көрсетеді.
338
Екінші мәселе: әлеуметтік факторлар ғылыми ізденістердің
қарқыны мен бағыттарына ғана ықпал ете ме, әлде зерттеу әдістері мен
олардың ғылыми нәтижелеріне де әсері бола ма? XX ғасырдың 70 жыл-
дарына дейін ғалымдар сұрақтың бірінші бөлігіне ғана оң жауап беріп
келді (жаратылыстану қоғам құндылықтарына бейтарап қарайды).
Олар әлеуметтік-гуманитарлық пәндер ғана әртүрлі таптардың,
әлеуметтік топтардың мүдделері мен мақсаттарының билігінде бола-
ды деп санайды (Э.Дюркгейм, М.Вебер, Ю.Хабермас және басқалары).
Алайда кейінгі онжылдықтарда жаратылыстанудағы ғылыми зерттеу-
лер мен заман құндылықтарының өзара байланысы байқалды (Т.Кун,
П.Фейерабенд). Соның түйінінде ғана әр кездері ғылымда болып жа-
татын сапалы өзгерістерді, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми револю-
циялар кезіндегі әртүрлі құндылық ұстанымдарын; сан түрлі ғылыми-
зерттеу бағдарламаларының бір-бірлерімен күресін түсінуге болатыны
белгілі болды.
Алайда бұл жердегі қиындық ғылым дамуында нені ішкі, ал нені
сыртқы факторлар деп санауға болатындығында жатыр. Мысалы,
К.Поппердің пікірі бойынша, ғылымда жаңа заңдарды ашу ғылыми
таным дамуының сыртқы факторы болса, ал Дж.Гилберт оларды ішкі
фактор деп айқындайды. Бір ғалымдар әлеуметтік және психологиялық
факторларды ішкі деп санаса, Т.Кун мен М.Полани ішкі факторлар
деп есептейді. Егер К.Поппер фактілерді ғылымның кумулятивтік
әсері бар дара құндылығы санаса, Т.Кун салыстырмалы құндық дейді,
өйткені олардың мазмұны зерттеудің алдын ала берілген үлгісімен
айқындалады. Бұл жағдайды «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ
шығарса» деген қазақ мәтелі әбден дұрыс түсіндіреді.
Біздің: «Шындық қайда?» – деген заңды сұрақ қоюымызға болады
ғой.
Шындық, сірә, әдеттегідей, ортада жатқан сияқты. Егер қоғамда
сұраныс болмаса, ғылыми қауымдастық орын мен уақыттың нақты
жағдайларында бір немесе басқа ғылыми мәселеге көңіл аудармауы да
ықтимал. Әлбетте, ерте ме, кеш пе, бұл жаңалық ашылуы мүмкін, бірақ
көрсетілген уақытта ол «terra incognito» (игерілмеген, бейтаныс жер)
болуы да мүмкін.
Әлеуметтік сұраныс
және
тапсырыс
дегендердің
мағынасы ғалымдардың осы бағыттағы
ізденістері үшін түрткі себеп
ретінде әрекет ететіндігі болса керек. Бірақ, екінші жағынан, егер бір
немесе басқа ғылыми қауымдастықтың ғылыми жетістіктерінің деңгейі
төмен күйінде қалса, онда ғылыми мәселенің шешімі де орындалмаған
болып шығады. Бейнелі түрде айтқанда, ғылым жаңа идеяға «жүкті»
339
болуға, ал оның дүниеге келуі үшін, қолайлы әлеуметтік жағдайлар
жасалуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: