кезде бұл құқық фонограмманы шығарушыға ауысады. Бұл ретте орындаушы мұндай
фонограмманың даналарын прокатқа (жалға) бергенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.
3. Орындаушының осы баптың 2-тармағының 2)-тармақшасында көзделген айрықша
құқығы мына жағдайларда:
1) орындаушылықтың немесе қойылымның бастапқы жазбасы орындаушының келiсiмiмен
жасалған;
2) орындаушылықты немесе қойылымды көшiрмелеу орындаушылықты немесе қойылымды
жазу кезiнде орындаушының келiсiмi алынған мақсатпен жасалған;
3) орындаушылықты немесе қойылымды көшiрмелеу осы Заңның 41-бабының ережелерiне
сәйкес жазба жүргiзiлген мақсатта жүзеге асырылған жағдайда қолданылмайды.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған рұқсатты орындаушы бередi, ал ұжым болып
орындаған кезде пайдаланушымен жазбаша шарт жасау арқылы сондай ұжымның жетекшiсi
бередi.
5. Егер орындаушының эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымымен жасасқан
шартында көзделсе, орындаушылықты немесе қойылымды кейiннен беруге, мұндай жазбаны беру
мен көшiрмелеу үшiн эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымдарының жазып жүзеге
асыруға осы баптағы 2-тармақтың 1), 2) және 3)-тармақшаларында аталған рұқсат алу талап
етiлмейдi. Бұлайша пайдаланғаны үшiн орындаушыға берiлетiн сыйақы мөлшерi де осы шартта
белгiленедi.
6. Орындаушы мен дыбыс-бейнежазу туындысын шығарушы арасында жасалған шарт
орындаушының осы баптың 2-тармақтың 1), 2), 3), 4)-тармақшаларында аталған құқықтарды
беруiне әкеп соғады. Орындаушының мұндай құқықтарды беруi дыбыс-бейнежазу туындысын
пайдаланумен шектеледi және, егер шартта өзгеше көзделмесе, дыбыс-бейнежазу туындысына
түсiрiлген дыбыс пен бейненi жеке пайдалану құқықтарын қамтымайды.
7. Орындаушының осы баптың 2-тармағында көзделген айрықша құқықтары шарт бойынша
басқа адамдарға берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09.
№ 586
,
2005.11.22.
№ 90
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.
38-бап. Фонограмма жасаушының құқықтары
1. Фонограмма жасаушыға өз фонограммасы жөнiнде, осы Заңда көзделгендердi
қоспағанда, фонограмманы пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса,
фонограмманы кез-келген нысанда пайдалануға айрықша құқықтар берiледi.
2. Фонограмманы пайдалануға айрықша құқықтар мынадай iс-әрекеттердi:
1) фонограмманы тiкелей немесе жанама түрде кез келген нысанда қайта шығаруды;
2) меншiк құқығын сату немесе өзгеше беру арқылы фонограмманың түпнұсқасы мен
даналарын таратуды, оның iшiнде импорттауды;
3) фонограмманы шығарушы немесе оның рұқсаты бойынша жүзеге асырылған оны
таратудан кейiн де фонограмманы прокатқа (жалға) берудi;
4) фонограмманы қайта жасауды немесе кез келген тәсiлмен өңдеудi;
5) фонограмманы жалпы жұрттың назарына жеткiзудi жүзеге асыру, жүзеге асыруға
рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын бiлдiреді.
3. Егер заңды түрде жарияланған фонограмма даналары оларды сату арқылы азаматтық
айналымға түсiрiлсе, оларды фонограмма жасаушының келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей одан
әрi таратуға жол берiледi. Фонограмманың даналарын прокатқа (жалға) беру арқылы тарату
құқығы сол даналарды меншiктеу құқығына қарамастан фонограмманы жасаушыға берiледi.
4. Фонограмма жасаушының осы баптың 2-тармағында көзделген айрықша құқықтары
шарт бойынша басқа адамдарға берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09.
№ 586
,
2005.11.22.
№ 90
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.
39-бап. Коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы
фонограмма жасаушы мен орындаушының келiсiмiнсiз
пайдалану
1. Коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы жасаушының және осындай
фонограммаға орындауы жазылған орындаушының келiсiмiнсiз, бiрақ сыйақы төлей отырып:
1) фонограмманы көпшiлiк алдында орындауға;
2) фонограмманы эфирге беруге;
3) фонограмманы кабель арқылы жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн хабарлауға
жол берiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген сыйақы жинау, бөлу және төлеу фонограмманы
жасаушылар мен орындаушылардың құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың бiрi
(осы Заңның 43-бабы) осы ұйымдар арасындағы келiсiмге сәйкес жүзеге асырады. Егер бұл
келiсiмде өзгеше көзделмесе, аталған сыйақы фонограмма жасаушы мен орындаушы арасында
тең бөлiнедi.
3. Сыйақы мөлшерiн және оны төлеу жағдайларын, бiр жағынан, фонограмма
пайдаланушылар немесе осындай пайдаланушылар бiрлестiктерi (қауымдастықтары) және,
екiншi жағынан, фонограмма жасаушылар мен орындаушылар құқықтарын басқарушы ұйымдар
арасында жасалған келiсiм бойынша, ал егер тараптар мұндай келiсiмге келе алмаса -
уәкiлдiк берiлген орган белгiлейдi. Сыйақы мөлшерi фонограммаларды пайдаланудың әр түрi
үшiн белгiленедi.
4. Фонограммаларды пайдаланушылар осы баптың 2-тармағында аталған ұйымға
фонограммалардың пайдаланылу мөлшерi туралы дәл мәлiметтер жазылған бағдарламаларды,
сондай-ақ сыйақы жинауға және бөлуге қажеттi өзге де мәлiметтер мен құжаттарды табыс
етуге тиiс.
40-бап. Эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының
құқықтары
1. Осы Заңда көзделген реттердi қоспағанда, эфирлiк және (немесе) кабельдiк хабар
тарату ұйымына оның хабарына қатысты хабарды кез-келген нысанда пайдалануға және, мұндай
рұқсат бергенi үшiн сыйақы алу құқығын қоса алғанда, хабарды пайдалануға рұқсат етуге
айрықша құқықтар берiледi.
2. Хабарды пайдалануға айрықша құқықтар мынадай iс-әрекеттердi:
1) хабарды эфирге берудi;
2) жалпы жұрт назарына жеткiзу үшiн хабарды кәбiл арқылы хабарлауды немесе
хабарды эфирге берудi;
3) хабарды жазып алуды;
4) хабардың жазбасын көшiрмелеудi;
5) жалпы жұрт назарына жеткізу үшін хабарды ақы төлеп кіретін жерлерде
хабарлауды;
6) хабарды жалпы жұрт назарына жеткізуді жүзеге асыру, мұндай iс-әрекеттердi
жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқықтарын бiлдiреді.
3. Осы баптың 2-тармағының 4)-тармақшасында көзделген эфирлiк және (немесе)
кабельдiк хабар тарату ұйымының айрықша құқығы мына жағдайларда:
1) хабар эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының келiсiмiмен жазып
алынғанда;
2) осы Заңның 41-бабындағы ережелерге сәйкес хабарды көшiрмелеу ол жазылған
мақсатта жүзеге асырылғанда қолданылмайды.
Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09.
№ 586
,
2005.11.22.
№ 90
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.
40-1-бап. Айрықша құқықтар беру. Лицензиялық шарт
1. Осы Заңның 37, 38, 40-баптарында аталған айрықша құқықтарға толық немесе
iшiнара жол берiлуi мүмкiн, сондай-ақ олар айрықша немесе айрықша емес құқықтарды беру