|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
|
Дата | 14.11.2018 | өлшемі | 0,63 Mb. | | #19782 | түрі | Кодекс |
| - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
- 2018 жылғы 4 мамырдағы
- Қазақстан Республикасы Заңы
- Жер кодексінің 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатылған нормалары
- 1. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жекеменшік құқығын беруге (24-баптың 1,2,3 және 4-тармақтары, 97-баптың 6-тармағы, 101-баптың 1-тармағы)
- 2016 жылғы 6 мамырдағы Президенттің Жарлығымен және 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен жер заңнамасының жекелеген нормаларын қолдануға мораторий жарияланды, онымен тыйым салынды:
- 2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ, жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын тұлғаларға жалдау құқығында беруге (24-баптың 1-тармағы, 37-баптың 5-тармағы, 48-баптың 2-тармағы, 97-баптың 6-тармағы).
- Шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін беруге тыйым салған мораторийдің нормаларына қосымша 2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен жарғылық капиталында кез-келген мөлшерде шетелдік қатысушылардың үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беруге тыйым салынды.
- 2016 жылғы мамыр мен тамыз аралығында жұмысы атқарған Жер реформасы бойынша Комиссияның қорытындысы бойынша жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бар компанияларға ауыл шаруашылығы жерлерін беруге жарияланған мораторийдің ауқымы кеңейтілді.
- 2. Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шекті
- (ең жоғары) мөлшерін белгілеу
- 3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекара маңындағы аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудің талаптарын қатаңдату
- 4. Халықтың мұқтаждықтарына қажетті жайылымдардың алаңдарын анықтау
- 1. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру
- 5. Азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру мұқтаждықтарын мемлекет қажеттілігіне жатқызу
- Жер комиссиясы – алқалы орган
- комиссияның құрамы әкімдікпен қалыптастырылады, оның құрамы және ережесін – жыл сайын мәслихатпен бекітіледі ;
- жер комиссиясының үлгі ережесі АШМ № 55 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген;
- Жариялықты қамтамасыз ету мақсатында жер комиссиясының құрамы жергілікті өзін өзі басқару мен қоғамдық ұйымдардың, қоғамдық кеңестердің, мемлекеттік емес үйымдардың өкілдерімен кеңейтілді, олардың саны жалпы комиссия санының 50% кем болмауы керек. Құрамы 9 адамнан кем емес;
- ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскелерін беру бойынша конкурстарды өткізген кезде жер комиссиясының құрамына жер учаскелері орналасқан аумақтағы елді-мекеннің әкімі және тиісті елді-мекеннің тұрғындарының жиналысымен жіберілген жергілікті тұрғындардың өкілі қосылады;
- Жер комиссиясының отырысы аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен міндетті түрде тіркеледі.
- Жер комиссиясының мәртебесі анықталды, ол жер учаскелеріне жеке меншік және жер пайдалану құқықтарын беру (оның ішінде ауыл шаруашылығы конкурсы бойынша жеңімпазды анықтау) жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындыларды дайындау үшін жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган.
- Жерлерді беру үдерісінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар
- Жер учаскесін алған тұлғалардың тізімі арнайы ақпараттық стендтерде ілінетін болады, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында ай сайын жарияланады және ауданның қаланың аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда тоқсан сайын жарияланады
- Конкурс арқылы берілетін ауыл шаруашылығы жерлерін қоспағанда, Жер комиссиясының оң қорытындысы 1 жыл мерзімге жарамды деп белгіленді;
- Жер учаскесін жалға алу шарты бойынша міндеттемелерді дұрыс орындаған жағдайда, Жер комиссиясының қарауынсыз жер учаскесінің жалға алу мерзімін әкімдік ұзартады.
- Жер комиссиясының хаттамалық шешімін сотта шағымдауға мүмкіндік қарастырылған. Сотқа талап арыз беру Жер комиссиясының хаттамалық шешімінің орындалуын тоқта тұрады;
- Конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарлама
- Мерзімі: 4 жұмыс күні
- 2-қадам
- БАҚ та, әкімдіктердің және АШМ ақпараттық қабырғаларында және интернет-ресурстарында жариялау
- Өтініштерді қабылдау Мерзімі: 15 жұмыс күні
- 3-қадам
- Конверттерді ашу
- Мерзімі: 1 жұмыс күні
- 4-қадам
- Қорытындысын шығару
- Мерзімі: 1 жұмыс күні
- 5-қадам
- Хаттаманы әкімдіктің, АШМ сайтында орналастыру және қатысушыларға жолдау
-
- Жеңімпазға хабарлама жолдау
- Жер учаскелерін беру
- Мерзімі: 3 жұмыс күні
- 6-қадам
- Конкурсты ұйымдастырушы - аудан әкімдігі
- Конкурс мерзімі
- 2-қадамнан бастап есептеледі
- Жалпы конкурстың мерзімі 45 жұмыс күнін құрайды (мерзімі 15 күнге қысқартылды)
- Облыс шегіндегі аудандық әкімдіктерге және АШМ жолдау
- Конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізімін әзірлеу
- Мерзімі: 20 жұмыс күні
- 1-қадам
- Келісу – қоғамдық кеңес және ұйымдар (10 жұмыс күн)
- Тізбеге енгізілген жер учаскелері конкурсқа жерге орналастыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін шығарылады, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу мерзімі көрсетілген тізбе бекітілген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
- (45 жұмыс күні)
- Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту
- Тұрақты мониторинг жүргізу: жалға алудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын, одан кейінгі кезеңдерде – суармалы егістікте әр 3 жыл сайын; суарылмайтын егістікте- әр 5 жыл сайын
- Мониторингтің оң қорытындысы жалға алу мерзімін ұзартуға негіз болады.
- Мониторингтің көрсеткіштері: жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану, егіннің деңгейін сақтау, ауыспалы егісті қолдану, жерлерді арамшөптермен басып кетуді болдырмау және т.б., жерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу, жалдау шартының талаптарын орындау,
- Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын
- сақтау және жетілдіру
- Мониторинг жер қатынастары бойынша уәкілетті органмен қоғамдық кеңеңстер мен ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар өкілдерінің қатысуымен комиссиямен жүргізілетін болады. Жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына мониторинг жүргізуге жататын жер учаскелерінің тізімі мониторинг жүргізудің нақты мерзімдері көрсетіле отырып құрылатын болады. Тізім әкімдіктердің сайтына орналастырылады.
- Мониторинг жүргізудің тәртібі Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілетін болады.
- Аудандық атқарушы органдарға ауыл шаруашылығы жерлеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша құзырет берілді.
- Облыстың жер инспекцияларына аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығын бақылау фунциялары берілді.
- Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң құзыреті елді-мекендердің аумағында жеке тұлғаларға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырумен толықтырылды.
- Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбау мерзімін есептеу қысқартылды. Жер кодексінің 94-бабымен қарастырылған жер учаскесін алып қою процедурасын пайдаланбау фактісін анықтаған сәттен бастап екі жыл ішінде субъектіге жүргізілген екі тексеруден кейін бастауға болады.
- Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын
- сақтау және жетілдіру
- Жер учаскелерінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды күшейту
- Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдаланылуына бақылауды күшейту
- Ауыл шаруашылығы жерлерін жалдау шартының үлгі нысанын бекіту
- Жалдау шарты:
- жерлерді ұтымды пайдалану ережесін (жерлердің құнарлығын, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдік деңгейін сақтау, ауыспалы егісті сақтау, ауыл шаруашылығы алқаптарын шаруашылық айналымнан шығуының алдын-алу, жерге арамшөп пен ағаш бұта өсімдіктерінің өсіп кетуін болдырмау) орындау бойынша міндеттемелер;
- өңірлердің мамандандырылуына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарын егіс аудандарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативті көрсеткіштерді орындау;
- конкурсты өткізу кезінде жалға алушымен конкурстық ұсыныста ұсынылған міндеттемелер мен ниеттер және басқаларды белгілейді.
- Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын
- сақтау және жетілдіру
- 2. Жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу
- Ірі көлемде ауыл шаруашылығы жерлерін «бір қолға» беруді болдырмау мақсатында олардың шекті (ең жоғары) мөлшерлері белгіленетін болады
- Ауыл шаруашылығы жерлерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлері республиканың, облыстың және бір әкімшілік ауданның шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрі бойынша белгіленетін және жергілікті атқарушы және өкілді органдардың ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілетін болады
- Қолданыстағы заңнамада ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлері тек оларды жеке меншікке беру кезінде белгіленген
- Ауыл шаруашылығы жерлерін «бір қолға» облыстың бірнеше аудандарынан беру берілетін жерлердің жалпы қосылған көлемі облыс бойынша, республиканың бірнеше облыстарынан – республика бойынша белгіленген шекті (ең жоғары) мөлшерлерден аспаған жағдайда ғана мүмкін болады
- 3. Шекаралас аумақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беруге талаптарды күшейту
- Мемлекеттік шекараның шекаралық аймағында орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге және шетелдіктермен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына жеке меншік құқығымен тиесілі болмайды.
- Мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуінде орналасқан ауыл шаруашылығы алқаптары жеке меншіке және жер пайдалануға берілмейді.
- Аталған аумақтарда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жергілікті халықтың қажеттілігі үшін (мал жаю, шөп шабу) пайдалануға ғана жол беріледі.
- Мемлекеттік шекараның шекаралық аймағында орналасқан ауыл шаруашылығы жерлері тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына (шет елдік қатысуынсыз) жер пайдалану құқығында ғана беріледі.
- ҚР азаматтары шетелдік азаматтармен некеге (ерлі-зайыпты) тұрған жағдайда мемлекеттік шекараның шекаралық аймағында орналасқан жер учаскелеріне жеке меншік құқығы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлеріне жалдау құқығы қайтадан рәсімдеуге немесе иеліктен шығаруға жатады.
- 4. Халықтың мұқтаждықтары үшін қажетті жайылымдар алаңдарын анықтау
- Тұрғын халықтың аналық (сауын) мал басын ұстау үшін қажетті жайылымдар алаңын анықтау.
- Осы аумақтарда жер пайдалану құқығына беруге тыйым салынатын болады.
- Жергілікті атқарушы органдармен жергілікті бюджеттің есебінен бекітілген жер-шаруашылық орналастыру жобасына сәйкес ауылдық елді-мекендердің шекараларын белгілеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр
- Әкімдерге жеке және заңды тұлғалардың меншігінде және жер пайдалануындағы елді мекендердің жанында орналасқан жайылымдарын халықтың жайылымдық алқаптарға деген қажеттіліктерін мемлекеттік мұқтаждыққа жатқызу жолымен алып қою мүмкіндігі берілетін болады.
- 5. Азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру мұқтаждықтарын мемлекет қажеттілігіне жатқызу
- Халықты жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерімен (10 сотық) қамтамасыз ету және кезекті (1,2 млн. азаматтрадың өтінішін) қанағаттандыру мақсатында халықтың жер учаскесіне деген мұқтажын елді мекендердің бекітілген бас жоспарына (бас жоспар болмаса елдi мекендi дамыту мен онда құрылыс салу сызбасы) сәйкес мемлекет қажеттілікке жатқызу көзделеді.
- 1) шетелдік қатысушылары бар бірлескен кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы жерлерін беруге тыйым салынды (0%);
- 2) тұрақты мониторинг жүргізу: жалға алудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын, одан кейінгі кезеңдерде – суармалы егістікте әр 3 жыл сайын; суарылмайтын егістікте- әр 5 жыл сайын
- 3) жалға берілетін жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерлерін белгілеу;
- 4) құрамында қоғамдастық өкілдерінің саны 50 % артық болатын Жер комиссиясының мәртебесі анықталды;
- 5) тұрғындардың жеке аула малын жаю үшін жайылыммен қамтамасыз ету үшін әкімдіктерге күні елді- мекендердің маңындағы жайылымдарды алып қоюға мүмкіндік берілді;
- 6) аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен міндетті түрде тіркей отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы берудің ерекше тәртібі белгіленді;
- 7) жер учаскелерін сатуды мемлекеттік мүлік веб порталы арқылы тек қана электронды түрде өткізу;
- 8) мемлекеттік шекараның шекаралық аймағында орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге және шетелдіктермен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына жерлерді беруге тыйым салынды;
- 9) қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік үшін жер учаскелерін беру бойынша Үкіметтің құзыреті ЖАО берілді, ауыл шаруашылылығы шығыстарын төлеуден босату;
- 10) қоныс аударушыларға (ішкі мигранттар) Үкіметпен айқындаған өңірлерде, облыстық маңызы бар қалаларды қоспағанда, елді мекендердің шегінде объектілер салу үшін конкурссыз жер учаскелерін беру;
- 11) бақша жүргізу үшін берілетін жерлердің мөлшері анықталды (1 га артық емес);
- 12) - ауыл шаруашылығын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы жерлерін өзіндік қосалқы шаруашылық үшін,
- жеке тұрғын үй қүрылысы үшін бөлуге тыйым салынады;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер
- мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының негізгі нормалары
- Жер кодексіне енгізілген өзгерістердің негізгі нормалары
- - Жер кодексінің 92 мен 93-баптарына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойылған тұлғалар туралы ақпаратты жолдау Жер қатынастары басқармасы құзырынан Жер инспекциясына, сотқа талап арыз беретін орган ретінде, берілді;
- - 2021 жылдан бастап жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқықтарын сатуды тек қана электронды түрде өткізу (мемлекеттік мүлік веб порталы арқылы);
- - ауыл шаруашылығын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы жерлерін өзіндік қосалқы шаруашылық үшін (үй маңындағы телім), жеке тұрғын үй қүрылысы үшін бөлуге тыйым салынады;
- - республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың, астананың қала маңы аймағында орналасқан ауыл шаруашылығы жерлерін бөлуге тыйым салынады;
- - жер қатынастары мәселелерін реттеу бойынша әкімдіктердің жұмыстарына қоғамдық кеңестердің қатысуы қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|