ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


 «өмір философиясы» және оның негізгі түрлері



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет361/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

7.2. «өмір философиясы» және оның негізгі түрлері

Философияның  Шопенгауэр  мен  Кьёркегор  әзірлеген  классикалық 

емес жаңа формаларының еуропалық философияның кейінгі дамуына 

ықпалы  айтарлықтай  күшті  болды.  Нәтижесінде,  «өмір  философия-

сы» деген атқа ие болған тұтас бір бағыт пайда болды. Онда жарқын 

өкілдері  В.Дильтей  мен  Г.Зиммель  болып  табылатын  шын  мәніндегі 



«өмір  философиясын»;  «шығармашылық  даму  философиясын»

 

(А.Бергсон); 



«ерік  пен  билік»  философиясын

  (Ф.Ницше)  ажыратуға 

болады.

Бұл бағыттың ізбасарлары өмірді қалпына келтіру және ұғыну мә-

селесін қолдады. Олардың көзқарастары бойынша, логикаға негізделген 

рационалдық  дискурс,  теориялық-танымдық  сызбанұсқалар,  эконо-

микалық,  саяси,  құқықтық  және  т.б.  зерттеулер  адамның  ішкі  жан 

дүниесін жүдетіп, уайымға түсіріп, тыныштығын кетіреді. Сондықтан 

Жаңа  заман  ағартушыларының  қоршаған  әлемді  тану  және  өзгерту 

негізінде  адамның  ақыл-есі  жер  бетінде  бақытты  өмір  орната-

ды  дейтін  негізгі  ұстанымы  сол  уақыттарда  сынға  ұшырай  баста-

ды.  Сол  себепті  «өмір  философиясының»  жақтаушылары 



болмыс

 

санатының орнына, бірінші орынға 



«өмір»

 түсінігін қояды. Егер бол-

мыс статикалық (орнықты) болса, онда өмір – бұл өне бойы қалыптасу, 

өзгеру.  Оны  ұтымды  таным  арқылы  беруге  болмайды.  Оған  уайым, 

біреудің  қайғысын  бөлісу,  түйсік,  сүйіспеншілік  арқылы  жетуге  бо-

лады. Ф.Ницшенің айтқанына сенсек, болмыс деген мүлдем жоқ, шын 

мәнінде өмір болып табылатын қалыптасу ғана бар.



231

Бұл  бағыт  аясында  философтар  өмірдің  әртүрлі  түсініктерін 

берді:  өмірдің 

табиғаттық-биологиялық  түсінігін

  жақтаушылар  оны 

түйсікпен,  өмір  сүруге  құлшынумен,  ерік-жігермен  теңестірсе, 

тари-

хи түсіндіру

 – өмірді адамның күйзелістеріне, тұлғаның нақты-тарихи 

дәуір мәдениетімен байланысқан ішкі жан дүниесіне балайды. 

Панте-

изм

1

 тұрғысынан өмір әлдебір ғарыштық, әр кезде өзінің әртүрлі фор-



маларын тудыратын әлеуетті күш ретінде түсіндіріледі.

«Өмір  философиясының»  алғашқы  өкілдері  – 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау