ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет208/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

гносеологияда  гоббс

  тәжірибеден  шығатын  білімге  сүйенеді. 

Бірақ  ғылыми  ұғымдарға  жету  үшін  бұл  жеткіліксіз.  Сол  себепті 

математикалық  білімдерді  қолдану  қажет.  Ол  Декарттың  «туа  біткен 

идеяларына»  қарсы  шығады  және  олардың  негізін  сөздерден,  тілден 

іздейді. Ойлау тілге тең. Сөздердің көмегімен ғана біз өз ойларымызды 

басқаларға жеткізе аламыз. Сөз – ол заттардың атауы (лат. – nomina). 

Сондықтан  бір  сөздердің  әртүрлі  адамдардың  ауыздарынан  әртүрлі 

мағынада айтылуы мүмкін. Адамдардың бір-бірлерімен келіспеушілігі, 

бір-бірлерін түсінбеуі осыдан келіп шығады.

Егер жете ойланып көрсек, оның шындықтан тым алыстамағанын 

байқаймыз.

Адамдар өзара келісімге келе отырып, сөздердің мазмұнына бірдей 

мағына  бергенде  ғана  адамдардың  өзара  түсіністігі  орын  алады. 

Кейіннен, XX ғасырда бұл мәселе ғылым философиясында Т.Гоббстың 

идеялары рухында қаралатын болды.

Ойшыл  сонымен  қатар  Ф.Бэкон  мен  Р.Декарт  идеяларының 

біржақтылығын  да  байқаған.  Ол  танымның  екі  әдісін:  индукция  мен 

дедукцияны  біріктіруді  қажет  деп  санайды.  Алайда,  егер  Табиғат 

зерттеулерінде индуктивтік әдістің басымдығы қажет болса, ал этика 

мен саясатта дедуктивтік әдіс басымдыққа ие. 

адам  мәселесін

  ойшыл  Н.Макиавелли  рухында  қарастырады. 

«Адам  –  табиғатынан  өзімшіл.  Адамдар  тойымсыз,  қорқақ  және 

қазымыр,  ал  қоғам  пенделері  ретінде  олар  пайда  мен  атақ  көздейді, 

тек өздерін жақсы көреді. Қоғамдық өмірде адамдардың өзімшілдікке 

негізделген  мүдделері  тоқайласып,  қабаттасып  жатады.  Бұл 

заңдардың  бұрмалануына,  адамдардың  құқықтарының  бұзылуына 

әкеліп  соқтырады.  Егер  геометриялық  дәлелдемелер  адамдардың 




134

мүдделерін  қозғаған  болса,  онда  олар  әлдеқашан-ақ  отқа  өртелер 

еді». Бұл данышпандық сөздер Т.Гоббсқа тиесілі. Сол себепті мораль 

құндылықтарының  негізінде  де  мүдделерден  шығатын  пайда  жатыр. 

«Қайырымдылық пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық деген не?». 

Бұл  сұраққа  Т.Гоббс  пайда  (лат.  –  utilitas  –  пайда)  тұрғысынан  жауап 

береді.  Бізге  ұнайтыны  да,  пайдалысы  да  –  ізгілік  пен  жақсылық,  ал 

зұлымдық пен жамандық, әлбетте, керісінше.

Адам  еркіндігін  қарастыра  келе,  Т.Гоббс  оны  жалпыға  бірдей 

деңгейге шығарады. Табиғаттың барлық денелері еркіндікке ұмтылады. 

Мысалы, егер ыдыс сынса, ондағы су еркіндік алады. Адам еркіндігін 

айтар  болсақ,  бір  жағынан,  адам  еркін,  бірақ,  екінші  жағынан,  қоғам 

қажеттілігімен  санаспай  тұра  алмайды,  өйткені  өзі  сияқты  мыңдаған 

адаммен  өзара  қарым-қатынаста  болады.  Өзеннің  ағысы  еркін,  бірақ, 

сонымен бірге өз арнасынан аса алмайды. Адам да дәл сондай.


жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау