ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет482/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

Қайта өрлеу

 дәуірінен бері қарай кең өткізіле 

бастады. Содан кейін олар Жаңа заманда кең құлаш жайды. Табиғатты 

сынақтан  өткізе  зерттеудің  негізінде  жатқан  сол  әлеуметтік-мәдени 

алғышарттар қандай болып еді? Олар төмендегідей:

–  таным субъектісі (зерттеуші) өзінің табиғатқа қарсы тұратынын 

сезінеді,  ол  сезінуге  қоғамның  артып  келе  жатқан  талаптарын 



319

қанағаттандыру  мақсатында  табиғатты  өзгерту  мүмкіндігін  түсіну 

және сену ілесе жүреді;

–  адамның  табиғат  үдерістеріне  тәжірибе  жолымен  қандай 

өзгерістерді  енгізгеніне  қарамастан,  жаңадан  құрылған  денелер  мен 

құбылыстар бәрібір табиғат заңдарына бағынады;

–    табиғаттағы  барлық  заттар  мен  құбылыстар  болмыста 

қаншалықты  қайталанатын  болса  да,  барлық  жерде  және  барлық 

уақыттарда болатын табиғи заңдылықтарға бағынады.

Барлық мүмкін болатын өлшемдер мен сынақ-тәжірибелер арқылы 

эмпириялық  (тәжірибелік)  білімдер  жинақталады.  Олардың  өзегі 

фактілер

 болып табылады. Факт – эмпириялық білім бірлігі, онда же-

келеген қатынастар белгіленеді. Ол – ғылымда белгілі жолмен алынған 

жаңалықты бекіту. Фактілер бола алатындарға: зерттелетін нысанның 

бір  немесе  басқа  қасиеттері  мен  сапаларын  көрсететін  «хаттамалық 

ұсыныстар»,  сол  нысанның  суреттегі  бір  немесе  басқа  қырларын, 

әртүрлі формулаларды, дыбыстардың жазылуын және т.б. білдіру жа-

тады.


Кез  келген  факт  өлшемдердің  көпқабаттылығымен,  көптігімен  си-

патталады. Ғылыми фактіде төмендегі негізгі сәттерді бөліп көрсетуге 

болады:

а)  фактіде бекітілген зат немесе құбылыс;

ә)  зерттелетін  нысанның  әртүрлі  жақтары  мен  қасиеттері  туралы 

мағлұмат;

б)  зерттелетін  нысандардың  ғылыми  қауымдастық  сол  және 

басқа  уақытта  қабылдаған  сандық  және  сапалық  қырларын,  сынақ 

деректерін, өлшеу тәсілдерін бақылау туралы әдістер мен амалдар;

в)  басшылыққа  алуға  қабылданған  теориялардың,  тұжырым-

дамалардың қолда барларына сүйеніп, фактілерді түсіндірудің жолда-

ры мен тәсілдері.

Енді зерттеудің негізгі эмпириялық әдістерінің қысқаша сипттама-

сына көшу мүмкіндігі туды.



1.  Бақылау.

  Зерттелетін  құбылыстарды 



ғылыми  бақылау

  заттар-

ды  және  адамдардың  өмірінде  күнделікті  болып  жататын  үдерістерді 

жай  ғана  бажайлап  қараудан  мүлдем  өзгеше.  Ол  «tabula  rasa»  –  таза 

тақта  емес,  өйткені  ғалым  зерттелетін  затқа  белгілі  бір  ұстанымдар 

тұрғысынан  келеді,  оның  басында  белгілі  бір  пікірге,  зерттелетін  зат 

немесе құбылысқа қатысты идеяға жақын бір нәрсе бар. Нәтижесінде, 

ол зерттелетін нысанның табиғатына қатысты бір немесе басқа жора-

малдарын растау немесе терістеу мақсатында сол затты жүйелі түрде 



320

бақылай  бастайды.  Бақылау  барысында  бірте-бірте  ғылыми  фактілер 

жинақталып және талданып, содан кейін әлдебір жүйеге келтіріледі.

Ғылыми бақылау жүргізудің алдында төмендегідей қатаң талаптар 

белгіленеді:

а)  зерттеудің айқын 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау