қорытындыға келеді.
106
Леонардо өз заманының схоластикасына қарсы шығады. Оның
ойынша, шындыққа тәжірибеге негізделген білім ғана жеткізеді. Ал
тәжірибе танымның ең терең тұңғиығына жетелейді. Бірақ табиғатты
тәжірибелермен сарқуға болмайды. Демек, теориялық білім керек.
Баллистикаға арналған үзінділерінің бірін аяқтай келе, ол: «Ғылым –
қолбасшы, ал практика – әскер», – деп жазды. Да Винчидің ғылыми
жұмыстарының қақ ортасында математика тұр. Ол: «Адамның
ешқандай зерттеуі математикалық дәлелдеулерсіз шынайы ғылым
деп атануға таласа алмайды», – деп жазады. Немесе: «Математи-
ка ғылымдарының бірі қолданыс таппаған, я болмаса математикаға
байланысы жоқ ғылымдар қолданылған жерде ешқандай нақтылық
жоқ», – дейді (Екі үзінді дәйексөз де А.Дживегеловтан алынған: Ле-
онардо и Возрождение. Леонардо да Винчидің екі томдық таңдамалы
шығармаларына кіріспе мақала. – 1-т. – М.: Academia, 1935. – XXXVIII).
Леонардо-ғалымның бойында болашаққа ұмтылу бірден байқа-
лады, ол Ф.Бэконның алдындағы көшбастаушы сияқты жаңа
ғылымның бастамашысы ретінде әрекет етті. Бірақ сонымен қатар
ол практика қаншалықты керемет болғанмен, ғылымға айналу үшін
қорытындылауды талап ететінін түсіне отырып, өзіне дейін жаңалық
ашқандардың ғылыми мұраларын зейін қойып зерттеді.
Леонардоның математикалық әдісі – ол табиғаттағы сандық тепе-
теңдіктерді іздеу, «басқалар өлшей де, санай да алмаған немесе
қаламағанды өлшеу және санау». Фотометрия мен анемометрдің пайда
болуы, жүріп өткен қашықтықтардың механикалық есептеуіштеріне
қызығушылық осыдан шыққан.
Леонардо сол заманның әскери техникасының, әскери көпірлердің
құрылысының дамуына, гидротехникаға, баллистикаға, тоқыма ста-
ноктарын жасауға үлкен еңбек сіңірді. Бірақ оның ерекше еңбегі адам
анатомиясы мен психологиясын зерттеуі болды.
Күнделікті өмірінде Леонардо Адам мен «адамды» бір-бірінен ажы-
ратады. «Осанна (мадақ) «көзіне» айтылатын, самғап ұшуға қабілетті
адам-жасампаз болып табылатын Адам – бір бөлек. Екіншісі – ол бәрін
құртуға және бүлдіруге бейім, әйтеуір неге екенін, «хайуандардың пат-
шасы» деп атау дұрыс кезде (өйткені ол солардың ішіндегі ең үлкені),
«аңдардың патшасы» деген атқа ие болған адам». Ондай адамдарға
Леонардо сыпайыгершілік таныта алмайды, оларды жек көреді.
Жазбаларының бірінде: «Оларды тамақ өткізгіштер (transito di cibo),
керектілерді көбейткіштер (aumentatory di sterco)... және берушілер де-
107
геннен басқаша атау мүмкін емес, өйткені олардан толық керектілерден
басқа ештеңе қалмайды», – деп сипаттайды (Бұл да сонда. XLVI).
Леонардо да Винчи – ұлы суретші, Қайта өрлеу дәуірі рухани
мәдениетінің ғаламат өкілі. Оның ойынша, қоршаған дүниені танып
білуде, ғылыммен қатар, өнер де орасан үлкен рөл атқарады. Егер
ғылымның атқаратын міндеті – заттардың сандық мән-маңыздарын
зерттеу болса, ал өнер дүниенің сапалық, қайталанбас, керемет
жақтарын көрсетеді. Оған қоса, Леонардо өнерді ғылымнан жоғары
қояды. Шындағында да, егер бұл суретшінің суреттеріне зейін сала
қарасаңыз, адам денесінің құрылысы анатомиялық өлшемдерге сай
келетінін байқайсыз, ал ол кезде суретші өз кейіпкерлерінің жан
дүниесін, психологиялық көңіл күйін, ішкі күйзелістерін шеберлікпен
жеткізеді.
Ғылым тарихында поляктың ұлы ғалымы
Достарыңызбен бөлісу: