ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет521/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   517   518   519   520   521   522   523   524   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

ғалымның  артықшылығы

  тек  оның 



сүйікті 

мамандығымен

  айналысатындығында  ғана.  Сондықтан  ғылымға 

келетін жастар 

саналы, терең ойланған таңдау

 жасауға тиіс.

Алайда барлығын да солғын түске бояу дұрыс болмас. Еліміздің ары 

қарайға өркендеуіне қарай қоғамның зияткерлік әлеуетіне көбірек көңіл 

бөлінетін  болды.  Елдегі  университеттерде  зертханалық  базалар  дамып 

жатыр,  оқу  үдерісінде  компьютерлік  технология  кеңінен  пайдаланыла-

ды,  дарынды  жастардың  конкурстық  негізде  президенттік  «Болашақ» 

бағдарламасы  бойынша  дамыған  елдердің  жоғары  оқу  орындарында 

оқитын  мүмкіндіктері  бар.  Жоғары  білімді,  ғылымға  ұмтылатын  жас-

тар  әлемдегі  ірі  ғылыми  орталықтарда  тәжірибеден  өте  алады.  Өмірдің 

барлық салаларына Батыстың жоғары стандарттарына сай жаңа техноло-

гиялар енгізіліп жатыр. Елдің ірі қалаларында технопарктер, инкубатор-

лар салынып, пайдалануға берілген. Ғылымға ынтық жастар сол жерлер-

де зерттеулерін жүргізіп, шығармашылық әлеуеттерін іске асыра алады.

Дүние  жүзін  жайлаған  дағдарыс  әлемдік  экономиканың  жер 

шарының  барлық  елдерінің,  оның  ішінде  Қазақстанның  да  өміріне 

ауырлық түсірген көптеген теріс жақтарын ашып берді: экономиканың 

шикізаттық бағытынан тез арада шегініп, қазіргі заманға сай техноло-

гиялар енгізу, адам капиталын дамыту негізінде елді индустрияланды-

ру керектігі туралы мәселені төтесінен қойды.

Біздің көзқарасымыз бойынша, елді ары қарай индустрияландыру-

да  еңбекті  әлемдік  бөлу  тәжірибесін  ескеру  қажет.  Мысалы,  әлемдік 

машина  жасау  өндірісінде  ғасырлық  тәжірибесі  және  онжылдықтар 

бойы  жинақтаған  қуатты  шығармашылық  әлеуеті  бар  дамыған  ел-

дермен  бәсекелесе  және  сол  жерден  өз  орнымызды  таба  аламыз  ба? 



345

Электрондық  өнеркәсіп  бойынша  да  соны  айтуға  болады.  Ауыл 

шаруашылығына қажетті машиналар, кен-руда өнеркәсібі үшін құрал-

жабдықтар  жасау  туралы  айтсақ,  онда  өзіміздің  меншікті  индустрия-

мызсыз бұл салаларда тіпті де жұмыс істей алмаған болар едік.

Қазақстандық  әлеумет  үшін  «Құдайдың  Өзі  берген»  мақсат  та, 

міндет  те  –  ауыл  шаруашылығын  және  сонымен  байланысты  жеңіл 

өнеркәсіпті  өркендету.  Кеңес  заманы  тұсында  ауыл  шаруашылығын 

дамытуға  миллиондаған  қаржы  салынуы  кездейсоқ  емес.  Біздің  па-

йымдауымызша,  мемлекеттің  осы  кездегі  күш-қуаты,  бәрінен  бұрын, 

өнімді  қайта  өңдеуді  және  өткізуді,  шағын  шаруа  қожалықтарына 

материалдық-техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін әртүрлі 

қауымдастықтар  құру  арқылы  экономиканың  аграрлық  саласына 

бағытталуға  тиіс.  Жоғары  білікті  менеджерлер  даярлау,  техника  мен 

құрал-жабдықтар  сатып  алу  үшін  кредиттер  беруді  қамқорлыққа  алу 

аса  маңызды.  Осының  барлығы  азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

етуге,  ауылдар  мен  шағын  қалаларда  жаңа  жұмыс  орындарын  құру 

арқылы  қалаға  қысым  түсуін  жеңілдетуге,  аграрлық  сектордың 

экспорттық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Екінші бір кезек күттірмейтін мәселе – ол құрылыс индустриясын 

дамыту,  халықтың  қалаларға  шоғырлануы  қарқын  алып  келе  жатқан 

қоғамның  өткір  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін,  қалаларда  ар-

зан және көлемі ықшам тұрғын үйлер құрылысын кең жүргізу. Оның 

үстіне, басты назар шектен тыс өсіп келе жатқан мегаполистерге емес, 

шағын қалаларға аударылуға тиіс.

АҚШ-тың  бұрынғы  вице-президенті  А.Гор  2007  жылдың  желтоқ-

санында  өзіне  қоршаған  ортаны  қорғауға  қосқан  үлесі  үшін  Нобель 

сыйлығы тапсырылып жатқанда жердегі климаттың өзгеруі туралы айта 

келе,  әлдебір  қолапайсыздық  қазіргі  заманғы  өркениет  негізінің  өзінде 

жатуы мүмкін деген мағынада пікір айтқан-ды. А.Гордың ойын ары қарай 

жалғастыруға бекініп, қазіргі заман адамзатын құртып отырған кеселдің 

нақ осы 


рухани-адамгершілік тоқырау

 екенін нық сеніммен айта аламыз. 

Адам  өмірінің  сыртқы  жағы  жыл  өткен  сайын 


жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   517   518   519   520   521   522   523   524   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау