кванттық механика
негіздерін құрды. Сол
жылдары ғалымдар
атомның күрделі құрылымын
тапты: саны көп
қарапайым бөлшектер
, олардың қасиеттері, оның ішінде,
тыныштық
жиынының
жоқтығы ашылды.
Жоғарыда аталған және басқа жаңалықтардың барлығы да клас-
сикалық емес ғылымға есігін айқара ашты. Мүлдем жаңа жағдайда
классикалық ғылымның ескі қағидаларының күл-талқаны шықты,
зерттеудің ғалымдардың ақыл-ойына үлкен ықпал еткен жаңа жүйелері
пайда болды. Олай болса, қолда бар әдебиеттерге сүйеніп, классикалық
емес ғылымның негізгі өзгешеліктерін қарастырайық.
Психоанализ
(психикалық талдау). З.Фрейдтің осы жаңа пәнді
құруы адамның ішкі жан дүниесін емдеп жазуға ғана емес, сонымен
қатар адам психикасының айқын еместігін көрсете отырып, таным
теориясына да зор ықпал етті. Сөйтіп, әртүрлі мәселелер бойынша
ғалымдар арасында: қалай шындықты іздеуге және пәтуаға келуге бо-
латыны, адамның жыныстық энергетикасының
сублимациясының
1
шығармашылықта қалай орын алатыны, оның бұрыс немесе дұрыс
ырықсыз сезімдерінің таным үдерісіне қалай әсер ететіні туралы
сұрақтар туды.
Психикалық талдау барысында табылған адам психикасының
синкретизмі
2
ғылым нысандарының тұтастығы, көпдеңгейлілігі,
өзгеше күрделілігі идеясына келтірді. Адам психикасында қоршаған
әлемдегі заттар мен құбылыстарға нышан беру механизмдерін зерттеу
де бөлу және синтездеу барысында ғылыми ақпараттарға, оның сим-
метрияларына талдау жасау үдерісіне ықпал етті. Таным үдерісінде
түйсіктіктің, шындыққа тікелей жетудің, субъективтік бейнелердің
объективтік маңызын ажыратудың жаңа қырлары ашылды.
Персонализм
.
3
Классикалық емес ғылымда тұлғаның шығарма-
шылық әлеуетіне өзгеше көп көңіл бөліне бастады. Егер алдыңғы
1
Сублимация (лат. sublimare – жоғары көтеру) – бұл жерде: ішкі энергия (мысалы,
жыныстық немесе биологиялық) күштерінің тікелей мақсатты нысандарынан «ізгілікті» –
әлеуметтік, моральдық немесе эстетикалық сипатқа ауысуы.
2
Синкретизм – бір құбылыстардың әуелгі, о бастағы тұтастығы.
3
Персонализм – болмыстың бастапқы негізі жеке біреу деп есептейтін философиялық
бағыт.
242
ғылым монизм
1
мен панлогизмнің
2
ұстанымдарына сүйенсе, ал жаңа
жағдайда ғалым тұлғасының шығармашылықпен өзгерту, түрлендіру
мүмкіндіктеріне назар аударылатын болды: ол осы дүниенің жарату-
шысы бола алады, әлемге өзінің шығармашылық әлеуетін таңа алады.
XX ғасырда бір мезгілде адамның ұлылығын да, ұждансыздығын да
көрсететін осы шығармашылық әлеуеттің қалай іске асқаны жайында
осы кітаптың келесі бөлімдерінде баяндайтын боламыз.
Ал қазір терминдер мен түсініктерге (тәсілдерге) қысқаша тоқталып
өтейік.
Достарыңызбен бөлісу: |