244
анархизммен тең мағыналы емес. Іргелі, маңызды тұжырымдарды та-
нымай, қандай да бір теория құру мүмкін емес.
Қосымшалық
. Бұл ұстаным алдымен микроәлем құбылыстарын
зерттеу барысында пайда болды және кейіннен әлемде болып жатқан
барлық үдерістерді зерттеуге де қолданылды. Қарапайым бөлшектерді
зерттеу барысында олардың «дискреттік-толқындық» табиғатын не-
месе «импульс пен координаттарын» бір мезгілде анықтаудың мүмкін
еместігі белгілі болды. Олай болса, әртүрлі зерттеу бағдарламаларының
және пайдаланылатын аспаптардың көмегімен алынған нәтижелерді
біріктіре (бір-бірін толықтыра) отырып, зерттеліп жатқан нысан туралы
толыққанды білім алудан басқа амал қалмайды. Ал ол үшін полилог:
ғалымдардың әртүрлі мектептер арқылы қол жеткізген нәтижелерін
егжей-тегжейлі зерттеу және оларды бір теорияға түзіп шығу талап
етіледі.
Когеренттік
. Лат. – cohaerens – құрылысы күрделі жүйелердің
ары қарай дамуы барысында өзара байланыста болуы, келісушілігі
деген мағынада, яғни әлемде барлығы да бір-бірімен өзара байланыс-
та болады. Сондықтан бір қарағанда бір-бірімен байланысы жоқ бо-
лып көрінетін құбылыстар бір-бірлерімен келісілген өзара қарым-
қатынастарға түседі. Көпшілік жағдайларда ол күш жұмсалатын емес,
«кооперативтік» мәнерде, жаңа құрылымдар мен үдерістерді туғыза
отырып орын алады. Бұл қағида бір немесе басқа үдерістердің пайда
болуында қажеттіліктердің тоғысатыны туралы ескі үлгіні мойында-
майды, керісінше, олардың ішкі әлеуеттіліктерінен шығатын осындай
өзара әрекеттердің шығармашылық сипатын растайды.
Жүйесіздік
. Классикалық ғылымда барлығы да қатаң заңдарға
бағынады. Егер бір немесе басқа үдерістердің бастапқы кезеңдері белгілі
болғанда, олардың дамуының келесі кезеңдерін болжап айтуға болу-
шы еді. Енді бұндай тұжырымдаманың шектеулілігі анықталды. Әлем
алдын ала берілген заңдылықтардың негізінде дамымайды, ал оның
жаңа сапаға өзгеруі көп жағдайда «Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтыққа»
байланысты. Бір немесе басқа құбылыс тең салмақты емес күйге және
бифуркация (екіге бөліну) нүктесіне жетіп, әртүрлі флуктуацияларды
(жүйе шектерінен шығып кететін әлдебір «ашу-ыза») тудырады. Ал
сол кезде оның ары қарай жетілуінің сансыз мүмкіндіктерінің, жаңа
сапаға өтуінің ішінен өзінің тарихи жолын есепке алу негізінде жаңа
жағдайға бейімделуге келтіретіні ғана жеңіске жетеді. Соған байла-
нысты, Пригожин мен Стенгерстің жорамалынша, болашақта физика
табиғаттың әртүрлі құрылымдарының қоршаған ортаға бейімделуі
формасын зерттейтін ғылымға айналатын болады.