346
ертедегі тәтті өмірге ынтық болғандарды артқа тастап, тіпті басып озды.
Отбасы әдет-ғұрыптарының бұзылуы, «азаматтық неке», «біржынысты
сүйіспеншілік» дегендер санының артуы қазіргі заманғы адамзаттың
терең рухани-адамгершілік тоқырауының белгілері болып табылады.
«Ашықтық» жағдайында, қоғамның барлық қырларын «кешіктіріп
жаңашаландыру» дегеннің іске асуы барысында қазақстандық әлеумет
жетістіктерге ғана емес, шығындарға да жеткізетін «сыртқы» ықпалдың
әлеуетін сезініп отыр. Дамыған елдер өмірінің жоғарыда келтірілген
теріс мысалдары, өкінішке қарай, аз болса да, біздің қоғамымыздың
өмірінде де көрініс беріп қалады. Сол себепті мыңжылдықтар бойы
қалыптасқан адамгершілік ұстанымдарын сақтау – адамдарымыздың
орнықты өмірін және жақсы моральдық жай-күйін қамтамасыз ету
үшін өмірлік маңызды болып саналады.
Осындай жағдайда білім – рухани құлдыраудың өсу үдерісін тоқтата
алатын, адамның шығармашылық дарынын көрсетуге мүмкіндік
беретін, өмірге гуманизм және жалпыадамдық құндылықтарды енгізе
алатын аса маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дамып келе
жатқан әлеуметтік-экономикалық ахуал білім беру жүйесінен оқыту
сапасын жақсартуды ғана емес, сонымен қатар білім беруден, кәсіби
дағдыларға баулудан ғана тұрмайтын, сондай-ақ басқа – моральдық-
этикалық құндылықтарға тәрбиелеу мақсаты бар білім беру жүйесінің
барлық қызметтерін қайта қарауды қажет етеді.
Болашақ мамандардың терең рухани-адамгершілік дайындығынсыз
жалаң сциентизмнің «бірөлшемді адам» (Маркузе) қалыптастыруға
жеткізетінін түсіну керек. Ал сонымен қатар дінтану, этика және эстетика
сияқты пәндердің тек гуманитарлық факультеттерде ғана оқытылатынын
айтқанымыз жөн. Сондықтан бұл әрекетіміздің мәселенің өзін шеш-
пейтінін білсек те, жақын болашақта оқытылып жатқан әлеуметтік-
гуманитарлық пәндердің рухани-адамгершілік әлеуетін мүмкіндігінше
мол пайдалануға тырысудан басқа ештеңе қалмайды.
Қоғамның рухани өмірінің күрделілігі сонша, бұл жерде саясаттың
«бұралаң жолдары» жарамсыз болмақ. Құқықтың мүмкіндіктері
де шектеулі. Сондықтан рухани қайта өрлеу – ол зиялы қауымның,
қоғамның барлық көзі ашық күштерінің ісі. Көптеген мыңжылдықтар
бойы ең бір ақылды, жарқын ойшылдар, пайғамбарлар мен әулиелер өз
ілімдерін құрды және бар күш-қуаттарын сарп етіп, соларды насихатта-
ды. Алайда қиындығы мол жолда адамзат оншалықты қабілетті шәкірт
болмай шықты. Бірақ жасқа да, кәріге де рухани жетілу кеш емес,
әсіресе адамзат терең рухани-адамгершілік тоқыраудың құрсауында
қалған қазіргі уақытта тіпті те кеш болмауға тиіс.