Ағылшын тілінен аударма
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ӨКІЛДІГІ
Дөңгелек үстел: "Қазақстан-2050”Стратегиясын іске асыру және
Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтағы рөлі»
(15 қыркүйек 2014 жыл, Астана)
Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Басшысы, Елші Аурелия Бушез ханымның сөйлеген сөзі
Төраға мырза, министр мырза, мәртебелі мырзалар!
Ең
алдымен,
Қазақстан
Республикасы
Парламентінің
Сенаты
және
Қазақстан
Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қазақстанның ұзақ мерзімді даму мақсаттарына
арналған аса маңызды іс-шара өткізгендері үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер.
Бұл кездесу маған Президент Назарбаевтың 2050 Стратегиясын тағы да бір мақтауыма
мүмкіндік береді, бұл Стратегия өңірлік шиеленістер мен ғаламдық экономикалық
дағдарыстың ағымдағы құрамында қазіргі кезде ауадай қажет.
Аталған Стратегияның өзекті басымдықтарына тоқталып өтейік.
Біріншіден, ол барлығын қамтиды, бірақ бұл ретте экономикалық, институционалдық және
саяси реформалар арасындағы қажетті синергияны назарға алатын нақты басымдықтар
маңында құрылымданған. Тек бір ғана мысал келтірейін: тікелей шетелдік инвестициялар үшін
тартымдылық деңгейін әділ сот жүйесін реформалаусыз мүмкін емес. Екі тармақ та
Стратегияда бар.
Қазақстан өзінің алдыңғы Стратегияларында бүкіл бағытта алға жылжудың маңыздылығын
айқындады. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік
индексінде 50-ші орында, бірақ оның көрсеткіштері бір саладан екінші салаға қарай қатты
өзгереді. Еңбек нарығының тиімділігі және макроэкономикалық орта оң бағаланады, бірақ
денсаулық сақтау және бастауыш білім беру жүйесі, қаржы нарығын дамыту, компаниялардың
бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялар бойынша позицияларының көрсеткіштері нашарлау.
Сондықтан 2050 Стратегиясында көрсетілгендей және жаңа кеңейтілген Әріптестік пен
ынтымақтастық туралы келісімде (КӘЫК) жазылғандай, экономиканы жаңғыртуға кешенді
тәсіл керек. КӘЫК жөніндегі келіссөз өткен аптада аяқталды. Бұл құжат саяси бірлестік немесе
экономикалық интеграция туралы келісім емес, ынтымақтастық жөніндегі келісім болып
табылады. Ол Қазақстанның басқа міндеттемелерімен толық сай келеді. Келіссөздер үш жылға
ұласып, айтарлықтай деңгейде Қазақстанның «Еуропаға жол» бағдарламасына негізделді. Бұл
келісім кең спектр бойынша аса белсенді ынтымақтастық үшін жол салады, себебі
экономикалық және тұрақты даму, сауда мен инвестициялар, сот әділдігі мен құқықтық
ынтымақтастық, адамдар арасындағы қатынастар, азаматтық қоғамдағы ынтымақтастық, білім,
мәдениет, ғылыми зерттеулер мен инновациялар саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда
Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың 29 саласын қамтиды. Бұл
Ағылшын тілінен аударма
2
салалар 2050 Стратегиясында көзделген көптеген салалармен сай келеді және оны іске асыру
үшін КӘЫК құнды септігін тигізуге тиісті.
Стратегияның тағы бір көптеген құндылықтарының бірі сапалы дамуға ұмтылу. Қазақстан
едәуір сапалы нәтижелерге жетті. Жас болса да, бұл кемеліне жеткен мемлекет. Бірақ
Қазақстан ниеттенгендей, әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына кіру және осы тұста
азаматтардың үдемелі үміттеріне сай келетіндей жағдайда болу үшін әлі деп көп жұмыс жасау
қажет.
Мемлекеттің одан ары дамуына қарай, азаматтар әлеуметтік қорғау деңгейін жоғарылату,
табыстар деңгейінің арасындағы алшақтықты азайту, табысты кәсіпкер болу үшін көптеген
мүмкіндіктерді, мәселелерді жергілікті деңгейде шешу үшін көбірек дауыс беру құқығын,
көбірек демократияны талап ететін болады. Бұл салаларды 2050 Стратегиясы да, жаңа КӘЫК
те қамтиды. Осыған орай екі мысал келтіруге рұқсат етіңіздер. Сауда жөніндегі және сауда
мәселелерімен байланысты ынтымақтастық, сондай-ақ реттеу мәселелері бойынша жақындасу
Қазақстанға ДСҰ-дағы болашақ мүшелігінен барынша пайда алуына, қазақстандық
компанияларға халықаралық нарықта одан да бәсекеге қабілетті болуына ат салысады. КӘЫК-
тегі визалық режімді жеңілдету туралы келісімнің келешегі еуропалық және қазақстандық
қоғамдар арасындағы байланыстың өсуіне ықпал ететін болады.
2050 Стратегиясының үшінші негізгі, шынында аса маңызды ерекшелігін атап өтуге рұқсат
етіңіздер. 2050 Стратегиясы
тұрақтылыққа жол көрсетуде. Стратегияның басында
көрсетілген 10 сын қатер тізбесі маған қатты әсер етті. Өңірдегі жағдай екі жылға қарағанда
қазір одан да шиеленіскен.
Осының барлығы тұрақтылықты қамтамасыз етуші және экспорттаушы ретіндегі
Қазақстанның рөлін одан да жоғары маңыздылыққа тартады. Қазақстанның игілігі, оның
ұлтаралық толеранттылығы мен достық, бейбіт сыртқы саясаты осы аймақ пен одан тыс
жерлер үшін негізгі актив болып табылады.
Біз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі жобасы сияқты Жібек Жолы концепцияларын
жандандыруда Қазақстанның белсенді рөліне үлкен қызығушылықпен қараймыз. Біз
Қазақстанның «ЕО-Орталық Азия» Стратегиясын белсенді қолдауын бағалаймыз. Сондай-ақ,
біз Қазақстанның Украиналық дағдарысқа тартылған тараптарды бейбіт бітімгершілікке және
қантөгісті тоқтатуға шақыруын бағалаймыз. Осы тұста ЕО Қазақстанның көп векторлы саясаты
мен экономикалық прагматизмін жоғары бағалайды деп ерекше атап өткен жөн.
Біздің ойымызша, әлемдік қауіпсіздіктің ағымдағы қауіп-қатерлері жұмсақ күштің превентивті
саясатын талап етеді. Барлығын қамтитын консенсус пен экономикалық көрсеткіштерге
негізделген тұрақты мемлекеттік институттар, халықаралық құқыққа бейімділік пен оны сақтау,
ғаламдық саясатты қолдау – осының барлығы «Қазақстан - 2050» Стратегиясының бөлігі
болып табылатын өзекті талаптарға жатады. Тұрақтылық елдік ішкі ахуалынан басталады және
осы тұрғыдан ұлтаралық келісім мен Қазақстаның Мәңгілік елінің айналасындағы толеранттық
мәдениетінің арқасында ел игілігі мен бірлігі негізгі активтер болып табылады.
Сондықтан Қазақстан өңірдегі сауда мен инвестициялар, сондай-ақ саяси, сыртқы саясат пен
қауіпсіздік жөніндегі диалог бойынша біздің ең басты әріптесіміз болып табылады.
Жаңа КӘЫК жасасу бәрінен бұрын ЕО-тың Қазақстанға әріптес ретіндегі сенім белгісі,
сондай-ақ осы елдің болашағына сенімділік белгісі болып табылады.