Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі


Тәуекелді төмендетудің жолдары



жүктеу 0,61 Mb.
бет30/62
Дата20.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#29872
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
лекции всее

Тәуекелді төмендетудің жолдары. Тәуекел түрлері анықталғаннан кейін болашақта мүмкін болатын шығындар көлемін азайту мақсатында тәуекелдерге әсер ету әдістері таңдалады. Әдетте, тәуекелдің әрбір түріне оны азайтудың дәстүрлі екі-үш әдісін пайдалануға болады. Сондықтан да, тәуекелге әсер ететін әдістердің ішінен ең тиімділерін таңдау үшін, олардың тиімділіктерін салыстырмалы түрде бағалау мәселелері туады.         Экономика секторларындағы салалық ерекшеліктерге қарамастан, экономиканың барлық салаларында тәуекелдерді төмендетудің бір-біріне ұқсас тетіктері пайдаланылады. Олардың барлығын бірнеше бағыттар бойынша топтастыруға болады. Сол бағыттардың ішінен біздің ойымыз бойынша кәсіпкерлік қатынастарға тән тәуекелдерге әсер етудің төмендегідей әдістерін пайдалануға болады:

· серіктестерді таңдау туралы қосымша ақпараттар жинақтау;

· өзін-өзі сақтандыру және кездейсоқ шығындардың орнын жабу үшін ақша қаражаттарын резервке сақтау;

·  тәуекелді бөлу (әртараптандыру);

·  сақтандыру.

Тәуекелді төмендетудің осы жоғарыда аталған бағыттарын таңдау кезінде кәсіпкерлік келісімге қатысушылар төмендегідей қағидаларды сақтауы қажет деп ойлаймыз:

–  меншікті капитал есебінен жоғары мөлшерде тәуекелге баруға болмайды;

–  тәуекелдің салдарлары туралы ойлану қажет;

–  аз мөлшердегі табыс үшін жоғары мөлшерде тәуекелге бармау керек.

Бірінші қағиданы іске асыру үшін кәсіпкерлік қатынастарға қатысушылар тәуекелдер бойынша мүмкін болатын ең жоғарғы шығын көлемін анықтау, оны нақты кәсіпкерлік келісімге салынатын ақша қаражаттарымен салыстыру және сол көрсеткіштерді барлық меншікті қаржылық ресурстармен салыстыру арқылы салынған капиталды жоғалту кәсіпкерлік келісімге қатысушы субъектіні банкроттылыққа әкелетіндігін немесе әкелмейтіндігін анықтау сияқты іс-әрекеттер жасау қажет.

Кәсіпкерлік қатынастарға қатысушы субъектілер екінші қағиданы іске асыра отырып, ең алдымен мүмкін болатын шығынның ең жоғарғы көлемін білу арқылы тәуекел салдарларын анықтауы қажет және сол арқылы тәуекелді төмендету әдістері немесе сол шараларға қатысудан бас тарту  туралы шешімдерді қабылдау талап етіледі.

Үшінші қағида шығын мөлшері салыстырмалы түрде жоғары болған жағдайда тәуекелден бас тарту қажеттілігін көрсетеді.

Енді жоғарыда көрсетілген тәуекелдерді төмендету әдістеріне жеке-жеке тоқталайық.

Кәсіпкерлік келісімге қатысушы барлық субъектілер өздерінің тәуекелдерін неғұрлым төмендетуге қызығушылықтары бар. Бірақ олар тәуекелден толығымен қаша алмайды. 

Серіктестерді таңдау бойынша қосымша ақпараттар жинақтау тәжірибе жүзінде келесідей шаралардың көмегімен іске асырылуы қажет деп ойлаймыз:

– кәсіпкерлік субъектілерінің ұйымдастырушылық құрылымында міндетті түрде заң бөлімдерінің, аналитикалық бөлімшелердің, болжау, жоспарлау үшін маркетингтік зерттеу қызметтерінің болуы керек;

– баспасөз беттеріндегі және қауіпсіздік бөлімдерінің материалдары негізінде серіктестер бойынша ақпараттарды үнемі қадағалап, бақылап отыру қажет.

Тәуекелдерді басқару мәселелерін шешудегі маңызды қадамдардың бірі келісімдерді толық немесе жартылай өзін-өзі сақтандыру және ақша қаражаттарын резервке сақтау мүмкіндіктерін оқып-білу болып табылады. Өзін-өзі сақтандыру бұл тәуекелдерді өзіне қабылдау болып табылады және тәуекелмен күрестің салыстырмалы түрде ең арзан әдісі болып саналады. Бұл жағдайда мүмкін болатын шығын ағымдық ақша қаражаттарымен немесе арнайы құрылған резервтердегі қаражаттармен жабылады. Сондықтан да өзін-өзі сақтандыру мүмкіндіктерін пайдалану шектеулі. Осы әдіс негізінен мүмкін болатын шығындар сомасы аз болған жағдайда ғана өзін-өзі ақтайды. Өзін-өзі сақтандыру әдісін пайдаланудың кәсіпкерлік субъектілері үшін келеңсіз жақтарының болатынын да ескерген жөн. Бұл ең алдымен айналым капиталындағы ақша қаражаттарының азаюына әсер етеді. Кездейсоқ пайда болатын шығындардың орнын жабу үшін ақша қаражаттарын резервтендіру бағыты да тәуекелді төмендетудің тиімді құралдарының бірі болып табылғанымен кәсіпкерлік қатынастарға қатысушы тұлғалар мешікті капиталдарының белгілі-бір бөлігін резервте үнемі ұстауы қажет. Яғни, бұл ақша қаражаттары жаңа және тиімді келісімдерді бекіту кезінде пайдаланылмайды, себебі, оларды айналысқа жіберу өте қауіпті дегенді білдіреді. Өзін-өзі сақтандыру әдісін белгілі-бір деңгейде барлық субъектілер өз тәжірибелерінде қолданады. Себебі, кез-келген субъектілерде тек қана өз күштерімен және ақша қаражаттарымен реттелуі мүмкін тәуекелдер де кездеседі. Мысалы, аз мөлшердегі тәуекелдерді (құжаттардың жоғалуы және т.б.) өзіне алуға келісім беретін сақтандыру компаниялары, гаранттар немесе серіктестер болмауы да мүмкін

Келесі кезекте, кәсіпкерлік келісімге қатысушылар арасында тәуекелдерді бөлу әдісі, яғни кәсіпкерлік субъектілері үшін тәуекелді төмендетудің бір құралы – әртараптандыру әдісіне тоқталайық. Әртараптандыру дегеніміз бір-біріне байланысты емес әр түрлі объектілер арасында тәуекелдерді бөлу. Мысалы, заңға қайшы келмейтін әр түрлі кәсіпкерлік қызметтермен айналысу.

Әртараптандыру нарықтық тәуекелді төмендетудің неғұрлым кең тараған тетіктерінің бірі болып саналады. Сонымен бірге, бұл әдіс кәсіпкерлік келісімдерге тікелей байланысты тәуекелдерді, яғни типтік тәуекелдерді төмендету үшін ғана тиімді екендігін ескерген жөн. Сондықтан әрбір субъекті өз қызметтерін мынандай бағыттар бойынша неғұрлым әртараптандыруға ұмтылулары керек:

– кәсіпкерлік объектілері бойынша;

– кәсіпкерлік қызметтердің түрлері бойынша және т.б.

– әртүрлі субъектілермен жұмыс істеу;

– ақша қаражаттарын әртүрлі жобаларға салу;

Сонымен, әртараптандыру әдісінің мәні кәсіпкерлік қатынастарға қатысушы субъектілердің бір немесе бірнеше қолайсыз факторларға тәуелділігін азайту, яғни кездейсоқ жағдайларға байланысты болашақта мүмкін болатын шығындарды мүмкіндігінше төмендету, бірақ бұл жағдай үнемі бақылауды қажет ететін тәуекел түрлерінің санын көбейтеді.

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болғандықтан сақтандыру сұрағы өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып табылады.

Тәуекелді сақтандыру – бұл белгілі-бір тәуекелдерді сақтандыру компаниясына беру.

Кәсіпкерлік келісімдердегі тәуекелдерді сақтандырудың негізгі  нұсқаларының бірі банкрот болу тәуекелі. Бұл тәуекелді төмендету үшін «сақтандыру келісім-шартын» бекіту керек деп ойлаймыз.

Тәуекелдің нақты бір түрлеріне әсер етудің тиімді тәсілдері таңдалғаннан кейін кәсіпкерлік келісімдерге қатысушы әрбір субъектілерде тәуекелдердің барлық түрлерін басқарудың жалпы стратегиясын қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады.  Қабылданған шешімдерге байланысты тәуекелдерге тікелей әсер ету жоғарыда көрсетілген бір немесе бірнеше әдістерді пайдалану арқылы іске асырылады.

Кәсіпкерлік қатынастар кезінде пайда болатын тәуекелдерді басқару үшін біздің ойымызша, әрбір кәсіпкерлік субъектілерінің ұйымдастырушылық құрылымында тәуекелдерді басқару бойынша арнайы бөлім құрылуы керек. Бұндай бөлім тек қана тәуекелдерді басқару мәселелерімен айналысуы керек.  Тәуекелдерді басқару стратегиясы субъектілердің қызметтерінің бағыттарына, ұйымдастырылған басқару құрылымына байланысты құрылуы мүмкін.

Тәуекелдерді басқару бойынша арнайы бөлім сол жеке кәсіпкерлік субъектісінде пайда болатын тәуекелдерді басқарудың ұйымдастыру құрылымын қалыптастырады және осы қызметпен байланысты негізгі ережелерді жасаумен айналысады. Сонымен бірге нақты сала бойынша таңдалған стратегияларды іске асыру қызметімен де айналысады. Яғни, тәуекел түрлерін анықтау, жасалынған экономикалық келісімдерді тіркеу және оларды статистикалық өңдеулерден өткізу. Сонымен кез-келген кәсіпкерлік қызметті іске асыру кезінде пайда болатын тәуекелдерді неғұрлым төмендету үшін оларды басқару бойынша жасалатын іс-әрекеттер кәсіпкерлік келісімге қатысушы әрбір тұлғаның негізгі қызметі болып табылуы керек.


жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау