Рухани қарым-қатынас қызметі Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Адамдар отбасылық құндылықтар Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп , бір-бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар.
Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Отбасы – ертеден келе жатқан әлеуметтік институт. Оның қоғамдағы құндылығының шарты тікелей өмірді жалғастыруда ұрпақ әкелу, балаларды тәрбиелеу және олардың өзіндік санасын қалыптастыру. <<Отбасы - әлеуметтену үдерісінің жетекші институты>>.
Әрбір адамның жетіліп дамуында отбасы маңызды рөл ойнайды. Сондықтан, қоғамның кезеңінде болмасын отбасы тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері ең өзекті мәселе ретінде көптеген ойшылдармен ғылымдарды ойландырып келген. Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдарды тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы, ондағы ережелердің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады.
Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлін әлемге әйгілі шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзімен айтатын болсақ: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келекшекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген. Осыған байланысты балаға тәрбие беруде отбасының орны бөлек. Ата-ана бала тәрбиесінде басты тұлға және еліктеп үлгі тұтатын тас қамал болып табылады. Сол себепті әке де, шеше де, балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата – аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады, бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Сондықтан бала алдында әке-шешенің үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Ауыл – тәрбие бесігі біз әдетте «ауыл – тәрбие бесігі» дегенді жиі айтамыз, бұл рас. Қазақтың дүниетанымында «ауыл» ұғымының берік орын алғаны да сондықтан. Бірақ қалалық мәдениеттің дамып, өркендеуімен ауылға деген көзқарас өзгеріп кетке де жасырын емес. Мысалы, ауыл десек жабайылық, артта қалушылық, бәсекеге қабілетсіздік, тағысын тағы түсініктер қатар жүретін болар. Ауылдан келген адамға деген қарым-қатынас та осы тұрғыдан қалыптасқан. Егер ойды осы арнада тарқатып, қозғар болсақ, бұл мәселені бір жақты бағалау болар еді. Әйтпесе, ауыл дегеніміз салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың, мәдениетіміздің, тіліміз бен дініміздің басқа да көптеген ұлттық құндылықтарымыздың сақталып, дамып отырған мекені, ошағы емес пе еді?
Ауыл және қала баласы талантты балалардың да ауылдан шығатыны содан. Өйткені олардың дүниетанымы, ойлау қабілеті ұлттық тамырдан нәр алады. Мұндай ортада ер жеткен адамның таланты мен қабілеті де жыл санап шыңдалып, ашыла береді. Қалалық өмірдің өзі кісіні белгілі бір шеңберге салып қоятындай. Адами қарым-қатынас азаяды, уақытағы шектеулілік, тақ-тұқ сөйлеу, ойды қысқа қайыру үстіртіндік, т.б. түрліше қалалық сипаттар ауылдың сипатынан, ауылдың болмысынан бөлектеу бөлектеу болатыны белгілі.
Қала – бұл адамдарды бір территорияда шоғырландырып орналастыру түрі, қаладағы адамдар ауыл шаруашылығына тән еңбек түрлерімен айналыспайды. Қала адамдары алуан түрлі еңбек және өндірістен тыс іс-қызметтерімен айналысады. Қала адамдарды әлеуметтік және мамандық жағынан әр түрлі болады және өздерінің ерекше қалалық өмір салты болады. Қаланың көптеген түрлері болады, олардың негізінде әкімшілдік атқару қызметі жатыр. Ал, бұл әкімшілдік атқару қызметі сауда және өндіріспен, мәдениетпен, ғылыммен және демалыс, дінмен тығызбайланысты.
Ауыл-село – бұл қаламен салыстырғанда адамдардың әлеуметтік тұрғыдан бытыраңқы орналасқан бірлігінің формасы. Мұнда адам тек қана ауыл шаруашылығына тән еңбегімен айналысады. Қала мен салыстырғанда ауыл-селода жұмыс түрлері, іс-қызметтер бірыңғай болады. Әлеуметтік және кәсіпкерлік іс пен еіьек біржақты болады, ауыл-селоның өзіне тән тұрмыс-салты (психологиясы) бар. Қала тұрғындары мен салыстырғанда тұрмыс жағдайы, әл-ауқаты біршама төмен, әсіресе, қазіргі кезінде тіпті төмендеп кетті. Осылардың салдарынан ауыл-село тұрғыдары азаюда. Бұлардың көбі күнкөріс қамымен қалаларға барып қоныстануда.
Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға əрекет жасаудың нұсқасы ретінде əлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан əсер ету үдемелігі мен нəтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақты əсер етеді, көп жылдарға жалғасады, отбасындағы байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалдық қарымқатынасына негізделеді. Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тəрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасыздандырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатындығын сезіну туралы айтылады. Отбасылық қарым-қатынас, тəрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тəжірибесі, сезім мəдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі.
Қала Балаларды тəрбиелеудегі отбасылық əлеуметтендіру бала мен ата-ананың тікелей «жұптасып» өзара қарым-қатынас жасауын ғана білдірмейді. Идентификацияның əсері қарсы рөлдік өзара толықтыру арқылы бейтараптандырылады. Мысалы, ата-ананың екеуі де шаруашылықпен жақсы айналысса, балада мұндай қабілеттің дамымауы мүмкін, себебі баланың көз алдында жақсы үлгі болса да, отбасы баланың осы қабілеттерін қолдауын керек етпейді. Керісінше, анасы шаруашылықпен айналыспайтын отбасында бұл рөлді қызы жақсы атқарады.Және бұл жағдай көбіне қалаларда орын алады.
Ауыл балаларында ата-анамен, отбасы мүшелерінің арасында үйлесімді, өзара түсіністік қарым-қатынас баланың әлеуметтік-психологиялық дамуына ерекше тиімді ықпал етеді. Отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністік ертең ер жеткенде қоғамдық ортадағы адамдармен жайлы қарым-қатынас құруға негіз береді. Ата-ана жас ерекшеліктеріне сәйкес баланы ертерекотбасы шаруашылығына араластара отырып, білмегенін түсіндіре отырып, бірге атқару арқылы танымдық үрдістерінің аумағын кеңейтеді, еңбек сүйгіштікті, еңбек әрекетінде өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас жасау түсініктерін қалыптастырады.
Қала мен ауыл бойынша бала тәрбиесіндегі психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатында бала-бақша тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері жүйелі жоспармен қызықты тақырыптар бойынша жұмыстар ұйымдастыру арқылы жүргізу қажет. Егер мұғалім мектептен, ал ата-ана үйден бірі-бірімен байланыссыз баланы жеңіске жетелесе, оның нәтижесі көп болмайтыны ғылыми зерттеулермен тұжырымдалған. Сондықтан да баласының тағдырына алаңдайтын ата-ана мектеппен, мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас орнатып, екі жақ біріге отырып, жүйелі тәрбие бере алады. Көптеген ата-аналармен жұмыс істеу табандылықты, зор еңбекті талап етеді
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Бергер Питер Приглашение в социологию, Москва :Аспект-Пресс , 2009
2.Миллс Чарльз Райт. Социологическое воображение. Пер. с англ. О.А. Оберемко. Под общ. ред. и с пред. Г.С. Батыгина. – М.: Издательский дом NotaBene, 2010. – 264 с.
Достарыңызбен бөлісу: |