таным туралы ілімінде
ой-санаға басты орын береді.
Әлбетте, Құранда да әлем туралы белгілі бір шындықтар берілген,
бірақ сонда, сенім мен ақыл шындықтары қалай өзара қатынаста бола-
ды? Өз заманында өзгеше батылдыққа барып, ол
екі шындық жоқ
деп
жариялады.
Шындық – жалғыз және ол ақылға негізделуге тиіс.
Құранның шындықтары бұқара халыққа арналып, соларға түсінікті
болу үшін жазылған. Ал философиямен танымы терең адамдар ай-
налысады, олар өздері жасаған қорытындыларға саналы, ақылды
негіздемелер бере алады. Демек, Құран қағидалары мен ғылыми
нәтижелер арасында қарама-қайшылықтар туғанда, діни қағидаларға
жаңа түсініктемелер берілуі керек, яғни оларды заманға сай жаңартып
отыру қажет. Егер Ибн-Рушд осы уақытқа дейін тірі болғанда, қазіргі
ғалымдар оның осындай ойын, сірә, кешіре қоймас еді.
Ибн-Рушд әлеуетті парасат деп адамзатты тұтастай танып білу
мүмкіндіктерінің жиынтығын түсінеді. Шындығында, әрбір тірі
адамның уақыты шектеулі және ол өтпелі тіршілік иесі болып табыла-
ды, сол себепті әлеуетті парасатсыз, биік ой өресінсіз ол әлемнің уни-
версалияларын аша алмаған болар еді. Сөйтіп, Ибн-Рушдтың әлеуетті
парасаты қазіргі заманғы философияның қоғамдық сана түсінігіне
жақын.
Адамның қоршаған дүниені танып білуіне Алланың белсенді
ақыл-парасаты көзге көрінбей ықпал етеді. Алайда ол тікелей
емес, адамдардың сезімдерін, қиялдары мен елестерін оята отырып
ықпал етеді. Соған орай ойдың белсенділігі артады және заттардың
мән-мағыналары ашылады, демек, адамзаттың әлеуетті параса-
ты байи түседі. Бүгінгі күні біз адамның сезімдері мен әсерлерінсіз,
құштарлықтарынсыз болмыстың терең қойнауларына жету мүмкін
еместігін айтар едік. Ибн Рушдтың ойынша, әлеуетті парасат әрдайым
Алланың белсенді ақыл-парасатына жақындаумен болады, бірақ
ешқашан онымен толық бірігіп кете алмайды. Шындығында, егер
біз Әлемнің бар құпияларын ашып қойсақ, онда өзіміз Құдайларға
айналған болар едік, бұл, әлбетте, мүмкін емес.
Ибн-Рушдтың екінші, өз заманы үшін «заңға қайшы» тұжырымы
мынада: адам – өтпелі. Адамның денесі өлгеннен кейін, оның жаны
да өледі. Яғни бұдан адам өмірінің мағынасыздығы келіп шықпай ма?
Бұл тығырықтан Ибн-Рушд адамзаттың әлеуетті ақыл-парасаты ажал-
сыз деп мәлімдей отырып шыққан. Демек, адам бәрін жасауға, өзінен
93
кейін әлеуетті ақыл-парасатта шығармашылық із қалдыруға тиіс дей
алады екенбіз.
Әрине, адамның құндылық бағдарларына байланысты Ибн-
Рушдтың бұл «заңға қайшы» тұжырымынан екі: бірі – тақуалық,
ал екіншісі гедонистік
1
ұстаным келіп шығады. Егер адам өлсе де,
бірақ мәңгі әлеуетті ақыл-парасат қалады, сондықтан ол тақуалық-
мистикалық өмір салтына бейімделуге тиіс. Екіншіден, егер адам бұл
дүниеде бір-ақ рет өмір сүрсе және оның жаны өзімен бірге өлсе, онда
ол бұл өмірден барынша мол ләззат алып, барлық мүмкін болатын
рақаттарға батуға тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Ибн-Рушдтың
бүгінгі таңда да біздерді өзінің философиясымен таңдандыратын терең
сезімтал және батыл ойшыл болғанын ерекше атап айтқымыз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |