ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет612/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   608   609   610   611   612   613   614   615   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

орасан үлкен жүйе

, ал адам соның ішінде 

өмір  сүреді.  Сол  себепті  өмірдегі  ғылыми-техникалық  жетістіктерді 

пайдалану стратегиясын құрмай, адамзат өз-өзін құртуға жетеді.

Үшінші,  әлі  күнге  дейін  терең  зерттелмеген  қатер  –  адамның 

биоәлеуметтік  табиғатын  сақтау  мәселесі.  Кейбір  ғалымдар  оны 



«антропологиялық  тоқырау»

  деп  атайды.  Оның  мәні  жыл  сайын 

техниканың  жаңа  түрлерін  пайдалана  отырып,  адамның  өз  өмірін 

қиындата түсетіндігінде жатыр. Ол, әрине, олардан көбірек рақат ала 

түскенмен, алайда ол жаңалықтардың теріс зардаптарын байқамайды. 

Адам табиғатты терең өзгерткен сайын, өмірдің сапасын төмендететін 

теріс әлеуметтік факторлар көбірек пайда болады.

Қазақстандық қоғамды алып қарасақ, онда бүгінгі күні адамдардың 

табиғи  дарындарын  көрсетуге  кең  мүмкіндіктер  туып,  әрбір  жеке 

тұлғаның  өз  шығармашылығының  бастамашыл  дарынына  жол 

ашылған.  Тәуелсіздік  жылдары  ішінде  қаншама  жастар  спортта, 

мәдениетте,  білім  алуда,  саясатта,  экономикада  шығармашылық 

табыстарға  жетті!  Алайда  егер  біз  республикада  адамның  жетілуінің 

көлеңкелі  жақтары  туралы  айтпасақ,  ол  шындықтың  жартысы  ғана 

болар еді. Мысалы, туберкулез, гепатит сияқты «әлеуметтік аурулар-

ды» алып қарасақ, су қорларын, ауаны тазартпай, адамдардың тұрмыс 

жағдайын жақсартпай, біз ол ауруларды жеңе алмаймыз.

Айтылғандарды  қорытындылай  келе,  әрдайым  адамның  биоәлеу-

меттік табиғатын бір-бірінен ажыратпай қарауымыз керек.



397

Адам  қоршаған  ортаны  тани  отырып,  кеңістік  пен  уақыттың 

шеңберінен шығуға тырысып, ол туралы түсініктер мен бейнелер ту-

дырады,  оның  заттар  мен  құбылыстардың  ішкі  мәнін  ашып  көрсете 

алатын  қабілеті  де  бар.  Ол  барлық  мүмкін  болатын  құндылықтарды 

жасап, соларды басшылыққа алады, кейде сол құндылықтарды сақтау 

жолында  өзін  құрбан  етуге  де  әзір.  Адам  –  өзінің  өлетінін  білетін 

тіршілік иесі, осы маңызды факт оның жан дүниесінде өмір мен өлім 

туралы  ойларды  тудырады.  Осы  айтылғандар  бізді  адамның  өмір 

сүруінің  мағынасы  туралы  мәселеге  жақындата  түседі.  Бұл  мәселе 

бұрынғы  өткен  ғасырларда  да  талқыланған,  адамзат  өмір  сүретін 

болашақта да көтеріле бермек.

Өмірдің  басқа  формалары  сияқты,  адам  өзінің  алуан  түрлі 

қажеттіліктерін  қанағаттандырады.  Алайда  байлыққа,  тоқшылыққа 

жету  –  адамның  барлық  мұқтаждықтарын  өтемейді,  оның  өмірінің 

мәнін  құрай  алмайды.  Оның  сыртында  рухқа  негізделген  көптеген 

әртүрлі қажеттіліктер жатыр. Қажеттіліктерді зерттеуші американдық 

ғалым  А.Маслоу  адам  қажеттіліктерінің  төменнен  жоғарыға  қарай 

орналасқан келесі тәртібін жасаған-ды:

1. 


Ең  төменгі  физиологиялық  (тыныс  алу,  тамақтану,  қозғалу,   

баспана салу, ұрпақ жалғастыру) қажеттіліктер. 

2. 


Экзистенциалдық  (қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету,  ертеңге 

болашаққа сеніммен қарау, өмір шарттарының және айналадағы адам-

дармен өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы) қажеттіліктері. 

3. 


Әлеуметтік  (басқа  адамдармен  байланыста  болу,  олардың  та-

рапынан танылу) қажеттіліктер. 

4. 


Бедел-абыройға  жету  (өзі  үшін  маңызы  бар  адамдардың  ор-

тасында  болу,  мансап  баспалдағымен  көтерілу,  өз  тұлғасының 

маңыздылығын басқаларға таныту) қажеттіліктері.

5. 


Рухани  (тұлғаның  шығармашылық  дарындарының,  қабілет-

терінің ашылуы) қажеттіліктер.

А.Маслоу  бойынша,  егер  төменгі  қажеттіліктер  қанағаттандырыл-

маса, онда адам үшін жоғарғылары қызықты емес. Қанағаттандырылған 

қажеттіліктер  сарқылып  біткен  соң,  адамды  одан  да  жоғарырақ 

қажеттіліктерге  итермелейді.  Қоғамның  даму  деңгейіне  қарай,  егер 

негізгі  қажеттіліктер  қиындық  тудырса,  онда  олар  адам  өмірінің 

мәніне  айналуы  мүмкін.  Бүгінгі  күні  қанша  адам  «нан  табу» 

мәселесінің шеңберінен шыға алмай жүр?! Оны, сірә, қоғамның тарихи 

қалыптасқан кемшілігі деп қарау керек шығар.

Сөйтіп, адам болмысының ең жоғарғы мәні – бастау-бұлақтарын да-

мытып, сол арқылы өз тұлғасының рөлі мен орнын айқындап, өмірден 



398

қанағат  ала  отырып,  шығармашылық  деңгейге  дейін  көтерілу.  Ондай 

адамдарға тән қасиеттер:

• 

өмірдің әр күнін құрметпен және қуанышпен қарсы алу;

• 

басқаларды  өзіңдей  бағалау,  тәуелді  болмау,  сонымен  бірге   

айналадағы адамдардың пікіріне құлақ асу;

• 

өз өміріңді арнаған істі сүю және мамандығыңды шығармашылық 



деңгейде  меңгеру.  Өзіңнің  шығармашылық  қабілеттеріңді  ары  қарай   

дамыту мақсатында өз-өзіңді жетілдірумен шұғылдану;

• 

қашанда Шындыққа, Жақсылыққа және Әсемдікке ұмтылу;

• 

әрдайым  қарапайым  және  басқа  адамдармен  қарым-қатынас  

жасауға дайын болу.

Австриялық  ғалым  В.Франкл  адам  өмірінің  мағынасы  жайын-

да  арнайы  кітап  жазды.  Осы  заман  адамының  өмір  қарекетін  қарай 

келіп,  ол  оның  айтарлықтай  қиындықтарын  көрді.  Қазіргі  адам  жан-

жануарлар құсап ырықсыз сезіммен өмір сүре алмайды, әдет-ғұрыптар 

мен дәстүрлер адам өмірін айқындайтын өткен қоғам да артта қалған. 

Сондықтан  ол  басқалар  сияқты  болғысы  келеді  (конформизм)  неме-

се  жоғарыдағылардың  қалағанын  істегісі  келеді  (тоталитаризм).  Ол 

(Батыстың адамы туралы айтылып отыр) рухани тоқырауға ұшыраған, 

өмір мағынасын іздеумен жүр. Нәтижесінде, адам 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   608   609   610   611   612   613   614   615   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау