ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет513/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

томас 

кун

 үлкен үлес қосты.

Т.Кунның  пікірі  бойынша,  ғылымның  дамуы  біркелкі  емес: 

белгілі  бір  уақыт  өткенде,  дамудың  біртіндеп,  қалыпты  келе  жатқан 

кезеңдері  оның  парадигмалық  негіздерінің  өзгеруіне  байланыс-

ты  күрт  революциялық  секірістерге  ауысады.  Неге  олай  болады? 

Мәселе  кез  келген  қалыпты  ғылымның  белгілі  бір  үлгілер  негізінде 

дамитындығында. Сол деп ғалым: барлық жерде бірдей қабылданған, аз 

уақытқа болса да, мәселелер мен олардың шешімдерінің парадигмасы 

солардан  қалыптасатын,  осы  салада  зерттеумен  айналысатындардың 

барлығының көңілінен шығатын ғылыми жетістіктерді түсінді. Оның 

үстіне, ғылыми парадигма (кейіннен бұл терминді ол 



«тәртіп үлгілері»

 

деген ұғыммен ауыстырды) бәсекелестік күрес жағдайында, сондай-ақ 



қоғамның  бүкіл  әлеуметтік-мәдени  өмірінің  ықпалымен  қабылданды. 

Парадигма  ғылыми  зерттеулердің  негізгі  бағыттарын,  пайда  болған 

мәселелерді шешудің әдістері мен жолдарын айқындайды.

Алайда  уақыттың  әлдебір  кезеңінде  бар  фактілердің  аясын-

да  бұрын  алынған  жаңа  фактілердің  түсіндірілуінде  белгісіздік, 

қиындық  жағдайы  туады.  Ол  ғылыми  қауымдастықтың  бір  бөлігінің 

іс  жағдайына  қанағаттанбауына  әкеліп  соқтырады,  нәтижесінде, 

зерттеудің жаңа балама үлгілерін іздеу арқылы жеңуге болатын ғылым 

тоқырауы  орын  алады.  Бәсекелес  күресте  ғылыми  қауымдастықтың 

көпшілігі  үшін  қабылдауға  тұрарлық  болған  тұжырымдама  (ғылыми 

болжам,  идея)  жеңіске  жетеді;  содан  кейін  ол  зерттеудің  жаңа  пара-



340

дигмасына  айналады.  Нәтижесінде,  тоқырау  еңсеріліп,  ғылымның 

қалыпты дамуының жаңа кезеңі басталады.

Айтылғандарды  қорытындылай  келе,  ғылыми  таным  ғылыми 

қауымдастық  санасының  аясында  өзгереді  деп  тұжыруға  болады. 

Сонымен  бірге  ғылыми  танымның  мазмұны  сыртқы  объективтік 

шындықтың әсерімен қалыптасады.

Ғылыми  таным  диалектикалық  тұрғыда  дамиды,  демек, 



өз 

дамуының  бағыттылығы

  және  кері  дамымайтын,  бұрылмайтын  си-

паты  бар.  Лобачевскийдің  немесе  Риманның  геометриясының  Ев-

клидов  геометриясынан  бұрын  пайда  болғанын  көзге  елестету  қиын. 

Сонымен  қатар  қазіргі  заман  білімі  тұрғысынан  алғанда,  біз  Евкли-

дов  геометриясының  заттардың  кеңістіктік  сипатын  «қарапайым 

өлшеуде»  қарабайыр  екенін  түсінеміз.  Евклидов  геометриясы  бойын-

ша,  бір  нүктеден  екіншісіне  қарай  бір  ғана  параллель  сызық  жүргізе 

аламыз,  ал  үшбұрыштың  үш  бұрышының  қосындысы  180  градусқа 

тең.  Лобачевскийдің  геометриясы  бойынша,  бір  нүктеден  екіншісіне 

қарай бірнеше параллель сызық жүргізуге болады, ал үшбұрыштың үш 

бұрышының қосындысы 180 градустан кем. Ал Риманның геометрия-

сында – бәрі керісінше.

Бұл айтылғандар ғылымдағы 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау