Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет29/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51

аталған комиссияның отырысына келмей қалған жағдайда, еңбек дауын қарау 
кейінге қалдырылады. Қызметкер немесе оның ӛкілі дәлелді себептерсіз екінші 
рет келмей қалған жағдайда, келісім комиссиясы мәселені қараудан алып тастау 
туралы шешім шығаруы мүмкін, мұның ӛзі қызметкерді осы Кодексте белгіленген 
мерзім шегінде еңбек дауын қарау туралы қайтадан ӛтініш беру құқығынан 
айырмайды. 
      Келісу комиссиясы отырысқа куәгерлерді шақыртуға, мамандарды шақыруға 
құқылы. Комиссияның талап етуі бойынша ұйымның басшысы оған қажетті 
құжаттарды белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті. 
      Келісу комиссиясының отырысы оған қызметкерлер атынан ӛкілдік ететін 
мүшелерінің кемінде жартысы және жұмыс беруші атынан ӛкілдік ететін 
мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледі. 
      Келісу комиссиясының отырысында хаттама жүргізіледі, оған комиссияның 
тӛрағасы немесе оның орынбасары қол қояды. 
      
175-бап. Келісу комиссиясының шешім қабылдау тәртібі
 
                
және оның мазмҧны
 
      Келісу комиссиясы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің жай 
кӛпшілік даусымен шешім қабылдайды. Ӛтініш берушінің немесе комиссия 
мүшелерінің бірінің талап етуі бойынша дауыс беру жасырын ӛткізіледі. 
      Келісу комиссиясының шешімінде: 
      ұйымның (бӛлімшенің) атауы, комиссияға жүгінген қызметкердің тегі, аты, 
әкесінің аты, лауазымы, кәсібі немесе мамандығы; 
      комиссияға жүгінген күн мен дауды қарау күні, даудың мәні; 
      комиссия мүшелері мен отырысқа қатысқан басқа да адамдардың тегі, аты, 
әкесінің аты; 
      шешімнің мәні және оның негіздемесі (заңға, ӛзге де нормативтік 
құқықтық актіге сілтеме жасай отырып); 
      дауыс беру нәтижелері кӛрсетіледі. 
      Келісу комиссиясы шешімінің тиісінше расталған кӛшірмелері шешім 
қабылданған күннен бастап үш күн ішінде ұйымның қызметкері мен басшысына 
беріледі. 
      
176-бап. Келісу комиссиясының шешімдерін орындау
 
      Келісу комиссиясының шешімі онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс. 
      Комиссияның шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда қызметкер 
немесе жұмыс беруші еңбек дауын шешуді сот тәртібімен жүзеге асыруға құқылы. 
      
177-бап. Жеке еңбек дауын қарау жӛніндегі органның
 
                
қызметкерді жҧмысына қайта алдыртуы
 
      1. Осы баптың 3-тармағында кӛрсетілген жағдайларды қоспағанда, еңбек 
шарты бұған заңды негізсіз, не басқа жұмысқа заңсыз ауыстыру, басқа жұмыс 
орнына заңсыз кӛшіру, еңбек жағдайларын заңсыз ӛзгерту, жұмыстан заңсыз 
шеттету себебінен тоқтатылған жағдайда, жеке еңбек дауын қарау жӛніндегі 
орган қызметтерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешім шығарады. 
      2. Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген 
(жұмыстан шеттетілген) барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе тӛмен ақы 
тӛленетін жұмысты орындағаны үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа 
жалақыдағы айырма тӛленеді. 
      3. Жеке еңбек дауын қарайтын орган қызметкердің ӛтініші бойынша 
қызметкерге осы баптың 2-тармағында кӛрсетілген мӛлшерде жалақы тӛлеу туралы 
шешім шығарумен шектелуі мүмкін. 
      4. Жеке еңбек дауын қарау жӛніндегі органның қызметкерді бұрынғы 
жұмысында қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға тиіс. Жұмыс беруші жұмысқа 
қайта алу туралы шешімнің орындалуын кідірткен кезде, жеке еңбек дауын қарау 
жӛніндегі орган қызметкерге шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін орташа 
жалақысын немесе жалақысының айырмасын тӛлеу туралы шешім шығарады. 


 
3-БӚЛІМ. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІН
 
РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
 
16-тарау. ОН СЕГІЗ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН
 
РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      
178-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбек
 
                
саласындағы қҧқықтары
 
      Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары 
бойынша кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс 
уақыты, демалыс уақыты және басқа да еңбек жағдайлары саласында осы Кодексте 
белгіленген қосымша кепілдіктерді пайдаланады. 
      
179-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің
 
                
еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жҧмыстар
 
      1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда, 
еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, 
сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян 
келтіруі мүмкін жұмыстарда (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі 
жұмыс, алкоголь ӛнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар 
мен прекурсорларды ӛндіру, тасымалдау мен сату) қолдануға тыйым салынады. 
      2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ӛздеріне белгіленген шекті 
нормалардан артық жүктерді тасуына және қозғалтуына тыйым салынады. 
      3. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым 
салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің 
жүктерді тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын еңбек жӛніндегі уәкілетті 
мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен 
келісім бойынша белгілейді. 
      
180-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді
 
                
міндетті медициналық тексерулер
 
      Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шарттары алдын ала 
міндетті медициналық тексеруден кейін ғана жасалады. Одан әрі қызметкерлер он 
сегіз жасқа толғанға дейін жыл сайын міндетті медициналық тексеруден ӛтуге 
тиіс. 
      
181-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер ҥшін
 
                
жҧмыс уақытының ҧзақтығы
 
      Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерге: 
      1) он тӛрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 
сағаттан аспайтын; 
      2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 
36 сағаттан аспайтын; 
      3) білім беру мекемелерінде оқитын және оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен 
қатар алып жүретін он тӛрт жастан он алты жасқа дейінгі оқушыларға - күніне 
2,5 сағат, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі оқушыларға күніне 3,5 сағат 
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. 
      
182-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер ҥшін
 
                
еңбекке ақы тӛлеу және ӛндірім нормалары
 
      1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегіне ақы тӛлеу жұмыс 
уақытының қысқартылған ұзақтығы ескеріле отырып жүргізіледі. 
      2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ӛндірім нормалары 
қызметкерлерге арналған жалпы ӛндірім нормаларын негізге ала отырып, осы 
Кодекстің 181-бабында белгіленген жұмыс уақытының барабар қысқартылған 
ұзақтығымен белгіленеді. 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау