31) еңбек тәртіптемесі - жұмыскерлер мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыру жөніндегі
қатынастарын реттеу тәртібі;
32) еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық,
санитариялық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен
құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
33) еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыратын жұмыскерлердің өкілі;
34) еңбекті нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларда жұмыскерлердің
жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек шығындарын (уақытты)
айқындау және осы негізде еңбек нормаларын белгілеу;
35) еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің
деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;
36) еңбек шарты - жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес
жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін
сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс
беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде
көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы
төлеуге міндеттенеді;
37) жалақы - жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына,
сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және
ынталандыру сипатындағы төлемдер;
38) жеке қорғаныш құралдары - жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік
факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;
39) жұмыс беруші - жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
40) жұмыс берушілердің өкілдері - құрылтай құжаттары және (немесе) сенімхат негізінде
жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген
жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
41) жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар,
қағидалар, ережелер, ауысымдық кестелер, вахта кестелері, демалыс кестелері;
42) жұмыс берушінің қызметін декларациялау - жұмыс берушінің қызметін ол берген өтініш
негізінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп тану рәсімі;
43) жұмыскер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша
жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
44) жұмыскерлердiң өкiлдерi - кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал
олар болмаған кезде жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң
(конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік
дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер;
45) жұмыс орны - жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде
оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
46) жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына
және
Басшылар
, мамандар және басқа да
қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының
біліктілік анықтамалығына және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу;
47) жұмыс уақыты - жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының
талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске, Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің
актісіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;
48) жұмыс уақытының жиынтық есебі - жұмыс беруші белгілеген есептік кезеңдегі жұмыс
уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі;
49)
зиянды еңбек жағдайлары
- зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын
еңбек жағдайлары;
50)
зиянды өндірістік фактор
- жұмыскерге әсер етуі ауыруына немесе еңбекке
қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына кері ықпал етуге әкеп соғуы
мүмкін өндірістік фактор;
51) кәсіптік ауру - жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оған
зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе
қатты ауру;
52) кепілдіктер -жұмыскерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген
құқықтардың жүзеге асырылуы олардың көмегімен қамтамасыз етілетін құралдар, тәсілдер мен
жағдайлар;
53) қауіпсіздік нормалары - жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен
денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық,
биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз
ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және
сандық көрсеткіштер;
54) қауіпті еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау қағидалары сақталмаған жағдайда белгілі бір
өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері жұмыскердің өндірістік
жарақаттануына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын,
соның салдарынан еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе тұрақты айырылуы, кәсіптік ауруға
шалдығуы не қайтыс болуы орын алатын еңбек жағдайлары;
55) қауіпті өндірістік фактор - әсері жұмыскердің еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе
тұрақты айырылуына (өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруына) немесе қайтыс
болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
56) қоса атқарылатын жұмыс - жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты
жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы;
57) мемлекеттік органның шетелдік жұмыскері - еңбек шарты бойынша мемлекеттік органға
тартылған шетелдік;
58) мереке күндері - Қазақстан Республикасының
ұлттық және мемлекеттік мереке күндері
;
59) негізгі жалақы - тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық айлықақылар, кесімді бағалар
бойынша төлемді қамтитын, жалақының салыстырмалы түрдегі тұрақты бөлігі және Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек
шарттарында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер;
60) өндірістік жабдық - машиналар, механизмдер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және
жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;
61) өндірістік жарақат - жұмыскердің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке
қабілеттіліктен айырылуына әкеп соққан денсаулығының зақымдануы;
62) өндірістік қажеттілік - дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою немесе олардың
салдарларын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып қалуды, мүліктің
жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін және басқа да айрықша жағдайларда, сондай-ақ
уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру үшін жұмыстарды орындау;
63) өндірістік қызмет - шикізаттың алуан түрлерін өндіруді және қайта өңдеуді, қызметтердің
алуан түрлерін көрсетуді және жұмыстарды орындауды қамтитын, ресурстарды дайын өнімге
айналдыру үшін қажетті еңбек құралдарын қолдана отырып жасалатын жұмыскерлер
әрекеттерінің жиынтығы;
1-баптың 1-тармағының 64) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап осы Заңның
204-
бабының 2-тармағының 1) тармақшасының
редакциясында қолданылады
64) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар -
білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайлары факторларын
зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар немесе осындай зертханалары бар
ұйымдармен шарттар жасасқан, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды
жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
65) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттау
- өндірістік объектілерде
(цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған,
өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерінде) орындалатын жұмыстар
қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау
және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;
66) өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың жұмыскерлерге әсерін
болғызбайтын немесе азайтатын санитариялық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен
техникалық құралдар жүйесі;