Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы


Саланың мықты және осал жақтарын, мүмкiндiктерi мен қауiптерiн талдау SWOT - мұнай-газ саласының талдауы



жүктеу 0,78 Mb.
бет2/8
Дата11.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#26365
1   2   3   4   5   6   7   8

3.2. Саланың мықты және осал жақтарын, мүмкiндiктерi мен қауiптерiн талдау SWOT - мұнай-газ саласының талдауы

      Мұнай-газ саласының жағдайын талдау оның мықты және осал жақтарын, мүмкiндiктерi мен қауiптерiн анықтауға мүмкiндiк тудырды.



Мықты жақтары
Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететiн және экономикалық дамудың жоғары қарқынын қолдауға ықпал ететiн Қазақстан Республикасының серпiндi әрi конструктивтiк iшкi және сыртқы саясаты.
Қолайлы инвестициялық климат, шетелдiк инвесторлардың Қазақстан Республикасына келуге дайын болуы.
Инвестициялық белсендiлiктiң жоғары деңгейi.
Бай табиғи минералдық-шикiзаттық ресурстар және тереңдетiп өңдеу үшiн оның экономикалық тартымды құрамы.
Азия мен Еуропа нарықтарын бiрiктiретiн интеграцияланған мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымының болуы.
Жаңа мұнай-газ тасымалдау қуаттарын дамыту жөнiндегi әлеует.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы дамыған заң шығару базасы.
Жер қойнауын пайдалануды реттеудiң қалыптасқан келiсiмшарттық жүйесi.
Мұнай газ саласында сатылай интеграцияланған, оның iшiнде ҚМГ және еншiлес компаниялары тобы атынан инфрақұрылымдық құрылымдардың болуы.
Мемлекеттiң қолдауы.

Осал жақтары
Күрделi гидрологиялық және климаттық жағдайлар.
Тарихи ластану, iлеспе мұнайлы газды және оның құрамдас бөлiктерiн (күкiрт) кәдеге жарату проблемалары.
Негiзгi әлемдiк нарықтардан қашықтық.
Еуропаның және үшiншi елдердiң нарықтарына шығу үшiн транзиттiк елдерге тәуелдi болу.
Жобалардың жоғары қаржы сыйымдылығы мен қаржы нарықтарындағы дағдарыс салдарынан инвестициялық ресурстардың тапшылығы.
Мұнай-газ құбырларының, мұнай өңдеу зауыттарының негiзгi қорларының әбден тозуы.
Жұмыс iстеп тұрған МӨЗ-дiң ескiрген жабдықтары, мұнай өңдеу тереңдiгiнiң төмендiгi және шығарылатын мұнай өнiмдерiнiң еуростандарттарға сәйкес келмеуi.
Ресей мұнайының жеткiзiлiмдерiне тәуелдi болу.
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы (бұдан әрi - КТҚС) үшiн инфрақұрылымның жеткiлiксiз дамуы.
Мұнай-газ кен орындарын игерудегi ұлттық компанияның қатысу үлесiнiң төмендiгi.
Iшкi нарықтың солтүстiк және орталық аймақтарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшiн қажеттi дамыған газ-көлiк инфрақұрылымының болмауы.
Батыс өңiрлерден өз газын жеткiзетiн газ құбырының болмауы салдарынан Өзбекстан мен Ресейден табиғи газ жеткiзiлiмдерiне тәуелдi болу.
Республиканың газ саласының тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн жеткiлiктi заң шығару базасының болмауы.
Республиканың өңiрлерiн газдандыру жобаларын бюджеттiк қаржыландырудың жеткiлiксiздiгi.
Жұмыстарды қаржыландыру және газ тасымалдау желiлерiне қызмет көрсету бойынша өңiрлiк атқарушы органдарды бюджетпен қамтамасыз ету жөнiндегi нақты бағдарламаның, сондай-ақ халық пен заңды тұлғаларды газбен жабдықтауды қамту аймағын кеңейту жөнiндегi жұмыстарды қаржыландырудың болмауы.
Қазақстан экономикасында өндiру және табиғи газды пайдалану технологияларын (көмiр қабаттарынан метан шығару, iлеспе газды кәдеге жарату, көлiктi газға ауыстыру және т.б.) кеңейту бойынша заңнамамен белгiленген салық жеңiлдiктерiнiң болмауы.
Жер қойнауын пайдаланушы үшiн тартымды экспорттық жеткiзiлiмдер болған жағдайда, мұнай-химия өндiрiсi үшiн қажеттi газ көлемдерiмен қамтамасыз ету қиындықтары.
Қазақстандық газды үшiншi елдерге тасымалдау үшiн ресей газ-көлiк жүйесiне тең қол жеткiзу және қазақстандық газға әдiл нарықтық бағаны белгiлеу бойынша «Газпром» ААҚ-пен келiспеушiлiк. Қазақстандық мұнай-химия өнiмiнiң түпкiлiктi бағасында тасымалдау құрамының елеулi үлесi.

Мүмкiндiктерi
Дамып келе жатқан елдердегi экономикалық өсудiң қалпына келуi энергия тасығыштарға сұраныстың көмiрсутектердiң жаңа қорларының молаюынан асып түсу үрдiсiн тудырады.
Көмiрсутек шикiзатын iздеуге бiрқатар перспективтi объектiлердiң болуы.
Әлемдiк көмiрсутек ресурстары қорларының шектеулiлiгi.
Iрi әлемдiк мұнай өндiрушiлердiң бағалардың экономикалық тұрғыдан дәлелдi деңгейiн қамтамасыз етуге ұмтылуы.
Әртүрлi көлiк түрлерi, мұнай-химия өндiрiсi үшiн ресурс ретiнде көмiрсутектерге жоғары сұраныс.
Өңiрлiк халықаралық нарықта (Орталық және Шығыс Азия) мұнай-химия өнiмiне, оның iшiнде off-take жеткiзiлiмдерiне болжамды сұраныстың болуы.
Тұтыну тауарларын қоса алғанда, қосымша құны жоғары өнiмдi шығару.
Каспий өңiрiмен (РФ, Түрiкменстан, Әзiрбайжан, Иран) интеграциялану.
Халықаралық санкция алынған кезде көмiрсутектер экспортында Иранның аумағын пайдалану.
Қытайдың батыс өңiрлерiнiң серпiндi даму бағдарламасына қатысу мүмкiндiгi.
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердiң жеткiзiлiмiн ұлғайту, Қазақстанның халқын жұмыспен қамтамасыз ету.
Шектес - машина жасау, құрылыс индустриясы, сервистiк компаниялар, теңiз флоты салаларын дамыту және жаңғырту.

Қауiптерi
Техногендiк авариялар тәуекелi. Каспийдiң экологиялық сезiмтал аймағында мұнай өндiру.
Жоғары қойнауқаттық қысым және мұнайдағы күкiртсутегiнiң жоғары құрамы. Кен орындарын ұтымсыз игеру, жер қойнауын пайдаланушылардың бекiтiлген технологиялық құжаттардың талаптарын орындамауы.
Транзиттiк елдер тарапынан мұнай мен газ транзитiне қатысты саясаты мен тарифiнiң өзгеру ықтималдығы.
Жобаларды iске асыру мерзiмдерiн кiдiрту және олардың құнының қымбаттауы.
Орта азиялық газ транзитi көлемдерiнiң төмендеуi. ҚР аумағын айналып өтумен газ тасымалдау жобаларын дамыту.
Саланың шикiзаттық және отындық бағытта дамуын сақтау.
Теңiз кен орындары көмiрсутектерiн игеру мен жағадағы инфрақұрылымды дамыту тәсiлдерiндегi теңгерiмсiздiк.
Көршi елдерде (Әзiрбайжан, Ресей) теңiз жобалары саласындағы артық қуаттардың және жинақталған үлкен тәжiрибенiң болуы, бұл олардың бәсекелестiк артықшылықтарын күшейтедi.
Өңiрлер бойынша енгiзiлетiн мұнай-химия өндiрiстерi санының ұлғаюы бәсекелестiктiң өсуiн тудырады.
Ресейден мұнай өнiмдерi жеткiзiлiмдерiнiң шектелуi немесе осындай жеткiзiлiмдерге қатысты экспорттық баж алу.
Өзбекстан мен Ресейден жеткiзiлiмдердiң шектелуi салдарынан болуы мүмкiн ықтимал газ тапшылығы.
Жеке инвесторлардың салада шоғырлануын күшейту.
Кадрлардың, техникалық персоналдың, орта және жоғары буындағы инженер мамандардың жетiспеушiлiгi.

3.3. Саланы дамытудың негiзгi проблемалары, үрдiстерi мен алғышарттары

      Мұнай-газ саласында бiрқатар шешiлмеген проблемалар бар, атап айтқанда:


      1. теңiз, Қарашығанақ және Қашаған кеңейту жобаларының шешiмдерiн қабылдаудың орындылығы;
      2. игерудiң соңғы кезеңiндегi, негiзiнен БӨ жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттары шеңберiнде бiрқатар кен орындары бойынша пайдалануды жалғастырудың экономикалық тиiмдiлiгi;
      3. ресурстық базаны көмiрсутек шикiзатының жаңа кен орындарымен толықтырудың жоқтығы, республиканың дайындалған құрылымдарының қоры бүгiнгi күнi шын мәнiнде таусылды;
      4. жоғары технологиялық процестер және көмiрсутек шикiзатын тереңдетiп өңдеу бойынша мұнай өңдеу саласындағы қанағаттанғысыз жағдай;
      5. жоғары қосылған құнмен бәсекеге қабiлеттi экспорттық мұнай-химия өнiмiн құру бағытында саланы әртараптандыру;
      6. мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту үшiн жұмыс iстеп тұрған экспорттық жүйелердi кеңейту және жаңаларын құру.
      Мұнай мен газ өндiру Теңiз, Қарашығанақ және Қашаған кеңейту
            жобаларының шешiмдерiн қабылдаудың орындылығы
      Өндiрудiң одан әрi өсуi Теңiз және Қарашығанақ кен орындарын қарқынды игеруге, Қашаған кен орнын тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игерудiң басталуына байланысты. Техиикалық, экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi жан-жақты қарау талап етiледi. Жоба операторларымен бiрлесе отырып, көрсетiлген кен орындарында жаңа iрi кеңейтулер үшiн мүмкiндiктердi зерттеу жалғасуда.
      Теңiз кен орнын одан әрi игерудi дамыту үшiн осы әсер ету әдiсiнiң шынайы нәтижелерiн алу және газды керi айдау көлемдерi мен мөлшерлерi туралы сараланған шешiм қабылдау мүмкiндiгiн алу үшiн өндiру және айдау ұңғымалары қорының, олардың жұмыс тәртiбiнiң, газды қайта айдау технологиялық жобалық құжатына сәйкес келтiру жөнiндегi жұмыстарды жандандыру талап етiледi. Бұған «Теңiзшевройл» Екiншi Буын Зауытының өнiмдiлiгi мен жүктелуi және шығарылатын мұнай қорларын iрiктеу дәрежесi байланысты болады.
      ТШО шикi мұнайды керi айдау технологиясын қолданып, өндiрiстi одан әрi кеңейту нұсқаларын зерттеуде. Негiзгi мақсаты - мұнай өндiрудiң жалпы көлемiн ұлғайтумен, шикi мұнайды тәжiрибелiк керi айдаудың және оның Теңiздiң платформалық бөлiгiнде таралудың табысты өтуiне негiзделген, өндiрiстiк қуаттардың одан әрi өсуiн қамтамасыз ету болып табылады.
      Жобаны iске асырудың орындылығы туралы түпкiлiктi шешiм жобалық шешiмдердi негiздеу жөнiндегi құжаттар пакетiнiң негiзiнде жобаның техникалық және экономикалық көрсеткiштерiн талдаудан кейiн қабылданатын болады.
      Зауытты салуға арналған шығындар (мұнайды сепарациялау және бастапқы өңдеу, газ айдау объектiлерi), ұңғымаларды бұрғылауға және ұңғымаларға арналған алаңдарды, сондай-ақ сағалық қысымды төмендету объектiлерiн салуға қосымша шығындар талап етiледi.
      Қарашығанақ кен орнын игеру перспективалары кеңейтудi талап ететiн жер үстi құрылыстарының өнiмдiлiгi мен жай-күйiне тығыз байланысты. Сондай-ақ өндiрушi және газ айдаушы ұңғымалар қорын ұлғайту және ұңғымалар жұмысының технологиялық режимiн оңтайландыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу сұйық көмiрсутек өндiрiсiнiң жаңадан өсу мүмкiндiгi болып табылады.
      1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны мердiгерлiк учаскесiнiң Өнiмдi бөлу туралы түпкiлiктi келiсiмнiң (бұдан әрi - ӨБТК) шарттарына сәйкес кен орнын игерудiң келесi сатысын - 3-кезеңнiң iске асырылуы 2М кезеңiнде қол жеткiзiлгендердi одан әрi өсiру және газдың артық көлемдерiн кәдеге жарату мақсатымен жұмыстар бағдарламасын орындауды көздейдi.
      3-кезеңдi iске асыру нұсқасын таңдаған кездегi жалпы стратегия коллектор мен өндiрiстiк объектiлердiң мүмкiндiктерiн, экспорттың мүмкiндiктерiн жобаның экологиялық тартымдылығын ескере отырып, сұйық көмiрсутектерiнiң жеткiзiлiмдерi көлемiн барынша көбейтумен шарттасады.
      Қазақстан Республикасының өндiрiлетiн газдың өсе түсетiн көлемдерiн тиiмдi кәдеге жарату мәселесiн шешуi 3-кезеңдi iске асырудың негiзгi шарты болып табылады. Осыған байланысты, 2007 жылғы 31 мамырда Мердiгер (КПО б.в.) мен «ҚазРосГаз» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында ұзақ мерзiмдi газды сатып алу-сату шарты жасалды.
      2006 жылы Мердiгер Қарашығанақ жобасының 3-кезеңiн iске асыру тұжырымдамаларын зерттеуге кiрiстi. Қазiргi уақытта, 3-кезеңге қатысты келiссөздер жалғасуда, Қарашығанақ кен орнын игерудiң 3-кезеңi тұжырымдамасына техникалық шолу жүргiзу көзделуде.
      Қашаған кен орнын игерудiң 2-кезеңi Базалық Жобалау сатысында, оны 2011 жылдың ортасына қарай аяқтау жоспарлануда. 2-кезең тәулiгiне 1 млн. баррельге дейiн (жылына 46 млн.т.) өндiру деңгейiне қол жеткiзу үшiн тәулiгiне 275 мың баррельден екi кезектi қамтиды. Сонымен бiрге, Солтүстiк Каспий жобасының Операторы (Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.) кен орнын игерудiң 2-кезеңi құнының шығындарын төмендету және оның экономикалық тартымдылығын арттыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуде.
      Қашаған кен орны көмiрсутектерiнiң орасан мол қорларын әртүрлi компаниялардың күшiмен, бiрлесiп қана игеруге болады, сондықтан бұл кен орны бойынша әсер ету әдiстерi мен игеру тәсiлдерiн жете саралап әзiрлеу қажет. Консорциум осы бағытта жұмыс жүргiзуде.
      Геофизикалық, петрофизикалық және физика-химиялық зерттеулердiң, сондай-ақ қысқа мерзiмдi ұңғымаларды сынаудың, компьютерлiк геологиялық-гидродинамикалық модельдеу нәтижелерiн басшылыққа ала отырып, түрлi компаниялардың мамандары жаңа Қашаған кен орнын тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игерудiң жаңа жобасын дайындады және ол мемлекеттiк органдардың қарауында жатыр.
      Жобаға сәйкес Қашаған кен орнының шығыс учаскесiнде кен орнын кең ауқымды игеру үшiн жобалық шешiмдер қабылдау мақсатында iлеспе газды қайта айдау тиiмдiлiгiн зерттеу және бағалау жөнiндегi тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк жұмыстар жүргiзу ұсынылады. Осы жоба iске асырылған жағдайда 2015 жылға қарай Қашаған кен орнын игерудi әрi қарай дамыту жолдары мен перспективалары туралы ақпарат пайда болады.
      Қазақстанда мұнай өндiру болжамы мына 4-кестеде көрсетiлген.

4-кесте


2010-2014 жылға дейiнгi мұнай және газ конденсатын өндiру көлемiнiң өсу үрдiсi

Көрсеткiштiң атауы

2009 ж. (нақты)

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

мұнай және газ конденсаты, млн. тонна

76,5

80,0

81,0

83,0

83,0

85,0

Бiрқатар кен орындары бойынша, игерудiң соңғы сатыларында, негiзiнен БӨ жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарының шеңберiнде, пайдалануды жалғастырудың экономикалық тиiмдiлiгi

      Экономикалық тұрғыдан игерудiң соңғы сатыларына мынадай белгiлер тән:


      мұнай қорларын игеру үшiн талап етiлетiн инвестициялардың басым бөлiгi игерiлiн қойды - ұңғымалар бұрғыланды, жайластыру объектiлерi жұмыс iстеуде;
      қолда бар негiзгi қорлар айтарлықтай физикалық тозу деңгейiмен сипатталады және жаңа инвестицияларды талап етедi (дублер-ұңғымаларды бұрғылау, құбыр жүйесi мен өзге де жабдықтарды ауыстыру);
      өндiрудiң тұрақты деңгейлерiн қолдау үшiн қабаттардың мұнай қайтарымын арттыру саласындағы жетiстiктердi, сондай-ақ қабаттарды ашудың жаңа технологияларын (тiк ұңғымаларды бұрғылау және екiншi оқпандарды кесу) енгiзудi дәлелдеу қажеттiлiгi туындайды;
      кез келген технологиялық шешiмдердiң экологиялық қауiпсiздiк факторының рөлi күшейедi.
      Қолданыстағы салық кодексi Үкiмет деңгейiнде суланған, аз дебиттi, қоры таусылған кен орындарын, тұтқырлығы жоғары көмiрсутек шикiзатының кен орындарын игеретiн, сондай-ақ рентабельдiгi төмен келiсiмшарттар бойынша қызметiн жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшiн төмен ставка белгiлеу мүмкiндiгiн көздейдi. Ауыр геологиялық сипаттағы кен орындары үшiн төмендейтiн ставкалардың қабылдануы игерудiң соңғы сатыларындағы, ауыр өндiру жағдайларымен кен орындарын неғұрлым толық пайдалануға ынталандыратын болады.
      Мұнай кен орындарын игерудiң соңғы сатысының техникалық-экономикалық сипаттамасы қазiргi уақытта және жақын арадағы перспективада мұнай компаниялары үшiн өндiрiстiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қол жеткiзiлген мұнай өндiрiсi деңгейлерiн тұрақтандыру, сондай-ақ өндiрiстiң шектес салаларындағы қызмет аясын кеңейту мiндеттерi өзектi мiндеттер болып табылатынын көрсеттi.
      Игерудiң соңғы сатылары үшiн экологиялық проблемаларды шешудiң маңызы зор болады. Бұл дамыған мұнай және мұнай өңдеу өндiрiсiнiң жоғары техногендiк жүктемесiне, сондай-ақ пайда болған әлеуметтiк және коммуналдық инфрақұрылымның жоғары тығыздығына байланысты. Осыған орай қолданылатын технологиялық шешiмдердi кешендi бағалаудағы әдiстемелiк жолдарды айқындау қажеттiлiгi туындайды.
      Тиiстi қаржыландыру болған жағдайда:
      кен орындарының нақты жағдайлары үшiн мұнай қайтарымдығын арттыратын ағындарды қайтаратын технологияларды бейiмдеу және енгiзу;
      тұтқырлығы жоғары және ауыр мұнайды жылыту әдiсiмен өндiрудiң жаңа жоғары тиiмдi жылыту әдiсiн негiздеу және енгiзу;
      кен орындарының алынуы қиын мұнай қорларын өндiру үшiн қабаттарға газбен және су-газбен әсер ету технологияларын негiздеу және енгiзу;
      мұнай және газ ұңғымаларын күрделi жөндеу және бекiту сапасын арттыру;
      мұнай және газ ұңғымаларындағы селективтiк оқшаулау әдiстерi;
      өнеркәсiптiк құбырлардағы тоттанумен күресу;
      мұнай қайтарымын арттыру, ұңғымалардың кендi аймағы бойынша, сүзгiлiк эксперименттер жүргiзу бойынша мамандандырылған зертханалар құру жөнiндегi жобалар сияқты мәселелердi шешу мүмкiн болар едi.
      Газ өндiрiсiн ұлғайту негiзiнен жаңа және негiзгi базалық: Қарашығанақ, Теңiз, Жаңажол, Толқын және ҚМГ-га тиесiлi тағы бiрқатар кәсiпорындарды, сондай-ақ Каспий қайраңы кен орындарын (Қашаған және т.б.) дамыту жолымен қамтамасыз етiледi. Өндiрiлетiн газ негiзiнен iлеспе газ болып табылатындығын ескере отырып, тауарлық газды өндiру және шығару қарқыны мұнай өңдеу қарқынымен және кен орнын игеру бойынша қабылданған технологиялық шешiмдермен (мысалы, газды керi айдау) айқындалады.
      Болжам бойынша 2010 жылы республикадағы газ өндiру деңгейi шамамен - 37,0 млрд. тек. метрдi, ал 2014 жылға қарай - шамамен 55,8 млрд. тек.метрдi құрайтын болады.
      Өз қажеттiлiктерiне пайдаланатын газды, сондай-ақ керi айдау көлемдерiн ескергенде, 2009 жылы тауарлы газды өндiру және шығару балансы және 2014 жылға дейiн күтiлетiн болжамды көлемдер 5-кестеде көрсетiлген.

5-кесте


2014 жылға дейiнгi тауарлық газды өндiру мен шығарудың перспективалық балансы

млрд. тек.м.





Көрсеткiш атауы

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

1

Шикi мұнай өндiру, барлығы

36,0

37,0

43,6

44,8

53,5

55,8

2

Шикi газды пайдалану, оның iшiнде:

16,3

14,5

16,4

15,9

20,0

22,3

2.1

өзiнiң технологиялық қажеттiлiктерiне, оның iшiнде газды жағу

7,5

6,1

6,0

5,5

7,7

7,7

2.2

қойнауқатқа қайта айдау

8,8

8,4

10,4

10,4

12,3

14,6

3

Құрғақ газ өндiру, оның iшiнде:

19,7

23,3

27,2

28,9

33,5

33,5

3.1

жер қойнауын пайдаланушылардың өзiнiң технологиялық қажеттiлiктерiне тұтынуы (газ-турбиналық қондырғы және т.б.)

3,0

3,3

3,6

3,6

4,0

4,0

3.2

таратылатын тауарлық құрғақ газ

15,6

20,0

23,6

25,3

29,5

29,5

3.3

газды жерасты сақтау қоймасына айдау

1,1

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

      Өндiру көлемдерiнiң болжамды өсуi минералдық-шикiзаттық базаны уақытылы толықтыруға қатысты тиiстi саясатты қалыптастыруды талап етедi. Ресурстық базаны көмiрсутек шикiзатының жаңа кенорындарымен толықтыру жоқ, республиканың дайындалған құрылымдарының қоры бүгiнгi күнi шын мәнiнде таусылды.
      Сонымен қатар, үлкен тереңдiктегi мұнай-газдылықтың ғылыми-негiзделген болжамы және мұнайдың тұз үстi кешенiне көшу моделдерi жоқ.
      Жүргiзiлген зерттеулер барланған қорлардың және көмiрсутек шикiзатын өндiрудiң негiзгi өсуiн Каспий теңiзi айдынында күткен жөн екенiн көрсеттi.
      КТҚС игерудiң мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының II кезеңiне сәйкес 2005 жылғы желтоқсанда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы шегiнде эксклюзивтi емес геофизикалық зерттеулер арқылы мемлекеттiк геологиялық зерттеу жүргiзудi ұйымдастырды.
      2006-2009 жылдары Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының келiсiм-шарттық аумақтарынан тыс шектерде МОГТ-2Д эксклюзивтiк емес сейсмикалық зерттеулер жүргiзiлдi. Қазiргi уақытта толық еселi 8241,92 қума км көлемiнде, атап айтқанда Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының солтүстiк бөлiгiнде 3241,795 қума км, оның iшiнде: Шагала = 680,191 қума км; Бөбек = 47,488 қума км; Шаттық = 860,990 қума км; Мәдина = 525,625 қума км; III-Р-2 = 768,301 қума км; Шолпан = 50,600 қума км; III-Р-1 = 40,850 қума км; II-Р-2 = 267,750 қума км; Маңғыстау облысының аумағына жанасып жатқан Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының оңтүстiк бөлiгiнде 5000,125 қума км. көлемiндегi жұмыстар аяқталды.
      Қазiргi уақытта, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторында ҚМГ «Н», Жамбыл, Жамбай, Құрманғазы, Түп-Қараған, Аташ және Жемчужина учаскелерi бойынша геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзiп жатыр.
      Дархан, Шағала, Исатай, Абай, Жеңiс, Бөбек, Сәтпаев, Махамбет және басқа да учаскелер көмiрсутек иiрiмдерiн барлауға перспективтiк объектiлер болып бағаланады, олар бойынша ұлттық компания геологиялық барлау жұмыстарына дайындау жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүргiзуде.
      Жалпы, КТҚС-тегi мұнай мен газға перспективтi құрылымдарының геологиялық қалыптасу шарттарын, сондай-ақ құрылықтағы оларға тектес кен орындарын басшылыққа ала отырып, жоғарыда аталған учаскелер негiзiнен мұнайлы болады деп болжануда.
      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлау келiсiмшарты мерзiмiн екi рет, әрбiр кезеңi екi жылға дейiнгi ұзақтықпен, ұзарту құқығымен алты жылға дейiнгi мерзiмге жасалады. Қалыптасқан әлемдiк жұмыс тәжiрибесi барлау жұмыстары басталып, бiрiншi коммерциялық мұнай алынғанға дейiн 8-10 жыл өтетiнiн көрсеттi. Осыған орай 8-10 жылдан кейiн мұнай қорларының өсуiн қамтамасыз ету үшiн қазiрдiң өзiнде көмiрсутек шикiзатын барлау үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстарды өткiзу қажет.
      Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру екi тәсiлмен: конкурс өткiзу жолымен және ұлттық компаниямен тiкелей келiссөздер жүргiзу арқылы жүргiзiледi. 2007 жылдың сәуiрiнен бастап конкурстар өткiзудiң тоқтатылуына байланысты көмiрсутек шикiзатының жаңа объектiлерiне жер қойнауын пайдалану құқықтарын ұлттық компания ғана тiкелей келiссөздер негiзiнде бередi.
      Дегенмен, жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурстары мына қағидаттардың орындалуын қамтамасыз етедi:
      конкурс шарттарының ашықтығы (транспаренттiк);
      объектiнiң нарықтық бағасын айқындау;
      дәйектi негiздi инвестициялық тәуекелдердi қабылдау;
      қол жеткiзiлген уағдаластықтарды сақтау;
      неғұрлым технологиялық және тәжiрибелi жер қойнауын пайдаланушыларды тарту.
      Геологиялық барлау жұмыстарын толығымен республикалық бюджет есебiнен жүргiзу орынсыз. Осыған орай барлау құқықтарын алуға арналған конкурстарды жүргiзуге шектеулердi алып тастау қажет. Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушыларға ауыстыру жолымен мемлекет геологиялық тәуекелдерден босатылады.
      Мұнай мен газды өңдеу
      Жоғары технологиялық процестер мен көмiрсутек шикiзатын терең өңдеу бойынша мұнай өңдеу саласының қанағаттанарлықсыз жағдайы себебiнен, қазақстандық зауыттардың көрсеткiштерi озық мұнай өңдеушi кәсiпорындарының осы тектес көрсеткiштерiнен айтарлықтай артта қалып отыр.
      Бұл зауыттардың ең қарапайым конфигурациясымен, мұнай өңдеу тереңдiгiнiң темен болуымен, өнiм ассортиментiнiң аз және сапасының төмен болуымен шарттасады, бұл жақын болашақта өзгерiп жатқан сапа стандарттарын қанағаттандырмайды.
      Ресейден келетiн мұнай жеткiзiлiмдерiнiң тәуелдiлiгiне байланысты негiзiнен IIМХЗ мен ПКОП-тың өндiрiстiк қуаттарының толық жүктелмеуi мұнай өнiмдерiнiң өндiрiсiне әсер етедi. Мұнайдың әлемдiк бағаларына тәуелдi жеткiзiлетiн мұнайдың құны мұнай өнiмдерiне iшкi бағалардың қалыптасуына әсер етедi.
      2009 жылы нақты мұнай өндiрiсi мен мұнай өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн шығару және 2014 жылға дейiнгi болжам 6-кестеде көрсетiлген.

6-кесте


2009 жылдан 2014 жылға дейiнгi кезеңде мұнай өнiмдерiн өндiру және тұтыну серпiнi

Атауы

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Мұнай өңдеу, мың тонна

1235,1

13099,4

13100

13300

14200

15100

оның iшiнде мұнай өнiмдерiнiң түрлерi бойынша

Өндiру

Тұтыну

Өндiру

Тұтыну

Өндiру

Тұтыну

Өндiру

Тұтыну

Өндiру

Тұтыну

Өндiру

Тұтыну

Бензин, оның iшiнде

2589,1

3412,0

2814,6

3527,5

2875,6

3669,7

2893,3

3840,5

2867,9

4015,6

3245,2

4198,7

Жоғары октандық

1391,1

2359,7

1617,9

2532,9

1695,4

2703,2

1712,5

2908,7

1618,7

3769,6

2164,9

4198,7

Төмен октандық

1198,0

1052,3

1196,7

994,6

1180,2

966,5

1180,8

931,8

1249,2

246,0

1080,3




Дизотын

3795,3

3582,8

3908,9

4211,8

4105,9

4356,3

4124,6

4529,4

4303,5

4705,1

4786,7

4887,7

Авиаотын

373,5

415,8

483,7

642,8

491,9

690,2

504,0

749,2

522,0

811,8

677,0

879,6

Мазут

3237,0

1252,2

3193,7

2354,5

2044,2

2354,5

2156,5

2354,5

2504,3

2354,5

2258,0

2354,5

жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау