постмодернизм
-
ге
ұласты. Постмодернизмнің сансыз насихаттаушылары үшін өзіндік
бастау – алғашқылардың бірі болып корреляция (лат. correlatio –
арақатынас, сәйкестік) мәселесін көтерген француз постфрейдисі
жан-Франсуа лиотардың
(1924 жылы туған) еңбектері болды.
«Постмодерннің жай-күйі. Білім туралы баяндама» (1979) деп атала-
тын кітабында ол постмодернистік мәдениет пен постмодернистік
қоғам түйініндегі таным мәртебесін өзгерту туралы ғылыми болжам-
ды алға тартты.
Ғылыми, философиялық, эстетикалық және көркем постмодернизмді
ол осы еңбегінде метабаяндауға сенбеу, метафизика және универса-
лизм дағдарысымен байланыстырады.
Оның ойынша, постмодерн ахуалының өзгешелігі жүйелерді оңтай-
ландырумен, олардың күш-қуаты және тиімділігімен байланыстырылған
ғылымдылықтың бұдан аз уақыт бұрынғы мақсат-мұратынан түңілуде
жатыр. Ғылыми жаңалықтардың этика және саясат мәселелерімен
арақатынасы жаңа білімді
ақпараттық тауарға – байлық жию мен
билік құралына
айналдыру қаупін ашып берді. Осыған байланысты
шынайылықтың және ғылыми таным объективтілігінің бағалары
тиімділікке ғана емес, сонымен қатар әділеттілікке, адамгершіліктікке,
әдемілікке деген құндылықтық-мақсатты ұстанымдармен толығады.
291
Постклассикалық емес білімді бағалаудың эстетикалық белгісін
енгізу – философия үшін жаңа бірқатар ғылымдарға назар аударуды
қажет етті:
–
қиын сала
– ақпараттық қоғамда білімді заңды деп тану (легити-
мация);
–
әдіс
– тілдік ойындар;
–
әлеуметтік байланыстар табиғаты
– қазіргі заманғы балама-
лар және постмодернистік жоспарлар;
–
ғылыми білім прагматизмі
және оның баяндаушылық қызмет-
тері.
Лиотар постмодернизмді модернизмнің ішінде жасырынған соның
бір бөлігі деп санайды. Гуманизм мен дәстүрлі эстетикалық (әдемі-
лік, асқақтық, даналық, мұраттылық) құндылықтардың тоқырауы
жағдайында ұтқыр модернистік сала бөлігі модернизмді формалар
мен техникалық тәсілдердің плюрализмімен жаңарта және бұқаралық
мәдениетпен жақындастыра отырып алдыға шықты.
Сонымен, постмодернизм – бұл танымда сөздердің түрлену үлгісінің
(парадигма) ауысуы, субъект ұстанымын көзқарастар жүйесінің
орталығы және бастау ретінде қайта қарау болып шықты. Субъектінің
орнын әртүрлі –
ниет-тілектер мен қарқындылық ағындары
(Жиль
Делёз, Феликс Гваттари);
трансгрессия және эротизм
(Жорж Батай);
нақты өлшемдегі өзгеше арбау
(Жан Бодрийар);
либидомен байланыс-
ты тамыр соғуы
(Жак Лакан);
мысқыл
(Ричард Рорти) немесе
жирену
(Юлия Кристева) сияқты тұлғасыз құрылымдар басты. Постмодернизм
идеяларын әзірлеуде француз философы
Достарыңызбен бөлісу: |