«Қазақстан Республикасының 020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы ақпандағы №922 Жарлығы



жүктеу 0,99 Mb.
бет5/5
Дата25.11.2017
өлшемі0,99 Mb.
#1771
1   2   3   4   5

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы стратегиялық мақсаттар

 


2020 жылға қарай

тұтынушыға тасымалдау кезінде нормативтік ысырап деңгейі жылу энергиясына - 17 %, суға - 15 % және электр энергиясына - 12 % құрайды;

орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу ауылдық жерлерде ауылдық елді мекендердің жалпы санының 80 %-ын, шағын қалаларда - 100 %-ын құрайды;

елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 70 %-ы коммуналдық қызметтер көрсету сапасына қанағаттанады

2015 жылға қарай

тұтынушыға тасымалдау кезінде нормативтік шығындар деңгейі жылу энергиясына - 20 %, суға - 19 % және электр энергиясына - 15 % құрайды;

орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу ауылдық жерлерде ауылдық елді мекендердің жалпы санының 50 %-ын, шағын қалаларда - 70 %-ын құрайды;

елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 50 %-ы коммуналдық қызметтер көрсету сапасына қанағаттанады;

кондоминиум объектілерін басқару органдары тұрғын үй қорын нормативтік пайдалануды дербес қамтамасыз етеді;

мемлекет ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жобаларға нысаналы қарыздар береді;

коммуналдық сектор кәсіпорындарында менеджменттің осы заманғы әдістерін енгізу қамтамасыз етілді

2011 жылға қарай

жүргізілген түгендеу негізінде тұрғын үй қоры мен коммуналдық қызметтер инфрақұрылымның жай-күйінің жаңартылатын тұрақты деректер базасы жасалды

 

 

Түйінді бағыт: ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету



 

Ішкі саяси тұрақтылықты және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретіндегі дамуының аса маңызды шарты болып табылады. 2020 жылға дейінгі кезеңде негізгі күш-жігер мемлекеттің одан әрі нығаюы мен дамуына, ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлер мен сын-тегеуріндерді бейтараптандыруға, қолайлы сыртқы ортаны қалыптастыруға шоғырландырылатын болады.

Ішкі саяси салада 2020 жылға дейінгі кезеңде бейбітшілік пен келісімді, Қазақстан қоғамының орнықтылығы мен тұрақтылығын сақтау негізгі мақсаттар болып қала береді. Мемлекеттің сыртқы саясаты әлемдік аренада ұлттық мүдделерді қарқынды ілгерілетуге, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қолдауға және елдің халықаралық беделін нығайтуға бағытталатын болады.

 

 



Ішкі тұрақтылықты қолдау

 

2020 жылға дейін «Қазақстан-2030» стратегиясының ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның шоғырлануын қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді басымдығын іске асыру шеңберінде саяси жүйені одан әрі жаңғырту, этникалық және діни келіспеушіліктердің алдын алу, республиканың барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне негізделген Қазақстан халқының бірлігін нығайту бойынша жүйелі жұмыс жалғасатын болады.



Белгіленген экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерге кол жеткізу Қазақстан қоғамының бірлігі мен ынтымағын талап етеді. Қазақстанның ел бірлігі доктринасы қазақстандық қоғамның шоғырлану процесінің басты құралына айналады.

Қоғамның шоғырлануына, отансүйгіштік сезімнің нығаюына және жалпыұлттық идеялар мен бірыңғай құндылықтар негізінде қазақстандықтардың ерекшелігін қалыптастыруға ықпалын тигізетін теңдестірілген ұлттық саясатты іске асыру бойынша бірегей және тиімділігі жоғары институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы одан әрі дамитын болады.

 

 



Этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту саласындағы стратегиялық мақсаттар

 


2020 жылға қарай

діни сенім бостандығына құқықтарды одан әрі іске асыру, сондай-ақ Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің еркін дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалды;

этносаралық және конфессияаралық жанжалдардың профилактикасы мен ертерек алдын алудың тиімді жүйесі құрылды

 

Саяси жүйені жаңғырту жалғасады. 2020 жылға қарай Қазақстанда өкілді биліктің мәні арта түседі, саяси партиялардың рөлі мен жауапкершілігі артады, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жүйесі тиімді жұмыс істейтін болады. Демократиялық институттар мен азаматтық қоғамның құрылымдары егемен Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесінің үйлесімді элементтеріне айналады.

Гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты сапалы қамтамасыз етудің нысандары мен әдістері жетілдіріледі.

 

 



Саяси жүйені одан әрі жаңғырту саласындағы стратегиялық мақсаттар

 


2020 жылға қарай

елдің саяси жүйесін жаңғырту аяқталды, оның табысты жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды;

таңдаулы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқарудың және азаматтық қоғамның тиімді институттары құрылды;

 

заманауи, тиімді әрі ашық сайлау және партия жүйелері қалыптасты, өкілді биліктің рөлі күшейді;

мемлекет пен азаматтық қоғамның, билік пен бизнестің, билік пен оппозицияның сындарлы диалогының тетіктері жолға қойылды;

Қазақстан Республикасының саяси элитасын қалыптастырудың тиімді жүйесі құрылды, мемлекеттік қызмет өз қатарында Қазақстан халқының таңдаулы өкілдерін шоғырландырады;

гендерлік теңдік нығайтылды

 

 

Ұлттық қауіпсіздік



 

Ұлттық қауіпсіздік жүйесі сындарлы әрі қауіпсіз сыртқы және ішкі ортаны қалыптастыру бойынша белсенді іс-қимылдарға, елдің орнықты дамуы мен Қазақстанның мүдделерін өңірде және әлемде кешенді ілгерілету үшін қолда бар және әлеуетті мүмкіндіктерді пайдалануға бағдарланатын болады. Туындайтын қауіптерді алдын ала айқындау мен жою ұлттық қауіпсіздіктің негізіне алынатын болады.

Халықаралық терроризмге, діни экстремизмге, халықаралық есірткі бизнесіне және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылатын болады. Есірткі трафигі мен заңсыз көші-қонның жолын кесуді қоса алғанда, Ауғанстанмен байланысты проблемалар кешенін шешуге қатысу қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында орта мерзімді перспективаға арналған маңызды басымдық болып қала береді.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жүйесі түрленуінің аса маңызды бағыттарының бірі жаңа қатерлер мен сын-тегеуріндерді уақтылы анықтауға, сондай-ақ ден қоюдың барабар шараларын әзірлеуге мүмкіндік беретін болжамдық-талдау жұмысының тиімділігін арттыру болады.

 

 



Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық мақсаттар

 


2020 жылға қарай

мемлекеттің әлеуетті қатерлерге барабар қарсы тұруға қабілетті сенімді қорғаныс қабілеті қамтамасыз етілді;

Қазақстан шекарасының периметрі бойынша тәуекелдер барынша азайтылады, өңірде аумақтық және шаруашылық даулардың туындау себептері жойылды;

адам мен қоғамның қауіпсіздігі, азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуы қамтамасыз етілді;

әлемдегі сапалы жаңа сауда-қаржы жағдайларында елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді;

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, бәсекеге қабілетті отандық ақпараттық кеңістік құрылды;

экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру, тәуекелдерді азайту және техногендік авариялардан, апаттардан, дүлей зілзалалардан болатын зардаптарды барынша азайту бойынша жағдайлар жасалды;

ұлттық мүддені ескере отырып, халықаралық қауіпсіздік жүйесімен кіріктірілген ұлттық қауіпсіздіктің тұтас және тиімді жүйесі қалыптасты

 

 

Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат



 

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған сыртқы саяси бағыты Сыртқы саясат тұжырымдамасына негізделетін болады. Ұлттық мүдделерді, елдің халықаралық беделін арттыруды және ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған алдын ала белсенді, кешенді және теңгерімді сыртқы саясат жүргізілетін болады.

Қазақстанның ұзақ мерзімді басымдықтары мыналар болып табылады: елдің дамуы мен оның осы заманғы әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қолайлы сыртқы ортаны қалыптастыру және қолдау; Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау; шетелдерде Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, мүдделерін қорғау; Қазақстан Республикасының жағымды бейнесін және әлемде осы заманғы нарықтық экономикасы, орнықты саяси жүйесі, ашық және төзімді қоғамы бар демократиялық құқықтық мемлекет ретінде қабылдануын қалыптастыру; халықаралық аренада елдің экономикалық мүддесін қорғау; бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдар мен форумдарға белсенді қатысу.

Халықаралық қатынастардың жаңа сәулетін және әлемдік сауда-қаржы жүйесінің сұлбасын қалыптастыру кезінде Қазақстанның жаһандық шешімдерді қабылдау процестеріне қатысуы үшін жағдайлар жасаудың ерекше мәні бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттен жоғары резервтік валюталарды қалыптастыру туралы мәселеде өз мүддесін тиянақты ілгерілететін және белсенді қорғайтын болады. Осы іс-қимылдың нәтижелілігі көп жағдайларда Қазақстанның дағдарысқа қарсы шараларды табысты іске асыруына, ел экономикасының дағдарыстан кейінгі және орнықты даму бағытына шығу қарқынына, инновациялық және әртараптандырылған экономиканы құру саласындағы нақты жетістіктерге байланысты болады.

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының ықпалды мүшесі, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бастамашысы бола отырып, ұжымдық қауіпсіздіктің қазіргі жүйелері арасында стратегиялық диалогты құруға белсенді қатысатын болады. Қазақстан жанталаса қарулануды болдырмау, халықаралық қауымдастықтың ядролық қарусыздану және Ядролық қаруды таратпау туралы шарт режімін нығайту саласындағы күш-жігерін қолдауға арналған өзін ақтаған бағытты жалғастырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының беделді халықаралық ұйымдардағы (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам Конференциясы Ұйымы және басқалары) төрағалығы шеңберіндегі мүмкіндіктері барынша іске қосылатын болады.

Қазақстанның саясаты Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің, ислам және христиан әлемдерімен көпір ретіндегі өз рөлін нығайтуға бағытталған өркениетаралық және конфессияаралық диалогты нығайту бойынша күш-жігерін жалғастыратын болады. Төзімділіктің қазақстандық үлгісі халықаралық аренада кеңінен танылатын болады және басқа да елдердің практикасында қолданылатын болады.

Қазақстан өзінің бірегей географиялық орналасуын тиімді пайдаланып, әлемдік және өңіраралық көлік коммуникациялары жүйесіндегі қайталанбайтын рөлін барынша нығайтатын болады. Қазақстанның әлемдік энергетикалық және азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі айтарлықтай арта түседі. Қазақстан халықаралық еңбек бөлінісінде лайықты орнын алады және Дүниежүзілік сауда ұйымының қатысушысы болады.

Қазақстан Орталық Азияда, Еуразия кеңістігінде әртүрлі жылдамдықтағы және көпдеңгейлі интеграциялауды күшейтуге арналған бағытын жалғастырады. Қазақстан Ресеймен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық және Кеден одағының орнықты өзегін құрайтын болады.

 

 



Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат саласындағы стратегиялық мақсаттар

 


2020 жылға қарай

қолайлы халықаралық орта қалыптасты, барлық мемлекеттермен тең құқықты ынтымақтастықтың достық қатынастарына қолдау көрсетіледі;

ұлттық экономиканы әртараптандыру негізінде Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа және әлемдік шаруашылық байланыстарға интеграциялануының жоғары деңгейіне қол жеткізілді;

өңір мемлекеттерінің саяси және экономикалық интеграциясы үшін жағдайлар мен алғышарттар қамтамасыз етіледі;

Қазақстан өңірлік қауіпсіздіктің және саяси-экономикалық ынтымақтастықтың тиімді жүйесінің басты қатысушысы болып табылады;

Қазақстан халықаралық және өңірлік қаржылық және саяси жетекші құрылымдардың басшы органдарында өкілдік етеді;

Қазақстан халықаралық қатынастардың белсенді субъектісі болып табылады және әлемдік саясат үшін маңызды мәні бар шешімдерді қабылдауға қатысады

 

 

IV. Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру негізі:



нәтижелі мемлекеттік сектор

 

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының бес шешуші бағытын іске асыру үшін тиімділігі жоғары мемлекеттік аппарат негіз болып табылады.



Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асыру кезеңінде басталған мемлекеттік сектор реформаларына негізделе отырып мемлекет корпоративтік басқару, нәтижелілік, ашықтық пен қоғам алдындағы есептілік қағидаттары бойынша мемлекеттік басқарудың сапалы да жаңа үлгісін құрады. Аталған үлгі 2015 жылға қарай толыққанды іске асырылатын болады, ал оның негізгі элементтері Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асырудың алғашқы жылдарында енгізілетін болады.

Мемлекеттік секторды реформалау негізі бес бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) мемлекеттік органдардың, оның ішінде мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейлерінде, өкілеттік пен жауапкершіліктің нақты шеңберін айқындау;

2) мемлекеттік қызметті тиімді көрсетуге жәрдемдесетін стандарттарды әзірлеу жене үдерістерді жетілдіру арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту;

3) мемлекеттік қызмет реформасын жеделдету, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді оқытуды жетілдіру;

4) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті элементтерді енгізу;

5) әкімшілік реформаларды басқаруды жақсарту және мемлекеттік секторды реформалау үдерісі үшін жауапкершілікті күшейту.

 

Нақты өкілеттіктер мен жауапкершілікті айқындау



 

Мемлекеттік сектордың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін есептілік пен ынталандыруды белгілеу мақсатында мемлекеттік басқару органдарының өкілеттіктері (рөлдері) мен жауапкершілігі нақты айқындалады.

2011 жылдан бастап жүйелі негізде мемлекеттік органдар қызметінің функционалдық шолулары жүргізіледі, оның мақсаты — мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аясында) саясаттың тиімділігіне бағалау жүргізу болып табылады. Әрбір нақты мемлекеттік органда өкілеттіктердің оңтайлы көлемін айқындау тұтастай алғанда мемлекеттің жеке секторларда да, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлерінде де артық функцияларды жою, қайталайтын өкілеттіктерді алып тастау, жеткіліксіз функцияларды бекіту және нарықтық тетіктерді пайдалануды кеңейту арқылы тұтастай мемлекеттің баламалы рөлін белгілеуге мүмкіндік береді.

Осындай шолулар мемлекеттік аппараттың тұтастығын және іске асырылып жатқан саясаттың дәйектілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру



 

Мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жолымен арттырылатын болады.

2011 жылға қарай:

«бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының желісі дамытылатын болады. Осы орталықтардың жұмысы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау мақсатыңда халықпен кері байланыс тетігін көздейтін болады;

мемлекеттік қызметтердің тізілімі кеңейтіледі және тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің әрбір түрі бойынша стандарттар әзірленетін болады;

мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау (бекітілген стандарттарды сақтау) тұрақты негізде жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру

 

Мемлекеттік қызметті реформалау мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және мемлекеттік қызметте адам ресурстарын басқаруды жетілдіру арқылы мемлекеттік қызметті кәсібилендіруге шоғырландырылатын болады.

Мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарының жаңа жүйесі, мемлекеттік қызметке алудың тиімді рәсімдері және мемлекеттік басқарудың халықаралық іс-тәжірибесіне негізделген мемлекеттік қызметшілерді оқытудың сапалы бағдарламасы кәсіби мемлекеттік қызметті қалыптастыру үшін негіз болады.

2012 жылға қарай:

үш корпусқа: саяси мемлекеттік қызметшілер корпусы, әкімшілік мемлекеттік қызметтің А (басқару) және Б (атқарушы) корпустарына негізделген мемлекеттік қызмет лауазымдарының тізілімі енгізіледі;

мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдері және мемлекеттік қызметтің кадрлар резервін қалыптастыру жақсарады;

нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің қағидаттары мен құндылықтарына негізделген мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жаңартылған бағдарламасы енгізіледі;

нәтижелерге бағдарланған біліктілігі жоғары мемлекеттік қызметшілерді дайындау бойынша базалық оқыту орталығы қалыптастырылады;

жауапты хатшы лауазымына тағайындалған жауапты адамның рөлі мен дәрежесі нақты айқындалды, оны тағайындаудың ашық, айқын, оның сіңірген еңбегіне негізделген тағайындау тетіктері әзірленді.

Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру мемлекеттік қызметшілерді сапалы дайындауды ғана емес, кәсіби даярлығы бар мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік секторда ұстап қалуға ықпалын тигізетін, сондай-ақ Қазақстанның прогрессивті жастарын мемлекеттік қызметке тартатын ортаны қалыптастыруды да талап етеді. 2012 жылға қарай мемлекеттік аппараттың сапасын арттыру үшін мынаны қамтамасыз ету қажет:

адами ресурстарды басқарудың таңдаулы қағидаттары мен әдістерінің негізінде мемлекеттік органдардың кадрлар қызметінің тиімді жұмысын;

жауапкершілік, нәтижелілік және біліктілік қағидаттарына негізделген өнімі (өнімділігі) жоғары ықшам және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға жәрдемдесетін жеке сектордағы төлем деңгейімен бәсекеге қабілетті мемлекеттік секторда еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.

2012 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің жаңа еңбекақы жүйесін енгізуді қолдау үшін мемлекеттік қызметшілердің жұмысының көлемі мен сапасын, жауапкершілік деңгейін, кәсібилігін арттыруды, Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтауды есепке алатын мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүйесі енгізілетін болады.

 

Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару



 

Мемлекеттік жоспарлауды сапалы өзгерту, мемлекеттік басқарудың нәтижелілігі мен есептілігін қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылға қарай:

барлық мемлекеттік органдар мемлекеттік саясатты әзірлеуге кешенді стратегиялық тәсілді қамтамасыз ету үшін Стратегиялық жоспар-2020 негізделген бес жылдық стратегиялық жоспарларды қабылдайды;

барлық мемлекеттік органдар әзірленген бес жылдық стратегиялық жоспарларға негізделген жыл сайынғы операциялық жоспарлар дайындайтын болады;

барлық мемлекеттік органдарда белгіленген стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларға бейілділігін сақтай отырып операциялық жоспарларды іске асыруда белгілі бір дербестік болады;

барлық мемлекеттік органдарда ішкі мониторинг, бақылау және бағалау жүйесін кезең-кезеңмен енгізу басталатын болады.

2012 жылға қарай тиімділік және нәтижелілік (нәтижеге бағдарланған бюджеттеу) индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі енгізілетін болады. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың мониторингі мен олардың қызметін бағалайтын кешенді жүйе енгізілетін болады, ол стратегиялық мақсатқа қол жеткізу деңгейін, бизнес пен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін талдауға мүмкіндік береді.

 

Мемлекеттік сектор реформаларын басқару



 

2011 жылға қарай әкімшілік реформалар жүйесі мемлекеттік секторда жүргізілетін реформалардың іске асырылуына, мониторингі мен бағалауға жауапты жеке уәкілетті орган құру мүмкіндігі қаралатын болады. Осындай өкілеттіктер жұмыс істеп тұрған мемлекеттік органдардың біріне нақты бекітілуі де мүмкін.

2012 жылға қарай мемлекеттік басқару саласында реформаларды іске асыру мониторингінің тиімді жүйесі жұмыс істейтін болады, оның шеңберінде тоқсан сайынғы негізде мемлекеттік секторды реформалаудың ағымдағы жағдайы және нәтижелері туралы есептер ел басшылығына ұсынылып отырады.

 

V. Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру мониторингі және



бағалау

 

Стратегиялық жоспар-2020-ның стратегиялық мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізудің мониторингі мен бағалау оның табысты іске асырылуының қажетті шарттары болып табылады.



Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру жалпы ұлттық стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіруді, сондай-ақ аралық нысаналы индикаторлардың орындалуын талдау шеңберінде стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің тетіктері мен құралдарын түзетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру мониторингі шеңберінде елдің азаматтарын оның нәтижелеріне қол жеткізу үдерісіне тартуды қамтамасыз ету қажет. Бұл үшін ел азаматтарына мемлекет өзіне қандай міндеттемелер алатынын, олардың бюджеттік құны қандай екенін, қашан және қалайша олар іске асырылатынын, оларды іске асыруға жауапты кім болып табылатыны туралы ақпарат берілетін болады. Осылайша, ел азаматтары мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуын бағалау үшін негізге ие болады.

Статистикалық деректердің сенімді базасына негізделген мониторинг және бағалау нәтижелері Стратегиялық жоспар-2020 іске асырылуының барысы мен нәтижелері туралы толық көріністі мемлекетке және азаматтарға ұсынады.

 

Мониторинг және бағалау жүйесі



 

Стратегиялық жоспар-2020 төменгі деңгейдегі бағдарламалық құжаттар арқылы жалпы ұлттық стратегиялық басымдықтардың егжей-тегжейлі іске асырылуын көздейді. Стратегиялық жоспар-2020-ның стратегиялық мақсаттары мен нысаналы индикаторлары мемлекеттік органдардың бес жылдық стратегиялық жоспарларын қалыптастыру үшін негіз болады, онда жалпы ұлттық стратегиялық басымдықтарды іске асыру тетіктері мен құралдары айқындалатын болады. Бұл ретте мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында олардың қызметінің тікелей және өлшенетін нәтижелері де айқындалатын болады.

Елдің даму мақсаттарының осындай декомпозициясы мемлекеттік жоспарлаудың нақты сызбасын, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың нәтижелілігінің мониторингі мен бағалаудың бірыңғай жүйесін түзуге мүмкіндік береді.

Төменгі деңгейдегі мақсатқа қол жеткізудің тұрақты мониторингі жалпы ұлттық деңгейдегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу деңгейін талдауға мүмкіндік беретінін ескере отырып, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, оның ішінде 2020-стратегиялық жоспарды іске асырудың мониторингі мен бағалаудың бірыңғай кешенді жүйесін түзу қажет. Бұл үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесін құратын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, іске асыру, оларға мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау тәртібі айқындалады.

Белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тұрақты негізде және төменгі деңгейдегі бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын бағалауды ескере отырып, 2020-стратегиялық жоспардың іске асырылуына кешенді мониторинг және бағалау жүргізетін болады.

 

Азаматтарды тарту



 

Стратегиялық жоспар-2020-ның мониторингі мен бағалау үдерісінің маңызды құраушысы азаматтардың қатысуы болып табылады.

Мемлекеттік сектор қандай функция атқаратыны туралы қоғамның ақпараттануы азаматтар мен мемлекеттің сындарлы қатынастары үшін шешуші негіз болып табылады.

Стратегиялық жоспар-2020-ның орындалу мониторингі мен бағалау жүргізу шеңберінде азаматтарға Стратегиялық жоспар-2020-ның іске асырылу барысы және көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижелері туралы жыл сайын есептер берілетін болады. Бұл азаматтардың мемлекеттік сектордың жұмыс нәтижелілігіне қатысты пайымдауын бағалауға мүмкіндік береді.

Азаматтарды тұтастай алғанда мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік органдардың қызметін бағалау үдерісіне тарту мақсатында азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында кері байланыс тетігі енгізілетін болады.

 

Мониторинг үшін статистикалық деректер базасын құру



 

Стратегиялық жоспар-2020-ның іске асырылуының кешенді мониторингі мен бағалау шеңберінде Стратегиялық жоспар-2020-да көзделген стратегиялық мақсаттар мен мақсатты индикаторларға қол жеткізудің деңгейін тікелей көрсететін статистикалық деректерді тұрақты түрде жинау жүйесі құрылатын болады.

Стратегиялық жоспар-2020-ның мониторингін жүргізу және көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау үшін статистикалық деректер қорын қалыптастыру жөніндегі жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілетін болады:

2011 жылға қарай — статистикалық мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалауға қажетті статистикалық деректердің тізбесін анықтау;

2012 жылға қарай — Стратегиялық жоспар-2020-ның статистикалық мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу мониторингі үшін бірінші жыл сайынғы деректерді жинау;

2015 жылы — Стратегиялық жоспар-2020-ның бес жылдық іске асыру қорытындылары бойынша бағалау жүргізу;

2020 жылы — Стратегиялық жоспар-2020-ның толық іске асыру қорытындылары бойынша бағалау жүргізу.

 

 

Қорытынды



 

XXI ғасырдың екінші онжылдығының басы күрделі болады. Қазақстан әртүрлі үлгілерге дайын болуға тиіс.

Ағымдағы жаһандық дағдарысты еңсеру барысында ауқымды  өзгерістер орын алады, жаңа әлемдік тәртіпті құру басталады. Осындай жағдайларда қажетті әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру үшін дағдарыс берген мүмкіндіктерді пайдалана білген елдер барынша табысты болады.

Стратегиялық жоспар-2020 уақыттың сын-тегеуіріндеріне Қазақстанның жауабы болып табылады. Оны іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан дамушы нарықтық экономикасы бар елдердің бірінші қатарында болып қалады.

Стратегиялық жоспар-2020 мемлекеттің жарқын болашаққа қол жеткізу жөніндегі Қазақстан азаматтарының алдындағы міндеттемесі болып табылады. Оны орындау үшін мемлекеттің барлық деңгейлері мен құрылымдарының белсенді қатысуы, сондай-ақ азаматтардың қолдауы талап етіледі.

Стратегиялық жоспар-2020-ның табысты іске асырылуы Қазақстанды»Қазақстан-2030» стратегиясында айқындалған елдің жарқын болашағына қол жеткізудің жолын бекем қамтамасыз етеді.

 

Қазақстан Республикасы



Президентінің

2010 жылғы 1 ақпандағы

922 Жарлығына



қосымша

 

 



Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір күші жойылған жарлықтарының

 тізбесі



 

1. «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 43-44, 532-құжат; 2003 ж., № 49, 557-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 қарашадағы № 271 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1252 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.

3. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат; 2008 ж., № 27, 248-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 мамырдағы № 593 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 27, 248-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.

 

 
жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау