ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


«сен әрекеттеріңді бар еркің қашанда жалпыға ортақ



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет291/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

«сен әрекеттеріңді бар еркің қашанда жалпыға ортақ 

заңдарды білдіретіндей етіп жаса».

 Бұны: «Белгілі бір жағдайда әркім 

өзін Планетада өмір сүріп жатқан алты миллиард адамның кез келгені 

дәл солай істейтіндей болып ұстауға тиіс», – деп түсіну керек. Кесімді 

ұйғарым талаптарын орындай отырып, адам 

пайда

 іздемеуге тиіс. Ол 

жай ғана өзінің басқалардың алдындағы 

борышын

 орындауға тиіс.

Екінші  ұйғарым: 

«ешқашан  адамға  құрал  ретінде  қараушы 

болма, оған қашанда мақсат ретінде қара».

 Адам – бұл Әлемнің ең 

жоғарғы  құндылығы.  Оны  осы  дүниедегі  ештеңемен  де  салыстыруға 

болмайды. Сондықтан бұл ұлы гуманистік ұстаным адамды қорлайтын, 

кемсітетін  діни  қағидаларға  қарсы  бағытталған.  И.Кант  моралінің 

күшті жағы да осы болып табылады.

Канттың адамның парызы мен қадір-қасиетіне қатысты пікірлері де 

осыған  байланысты.  Адам  үшін  не  нәрсе  аса  құнды:  қадір-қасиет  пе 

әлде  рақатшылық  па?  Рақатшылықпен  өтетін  өмірдің  еш  құндылығы 

жоқ. Қадір-қасиетін сақтаған адам бәрін де, тіпті өмірін де қиюға әзір. 

Оның  қайнар  бұлағы  қайсы  және  қадір-қасиеттің  шарттары  қандай? 

«Бұл  –  адамды  өзінен  жоғары  көтеретін  нәрсе  ғана  болуы  мүмкін...». 




188

Адам  өмірден  рақат,  ләззат  алуды  көздеп  қана  өмір  сүрмейді,  ол  па-

рыз  сезіміне  бола  өмір  сүреді  және  әрекет  етеді.  Рақатшылық  та, 

рақатшылық емес те адамгершіліктің белгісі бола алмайды.

Сонымен, нақты парасат адамға кесімді ұйғарым бойынша 

жоғары 

білім

 беруге қабілетті, сол арқылы ол өзінің сезімдік әлеміне (күйзеліс 

әкелетін)  сәйкес  емес,  әлемдік  адамгершілік  заңына  сәйкес  өмір  сүре 

алады.  Канттың  эвдемонизмі

1

  уақытша  ләззат  пен  рақатты  емес,  па-



рызды құп көруге негізделеді. Осындай ұстанымы болғанда ғана адам 

табиғат механизмінен азат тұлға ретінде қалыптасады.

«О, парыз! Сен неткен сәулелі, ұлы сөз едің!» – деп шаттанады Кант. 

Алайда адамға тән сезімдерсіз адамдар арасында өзара нақты қарым-

қатынас  орнамайды.  Біз  біреулерді  жақсы  көреміз,  ал  біреулерді  жек 

көреміз,  біреулерге  сыйластықпен  қараймыз.  Адам  –  робот  емес.  Сол 

себепті тек дерексіз (абстрактілік) теорияларда ғана мораль саласынан 

адамдық сезімдерді алып тастауға болады.




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау