288
«Модернизм» деген ұғымның өзі бірмағыналықтан алыс
жатқандықтан, бұл жерде мүлдем әртүрлі түсініктерге кең жол ашы-
лады. Орыс тілінде бұл термин, басқа еуропалық тілдерге қарағанда,
тым тар мағынасында қолданылады. Сол себепті орыс тіліндегі
қолдануында «модерн» – эстетикалық ұғым. Ол өнер тарихында
белгілі бір дәуірге және белгілі бір көркем стильмен (мысалы, XIX
ғасырдың соңы, XX ғасырдың басындағы сәулет құбылысы сияқты
модерн) бекітілген. Ал еуропалық тілдерде «модерн» тым ұзақ кезеңді,
бастауы әдетте Жаңа заманға жатқызылатын кезеңді белгілейді. Бірақ
терминнің өзі ерте Ортағасырда пайда болған. Модернистер деп
Қасиетті Жазудың қағидалық мәтінімен келіспеген және оның жаңа,
шіркеу бекіткеннен бөлек нұсқасын ұсынған христиандар аталған.
Сонымен,
модернизм
(лат. modernus – жаңа, қазіргі заманға сай) –
мәдениеттану, өнертану, әдебиеттану, дінтану және философия-
да әртүрлі мектептерді, стильдерді, жаңашылдыққа және алдыңғы
дәстүрлерді қайта қарауға, тіпті олардан қол үзуге бағытталған
ағымдар мен стратегияларды сипаттау үшін пайдаланылатын термин.
Ал ғылымда әлі күнге дейін модернизмнің жалпыға бірдей
қабылданған тұжырымдамасы қалыптаспағандықтан, әртүрлі автор-
лар бұл терминді түрлі-түрлі мағыналарда қолданады.
Әдетте, модернизмге төмендегілер жатқызылады:
– бейнелеу өнерінде – импрессионизм және постимпрессионизм,
модерн, символизм, фовизм
1
, кубизм
2
, футуризм
3
, дадаизм
4
, сюрреа-
лизм
5
, экспрессионизм, абстракционизм және басқалары;
– әдебиетте – Ш.Бодлер, О.Уайльд, Ф.Кафка, У.Фолкнер, Т.Манн,
А.Камю шығармашылығы және орыс «күміс ғасыры» жазушыларының
шығармашылығы;
1
Фовизм (фр. fauve – жабайы, тағы) – Францияда кескіндеуде (1905-1907 жж.) көркем
бейнелеудің сезімдік күштеріне, сурет салудың ықтиярсыз серпініне, ашық түс пен өткір
ырғаққа ұмтылудан туған ағым.
2
Кубизм (фр. – cubisme, лат. cubus – куб, ойынға арналған сүйек) – бейнелеу өнерінде XX
ғасырдың басында пайда болған бағыт. Кубизм өкілдері заттарды, адамдарды, табиғатты
қарапайым геометриялық денелер – кубтар, шарлар, цилиндрлер деп бейнелеген.
3
Футуризм (лат. futurum – болашақ) бейнелеу өнері мен поэзияда «болашақтың өнері» деп
берілген, XX ғасырдың 10-20 жж., негізінде, Италия мен Ресейде тараған ағым.
4
Дадаизм (фр. dadaisme, dada – ойыншық ат) Швейцарияда I Дүниежүзілік соғыс кезінде
туған әдебиет пен өнердегі авангардтық ағым. Дадаистер иррационализмді дәріптеді,
шарбақтарға жазылатын шимай-шатпақтарды, жалған сызбаларды, кездейсоқ заттардың
жанжалды бейнелерін жасады. 1922-1924 жж. дадаизм Францияда сюрреализммен, ал Гер-
манияда экспрессионизммен бірікті.
5
Сюрреализм (фр. surréalisme – биік шындық): 1) ғасыр өнерінде дадаизмді ауыстырған
және санадан тыс әрекетті (галлюцинация, ырықсыз сезім, түс көру) өнердің бастауы, ал
оның әдісін еркін байланыстар (өнерде «сана ағындарын» бекіту) деп жариялаған бағыт.
289
– музыкада – Р.Вагнер, А.Берг, М.Равель, И.Стравинский, А.Скрябин,
С.Прокофьев, П.Булез және басқаларының шығармалары.
Модернизм кей кездері авангардизмнің құрамдас бөлшегі, ал кейде
оның синонимі ретінде түсініледі. Авангардизм (фр. – avant gardisme) –
ол XX ғасырдың өнерді мазмұны жағынан да, форма жағынан да
түбегейлі жаңартуға ұмтылған көркемөнер ағымдарының біріккен
атауы. Дәстүрлі бағыттарды, формалар мен стильдерді қатаң сынай
отырып, авангардизм көбінесе адамзаттың мәдени-тарихи мұрасын
кемсітуге, «мәңгі» құндылықтарға көзқамандық (нигилистік) көз-
қараспен қарауға жол береді.
Сонымен бірге қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдарда бірте-
бірте модернизм туралы танымдық (философиялық және ғылыми
зерттеулер сияқты) стратегиялардың, жобалық идеологиялардың,
діни-аксиологиялық жүйелер мен көркем стильдердің жиынтығы бо-
лып табылатын
дүниетанымдық кешен
деген көзқарас қалыптасып
келеді. Олардың барлығы да
әлемдегі адамның орны туралы түсінікті
түбегейлі өзгертіп, өзгеше ақыл-ой шабытында
көрініс тапқан.
Модернизм дәуірін құрған төрт басым бастаудың ажыратылып
көрсетілетіні жиі байқалады:
– этикалық формалардан азат жаратылыстану;
– индустриалдық техника;
– өнеркәсіп;
– формальды (ресми) құқықтық демократия.
Модернистік ақыл-ой шабытының маңызды үрдісі – ол болмыстың
бұрынғы ойлау қол жеткізе алмаған жан-жақты негіздемелерін
іздестіруден көрінетін танымға жаңаша көзқарас болды. Модернистер
заттардың құбылыстық суреттелуіне қарсы шықты, өйткені, олардың
пікірінше, сыртқы бейне немесе көрініс – болып жатқан әрекеттердің
терең себептерін жасыратын перде ғана. Нақтылыққа көзқарастың өзі
өзгерді: ол солай болып көрінетінге айналды. Сол себепті, модернис-
тер пайымдағандай, құбылыстың арғы жағынан шынайы нақтылық
болып табылатын жасырын мәнді іздеу керек. Нақ соның өзі, яғни
нақтылық айқындалуға тиіс, ал ол үшін тікелей айқын нәрсені жайып,
ашып көрсету қажет.
Осының барлығы, бәрінен бұрын, жеке тұлға мен қоғамды зерттеу-
ге жатқызылды, ол кезде болып жатқан үдерістерді модернистер сана-
дан тыс жеке және санадан тыс ұжымдық әрекет көмегімен түсіндіреді.
Модернизм ойлаудағы қазіргі заманға тән үстемдікті, дәстүрден қол
үзуді бағдарлама түрінде жариялайды. Ал одан
жаңаға табыну
(культ)
290
келіп шығады және басты қағида –
жаңашылдық
(инновацияшылдық).
Әр саладан хабардар болуға
(универсализм) ұмтылу да бағдарламаға
салынған.
Нақ сол модернизм іс жүзінде мәдениеттің барлық салаларын
қамтыған, сондай-ақ діни, көркем және философиялық синтез жобала-
рын әзірлеген алғашқы ағым болды.
Модернизмнің кейбір қайраткерлері біртұтас дін, біртұтас өнер,
барлық уақыттар мен халықтар үшін біртұтас философия мәселесін
қойып келді және бүгінде де қойып отыр. Ғылымда ол аралық
тәртіптілікке бағыттаудан және орасан көп қорытындылаушы тео-
риялар құрудан көрінді. Шын мәнінде, бұның барлығы да діни,
философиялық, эстетикалық және ғылыми танымдарды, сондай-ақ
әлемді іс жүзінде игеруді және өзгертуді біріктіретін «тұтас білімге»,
«жалпыға бірдей синтезге» жеткізуге тиіс еді. Жалпыға бірдей синтез
жобасының мақсаты модернизмді тәжірибеге тарту болды.
Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда модернизм, әдетте, дәстүрлі
қоғамнан индустриалды қоғамға өтумен байланыстырылады.
XX ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде модернизм
Достарыңызбен бөлісу: