Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы



жүктеу 1,27 Mb.
бет11/16
Дата20.11.2018
өлшемі1,27 Mb.
#22579
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

      783. Резервуарлар арматурасы мен электр пульттарының жануын сөндіру үшін көмірқышқылды немесе ұнтақты қолға лайықты өрт сөндіргіштер қарастырылуы тиіс.

      784. АЖС сыйымдылығы 100 литрден кем емес жылжымалы ауа-көбіктік өрт сөндіргішпен қамтамасыз етілуі тиіс.

      785. Бұдан басқа, АЖС жылжымалы алғашқы өрт сөндіру құралдарымен төмендегі есепте жабдықталуы тиіс:

      1) төртеуге дейін отын үлестіруші колонкасы бар май құятын жайларда құю техникасының жануын сөндіруге арналған 2 жылжымалы ұнтақты өрт сөндіргіш (сыйымдылығы әр қайсынында 50 л кем емес), 1 ауа-көбіктік (сыйымдылығы - 10 л кем емес) және 1 ұнтақты (сыйымдылығы - 5 л кем емес) өрт сөндіргіш;

      2) төрттен сегізге дейін отын үлестіруші колонкалары бар май құю орындарында құю техникасының жануын сөндіруге арналған - 2 жылжымалы ұнтақты өрт сөндіргіш (сыйымдылығы әр қайсынында 50 л кем емес), 2 ауа-көбіктік (сыйымдылығы - 10 л кем емес) және 2 ұнтақты (сыйымдылығы - 5 л кем емес) өрт сөндіргіш. Өрт сөндіргіштерді орналастыру май құю орындарында қарастырылады;

      3) АЦ арналған әрбір май құю алаңы үшін - АЦ жануын сөндіру үшін 2 жылжымалы ұнтақты өрт сөндіргіш (сыйымдылығы әр қайсысында 50 л кем емес). АЖС мұндай құю техникаларының жануын өшіретін өрт сөндіргіштер бар болса, АЦ сөндіруге арналған қосымша өрт сөндіргіштерді қарастырудың қажеті жоқ.

      786. Жылжымалы май құю бекеттерін сыйымдылығы 10 литр бір ауа-көбікті және сыйымдылығы 5 литр бір ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс.

      787. Өрт сөндіргіштерді орналастыру көрсеткіш сілтемелерге сай белгіленуі қажет.


  15-бөлім. Діни құрылыстардағы өрт қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар


      788. Ашық оты бар шамдар, шам астына қойғыштарды және басқа да қондырғыларды жанбайтын негiздерге орнату қажет. Олардың құлауын болдырмау үшiн еденге берiк бекiту қажет.

      789. Жылыту құралдарын пайдалану кезiнде осы Ережелердiң талаптары орындалуы тиiс. Дiни құрылыстарда пешпен жылыту әр жылыту мерзiмiнiң алдында пайдалануға жарамдылығына акт түзу арқылы тексеруден өткiзiлуi тиiс.

      790. Пештерге от жағу бақылаудың астында жүргiзiлуi тиiс және мәдени құрылыстарда адамдар көптеп жиналатын iс-шаралардың басталуына дейiн бiтуi қажет.

      791. ЖС (лампада, шамдар) металдан жасалған шкафтарда сақталуы тиiс. Бөлмеде 5 л аспайтын ЖС сақтауға ғана рұқсат етiледi.

      792. ЖС лампадаларға және шамдарға құю жабық сынбайтын сыйымдылықтан, жанбайтын материалдан жасалған ыдыстың iшiнде жүргiзiлуi тиiс.

      ЖС лампадаларға және шамдарға құюды ашық от жоқ кезде ғана, ал егер қосылған электр жылыту құралдары бар болса олардан 1 м ары арақашықтықта жүргiзу қажет.

      793. ЖС қоры лампадалар және шамдар үшiн молель залында металды ыдыста сақталуы және тәулiктiк қажеттiлiктен аспауы қажет.

      794. Келушiлердiң қатысуымен салт-дәстүр жасалынып жатқан уақытта мәдени құрылыстарда отпен байланысты жұмыстардың жүргiзiлуiне тыйым салынады.

      795. Дiни құрылыстардың ғимараттары өрт туралы адамдарды хабарландыратын жүйелермен қамтамасыз етiлуi тиiс.

      796. Барлық діни мекемелер нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес қажетті эвакуациялық жолдар санымен қамтамасыз етілуі тиіс. Шығу жолдарының саны мен ені адамдарды құтқару қауіпсіздігінің есебіне сәйкес болуы тиіс.

      797. Діни мекемелерде құдайға құлшылық етіп жатқан кезде:

      1) эвакуациялық шығу есіктерін құлыппен жабуға;

      2) терезелерге темір торлар орнатуға;

      3) терезелерді ағашпен бекітуге;

      4) мекемеге келуші адамдар санының белгіленген нормадан асуына жол берілмейді.
  16-бөлім. Сауда павильондары мен дүңгіршектер
  38-тарау. Жалпы талаптар
      798. Алаңы 20 м 2 дейінгі бір қабатты павильондар мен сауда киоскілері жайларының отқа төзімділік дәрежесі регламенттенбейді.

      799. Сауда павильондарындағы қабаттардың алаңы, қабаттардың саны және отқа төзімділік дәрежесі қолданыстағы құрылыстық нормалар мен ережелерге сәйкес анықталады.

      800. Жанғыш сұйықтықтарды және газдарды сатуға арналған павильондар мен дүңгіршектер жеке немесе аналогиялық тауарлар сататын дүңгіршектер тобында тұрып, отқа төзімділіктің I, II, IIIа дәрежесін орындауы тиіс.

      801. Ғимаратта адамдар бар кездерде пайдаланылатын есіктерде орнатылған ішкі ілмектер оңай ашылатын болуы тиіс.

      802. Елді мекендерде орналасқан дүңгіршектерде бу, су және электрлік (сәйкестік сертификаты бар май радиаторларын, жылытқыш панельдерді қолданумен) жылыту жүйелерін қолдануға болады.

      803. Елді мекендерден тыс жерлерде орнатылған дүңгіршектерде нормативтік-техникалық құжаттардың талабына сай пеш жағуға рұқсат беріледі.

      804. Дүңгіршектердің электр жабдықтары ЭҚЕ талаптарына сай болуы тиіс.

      805. Қыздырғыш лампалары бар электр шырақтары қорғағыш қалпақтармен, ал люменесцентті лампалары бары - стартерсіз пайдаланылуы тиіс.

      806. Павильон мен киоскілердің электр желілерін тоқтатуға арналған қондырғылар жанбайтын негізде орнатылуы тиіс.

      807. Дүңгіршектер мен павильондарды автоматты өртке қарсы дыбыстық және жарықтық сигнал енгізілген сигнализациямен жабдықталуы тиіс.

      808. Әрбір дүңгіршекте осы  Ереженің 2 және  3 қосымшасының нормасына сәйкес алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс.
  39-тарау. Павильондар мен дүңгіршектерді орналастыру
      809. Белгіленген аумақта дүңгіршектерді, сондай-ақ алаңы 20 м 2 дейінгі бір қабатты павильондарды, топтарды қоса орналастыруға рұқсат беріледі. Бір топта олардың отқа төзімділік дәрежесіне қарамастан 10 құрылысқа дейін орналастыруға болады.

      Топта олардың арасы мөлшерленбейді.

      810. Тармақта көрсетілген топтар арақашықтығы алаңы 20м 2 көп павильондар мен дүңгіршектердің арасы, сондай-ақ жанғыш газдар мен сұйықтықтар (ауданына қарамастан) сатуға арналған павильондар мен дүңгіршектер арасы осы Ереженің  6-қосымшасына сәйкес болуы керек.

      Дүңгіршектер мен павильондар тобында отқа төзімділіктің әр түрлі деңгейіндегі арақашықтық топтардан көрші ғимаратқа дейін отқа төзімділігі аз дәрежелі құрылыс бойынша қолданылады.

      811. Тармақта көрсетілген топтар мен жеке тұрған дүңгіршектер (павильондар) арақашықтығы тұрғындық, қоғамдық және көмекші өнеркәсіптік және өндірістік ғимараттарға дейін болады. Сондай-ақ алаңы 20м 2 көп сауда павильондар арасы қалалар мен ауылдық мекендердің құрылысы мен жоспары жөніндегі нормаға сай қолданылуы тиіс.

      812. Жанғыш қалдықтарды жинау орнын дүңгіршектер мен павильондардан 15 метрден кем емес қашықтықта орналастыру қажет.

      813. Орайтын материалдар мен заттарды сақтауға арналған ғимараттар 5 м 2 аспайтын алаңда қарастырылуы тиіс.
  17-бөлім. Құрылыстық-монтаждау жұмыстарын жүргізу

кезіндегі өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар


  40-тарау. Жалпы ережелер
      814. Бұл бөлім құрылыс, жаңарту, кеңейту, жөндеу жұмыстарын жүргізу, жобалау, құрылыс алаңдарында (бұдан әрі - құрылыс) уақытша бөлмелермен құрылыстардың, сондай-ақ отты жұмыс өндірістерінде ведомстволық бағыныстылығына қарамастан объектілерде өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптарын белгілейді.
  41-тарау. Құрылыстар, ғимараттар мен бөлмелердің

аумағын ұстау


       815. Құрылыс жұмыстары басталғанға дейін құрылыс, өртке қарсы алаңдарындағы барлық құрылыс және құрылымдар бұзылып алынады.

      Аталған құрылымдар сақталып қалғанда, өртке қарсы іс-шаралары ұйымдастырылады.

      816. Құрылыс алаңында орналасқан өндірістік, қоймалық және қосалқы үйлер мен құрылымдар тиісті тәртіппен бекітілген бас жобаға, осы Ережеге және жобалау нормаларына сәйкес болуы қажет.

      Құрылыс алаңында қолданыстағы нормаларға, ережелер мен бас жоспарға сәйкес келмейтін құрылыстарды салуға тыйым салынады.

      817. Ауданы 5 га асатын құрылыс алаңына қарама-қарсы жақтан кіретін кемінде екі жол болуы керек. Жылдың қай мезгілінде болса да өрт сөндіргіш машиналар кедергісіз өтетіндей етіп, жол үстіне төсеніш төселуі қажет. Кіру қақпаларының кеңдігі кемінде 4 м болуы керек.

      Құрылыс алаңына кірер тұста нысанды өрттен қорғау жоспары, негізгі және қосалқы құрылыстар, су көздері орналасқан жер жоспары, кіру, жақындау, шығу жолдары көрсетілген белгі орнатылуы (ілінуі) қажет.

      818. Барлық салынып жатқан және пайдаланудағы (оның ішінде уақытшаларына да), құрылыс материалдарын, конструкциялар мен қондырғыларға баратын жолдар кедергісіз болуы тиіс. Салынып жатқан үйлерге барар жолдар негізгі құрылыс жұмыстары басталғанша салынуы тиіс. Жолдар үйдің екі жағынан кеңдігі 18 м, ал үйдің барлық жағынан кеңдігі 100 м болуы тиіс. Жолдың шеті мен үй қабырғасына дейінгі аралық 25 м артпауы тиіс.

      819. Ғимараттар мен өртке қарсы су көздеріне, сондай-ақ өрт сөндіру құралдары мен жабдықтарына барар жолдар мен подъездер барлық уақытта бос болуы тиіс. Материалдарды, жабдықтарды жинау және машина тұрағына арналған жайларының арасындағы өртке қарсы арнайы бөлініп қойылған жерлерді пайдалануға тыйым салынады.

      Теміржол арқылы өтетін барлық жолдар, өткелдер және подъездер жарамды жағдайда болуы және өрт сөндіру автокөліктерінің кедергісіз өтуімен қамтамасыз етілуі тиіс.

      Құбырлар немесе кабелдерді орнату кезінде жолдың арғы бетінде өткелдер, көпірлер немесе уақытша жол орнату қажет. Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары немесе жолдардың уақытша жабылуы туралы бас мердігер жақын арадағы өрт сөндіру бөліміне тез арада хабарлауы қажет.

      820. Жанғыш заттар орналасатын алаңдар, сондай-ақ өндіріс, қойма, жанғыш және ауыр жанғыш материалдар жиналатын алаңдар құрғақ шөптен, жаңқа мен қабықтардан тазаланады.

      821. Ашық алаңдарда жанғыш құрылыс материалдарын /ағаш, толь, рубероид/ жанғыш конструкциялар мен бұйымдарды, құралдар мен жанғыш материалдарға оралған заттарды жинағанда, қатарлар ауданы 100 м кв. аспауы тиіс. Қатарлар мен оларды үйлерге, құрылыстарға дейінгі аралығы 24 м кем болмауы тиіс.

      822. Жеке блок-контейнерлік және тұрмыстық вагондарды топтарға бөліп орнатқанда, топта 10-нан аспауы тиіс. Топ арасының және олар мен басқа құрылыстардың арасы 18 м кем болмауы тиіс.

      823. Мемлекеттік өрт бақылау органдарымен келісе отырып, салынып жатқан құрылыс маңында уақытша шеберханалар мен қоймаларды (жанғыш заттар, қымбат және құнды материалдардан, жанғыш материалдарға оралған заттардан, өндіріс орындары мен жанғыш материалдар өңдейтін шеберханалардан басқа) осы Ережелерді сақтай отырып орналастыруға болады. Әкімшілік, тұрмыстық мақсаттағы үйлерді, І тұрпатты қоршаулары мен ІІІ тұрпатты жаппалары бар, салынып жатқан үй бөліктерінде орналастыруға болады.

      Уақытша қоймалар мен шеберханаларды, әкімшілік-тұрмыстық бағыттағы үй-жайларды, салынып жатқан үйлердің жанғыш полимер жылытқыштары болса, сондай-ақ негізгі құрылыстары қорғалмаған болса, орналастыруға болмайды.

      824. Сөндірілмеген әкті, жеке тұрған, жабулы жайларда сақтайды. Бұл үйлердің едені жерден 0,2 м биік болуы қажет. Сөндірілмеген әктің сақталатын жеріне су мен ылғалды тигізуге болмайды.

      Әк сөндіру шұңқыры сақтау орнынан кемінде 5 м, өзге нысандардан 15 м қашықтықта болуы тиіс.

      825. Қайта жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, күрделі жөндеуден өткізу, құрылыс жүріп жатқан нысанды кезегімен пайдалануға тапсыру кезінде, құрылыс жүріп жатқан бөліктер уақытша өртке қарсы қалқаның 1-ші және жаппаның 3-ші үлгісімен бөлінуі тиіс. Бұл жағдайда үйде адамдарды эвакуация жасау талаптары бұзылмауы тиіс.

      826. Сыртқы су құбырының торабын салу және өрт гидранттарын қондыру, сондай-ақ, өрт суаттарының және басқа да су көздерінің құрылысын жүргізу негізгі құрылыс жұмыстарының басында оларды өрт сөндіру үшін қолдануға болатындай есеппен жүргізілуі тиіс.

      827. Сумен қамтамасыз ету көздерінің негізгі құрылысы жұмысын аяқтамаған жағдайда уақытша өртке қарсы су құбырларын немесе резервуарлар салуы қажет.

      828. Тұрғызылып жатқан ғимараттар, уақытша құрылыстар өрт қауіпсіздік техникасы бойынша біліктілік куәлігіне берілетін талонда (7-қосымша) көрсетілген нормаға сәйкес алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс.

      829. Жобада қарастырылған ішкі өртке қарсы су құбырлары мен өрт сөндірудің автоматты жүйесі объектінің салынуымен бірге монтаждалуы тиіс. Өртке қарсы су құбыры бөлім жұмыстары басталғанда, ал өрт сөндіру мен сигнализацияның автоматты жүйесі іске қосылатын жұмыстар (кабельдік құрылыстарда - кабельді төсегенге дейін) басталғанда жүргізілуі тиіс.

      830. Жобада қарастырылған өрт деполары құрылыстың бірінші кезегінде салынуы тиіс. Депоны басқа қажеттілікке қолдануға болмайды.

      831. Негізгі құрылыстар мен құрылыстық базалардың құрылысын бастамай тұрып, өртке қарсы қызметтің немесе ерікті өртке қарсы құрылымға және өрт техникасына арнайы жылытылған жайлар бөлінуі тиіс.


  42-тарау. Құрылыстық-монтаждау жұмыстарының өндірісі
      832. Үш қабаттан артық биіктіктегі үйлерді салғанда саты басқыштарын клеткалармен қоса орнату қажет.

      833. Сатылы торларда ағаш басқыштарды қолдануға тек екі қабатты биіктікке дейінгі үйлерде рұқсат етіледі.

      834. Құрылыс кезінде жанғыш материалдармен зақымданудан қорғау үшін жанбайтын сатыларды жауып қоюға болады.

      835. Жобада көрсетілген өрт сөндіру сатылары мен шатыр шеті қоршаулары негізгі құрылыстар бітісімен орнатылуы тиіс.

      Үйді салу барысында пайдаланылатын тағандар жобалау нормалары мен өрт қауіпсіздігі талаптарына, эвакуацияға лайықталған болуы қажет. Тағандар мен опалубалар отқа төзімді заттар сіңірілген болуы қажет.

      836. Үй сыртына орнатылған тағандар мен опалубаларға отқа төзімді затты сіңіру жаз кезінде жүргізіледі.

      Құрылыс тағандарының периметрінде әрбір 40 м сайын бір сатыдан, бірақ барлық үй тағандары екі сатыдан (баспалдақтан) кем болмауы тиіс. Тағандардың тақтай төсеніштерін жұмыс аяқталысымен құрылыс қоқысынан, қардан, қатқан мұздан тазартып, қажет болса құм себіледі.

      Орман құрылымдарын жанғыш материалдармен жабуға (жылытуға) жол берілмейді.

      837. Биік құрылыстарды жүргізу кезінде (түтін мұржалары, мұнара, бөгет (платина), сүрлеу мұнарасы) құрылыс жұмысының барлық кезеңі үшін адамдарды эвакуациялау үшін кемінде екі саты орнатылады.

      838. Жанғыш және ауыр жанғыш материалдардан жасалған опалубкаларды бір мезгілде үш қабаттан артық орнатуға болмайды.

      839. Ғимарат пен құрылыстың ішінде ашық отпен жұмыс істегенде жанғыш заттармен, өзге материалдармен бір мезгілде жұмыс жүргізуге рұқсат етілмейді.

      840. Металл конструкцияларды оттан қорғау шаралары, үйді көтеру жұмыстарымен қатар атқарылады.

      841. Салынып жатқан үйлерде жанғыш материалдар болғанда (сыртқы және ішкі қабырғалар жалғасқан жерлерді, қабат аралық жаппаларды, инженерлік құрылыс өткен тұстарды, т.б. герметизациялау) олар өрт шыға қалған жағдайда оттың үй тесіктері арқылы таратылмау шаралары қарастырылады.

      Үйлер мен құрылымдардың тесіктерін уақытша герметизациялауға отқа төзімді материалдар пайдаланылады.

      842. Еден салу кезінде пайдаланылатын қосалқы құрылымдар мен өзге де жұмыстарға отқа төзімді немесе ауыр жанғыш материалдар пайдаланылады.

      843. Жанғыш конструкциялы жұмыстарды монтаждау кезінде объектіде өртке жауапты адамның рұқсат нарядына қолы қойылып берілгеннен кейін жүргізіледі.

      Жұмыс жүргізіліп жатқан жерлерге: "Отқа қауіпті - тез тұтанғыш жылытқыштар!" - деген көрсеткіштер ілінеді.

      844. Жанғыш жылытқыштарды, гидроизоляциялық кілемді, қорғаныш шағал қабатын төсеу, қоршау конструкцияларын монтаждау (жанғыш жылытқыштарды қолдана отырып) жұмыстары 500 м 2 , ал жануы қиын жылытқыштар 1000 м 2 артық болмау қажет.

      845. Өндірістік ғимараттарды жабуда жанатын жабынды темір бетонды плиткаларды пайдалану кезінде кем дегенде 30 мм цементті-құмды қоспадан стяжка, плиталар арасында тораптар салынуы қажет.

      846. Жұмыс жүргізіліп жатқан жердегі жылытқыштар мен рулондар мөлшері бір ауысым кезінде пайдалану мөлшерінен артық болмауы қажет.

      847. Үлкен алаңды ғимараттардың жабынында жанғыш жабынды ұзындығы бойынша 50 м сайын (қаңқаның ұзындығы бойына 80м және одан астам) ені кемінде 6 м болатын керамзиттік гравиядан немесе жанбайтын басқа материалдардан жасалған өртке қарсы белдікпен бөлінуі тиіс.

      848. Жанғыш және жануы қиын жылытқыштарды салынып жатқан үйден тыс арнайы алаңда, салынып жатқан қойма, үй, құрылымынан кемінде 18 м қашықтықта орналасуы қажет.

      Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін пайдаланылмай қалған жанғыш және ауыр жанатын жылытқыштарды, рулондар мен монтаждалмаған панелдерді үй жаппалары мен өртке қарсы пайдаланылатын алаңдарда қалдыруға болмайды.

      849. Мұздатқыштар ғимараттар мен аналогиялық ғимараттарда құрылыстық-монтаждық жұмыстарды өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етілген бөліктер бойынша жүргізген дұрыс.

      850. Жылыту қабатын бітірісімен ол жерден барлық қалдықтарды жиып алып, жобада көрсетілгендей оттан қорғайтын жабу қабатын төсеу қажет. Өндіріс процесі кезінде қорғалмай қалған жанғыш жылытқыш ауданы 500 м 2 және қиын жанатын болған кезде 1000 м 2 артық болмауы қажет.

      851. Өртке қарсы жасалған белдіктерді орналастыру кезінде мұздатқыш камераларда жылытқыштардың жанбайтын материалдардан жасалған қоршаушы құрылысқа тығыз орналастырылуы қамтамасыз етілуі тиіс.

      Өртке қарсы белдіктерде, аймақтарда аяқталмаған тесіктер қалдыруға болмайды. Келесі бөлікте жылу изоляциясын орнатуға тек бұрынғы өртке қарсы белдікке тексеру жүргізілген соң барып рұқсат беріледі.

      852. Жанғыш немесе ауыр жанғыш жылытқыштар панелдерінің жақтаулары зақымдана қалса, оны механикалық жолмен (болттар) жедел жөндеу шаралары жасалуы тиіс.

      853. Полимерлі жылытқыштары бар панелдерді, полимерлік жылытқыштарды төсеу, жабу монтаждау жұмыстарынан бұрын, жобада көрсетілген шатырларға, қоршаулар мен шығу жолдары (сатылы торлардан, сыртқы шығу жолдарынан) жасалып бітуі тиіс. Үй төбесіне шығу жолдарына өрт жөнінде хабарлау үшін телефон немесе өзге байланыс түрі орнатылады.

      854. Шатыр төбесі ауданы 1000 м 2 астам болған жағдайда, онда жанғыш немесе ауыр жанғыш полимерлі жылытқыштар қолданылса, онда уақытша су құбырын орнату көзделуі тиіс. Өрт крандарының ара қашықтығы, әр қайсысы екі шашу көзі болып 5 л/с кем болмауы тиіс.

      855. Үй төбесіне гидро және бу изоляциясын жүргізгенде, панелдерді монтаждағанда (жанғыш, ауыр жанғыш материалдармен) электрдәнекері, өзге де отпен істелетін жұмыстарды атқаруға болмайды.

      Отпен істелетін жұмыстардың барлығы жанғыш, ауыр жанғыш материалдарды монтаждауға дейін істеуі тиіс.

      856. Бу изоляциясын төсегенде оның қабырғаларына битум мастикасын құйып желімдеуге, битум мастикасының қабатын қалыңдатуға жобада көрсетілмесе, жол берілмейді.

      857. Рулонды материалдарды балқыту агрегаттарын жабу жұмыстарына тек темір бетон плиталарын және отқа төзімді жабуларда ғана пайдалануға болады.

      858. Агрегаттарға үй төбесінде май құю тек өрт сөндіргіш құм салынған жәшік қойылған тұста ғана рұқсат етіледі. Үй төбесінде агрегаттарға құятын май немесе майдан босатылған ыдыстарды сақтауға болмайды.
  43-тарау. Мастикалармен, битумдармен, полимерлермен

және басқа да жанғыш заттармен және материалдармен

жұмыс істеу кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
      859. Жанғыш заттармен жұмыс істейтін (бояу құрамын дайындау мен оны өнімге тозаңдату) жайларда өрт жарылыс қаупі бар булар пайда болғанда оны сорып айдайтын желдеткішпен қамтамасыз етуі тиіс.

      Қауіпсіз жұмыс жүргізуге арналған ауа ауысымының еселігі есепке сәйкес жұмыс өндірісінің жобасымен анықталады.

      860. Жанғыш заттармен жұмыс істегенде оның мөлшері ауысым қажетінен артпауы қажет. Жанғыш сұйықтары бар ыдыстар тек жұмыс кезінде ашылып, жұмыс аяғында жабулы күйде қоймаға өткізілуі тиіс.

      Жанғыш сұйықтар ыдысы арнаулы орында үйлерден тыс жерлерде сақталуы тиіс.

      861. Жанғыш заттардың қалдығы арнайы жабық сыйымдылыққа жиналып, арнайы бөлінген орындарға апарылуы тиіс.

      862. Жанғыш бояуларды еденге бүркуге тек табиғи жарық көзі бар кезде бұл жұмысты жүргізуге жауапты тұлғаның бақылауымен 100 м 2 аспайтын ауданды қамти отыра, рұқсат етіледі. Жұмысты есіктен ең аулақ қашық тұстан бастау қажет. Ал дәліздер бөлмелерді бояп болғаннан кейін боялады.

      863. Элексидті смолаларды, желімдерді, мастикаларды, оның ішінде синтетикалық смолалар негізіндегі лакты бояуларды және плиталар мен рулонды синтетикалық полимерлі материалдарды жапсыру жұмыстары барлық құрылыс-монтаж, санитарлы-техникалық жұмыстары аяқталғаннан кейін үй-жайларды боямас бұрын жүргізіледі.

      864. Жанғыш материалдармен жұмыс істегенде ұшқын шығармайтын материалдардан (алюминий, мыс, пластмасса, қола) жасалған аспаптар қолданылады. Жұмыста қолданылған аспаптарды ашық жерде немесе жақсы желдетілген бөлмелерде жуады.

      865. Жанғыш заттармен және материалдармен (құрамында өртке қарсы заттар бар рулондық, плиталық, эпоксидті смоламен, мастикамен) жұмыс істеуге, өрт-техникалық минимум бойынша оқудан және жұмыс бастар алдында өрт қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтан өткен тұлғалар жіберіледі.

      Жанғыш заттар мен жұмыс істейтін жайлар әр 100 м 2 жерге екі өрт сөндіргіш пен киізбен қамтамасыз етуі тиіс.

      866. Өртке қауіпті заттармен және полимерлі материалдармен жұмыс істеуге құрылыстың өртке қарсы жағдайына жауап беретін тұлғаның жазбаша рұқсатымен және тек өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар орындалғаннан кейін рұқсат етіледі.

      867. Изоляциялық және битумдық мастикаларды жылыту және қайнату қақпағы тығыз жабылатын жанбайтын материалдардан жасалған жарамды арнайы қазандарда жүзеге асырылады. Қазандықтарды толтыру олардың сыйымдылығының 3/4 бөлігінен көп болмауы тиіс. Қазанды толтыратын құрал құрғақ болуы қажет.

      Битум қайнату қондырғысын шатырда орналастыруға тыйым салынады.

      868. Битумдық қазанды ашық ауада орналастыру кезінде олардың үстіне жанбайтын материалдан жасалған шатыр орнату қажет. Қазан айналасында өртке қарсы құралдардың жинағы (өрт сөндіргіш, күрек, құрғақ құм) болуы тиіс. Битум мен мастикті қайнатуға арналған орындардың биіктігін кемінде 0,3 м белдікпен қоршайды. Қазанның от жағатын тесіктерін жанбайтын материалдардан жасалған күн қағарлармен жабдықтайды. Битумдық қоспа қайнап жатқан қазанды қараусыз қалдыруға болмайды.

      869. Қазандарды топ бойынша орнатуға болады, топтағы қазан саны 3-тен аспауы тиіс. Қазан топтарының арасы 9 метрден кем болмауы тиіс. Битум мен массаны қайнату, қыздыру арнайы алаңдарда болып, мынандай қашықтықтарда орнатылады:

      1) IIIб, IV, Ivа, V деңгейдегі отқа төзімді үйлер мен құрылыстардан 10 м кем емес;

      2) III, IIIа деңгейдегі отқа төзімді үйлер мен құрылыстардан 10 м кем емес;

      3) I, II деңгейдегі отқа төзімді үйлер мен құрылыстардан 10 м кем емес.

      870. Қазандағы масса от жағу бөліміне ағып түспеу үшін оның ернеуі қарсы жағынан 5-6 см биіктеу етіп орнатылады. Қазанның қақпағы отқа жанбайтын материалдан болуы қажет.

      871. Жұмыс аяқтала салысымен қазанның от жағатын бөлігі сөндіріліп, су себіледі.

      872. Жылжымалы қазандар газбен жұмыс істегенде газы бар екі баллон (артық емес) отқа жанбайтын шкафтарға орнатылып, қазаннан кемінде 20 м алысқа қойылады.

      873. Аталған шкафтар үнемі құлыптаулы тұруы тиіс.

      874. Битумды ғимарат ішінде қыздырғанда электр қыздырғышы бар бактарды қолданады. Жылыту үшін ашық отты құралдарды пайдалануға болмайды.

      875. Битум мастикасымен жұмыс істеу кезінде:

      1) ыстық битум мастикасын жұмыс орнына қиылған конус пішінді, жалпақ жағы табанында болатын, аузы берік жабылатын, арнайы металл ыдыстармен механикаландырылған тәсілмен жеткізу қажет. Ыдыстың қақпағы түсіп кеткенде ашылудан сақтайтын ілгіш тетікпен қамтамасыз етілген болуы тиіс. Массаны ашық ыдыспен тасымалдауға рұқсат етілмейді;

      2) болат құбырлармен көлбеу бағытта тасымалдау үшін сорғыштар қолданылады. Бұл жағдайда массаның ағуына жол берілмеуі тиіс. Тік бағытта битумды термошыдамды түтіктермен айдау қажет.


жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау