2005 жылмен салыстырғанда жастар ұйымдарының саны 2 есеге ұлғайды және 2009 жылы 743-тен асты. Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі олардың жалпы санының 25 %-ын құрайды.
Жастар ұйымдары санының серпіні
2009 жылы Министрлік мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 248 625 мың теңге, оның ішінде жастарға арналған әлеуметтік қызметтердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге – 90 млн. теңге. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында әлеуметтік маңызы бар жобалардың тақырыптарын жасау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде зерттеулер, сұрау және фокус-топтарды өткізу арқылы жастардан және жастардың көшбасшыларынан ұсыныстарды жинақтау жүргізіледі.
Жастардың бастамаларын қолдау үшін жергілікті бюджеттерден мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың көлемі 2009 жылы 263 млн. теңгені, ал 2008 жылы – 146 млн. теңгені, 2007 жылы – 110 млн. теңгені құрады. Жастар саясатын іске асыру бойынша 2009 жылы күтілген нәтижелерге қол жеткізілді.
Өткен жылдармен салыстырғанда іске асырылған жобалар саны ұлғайғаны байқалады. 2007 жылы іске асырылған әлеуметтік маңызы бар жобалар саны 31-ді, 2008 жылы – 22-ні, 2009 жылы – 26, 2010 жылы - 32-ны құрады. Жастарға арналған ресурстық орталықтардың саны ұлғайды. 2007 жылы олардың саны 8 болса, 2008 жылы – 12-ні, 2009 жылы 17-ні құрады.
Жастар саясаты бағдарламасын іске асыру мақсатында Министрлік республикалық, өңірлік жастар қоғамдық ұйымдарымен және облыстық жастардың үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Әр өңірде Жастар және студенттік еңбек жасақтарының штабтары жұмыс істейді. Олар 30 мыңнан астам оқушы жастарды маусымдық жұмыспен, оның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша аумақты көгалдандыру мен абаттандыруды ұйымдастыру кезінде қамтамасыз етеді.
ТМД-ға қатысушы елдердің халықаралық жастар Дельфийлік ойындарына жыл сайын Қазақстанның құрамасы қатысады. Қазақстан жастарының халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуы жылдан-жылға ұлғаюда. 2009 жылы халықаралық ынтымақтастық бойынша 62 іс-шара өткізілді (2008 жылы – 48).
Республикалық және өңірлік деңгейде патриоттық тәрбие беру жүйесі құрылды. 2006 – 2008 жылдары 800-ден астам патриоттық іс-шара өткізілді. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие берудің 2006 – 2011 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы іске асырылуда. Жастардың патриоттық тәрбиесіне қатысты мәселелер бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеулер азаматтардың патриоттық козғалыстарға қатысуға ұмтылысы 35,5 %-дан (2006 жылы) 69,7 %-ға (2009 жылы) көтерілгенін көрсетті. Әлеуметтік сауалдардың деректері бойынша патриотизм деңгейі 2006 жылы 53,4 %-ды, 2007 жылы – 55,9 %-ды, 2008 жылы – 68,2 %-ды, 2009 жылы – 75 %-ды құрады.
Жоғары оқу орындарында тәрбие беру жұмысы студенттердің және оқытушылардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, жас таланттарды қолдауға және жас мамандарды жұмысқа орналастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Осы бағытта 2009 жылы 76 іс-шара өткізілді.
Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту барысында Орталық және Солтүстік Еуропа елдерінде тиімді қолданылатын жастар саясаты моделін іске асырудың оң тәрижибесі қолданылады. Аталған модельдің сипаттық ерекшілігі қоғамдағы барлық жастардың бірлесуіне мемлекеттің жауапкершілігі болып табылады. Оның ішінде – әлеуметтік қызметтердің, жастарға арналған ресурстық орталықтардың жүйесін ұлғайту, әлеуметтік қызметтердің бірыңғай стандарттарын, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету салаларында әлеуметтік кепілдіктердің ең төменгі нормативтерін енгізу.
3.3.2. Негізгі проблемаларды талдау
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды басқару жүйесі толық қалыптаспаған.
Жастар саясаты бойынша барлық бағдарламалық құжаттар 2008 жылы аяқталды. Жастардың қоғамға, экономикалық өзара қарым-қатынастар жүйесіне, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, көмек пен әлеуметтік қызметтерді көрсету мақсатында мемлекеттік жастар саясатының нәтижелі жұмыс істеу үшін ұйымдастырушылық-құқықтық механизмдерді жетілдіруіне бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасын қабылдайтын кезең келді.
Күшті жақтары: Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы, базалық әлеуметтік инфрақұрылымның болуы, қоғамдық-саяси саладағы «әлеуметтік лифт» алаңдарының құрылуы, жастармен жұмыс істеудің сынақтан өткен әдістемелерін қолдану, жастарға арналған брендтік іс-шаралардың тұрақты өткізілуі.
Әлсіз жақтары:
- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, жастар құрылымдары туралы статистикалық базаның жетілдірілмеуі;
- жастардың мақсаттық топтарының толық қамтылмауы, жастар саясаты саласындағы медиаресурстардың аз қолданылуы;
- «жас маман» түсінігінің жоқтығы, жастар үшін үй мәселесін шешуге жеңілдіктердің жоқтығы (мысалы, Батыс Қазақстан облысында жастардың тұрғын үй мәселесін жеңілдіктермен шешу мақсатында «Жастар үйі» салынған), спорттық және демалыс мекемелеріне қол жетімділіктің жеткіліксіздігі, жастардың мәдениет, білімділік деңгейінің төмендеуі, жастардың экономикалық және әлеуметтік әлеуетін қолдау тетіктерінің жоқтығы.
3.3.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау:
Сыртқы факторлар:
Ішкі саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму және елдің қаржылық тұрақтылығы сияқты факторлар мемлекеттік жастар саясатының табысты іске асуына ықпал етеді.
Ішкі факторлар:
Сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасау жалпы жастар саясатының, сондай-ақ білім алу құқығының іске асуына ықпал етеді.
3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
1-стратегиялық бағыт. Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету
1.1-мақсат. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қол жеткізуді қамтамасыз ету
Аталған мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар коды – 001, 008, 011, 012
Нысаналы индикаторлар
(қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезеңін) көрсете отырып)
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі
|
2009 жыл (есеп)
|
2010 жылдың жос-пары
|
жоспарлы кезеңде
|
2011 жыл
|
2012
жыл
|
2013
жыл
|
2014
жыл
|
2015 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1. 3 – 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (2015 жылға қарай – 70 %)
|
Әкімшілік есептілік деректері
|
%
|
38,7
|
48
|
55,6
|
60,8
|
65
|
70
|
73,5
|
Нысаналы индикаторға жету жолдары, құралдары және әдістері:
1.1.1-міндет. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері:
1. Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан барлық ашылған мектепке дейінгі ұйымдардың типтері мен түрлерінің үлесі
|
Әкімш. есеп. деректері
|
%
|
24,3
|
13,7
|
11,7
|
6,4
|
3,8
|
2,8
|
2,2
|
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру есебінен енгізілетін орындар саны
|
2010 ж. 28 мамырдағы ҚР ҮҚ
|
Мың орын
|
0
|
89,7
|
68,8
|
52,6
|
34,6
|
25,2
|
0
|
3. Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің саны
|
Әкімш. есеп. деректері
|
Бірлік
|
372
|
499
|
530
|
550
|
600
|
650
|
700
|
4. Педагог қызметкерлердің жалпы санынан жоғары және бірінші санатты мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерінің үлесі
|
Әкімш. есеп. деректері
|
%
|
22
|
23
|
24
|
24,5
|
24,8
|
25
|
26
|
Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1. Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің дамуы:
- бұрын жекешелендірілген, жалға берілген ғимараттарды қайтару, жеке тұрған ғимараттарды босату есебінен шағын-орталықтар, балабақшалар ашу, мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін басқа да орын-жайларды бейімдеу, тұрғын үйлердің 1-қабатында мектепке дейінгі ұйымдарды ашу, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша мемлекеттік тапсырыс орналастыру арқылы жекеменшік, отбасылық балабақшаларды ашуды ынталандыру;
- тепе-теңдік шартымен республикалық және жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестицияны тарту есебінен балабақшалар салу
|
Х
Х
|
Х
Х
|
Х
Х
|
Х
Х
|
Х
Х
|
2.1 Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісімдер жасасу
|
-
|
Х
|
Х
|
Х
|
-
|
2.2 Мектепке дейінгі тәрбиеге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру есебінен енгізілетін орындарға мониторинг жүргізу
|
-
|
Х
|
Х
|
Х
|
-
|
3.1. Білім беру ұйымдарында ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің ашылуына мониторинг
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
3.2 Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
4. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың бағдарламалары мен оқу жоспарларын әзірлеу және сынақтан өткізу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Достарыңызбен бөлісу: |