пайда болды.
моральдық және құқықтық теңдік алған.
168
в) бұл жағдайда қоғамдық мүддені алдау жолымен өзгерту қаупі ту-
ады.
Қоғамдық келісімді сақтаудың негізгі жолдарының бірі – халықты
ағарту, оның бостандыққа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
екінші.
Бірқатар философтар, мысалы, Бертран Рассел Руссоны,
сондай-ақ Фихте мен Ницшені нацизм мен фашизмнің идеологиялық
жол салушылары деп санайды, өйткені алдыңғысы да, соңғылары да
еркіндікті, әсіресе билікке деген еркіндікті жақтайды. Бұл жерде мы-
сал ретінде Руссоның «Қоғамдық келісім туралы немесе саяси құқық
қағидалары» (1762) деген жұмысына, оның ішінде осы шығармада
жазылған жалпы еркіндік тұжырымдамасына, әсіресе қашанда
«жалпыға ортақ еркіндік» бар дейтін жоғарғы биліктің еркі туралы те-
зиске сілтеме жасалады.
Рассел: «Қоғамдық келісім» Француз революциясының көпшілік
көсемдерінің Библиясына айналды, бірақ, сөз жоқ, Библия сияқты,
ол да мұқият оқылмады және ізбасарларының көпшілігі оны дұрыс
түсінбеді. Демократия теоретиктерінің ішінде Руссо метафизикалық
жалпылауға дағдылануды енгізеді, соның жалпыға ортақ еркіндік
туралы доктринасы арқылы көсемнің оның халқымен мистикалық
сәйкестігі мүмкін болады, ал өзін растау үшін, ол сайлау жәшігі
сияқты соншалықты қарапайым құралға мұқтаж емес. Пруссия арис-
тократиясын қорғаған кезде, Гегель Руссо философиясынан көп
нәрсені пайдасына жарата алар еді (Гегель жалпыға ортақ еркіндік пен
барлығының еркі арасындағы айырмашылықты ерекше мақтайды. Ол:
«Руссо осы айырмашылықты әрдайым ескергенде, мемлекет теория-
сына айтарлықтай үлес қосқан болар еді», – дейді). Бұл тәжірибенің
жемістері Робеспьердің билігі тұсында, Ресей мен Германиядағы
(әсіресе осы соңғысындағы) диктатура кезінде сығылып, орыстық
ілімнің нәтижесіне айналды. Бұл елеске болашақ тағы қандай жеңістер
алып берер екен, ол туралы болжам айтуға дәтім бармайды», – деп жаз-
ды (Рассел Б. История западной философии. – 646-бет). Алайда, біздің
ойымызша, Рассел мен оның жақтастарының айтқандарының барлығын
дұрыс деуге болмайды. XVII-XVIII ғасырлардың табиғи келісімінің
басқа тұжырымдамаларынан айырмашылығы – Руссо оның мақсатын
диктатура емес, азаматтық қоғам құрудан көрді. Бұл билеушінің
құзырындағылармен және жоғары тұрған тұлғаның төмендегілермен
келісім-шарты емес, ол – бір-бірлерімен тең адамдардың немесе тұтас
қоғамның оның әрбір мүшесімен, яғни, ойшылдың пікірінше, олардың
169
барлығы «өздеріне бірдей шарттармен міндеттемелер алатын және
барлығы тең құқықтар иеленетін» кездегі келісім-шарт.
Руссоның шығармашылығында адам мәселесі елеулі орын алады.
Оның ойынша, адамның туа біткен екі қасиеті бар: алғашқысы – оның
өз-өзін сақтауға және ең жақсы өмірге деген жойылмайтын ұмтылысы,
екіншісі – өзге біреудің күйзелістері мен өлімін көргенде, оның бойын-
да пайда болатын табиғи аяушылық пен өкініш сезімі.
Табиғаты бойынша адам ізгілікке ұмтылады. Егер өзімшілдігін
жеңе отырып ізгілікті істер істесе, бұл қасиеттер терең тамырланып,
оған ризашылық сезімін сыйлап, оның екінші табиғатына айнала-
ды. Егер адам өзін борышты сезінгеннен жақсылық жасаса, онда бұл
ізгіліктің тек сыртқы көрінісі болып шығады. Ал егер ол кезде адам
табиғи сүйіспеншілік сезінсе, онда бұл – адамдықтың биік көрінісі
болғаны.
Руссо
Достарыңызбен бөлісу: