жағынан қабылдау, құру – фор-
маны жоғалту. Альтерация – сапаның өзгеруі; жалпылықтан аздыққа
өту және керісінше – бұл «ұлғаю және кему», ал бір жерден екінші
жерге орын ауыстыру – «трансляция». Материядан және формадан
тұратын тіршілік иелері ғана өзгеруге қабілетті, өйткені материяның
ғана әлеуеттілігі бар. Сөйтіп, кез келген қозғалыстың бастауы –
гилеоморфтық құрылымдар, яғни материя мен формадан жасалғандар»
(Дж.Реале, Д.Антисери. Западная философия от истоков до наших
дней. Т I. Античность. – М.: Петрополис. 1994. – 147-148-беттер).
Аристотельдің назарын ерекше аударған – кеңістік, уақыт, шексіздік
болды (мұнда шексіздік:
бітпейтін, таусылмайтын, ақыры жоқ
деген
мағынада. – Аудармашы). Бұл жерде де ол өзгеше орнықты, түбегейлі
пікірлер білдірді. Мысалы, шексіздіктің сол уақыттағы маңыздылығын
теріске шығарды. Оның пікірі бойынша,
әлеуеттегі әлеует
қана шексіз
бола алады. Әлеуеттегі шексіздікке ол сандарды жатқызады, өйткені
қашанда кез келген бір үлкен санды табуға болады және содан өтіп,
ары қарай жүріп кетуге болмайтын жер (пункт) жоқ.
Кеңістік те
–
әлеуеттегі шексіз нәрсе, өйткені оны шексіздікке дейін бөлуге болады,
себебі кез келген өлшемді, ақыры, қашанда бөлуге болады.
Уақыт
–
әлеуетті шексіз, ол үздіксіз ұлғаймай тұрмайды, басқаша өмір сүре ал-
майды.
59
Аристотель нақты шынайылықты: Ай астындағы, Ай үстіндегі деп
екі салаға бөледі. Олардың айырмашылығы өздері жасалған материяға
байланысты. Сонымен, Ай астындағы әлемнің материясы – бұл төрт:
жер, су, ауа, от элементтерінде берілген қарама-қарсылықтар әлеуеті.
Оларды ойшыл өзара қалпына қайта келетіндер деп санады. Бұл оның
жойылудың қайта тууы үдерістерін негіздеуіне және терең түсінуіне
мүмкіндік туғызды. Жоғарыда аталған төрт элементке Аристотель
эфирді – оның пікірінше, солардан аспан жаралған «бесінші мәнді»
немесе «бесінші субстанцияны» қосады. Бұл теория кейіннен Орта
ғасырларда дамып, ал әлемді Ай астындағы және Ай үстіндегі деп
бөлу – Жаңа заманда ресми түрде теріске шығарылды.
Ары қарай Аристотель дүниенің
Достарыңызбен бөлісу: |