Ќазаќстан Республикасыныѕ 2015 жылєы 23 ќарашадаєы №414-v еѕбек Кодексі



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет32/43
Дата21.11.2017
өлшемі1,38 Mb.
#1240
түріКодекс
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43

9)  кадрлық  әлеуетті  және  біліктіліктерді  дамыту  жөніндегі  үйлестіру  орталығын 

қалыптастыру тәртібі және оның қызметі туралы ережелер көзделуге тиіс. 

6. Өңірлік келісімдерде: 

1) өңірде әлеуметтік әріптестікті және диалогті дамыту; 

2) өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау тәртібі; 

3)  әлеуметтік-еңбек  жанжалдарының  және  ереуілдердің  алдын  алу  және  оларды  болғызбау 

жөніндегі іс-шаралар; 

4) жұмыс берушілерге және жұмыскерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге жәрдемдесу; 

5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған 

шараларды қолдану; 

6) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі кеңесті 

қалыптастыру тәртібі және оның қызметі туралы ережелер көзделуге тиіс. 

7. Келісімнің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда жұмыскердің 

жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс. 



  

154-бап.  Әлеуметтік  әріптестік  келісімдерінің  қолданылуы,  олардың  орындалуын 

бақылау және тараптардың жауаптылығы 

1.  Бас  келісімнің  күші  мемлекеттік  органдарға,  жұмыс  берушілерге,  жұмыскерлер  атынан 

белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген олардың өкілдеріне қолданылады. 

2. Салалық келісімнің күші тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына, тиісті саланың 

жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады. 

3.  Өңірлік  келісімнің  күші  тиісті  әкімшілік-аумақтық  бірліктің  жергілікті  атқарушы 

органдарына, жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады. 

4. Келісімдердің күші Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, шетелдік азаматтар 

немесе шетелдік заңды тұлғалар не шетелдік қатысатын заңды тұлғалар мүлкінің меншік  иелері, 

құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ 

шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қолданылады. 

5.  Еңбек  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  орган  -  республикалық  деңгейде,  тиісті  қызмет 

саласының мемлекеттік органдары - салалық және жергілікті атқарушы органдар өңірлік деңгейде 

келісімдерді  оларға  қол  қойылған  күннен  бастап  күнтізбелік  отыз  күн  ішінде  ресми  түрде 

жариялауға міндетті. 

6. Келісімдердің орындалуын бақылауды әлеуметтік әріптестік тараптары жүзеге асырады. 

7. Тараптар өкілдерінің келісім жасасу, өзгерту, толықтыру жөніндегі келіссөздерге қатысудан 

жалтаруы  немесе  келісім  жасасудан  негізсіз  бас  тартуы,  келіссөздер  жүргізу  мерзімдерін  бұзуы 

және  тиісті  комиссияның  жұмысын  қамтамасыз  етпеуі,  келіссөздер  жүргізу  және  келісімдер 

ережелерінің  сақталуын  бақылауды  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  ақпаратты  бермеуі,  сол  сияқты 

олардың  талаптарын  бұзуы  немесе  орындамауы  Қазақстан  Республикасының заңдарында 

белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 



  

155-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау 

Жұмыскерлердің  республикалық  және  салалық  бірлестіктері  келісімдерде  және  ұжымдық 

шарттарда бекітілген жағдайларда және тәртіппен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының 

сақталуын қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. 

  

  

14-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ 

  

156-бап.  Ұжымдық  шарттың  тараптары.  Ұжымдық  келіссөздер  жүргізу,  ұжымдық 

шартты әзірлеу және жасасу тәртібі 

1.  Жұмыс  беруші  және  жұмыскерлер  атынан  белгіленген  тәртіппен  уәкілеттік  берілген 

олардың өкілдері ұжымдық шарттың тараптары болып табылады. 

2.  Ұжымдық  келіссөздерді  бастау  және  ұжымдық  шартты  жасасу  туралы  ұсынысты 

тараптардың кез келгені жасауы мүмкін.  

Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар 

хабарламасын  алған  тарап  оны  он  күн  мерзімде  қарауға  және  осы  баптың  4-тармағында 

белгіленген тәртіппен келіссөздерге кірісуге міндетті. 




3. Ұжымдық шарт ұйымдарда да, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінде 

де жасалуы мүмкін. Ұйымда бір ұжымдық шарттың болуына жол беріледі.  

4.  Ұжымдық  келіссөздер  жүргізу  және  ұжымдық  шарттың  жобасын  әзірлеу  үшін  тараптар 

тепе-теңдік негізде комиссия құрады. Комиссия мүшелерінің саны,  оның дербес құрамы, жобаны 

әзірлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзімдері тараптардың келісімімен айқындалады. 

Кәсіптік  одақтың  мүшелері  болып  табылмайтын  жұмыскерлер  жұмыс  берушімен  өзара 

қарым-қатынастарда өздерінің мүдделерін білдіру үшін  кәсіптік  одақ органына уәкілеттік беруге 

құқылы. 


Ұйымда  жұмыскерлердiң  бiрнеше  өкiлдерi  болған  кезде  олар  комиссия  жұмысына  қатысу, 

ұжымдық шартты талқылау және қол қою үшiн бiрыңғай өкiлдi орган құрады. 

5.  Комиссия  дайындаған  ұжымдық  шарттың  жобасы  ұйым  жұмыскерлерінің  міндетті  түрде 

талқылауына  жатады.  Комиссия  келіп  түскен  ескертпелер  мен  ұсыныстарды  ескере  отырып, 

жобаны пысықтайды. 

6. Тараптардың келісіміне қол жеткізілген кезде, ұжымдық шарт кемінде екі данада жасалады 

және оған тараптардың өкілдері қол қояды. 

7.  Ұжымдық  шарттың  жекелеген  ережелері  бойынша  тараптар  арасында  келіспеушіліктер 

болған кезде олар туындаған күннен бастап бір ай  ішінде тараптар бір мезгілде келіспеушіліктер 

хаттамасын  жасай  отырып,  келісілген  талаптармен  ұжымдық  шартқа  қол  қоюға  тиіс.  Ұжымдық 

келіссөздер  барысында туындаған  келіспеушіліктер  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  кезінде 

оларды реттеу бойынша бұдан кейінгі ұжымдық келіссөздердің нысанасы болуы мүмкін.  

8.  Ұжымдық  шартқа  өзгерістер мен  толықтырулар  осы  бапта  оны  жасасу үшін  белгіленген 

тәртіппен тараптардың өзара келісуі бойынша ғана жүргізіледі. 

9. Егер алынған мәліметтер мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен 

қорғалатын өзге де құпияны құрайтын болса, ұжымдық келіссөздер тараптары оларды жария етуге 

құқылы емес. 

10. Ұжымдық келіссөздер тараптары  келіссөздер жүргізу кезінде жалақысы сақтала отырып, 

еңбек міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін.  

11. Жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен бастап бір ай 

ішінде мониторинг үшiн еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органға ұсынуға мiндеттi. 

  

157-бап. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы 

2016.06.04. № 483-V ҚР 

Заңымен

 1-тармақ өзгертілді (

бұр.ред.қара

)

 

1.  Ұжымдық  шарттың  мазмұны  мен  құрылымын  тараптар  бас,  салалық  және  өңірлік 



келісімдерге сәйкес айқындайды.  

Ұжымдық шартқа: 

1)  еңбекті  нормалау,  еңбекке  ақы  төлеу  жүйелері,  жұмыскерлерге,  оның  ішінде  ауыр 

жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге 

арналған  тарифтік  мөлшерлемелер  мен  айлықақылар,  үстемеақылар  мен  қосымша  ақылар 

мөлшерлері туралы; 

2) разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы; 

3) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы; 

4) саламатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауіпсіздігі 

және еңбекті қорғау жөніндегі  іс-шараларды қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды 

жақсарту туралы; 

5) кәсіптік одақтың қызметі үшін жағдай жасау туралы; 

6) ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы; 

7)  жұмыскерлер  мен  жұмыс  берушінің  ұжымдық  шарттың  орындалуын  бақылауы  және  ол 

үшін жауаптылығы туралы; 

8)  жұмыс берушінің  жұмыскерлер  өкілдерінің  пікірлерін  есепке алуды  талап  ететін  актілері 

туралы; 

2016.06.04. № 483-V ҚР 

Заңымен

 9) тармақшамен толықтырылды 

 

9)  «Қазақстан  Республикасында  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Қазақстан 



Республикасы Заңы 

11-бабының 1-тармағына

 сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарды ауыр 

жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға жіберу тәртібі туралы 

ережелер енгізіледі. 

2. Ұжымдық шартқа: 

1) еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс тиімділігін арттыру туралы; 




жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау