76
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЮРИСДИКЦИЯ
•
КТМАС-та кәмелетке толмағандардың қатысы
бар қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған
ерекше
судьяларды
тағайындау
мүмкіндігін
қарастырған жөн. Мұндай судьялар осы күрделі сала-
да мамандануға және кәсіби тұрғыдан білікті болуға
мүмкіндік беретін қарқындырақ дайындықтан өтуі
тиіс (толығырақ ақпарат алу үшін жоғарыдағы 5.1. Су-
дьяларды мамандандырылған дайындықтан өткізуге
арналған бөлімнен қараңыз).
•
КТМАС-та қаралатын жеке-меншікке қарсы
қылмыстық құқық бұзушылықтардың жоғары пайы-
зы болжанған нәтиже болғанына қарамастан, істердің
көпшілігі бала үшін көптеген жағымсыз салдарға
алып келмеуі үшін оның сотқа қатысуын болдырмауға
көмектесетін бітімге келу, медиация рәсімдері неме-
се басқа да сотқа дейінгі дивергенция сынды бала-
ма шаралар арқылы шешуге бола ма деген мәселені
қарастырған жөн.
ӘКІМШІЛІК ЮРИСДИКЦИЯ
•
Кейбір әкімшілік әрекеттерді және құқық
бұзушылықтарды,
әсіресе,
балалардың
бақылаусыздығына және ата-аналық міндеттердің
дұрыс атқарылмауына қатыстыларын балалықты
қорғау мәселелері ретінде қарастырып, олар бойын-
ша КТМАС-та сот тәртібімен қудалау алдында немесе
орнына зерттеу және бағалау үшін балалықты қорғау
органдарына жолдаған жөн бе деген мәселені зертте-
уге кеңес беріледі.
•
Прокурорларға және судьяларға әкімшілік құқық
бұзушылық жасаған ата-аналарды сотқа тартудың
және айыппұл түрінде жаза тағайындаудың орны-
на оларға кеңес беретін және балаларын тәрбиелеу
дағдыларын жетілдіруге ықпал ететін ата-аналарға
арналған бағдарламаларға немесе өзге кәсіби
қызметтерге жолдау мүмкіндігін беру үшін әкімшілік
құқық бұзушылықтарға қатысты заңдарға түзетулер
енгізу мәселесін қарастырған жөн.
•
Әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарауда, соның
ішінде, балалықты қорғау шараларын қолдануда және
ата-аналарға қатысты балаларының мінез-құлқына
дұрыс ықпал етуге үйрететін ата-аналарға арналған
курстарға баруды талап ететін қаулылар шығаруда
КТМАС үшін қолжетімді шаралар ауқымын кеңейтуге
кеңес беріледі.
10.2.2. МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КАДРЛАР МЕН
МЕКЕМЕЛЕР
•
Кәмелетке толмағандардың істерімен жұмыс жаса-
уды бастамас бұрын барлық КТМАС судьялары бітіруі
тиіс кәмелетке толмағандардың істерімен жұмыс жа-
сау бойынша міндетті дайындық курстарын әзірлеуде
қолдау көрсету үшін ҚР Президенті жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясына қолғабыс етуге
кеңес беріледі.
•
Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесі аясында барлық
КТМАС судьялары жылына кем дегенде бір рет өтуі
тиіс болатын кәмелетке толмағандардың істерімен
жұмыс жасау бойынша біліктілікті арттыруға
бағытталған қысқа мамандандырылған курстар-
ды әзірлеуде қолдау көрсету үшін ҚР Президенті
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына
қолғабыс етуге кеңес беріледі.
•
ҚР Бас прокуратураға және Республикалық
қорғаушылар алқасына КТМАС-та істер жүргізетін
қызметкерлерге арнап мамандандырылған дайындық
бағдарламаларын әзірлеуге кеңес беріледі.
•
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша
мамандандырылған бөлімшелерді әлі құрмаған неме-
се кәмелетке толмағандардың істерімен айналысуға
арнайы өкілеттік берілген прокурорларды әлі
тағайындамаған прокуратураларға аталғандарды
жүзеге асыруға кеңес беріледі.
•
КТМАС-та кәмелетке толмағандардың мүдделеріне
өкілдік ететін қорғаушылар құрамын кәмелетке
толмағандардың мүдделеріне өкілдік ету бойынша
мамандандырылған дайындық курстарынан өткен
қорғаушылармен шектеу мәселесін қарастырған жөн.
•
Тәжірибелі және жоғары білікті қорғаушыларды
•
КТМАС-та кәмелетке толмаған айыпталушылардың
қатысы бар қылмыстық істермен айналысуға ынталан-
дыру үшін кәмелетке толмағандардың мүдделеріне
өкілдік ету бойынша мамандандырылған дайындық
курстарынан өткен қорғаушыларға тегін заңгерлік
көмек көрсететіні үшін төленетін ақы көлемін ұлғайту
мәселесін қарастырған жөн.
•
ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 33-1 бабында
(девиантты мінез-құлықты балаларға арналған ар-
найы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде
ұстайтын білім беру ұйымына орналастыруға қатысты)
белгіленген тәртіпте өтініш хат нысаны болып та-
былатын кәмелетке толмағандар құқықтық кеңес
беру қызметтеріне және кәмелетке толмағандардың
істерімен жұмыс жасау мәселелері бойынша
дайындықтан өткен қорғаушының заңгерлік тұрғыдан
өкілдік етуіне қолжетімділігі болғаны жөн. Мұндай
өкілдік тегін болуы тиіс.
•
Тегін құқықтық көмекке қолжетімділікті КТМАС-тағы
әкімшілік және азаматтық істердің басқа да санатта-
рына, әсіресе, әкімшілік іс бойынша өндіріс жүргізіліп
жатқан ата-анаға/ересекке КТМАС әкімшілік қамау
түрінде жаза тағайындай алатын әкімшілік құқық
бұзушылықтар аясына дейін кеңейту мүмкіндігін
қарастырған жөн.
•
КТМАС
істеріне
қатысатын
әлеуметтік
қызметкерлердің, психологтардың және педагог
мамандардың жеке-жеке атқару міндеттері бойын-
ша егжей-тегжейлі нұсқаулықтар болуын қамтамасыз
етуге кеңес беріледі.
•
Әр КТМАС-та сот қарастыратын әрбір істе, соның
ішінде, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
істерде сот үшін қолжетімді кем дегенде бір штаттағы
әлеуметтік қызметкер тағайындау мүмкіндігін