Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы 2001 ж. 16 шілдедегі №242-іі қазақстан Республикасының Заңы



жүктеу 1,2 Mb.
бет1/12
Дата15.04.2020
өлшемі1,2 Mb.
#29654
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Источник: ИС Параграф WWW http:///online.zakon.kz
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы
2001 ж. 16 шілдедегі № 242-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2016.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 


1-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу

(1 - 36 баптар)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 6 баптар)

 

 

2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және тіршілік ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету

(7 - 13 баптар)

 

 

3-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

(14 - 17 баптар)

 

 

4-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік басқару

(18 - 27 баптар)

 

 

4-1-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары

(27-1-27-3-баптар)

 

 

5-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер

(28 - 30 баптар)

 

 

6-тарау. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы

(31 - 36 баптар)

 

 

 

2-бөлім. Сәулет және қала құрылысы

(37 - 64 баптар)

 

 

7-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры

(37 - 40 баптар)

 

 

8-тарау. Аумақтарды дамытудың және оларға құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау

(41 - 59 баптар)

 

 

9-тарау. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы

9-1-тарау. Жобалар сараптамасы

(60 - 64 баптар)

(64-1 - 64-11 баптар)

 

 


 

 

3-бөлiм. Құрылыс

(65 - 79 баптар)

 

 

10-тарау. Құрылыс процесін мемлекеттік реттеу

(65 - 72 баптар)

 

 

11-тарау. Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау

(73 - 79 баптар)

 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органмен», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органды» деген сөздер тиісінше «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органды» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.



 

 

1-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу



 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.12.04. № 38-III Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) авторлық қадағалау - бұл автордың:

сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзірленуіне;

сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзірлеушілер жүзеге асыратын құрылыс жобасының іске асырылуына бақылау жүргізуді жүзеге асыру жөніндегі құқықтылығы.

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) агломерация - бір немесе бірнеше ірі қалалар - орталықтардың айналасына орналасқан, күнделікті еңбек, өндірістік, әлеуметтік-мәдени және өзге де байланыстары, сондай-ақ бір-бірімен аумақтық бірігу үрдістері бар урбандалған елді мекендердің жергілікті жүйесі;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)



2) адам мекендейтін орта - адам тұратын орта. Мекендеу ортасы мыналарды қамтиды:

қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, жер беті мен жер асты суларын, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ олардың өзара әрекетіндегі климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілер жиынтығы;

сәулеттік-ландшафтық орта - адам шаруашылық қызметті және басқа да функцияларды жүзеге асыратын, табиғи жағдайлар мен сәулеттік нысандар ұштастырылған кеңістік. Әдетте, бұл елді мекендер ортасы, ол адамның өмір сүру жағдайлары мен психикалық-физикалық жай-күйін айқындайды;

қолжетімді (кедергісіз) орта - орынға кедергісіз жетуге және көрсетілетін қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті пайдалану, затқа жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшемдері бар ғимараттың, қызмет көрсету орнының, тұру орнының сипаты;

ішкі орта - тұрғын үй-жайлардағы өмір сүру жағдайларының және жұмыс (өндіріс) үй-жайларындағы еңбек жағдайларының кешені, ол әлеуметтік, эстетикалық, биологиялық, психологиялық және физикалық-химиялық факторларды, соның ішінде табиғи радиацияны, сыртқы шуды, биотикалық төңіректі, ауаның ластануын, ылғалдылығын, құрамы мен ауысуын, иістерді, жанған өнімдерді, табиғи және жасанды жарықты, судың тазалығын және басқаларды қамтиды;

3) айрықша реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері - аумақтарды, елді мекеннің, жылжымайтын мүліктің жекелеген объектісінің аумағын пайдаланудың арнаулы ережелері (тәртібі) енгізілмей, жалпыға бірдей қабылданған ережелерге (тәртіпке) ерекшеліктер белгіленбей не оларға толықтырулар енгізілмей жүзеге асырылуы қиындаған немесе мүмкін болмайтын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі - объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құқығы берілген заңды тұлғалардың бірыңғай тізбесі;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) аккредиттелген сараптама ұйымы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген, объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;

4) антропогендік әсер ету - табиғатқа, қоршаған ортаға, елді мекенге адам қызметінің түрлі ықпал ету нәтижесінде туындаған оң және теріс әсер етулер. Теріс әсер тигізілген жағдайда табиғат қорғау шараларын қолдану қажеттігі туындайды;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-1) аттестатталған сарапшылардың тізілімі - жергілікті атқарушы органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелері аттестаттаған және:

объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама), сондай-ақ аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына (әртүрлі деңгейдегі қала құрылысы жобалары) сараптама бойынша жұмыстар жүргізу;

үйлер мен ғимараттардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау;

тапсырыс берушінің атынан техникалық қадағалау және жобаны әзірлеушілердің атынан авторлық қадағалау жүргізу жөнінде инжинирингтік қызметтер көрсету құқығы берілген жеке тұлғалардың үнемі жаңартылып отыратын бірыңғай тізімі;

5) аумақтарды аймақтарға бөлу - қала құрылысын жоспарлау кезінде жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану түрлері мен оларды пайдалану жөніндегі мүмкін болатын шектеулерді белгілей отырып аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу;

2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

5-1) аумақтық көліктік жоспарлау - аумақтың көліктік жүйесін дамытуды жоспарлау, ол көліктің барлық түрлерінің инфрақұрылымын орналастыруды және көліктің маршруттық желісін трассалауды жоспарлауды да қамтиды;

6) аяқталмаған құрылыс - пайдалануға беру үшін тапсырысшы белгіленген тәртіппен қабылдамаған және мақсатына қарай (тұру, қызмет көрсету, өнім шығару, пайда алу және пайдаланудың басқа да түрлері) пайдаланылмайтын құрылыс объeктici;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) бірегей құрылыс объектісі - осы объект үшін арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттігін айқындайтын, жобалау және салу жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер мен нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген, ерекше, бұрын жекелеп немесе жиынтық түрінде қолданылмаған сәулет, көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, инженерлік немесе технологиялық шешімдермен сипатталатын үйлер, ғимараттар және олардың кешендері;

7) ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегістікті немесе желілік объект (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдік-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкін;

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) елді мекеннің аумағы - қалалық немесе ауылдық елді мекеннің белгіленген шекара (ішкі аумағы) шегіндегі кеңістік;

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) елді мекеннің бас жоспары - аймақтарға бөлуді, оның аумағының жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастыруды, көлік және инженерлік коммуникацияларды, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелерін белгілейтін, қаланы, кентті, ауылды не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешенді жоспарлаудың қала құрылысы жобасы;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)



9-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар - халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

9-2) жергілікті сараптамалық қорытынды - сараптаманы аяқтайтын кезеңді қоспағанда, тиісті жоба бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қолдаудың әрбір кезеңінде ресімделетін және тапсырыс берушіге берілетін, жобалар сараптамасының қорытындысы;

10) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

11) жоба - жеке және заңды тұлғалардың түпкі ойының мәнін және оны практикада іске асыру мүмкіндігін ашып көрсететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есеп-қисаптар), оның ішінде құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамасы нысанында ұсынылған, адамның мекендеуі мен тыныс-тіршілігіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы;

12) жобалау алдындағы құжаттама - қала құрылысы, сәулет жобаларын, құрылыс жобасын әзірлеу алдында жасалатын және бағдарламаларды, есеп берулерді, құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемелерін, техникалық-экономикалық есептерді, ғылыми зерттеулер мен инженерлік ізденістер нәтижелерін, технологиялық және конструкциялық есептерді, нобайларды, макеттерді, өлшемдер мен объектілерді зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ жобалау құжаттамасын әзірлеу және жобаларды кейіннен іске асыру туралы шешімдер қабылдауға қажетті өзге де бастапқы деректер мен материалдарды қамтитын құжаттама;

13) жобалау құжаттамасы:



аумақты көгалдандыру жобаларын, оны сыртқы безендіруді, монументтік немесе әшекей өнер туындыларын орналастыруды және орнатуды (тұрғызуды);

қала құрылысының жобаларын - аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамыту мен салуды кешенді қала құрылысын жоспарлау жөніндегі түпкі ойдан (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың аймақаралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары, нақты жоспарлау жобалары, өнеркәсіп аймақтарын жоспарлау жобалары, құрылыс салу жобалары, объектілер мен кешендердің бас жоспарлары, абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау жобалары) тұратын жобаларды;

құрылыс жобасын (құрылыстық жобаны) - көлемдік-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді қамтитын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргізуге, аумақты инженерлік жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулерді қамтиды. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады;

сәулеттік түпкі ойы бар сәулет жобасын - жобалауға сәулетшінің қатысуы қажет болатын ғимарат (монумент) тұрғызудың жеке жобасын немесе объектінің сәулет-көркемдік, композициялық және көлемдік-жоспарлау шешімдерін қамтитын, әлеуметтік, экономикалық, функционалдық, технологиялық, инженерлік-техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитарлық-гигиеналық, экологиялық және өзге де талаптарды ескеретін және құрылыс жобасын немесе құрылыс объектісіне арналған өзге де құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті көлемде орындалған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының бір бөлігін қамтиды;

14) жобалардың мемлекетаралық сараптамасы - объектінің құрылысы туралы халықаралық шартқа қатысушы екі және одан да көп мемлекеттің мүддесін білдіретін жобаларды сараптаудың міндетті нысаны;

15) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

16) жобалар сараптамасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) шарттарына жобалық шешімдердің сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау, сондай-ақ жобалық шешімдер мен есеп-қисаптарда қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар нормалары мен ережелерінің талаптарын сақтау арқылы жобалардың сапасына талдау мен бағалау жүргізуден тұратын сараптамалық қызмет. Сараптама мынадай болып бөлінеді:

үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама бойынша «бір терезе» қағидатымен жүргізілетін, объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама (салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтиды);

қалалық және ауылдық елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды, сондай-ақ елді мекендерден тыс орналасатын өндірістік кешендерді дамытудың және оларға құрылыс салудың қала құрылысы жобалары бойынша жүргізілетін, аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді қала құрылысы сараптамасы;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды

16-1) жобалау саласындағы сараптама қызметінің субъектілері - сараптама ұйымдары, сондай-ақ сараптама ұйымдарының штаттағы қызметкерлері болып табылатын не жоба құрамында жекелеген бөлім (бөлік) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы орындау үшін немесе кешенді қала құрылысы сараптамасы жөніндегі сараптама комиссияларының (топтарының) жұмысына қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде осы ұйымдар уақытша тартқан сарапшылар;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды

16-2) жобалау саласындағы сарапшы - жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 16-3) тармақшамен толықтырылды

16-3) жобаны басқару - салынған бюджет пен мерзімдер шеңберінде инвестициялық жобаның мақсаттарына жету үшін тапсырыс берушімен не инвестормен жасалған шарттарға сәйкес объектілерді жобалауды, құрылысын салуды және оларды пайдалануға беруді ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау жөніндегі қызмет;

17) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

18) инженерлік инфрақұрылым - адамдардың тіршілік етуі, сондай-ақ өндірістің немесе тауарлар мен көрсетілетін қызмет айналымының тұрақты жұмыс істеуі үшін қалыпты жағдай туғызатын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылыстардың), инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету коммуникацияларының және желілерінің жиынтығы;

18-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды

18-2) инженер-техник жұмыскер - орташа кәсіптік немесе жоғары білімі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асыратын жеке тұлға;

19) көлік инфрақұрылымы - көпір, тоннель және өзге де көлік құрылыстарының, жол тарамдары мен жол өткізгіштерінің, реттеуші белгі беру құрылғыларының, байланыстың, көлік жұмысының инженерлік қамтамасыз ету, жүктерді, жолаушыларды тасымалдайтын көлік құралдарына қызмет көрсету, өндірістік және қызмет көрсетуші адамдардың функционалдық қызметін қамтамасыз ететін объектілердің, қойма үй-жайлары мен аумақтардың, санитарлық-қорғаныш және күзет алаңдарының, сондай-ақ көрсетілген бағыттағы жолдарға және жылжымайтын мүлік объектілерін қамтитын объектілерге заңдарда бекітілген жерлердің кешені бар жерүсті (автомобиль және (немесе) темір) жолдарының, су (теңіз және (немесе) өзен) жолдарының жиынтығы;

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 19-1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



19-1) көше-жол желісі - қызыл сызықтармен шектелген және көлік құралдарының, велосипедтер мен жаяу жүргіншілердің жүруіне, инженерлік коммуникациялар салуды және төсеуді ретке келтіруге, сондай-ақ елді мекендер аумақтары қатынас жолдарының құрамдас бөлігі ретінде олардың көлік, велосипед және жаяу жүргіншілер байланыстарын қамтамасыз етуге арналған, елді мекендер аумақтарының бір бөлігі болып табылатын көлік инфрақұрылымының объектісі. Көшелер, даңғылдар, тұйық көшелер, өтпелер, жағалаулар, алаңдар, тротуарлар, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары көше-жол желісінің негізгі элементтері болып табылады;

2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

19-2) күзетілетін объектілер - күзетілетін адамдардың болуына арналған үйлер, құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория. Күзетілетін объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;

20) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

21) қалалық аймақтарға бөлу - елді мекеннің аумағын олардың функционалдық мақсатына сәйкес бөлу (тұрғын, қоғамдық, өнеркәсіптік, рекреациялық және басқа да функционалдық аймақтар);

22) қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы - аумақтарды ұйымдастыру, аумақтар мен елді мекендерді дамыту мен салудың қала құрылысын жоспарлау, объектілерді салу (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату), сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендіру үшін қажетті (жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттарды қоса алғанда) өзара байланысты құжаттардың жүйесі;

23) қала құрылысы кадастрының есептеу бірліктері - тұтастай Қазақстан Республикасы, облыстар, аудандар, елді мекендер аумағының, ауқымды, жайпақ және желілік құрылыстардың барлық түрлерін қоса алғанда, жылжымайтын мүлік объектілерінің ұйымдастырылған және пайдаланылған элементтері;

24) қала құрылысының кеңістігі - адамның (ел, аймақ, елді мекен, елді мекен бөлігі халқының) мекендейтін және тіршілік ететін материалдық ортасы қалыптасатын қала құрылысын реттеу аумағы;

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



25) қала құрылысы қызметi (бұдан әрi - қала құрылысы) - қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық процесін, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлімдерін үйлестіруді қамтитын, қала құрылысын жоспарлауда аумақтар мен елді мекендерді ұйымдастырудағы және дамытудағы, оларды аумақтық көліктік жоспарлаудағы және жол жүрісін ұйымдастырудағы, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін айқындаудағы, қалалық және ауылдық елдi мекендердi кешендi жоспарлаудағы қызмет;

26) қала құрылысының регламенттері - аумақтарды (жер учаскелерін) және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін пайдаланудың, сондай-ақ олардың жай-күйінің заңнамада белгіленген тәртіппен жол берілетін кез келген өзгерістерінің режимдері, рұқсаттары, шектеулері (ауыртпалық салуды, тыйым салу мен сервитуттарды қоса алғанда).

Қала құрылысының регламенттері мемлекеттік нормативтерге сәйкес орындалған қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасымен белгіленеді. Қала құрылысы регламенттерінің қолданылуы олар үшін белгіленген мерзім шегінде шектеледі;

27) қала құрылысын реттеу аумағы - шегінде қандай да болсын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жүзеге асырылатын аумақ;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

28) қаупі ықтимал құрылыс объектiлерi - өзінің функционалдық мақсаты және өндiрiстiк процестер салдарынан адамның денсаулығы мен өмiрiне зиян, орны толмас залал келтiретiн техногендiк және (немесе) экологиялық зiлзалалар туындау, жобалануы, салынуы және пайдаланылуы кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі арнайы іс-шаралар талап етілетін басқа да объектiлердiң жұмыс iстеуiн бұзу қатерi бар қауіпті өндірістік объектiлер;

29) қонысаралық аумақтар - елді мекендердің шекарасынан (шегінен) тыс жатқан аумақтар;

30) қоныстану аумағы - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да объектілерді орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитарлық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін елді мекен аумағының бір бөлігі;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды

30-1) құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялар (бұдан әрі - мемлекеттік инвестициялар) - жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі жөндеуге салынатын инвестициялар, олардың көзі:

республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге жіберілетін нысаналы қаражат;

мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;

концессиялық жобаларды іске асыруға жіберілген қаражат болып табылады;

31) құрылыс қызметі (бұдан әрі - құрылыс) - жаңа объектілер салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

31-1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды - техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын растайтын құжат;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

32) құрылыс-монтаж жұмыстары - құрылыс қызметі, ол:

жер жұмыстарын және топырақтағы арнаулы жұмыстарды;

қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға, уақытша инженерлік желілер, жолдар, қойма алаңдарын жайластыруға, сондай-ақ аумақты сатылап жоспарлауға байланысты дайындық жұмыстарын;

үйлер мен ғимараттардың (оның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер мен метрополитендер, жол құбырлары, құбыр өткізгіштер, өзге де жасанды құрылыстар) тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды;

желілік құрылыстарды төсеу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын;

сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстар, сондай-ақ ішкі инженерлік жүйелер орнатуды;

конструкциялар мен жабдықтарды қорғау және өңдеу жөніндегі жұмыстарды;

автомобиль және темір жол құрылысын;

технологиялық жабдықты жинауды және тұрақты пайдаланатын жерде жобалық жағдайға орнатуды, жеке сынауды және жүктемемен сынауды, сондай-ақ бөлшектеуді қоса алғанда, оны монтаждауды қамтиды;

33) құрылыс өнімі - сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің аралық және (немесе) түпкілікті нәтижесі;

34) құрылыс өнімінің сапасы (объектінің сапасы) - қызметтің (пайдалануға берудің, пайдаланудың, қолданудың) бүкіл мерзімі бойында меншік иелерінің (пайдаланушылардың) және тұтас алғанда қоғамның мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды білдіретін, тұтынушыларға жеткізілген түпкілікті құрылыс өнімі сипаттамаларының (эстетикалық сипаттаманы қоса алғанда) жиынтығы;

35) құрылыс салуды реттейтін сызық (құрылыс салу сызығы) - қызыл және сары сызықтардан немесе жер учаскесі шекарасынан шегіндіре отырып, үйлерді (ғимараттарды, құрылғыларды) орналастыру кезінде белгіленетін құрылыс салу шекарасы;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 35-1), 35-2) және 35-3) тармақшалармен толықтырылды

35-1) құрылыстағы баға белгілеу - құрылыс өнімінің құнын қалыптастыру тетігі;

35-2) Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылатын, сметалық-нормативтік базада олар бойынша нормалар жоқ, Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері енгізген жаңа тиімді құрылыс өндірісі технологияларының тізбесі;



35-3) құрылыстың сметалық құны - сомасы жобалау материалдары мен сметалық-нормативтік база негізінде айқындалатын, объектінің құрылысын жүзеге асыру үшін қажетті ақша;

36) қызыл сызық - елді мекендерді жоспарлау құрылымындағы кварталдардың, шағын аудандардың, өзге элементтердің аумағын көшеден (жолдардан, алаңдардан) бөліп тұратын шекара. Әдетте қызыл сызық құрылыс салу шекарасын реттеу үшін қолданылады;

36-1) көгалдандыру екпелері - елді мекендердің шекараларында ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан орманды саябақтар, саябақтар, скверлер, бульварлар, желілік екпелер, үй жанындағы екпелер, көгалдар, гүлзарлар;

37) макет - жоспарланып отырған аумақтардың, жобаланып отырған объектілердің, олардың жекелеген элементтерінің, сондай-ақ үй-жайлар интерьерлерінің кеңістіктегі өлшемдестігін немесе құрылыстардың ішкі кеңістігін белгілеу мақсатында көлемді нысандағы (түгелдей көрсете отырып немесе шартты түрде) масштабқа қатаң сәйкес келетін етіп орындалған иллюстрациялық (көрнекі) материал. Макет ретінде компьютерлік кеңістіктік модельдеудің бейнематериалдары пайдаланылуы мүмкін;

38) мемлекеттік қала құрылысы кадастры - қала құрылысы регламенттерін, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметі аумағын оның пайдаланылу режимінің әлеуметтік-құқықтық белгілері, инженерлік-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі, онда орналасқан объектілердің параметрлері мен жай-күйі, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайлары мен экологиялық жай-күйі бойынша сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сан және сапа көрсеткіштерінің мемлекеттік жүйесі;

39) мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) - адамның мекендеуі мен тіршілік етуіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер, қала құрылысы және техникалық регламенттері, нормативтік-техникалық құжаттар, өзге де міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер жүйесі;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырылды



39-1) мемлекеттік сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілердің құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;

40) нобай (нобайлық жоба) - жобалық (жоспарлық, кеңістіктік, сәулеттік, технологиялық, конструкциялық, инженерлік, әшекейлік немесе басқа) шешімнің оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешімнің түпкі ойын түсіндіретін түрі;



2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды

40-1) Объектілерді салуға арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бірыңғай мемлекеттік электрондық банкі - мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген, объектілердің құрылысын салуға арналған электрондық жеткізгіштердегі жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы;

41) объектінің бас жоспары - құрылыс объектісі (үй, ғимарат, кешен) жобасының оны аумаққа (учаскеге) орналастыру, көлік коммуникацияларын, инженерлік желілерді төсеу (жүргізу), учаскені инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, шаруашылық қызметін көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін және жобаланып отырған объектінің орналасатын жеріне байланысты өзге де іс-шараларды кешенді шешу қамтылатын бөлігі;

42) объектіні кейіннен кәдеге жарату - күрделі құрылыстың (үйдің, ғимараттың, кешеннің) пайдаланылуы (пайдалану, қолдану) тоқтатылғаннан кейін кәдеге асатын элементтерін (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіріп және қайталап пайдаланып, сондай-ақ кәдеге аспайтын элементтер мен қалдықтарды өңдей отырып, бөлшектеп алу және бұзу жөніндегі жұмыстар кешені;

43) объектілер мониторингі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жай-күйі мен өзгерістерін байқау жүйесі;

44) объектінің техникалық күрделілігі - объектінің функционалдық қызметіне, оның тірек және қоршау конструкцияларының ерекшеліктеріне, қабаттар (конструкциялық қатарлар) санына, сейсмикалық қауіптілігіне немесе салынатын жерінің (ауданының) өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық жағдайларына қарай мемлекеттік және (немесе) мемлекетаралық (халықаралық) нормативтермен белгіленетін, табандары мен конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша құрылыс объектісінің жауапкершілік деңгейі, олар:

жауапкершіліктің бірінші деңгейі - күшейтілген;

жауапкершіліктің екінші деңгейі - қалыпты;

жауапкершіліктің үшінші деңгейі - төмендетілген болып бөлінеді;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 44-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



44-1) объектіні пайдалануға қабылдау актісі - объект құрылысының бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес аяқталғанын және объектінің пайдалануға толық әзірлігін растайтын құжат;

44-2) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 44-3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



44-3) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды - авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар орындалған жұмыстардың бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкестігін растайтын құжат;

45) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

46) салынып жатқан объектілерді консервациялау - құрылысы аяқталмаған объект конструкцияларының, материалдары мен жабдықтарының оны салудың уақытша тоқтатылуы кезеңінде сақталуы мен сапалық сипаттамаларын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені;

47) санитарлық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 47-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 47-1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



47-1) сараптама ұйымдарының палатасы (бұдан әрі - палата) - мемлекеттік сараптама ұйымын қоспағанда, құрылыс объектілерін жобалау саласында сараптама қызметін жүзеге асыратын, аккредиттелген сараптама ұйымдарының кемінде үшеуінен заңды тұлғалар құратын, бірыңғай коммерциялық емес ұйым;

48) сары сызық - жойқын жер сілкіністері, өзге де табиғи немесе техногендік сипаттағы зілзалалардың салдарынан үйлердің (ғимараттардың, құрылыстардың) үйінділерге (қиратындыларға) айналуы барынша мүмкін болатын аймақтар шекарасы. Әдетте сары сызық үйлер мен ғимараттар арасындағы қашықтықты реттеу үшін қолданылады;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 48-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



48-1) сәйкестік туралы декларация - мердігер (бас мердігер) құрылысы аяқталған объектіде орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 49) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

49) сәулет-жоспарлау тапсырмасы - объектінің мақсатына, негізгі өлшемдеріне және оны нақты жер учаскесіне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ осы елді мекен үшін қала құрылысының регламенттеріне сәйкес белгіленетін, жобалау мен құрылысқа қойылатын міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер. Бұл ретте тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор) ұсынатын нобайларға (нобайлық жобаларға) сәйкес түсi жөнiндегi шешiм мен ғимараттардың (құрылыстардың) қасбеттерiн әрлеу материалдарын пайдалану, көлемдiк-кеңiстiктегi шешiм бойынша талаптар белгiлеуге жол берiледi;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 50) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



50) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк қызметтер көрсету - оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткізу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару);

51) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтік құжаттар) - Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттің (басқа мемлекеттердің) аумақтарында Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізінде қолданылатын, мемлекетаралық қала құрылысы нормативтерін, мемлекетаралық құрылыс нормалары мен ережелерін, құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды қамтитын нормативтік-техникалық құжаттардың, ережелердің және басқа да міндетті талаптардың, шарттар мен шектеулердің жүйесі;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 51-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

51-1) сараптамалық жұмыстар - ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізу жөніндегі жұмыстар;

52) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

53) сәулет қызметі (бұдан әрі - сәулет) - объектінің сыртқы және ішкі келбетін жасаудың, құрылысқа арналған (реконструкциялау, қалпына келтіру) жобалау құжаттамасының сәулет бөлігінде кеңістікті, композициялық, көлемдік-жоспарлау және функционалдық ұйымдастырудың шығармашылық процесін, жобаны іске асыру кезінде авторлық қадағалау жүргізуді қамтитын сәулет объектілерін жасау жөніндегі қызмет;

54) сәулет объектілері - әзірленуіне сәулетшінің қатысуы қажет болатын, сәулет немесе қала құрылысы жобаларының негізінде салынған үй, ғимарат, монумент, үйлер мен ғимараттар кешені, олардың экстерьерлері және (немесе) интерьерлері, абаттандыру, ландшафт немесе бақ-саябақ өнерінің элементтері;

55) сәулет (қала құрылысы) туындысы - қандай да бір сәулет объектісін жасауға немесе қала құрылысы кеңістігін қалыптастыруға бағытталған, жобалау құжаттамасы, жекелеген сызба, макет немесе нобай нысанында белгіленген авторлық ойды қоса алғанда, жеке тұлғалардың кәсіби қызметіндегі шығармашылық процестің нәтижесі болып табылатын авторлық құқық және автордың (авторлардың) зияткерлік меншік объектісі, сондай-ақ нақты іске асырылған жоба (жобаның бөлігі);

56) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтар (аудандар) - сейсмикалық әсерінің жиілігі жеті және одан да көп балл болуы мүмкін (күтілетін) аудандар;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 56-1), 56-2) тармақшалармен толықтырылды

56-1) сметалық нормалар - қабылданған құрылыс, монтаждау және басқа да жұмыстар өлшеміне белгіленген ресурстар (құрылыс жұмыскерлері еңбегінің, құрылыс машиналарының жұмыс уақытының жұмсалуы, материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға қажеттілік) жиынтығы;

56-2) сметалық-нормативтік база - материалдарға, бұйымдарға және жабдықтарға арналған сметалық нормалар мен сметалық бағалар жинағы;

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 56-3) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi)

56-3) тапсырыс беруші - қызметін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші-инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі), құрылыс салушы не олардың уәкілетті адамдары қызмет мақсаттарына қарай тапсырыс беруші бола алады;

57) техногендік әсер ету - халыққа, елді мекендерге не қонысаралық аумақтарға, әдетте, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін төндірмей немесе қатер төндіре отырып, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде туындаған жағымсыз немесе зиянды (қауіпті) әсер ету;

58) техногендік зілзалалар - шаруашылық қызметпен байланысты және:

өнеркәсіп, көлік аварияларын және басқа да аварияларды;

өрт, жарылыстар немесе жарылыс қатерін;

биологиялық, химиялық қауіпті немесе радиоактивті заттардың шығарылуын немесе шығарылу қатерін;

үйлердің немесе ғимараттардың, коммуникациялардың кенеттен құлап түсуін;

гидротехникалық немесе тазарту құрылыстарының опырылуын;

электр энергетикасы және коммуникация жүйелеріндегі аварияларды туғызатын тұтқиыл факторлар;

59) техникалық қадағалау - орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау;

60) үй - адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік процестерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, міндетті түрде жер бетіне салынып, тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Yйдің жер асты бөлігі болуы мүмкін;

61) үйлердің (ғимараттардың) инженерлік жабдықтары - материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен өндіріс процестерін инженерлік жағынан қамтамасыз ететін, адамдардың тұруына (тұрмысына), еңбек етуіне (болуына) қалыпты не жайлы жағдайлар жасайтын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар кешені;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды

61-1) үйлер мен ғимараттардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау - сараптама жұмыстарының нәтижесінде үйлер мен ғимараттардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйі, үйлер мен ғимараттардың сенімділігі және орнықтылығы, оларды кейіннен пайдалану мүмкіндігі, объектідегі күрделі жөндеу жұмыстарының құрамы мен көлемін, оларды жаңғырту және реконструкциялауды, сондай-ақ нысаналы мақсатындағы өзгерісті анықтау үшін уақытында болатын өзгерістерді ескере отырып, конструкциялар сапасының нақты көрсеткіштерінің сандық бағалауын алу айқындалатын сараптама жұмыстарының түрі;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 61-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

61-2) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары - өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер;

62) экологиялық зілзалалар - табиғи тепе-теңдік бұзылуының экологиялық тұтқиыл факторлары, олар:

құрлықтың жай-күйінің (пайдалы қазбаларды өндіру салдарынан болатын апатты опырылыстар, тектоникалық жарықтар, грифондар, көшкіндер, ойылыстар, топырақта ауыр металдардың немесе басқа да зиянды заттардың жол берілетін шектен тыс шоғырлануы, топырақтың тез тозуы, топырақтың эрозиясы, сортаңдануы немесе батпақтануы салдарынан көлемді аумақтардың шөлге айналуы);

атмосфераның құрамы мен қасиеттерінің (антропогендік әсер ету салдарынан климаттың күрт өзгеруі, зиянды қоспалар жиынтығының жол беруге болатын шектен үнемі артып кетуі және ауа тазалығының нашарлауы, елді мекендерде оттегінің тұрақты жетіспеуі, қышқылды жауындар жауатын көлемді аймақтың пайда болуы);

гидросфера жай-күйінің (су көздерінің сарқылуы немесе олардың апатты түрде немесе біржола ластануы, ауыз судың, сондай-ақ өндіріс қажеттіліктері мен шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған судың тұрақты жетіспеуі);

биосфера жай-күйінің (көлемді аумақтардағы өсімдіктердің құрып бітуі, хайуанаттар, өсімдіктер түрлерінің жойылуы, биосфераның молықтыру қабілетінің күрт өзгеруі) өзгеруімен байланысты.

Дүлей зілзалалар (табиғи апатты құбылыстар) да экологиялық зілзалаларға жатады.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдары



1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң нормаларынан тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары осы саладағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделердi:



2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттiк мүдделердi - тұтастай алғанда, өңірлерді, қалаларды, кенттердi, ауылдарды (селоларды) және басқа да қоныстарды тұрақты дамыту жағдайларын, аумақтық көліктік жоспарлауды және жол жүрісін ұйымдастыруды, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң, көлiк және инженерлiк коммуникациялардың, байланыс пен энергетиканың жұмыс iстеуiн, қоршаған ортаны қорғауды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтауды қамтамасыз етудегі қоғам мүдделерiн;

2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) қоғамдық мүдделердi - жекелеген аймақтар, қалалар, кенттер, ауылдар мен басқа да қоныстар халқының осы аумақта тұруының (болуының) қолайлы жағдайларын, экологиялық ахуалдың жақсаруын, шаруашылық және өзге де қызмет салдарынан болған қауіпті (зиянды) әсерлердiң алдын алуды, елдi мекендер мен оған iргелес жатқан аумақтардың инфрақұрылымдарын дамытуды, тарихи-мәдени мұра объектілерін, табиғат құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі мүдделерiн;



2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) жеке мүдделердi - жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi жер учаскелерiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға байланысты олардың мүдделерiн қамтамасыз етуге тиiс

Егер азаматтар мен заңды тұлғалардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс қызметi қолайсыздық туғызған немесе өздеріне тиесiлi (өздері пайдаланатын) объектiнi (жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi) пайдалануға, иеленуге не иелiк етуге мүмкiндік бермеген жағдайда, ол шектелуге жатады.

2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:

1) құрылыс үшiн инженерлiк iзденiстер жүргiзу, сәулет-қала құрылысы және құрылыс мақсаттарына картографиялық-геодезиялық қорды пайдалану;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы негiздемелерін, болжамдарын, құжаттарын жасау;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу және бекіту;

4) жаңа құрылыстар салу, сондай-ақ бар құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу;

5) аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру объектiлерiн салу;

6) аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою;

7) объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыс кешенiн жүргiзу;

8) ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-эксперимент жұмыстарын жүргiзу және олардың нәтижелерiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында пайдалану;



2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді

9) қала құрылысы және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру;



2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен тармақ 10) тармақшамен толықтырылды

10) инжинирингтік қызметтерді тарту және көрсету;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарды белгілеу болып табылады.

 

4-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi



Қазақстан Республикасының аумағында адамның мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортасын қалыптастыруға және дамытуға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi болып табылады.

Азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiктер мен шетелдiк заңды тұлғаларға, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметiне қатысты жұмыстар (қызмет көрсету) Қазақстан Республикасының аумағында орындау құқығы заңдарда белгiленген тәртiппен берiлуi мүмкiн.

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi

Мыналар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағы;

2) облыстардың, аудандардың аумақтары;

3) елдi мекендердiң және олардың бөлiктерiнiң аумақтары;

4) функционалдық аймақтар;

5) тиесiлi технологиялық және инженерлiк жабдықтарымен ғимараттардың барлық түрлерiн қоса алғанда, жылжымайтын объектiлер;

6) арнайы экономикалық аймақтар;

7) мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарих және мәдениет, табиғи және қалалық ландшафт жылжымайтын ескерткiштерi.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-бөлікпен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2. Қалалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері ретінде:

1) ірі қала (халық саны 500 мыңнан көп);

2) үлкен қала (халық саны 100 мыңнан 500 мыңға дейін);

3) орташа қала (халық саны 50 мыңнан 100 мыңға дейін);

4) шағын қала (халық саны 50 мыңға дейін) болып бөлінеді.

 

6-бап. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының объектiлерi



1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясы объектiлерi:

1) ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектiлерiне;

2) ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясының елдi мекендерiне;

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) ерекше реттеудi және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететiн жекелеген жылжымайтын мүлiк объектiлерiне;



2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды  

4) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілеріне бөлінеді.

2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



2. Ерекше реттелетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мен қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектілеріне:

1) экологиялық апат және (немесе) төтенше жағдайлар аймақтары;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

3) су қорғау аймақтары мен белдеулері;

4) тарихи-мәдени мұра объектілері және (немесе) қорғалатын бірегей және сирек кездесетін ландшафтық объектілері бар аумақтар;

5) сауықтыру, курорттық, рекреациялық және резервтік мақсаттағы аумақтар;

6) қала маңындағы аймақтар;

2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) агломерациялар аумақтары;

7) режимдік аумақтар аймақтары және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше реттелетін аймақтарға жатқызылған өзге де аумақтар жатады.

3. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының елдi мекендерiне:



2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) Қазақстан Республикасының астанасы және республикалық маңызы бар қалалар;

2) халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын қалалар;

3) курорттық қалалар мен кенттер;

4) тарихи, мәдени құндылықтар не қорғалатын ландшафтық объектiлер бар елдi мекендер, олардың бөлiктерi немесе оған iргелес жатқан аумақ, сондай-ақ қорықтар мен ұлттық парктердегі қоныстар;

5) әскери қалашықтар, шекара заставалары және өзге де жабық объектiлердегi қоныстар;

6) ерекше (төтенше) табиғи-климаттық, геотехникалық немесе гидрогеологиялық жағдайлары бар аудандарда, сондай-ақ экологиялық және техногендік зілзалалардан не өзге де қолайсыз құбылыстар мен процестердің әсер етуінен зақымданған аймақтарда орналасқан елді мекендер жатады.

4. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының жылжымайтын мүлiк объектiлерiне:

1) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен олардың ансамбльдерi;

2) мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерi;

3) адамның өмiрi мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға көрiнеу қауiп төндiретiн объектiлердi қоса алғанда, арнаулы мемлекеттік немесе шаруашылық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ғимараттар;

2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен тармақ 4) тармақшамен толықтырылды

4) мүгедектердің тұруына, келіп-кетуіне және жұмыс істеуіне арналған үй-жайлар мен ғимараттар жатады.

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды



4-1. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары бойынша айқындайды.

Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін әрбір құрылыс объектісі бойынша ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке-дара жоспары бекітіледі.

5. Ерекше реттеу режимi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен белгiленедi.

 

 

2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және



жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау