58
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
•
Әр КТМАС-та кем дегенде бір штаттағы әлеуметтік қызметкер болғаны жөн, осындай әлеуметтік қызметкер
судьяға кәмелетке толмаған тұлғаның отбасы туралы ақпарат, кәмелетке толмаған тұлғаның өзі және орын
алған жағдай туралы негізгі мәліметтер бере алуы үшін ол барлық кәмелетке толмаған айыпталушылармен
және олардың ата-аналарымен сот ісін қарауға дейін кездесуі тиіс.
•
КТМАС әлеуметтік қызметкері іске қатысатын ата-аналарға/қамқоршыларға сот рәсімдері тәртібін түсіндіруін
және оларға сот тыңдауы барысында ата-ананың/қамқоршының рөлі туралы айтуын қамтамасыз етуге кеңес
беріледі.
•
ҚР Жоғарғы Соты соттың қарайтын істерге қатысатын ата-аналар/қамқоршылар танысып шығуы үшін
қолжетімді болатын КТМАС рәсімдері баяндалған шағын кітапша әзірлеу туралы мәселені қарастыра алады.
Балалар түсіне алатындай етіп бейімделген кітапша нұсқасын КТМАС қарайтын істерге қатысатын кәмелетке
толмағандарға да ұсынуға болады.
•
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың істерінде оларға баламен мүдделер қақтығысы туу қаупі жоқ
тұлғаның балама
қолдауын ұсыну қажет. Ондай тұлға баланың туысы, отбасының досы немесе ондай
адамдар жоқ болса, сотқа бекітілген әлеуметтік қызметкер, психолог немесе педагог маман бола алады.
АТА-АНАЛАР МЕН ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ
ҚАТЫСУЫНА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР
Мысалы:
«Сізде пікіріңіз және дәйектеріңіз, сонымен
қатар, балаңыздың пікірі мен дәйектері тиісінше
қабылданып, шығарылатын шешімше ықпал еткендей
сезім болды ма? »
«Жоқ, мен ештеңені түсіне алмай отырдым».
«Сізге не болып жатқанын және не айтылғанын
түсінуге көмектескен адамдар болды ма? »
«Жоқ»
255
.
Азаматтық
істерде
және
әкімшілік
құқық
бұзушылықтар туралы істерде, әдетте, ата-аналардың
қатысу мәселесі туындамайды, себебі, олар көбінесе
іс бойынша сот өндірісінің қатысушылары болып та-
былады. Бірақ бақылауда болған аздаған азаматтық
істерде және әкімшілік құқық бұзушылықтар ту-
ралы істерде істе жауапкер немесе айыпталушы
болған ата-ана ішімдікке мастану күйінде болған
және оған құқықтық көмек көрсетілмеген, бұл, әрине,
осындай жағдайда сот тыңдауын өткізуге болаты-
ны туралы күмән тудырады
256
. Оған қоса, бала ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған жағдайларда
ата-ананың/қамқоршының қатысу мәселесімен одан
да көп қиындықтар туындайды. Жоғарыда айтылған
қамқорлық және қорғаншылық органдарының 12
жасар жетімді девиантты мінез-құлықты балаларға
арналған арнайы мектепке жіберу туралы өтініш ха-
тына байланысты азаматтық іс бойынша өткізілген
(осы зерттеу мақсатында бақылауда болған) тыңдауда
осы іс
257
бойынша өтініш беруші тараптың бірі болған
балалар үйінің директоры сол баланың заңды өкілі
толмаған айыпталушының ата-анасы, Қызылорда қ. КТМАС, 2014
ж.
255
Жекелеген сұхбат, кәмелетке толмаған айыпталушы, Қызылорда
қ. КТМАС, 2014 ж.
256
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот тыңдауын
бақылау [КТМАС орналасқан жері туралы ақпарат алынып
тасталған], тамыз 2014 ж.
257
Өтініш беруші ұйымның директоры осы баланың өкілі болды.
болған. Мұндай жайттарда өтініш беруші тарап пен
бала арасында мүдделер қайшылығы туындау қаупі
бар, әрі өтініш беруші тарап өкілінің аталмыш істе
баланың өкілі ретінде әрекет ете алатынына күмән
туады.
6.8. АУДАРМА ҚЫЗМЕТІ
Егер бала сот ісін қарау кезінде қолданылатын тілді
түсінбесе және ол тілде сөйлемесе, халықаралық
стандарттардың талаптарына сай оған тегін аударма-
шы қызметі ұсынылуы тиіс
258
. Аудармашы қызметтерін
сот тыңдаулары барысында пайдалану Қазақстанда
ерекше маңызды, себебі, елде екі ресми тіл бар
– қазақ және орыс тілдері, бұл тілдерде, әсіресе,
құқықтық салада барлығы бірдей еркін сөйлей
бермейді. Ұлттық заңнамада іске қатысушы тұлғалар
сот өндірісінде қолданылатын тілді түсінбесе, КТМАС
істерінде тегін аудармашы қызметін ұсыну туралы
ереже қарастырылған
259
.
Іс жүзінде сұхбат жүргізу және сот тыңдауларын
бақылау көрсеткендей, әдетте, аудармашы қажет
болғанда КТМАС тыңдауларына қатысушыларға
көмектесу үшін тағайындалса да, ұсынылатын аудар-
ма қызметтерінің жалпы деңгейі қанағаттанарлықсыз
болып табылады. Осылайша, бір істе, қазақ тілінде
сөйлейтін куәгерден екі жақтан сұрақ алғанда ау-
дармашы емес, судья «ара-тұра» куәгердің жауапта-
рын орыс тілінде сөйлейтін айыпталушыға аударып
отырған
260
. Басқа кәмелетке толмаған айыпталушының
ата-анасы да:
«Сіз тыңдау барысында не болып жатқанын түсіне
258
БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенция, 40(2) (b)(vi) бап.
259
Азаматтық іс жүргізу кодексі, 14 баптың 3 бөлігі және 109 баптың
2 бөлігі; Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 30 бап; Әкімшілік құқық
бұзушылықтар кодексі, 738 баптың 3-6 бөлімдері.
260
Қылмыстық іс бойынша сот тыңдауын бақылау [КТМАС
орналасқан жері туралы ақпарат алынып тасталған], тамыз 2014
ж.