Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы


Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту



жүктеу 146,84 Kb.
бет6/23
Дата08.02.2022
өлшемі146,84 Kb.
#37397
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
5.1.2 Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту


      1. Нәтижелілігі төмен білім беру ұйымдарын, білім алушылардың әлеуметтік осал санаттарын қолдау тетігін әзірлеу



      Орта білім берудің сапасын арттыру мақсатында оның ғылыми негізі әзірленіп, практикаға енгізілетін болады.



      Білім алушылардың білім жетістіктерінің мүмкіндіктерін теңестіру және алшақтықты қысқарту мақсатында нәтижелілігі төмен мектептерді қолдауға, инклюзивті білім беруді дамытуға, әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан балаларды техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім беруге неғұрлым кеңірек тартуға күш жұмсалатын болады.



      Менеджмент, педагогикалық қолдау, оқу-әдістемелік мазмұн және табысты тәжірибені тарату мәселелерінде нәтижелілігі төмен мектептерге мықты мектептердің "қамқорлығы" мәселесі пысықталатын болады. "Мобильді мұғалім" (шағын жинақты мектептерде оқытуды қолдау және оның сапасын арттыру) және "Уақытша отбасы" (тірек мектебі орналасқан елді мекенде оқушылардың отбасында тұруы) жобалары маңызды шара болып табылады. ШЖМ-да жұмыс істейтін мұғалімдер мынадай әдістемелік қолдаумен қамтамасыз етіледі: бірлескен сыныптардағы оқушылармен жұмыс бойынша курстар, семинарлар және тренингтер.



      ШЖМ жағдайында педагогтерге еңбекақы төлеу жүйесі өзгертілетін болады.



      Дүниежүзілік банктің "Орта білім беруді жаңғырту" жобасын іске асыру шеңберінде ауылдық жалпы білім беретін және "осал" мектептерді оқыту материалдарымен, компьютерлік жабдықтармен және цифрлық техникамен жарақтандыру көзделген.



      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тең жағдайларды және қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жекеменшік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) мен жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі есебінен мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептер желісін одан әрі кеңейту, сондай-ақ үйде ("әлеуметтік бала күтуші"), оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың штаты жанынан тәрбиешілер институтын құру ұсынылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жұмысы жалғастырылады.



      Бұдан басқа, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан 1-2 жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарда қысқа мерзімде болу топтарын құру жөнінде ұсынымдар әзірленетін болады.



      Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін консультациялық пункттердің желісі кеңейтіледі, онлайн оқыту және мобильді қосымшалар әзірленетін болады.



      Таланттар мен көшбасшыларды анықтау және қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының

"Еl Umiti" бастамасы іске асырылатын болады. Бастама шеңберінде білім басқармалары жанындағы таланттарды анықтау және қолдау орталықтары, "Мың бала" ұлттық зияткерлік турнирі" жобасы, көрсетілген патриотизм мен белсенді азаматтық ұстаным үшін сыйақы беру жүйесі дамитын болады.


      Ақпараттық теңсіздікті төмендету және әртүрлі өңірлердегі балалар үшін тең мүмкіндіктер жасау мақсатында еліміздің үздік жаттықтырушыларымен түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларға онлайн дайындық ұйымдастырылады.



      Үздік еңбегі үшін, оның ішінде ең беделді халықаралық пәндік олимпиадалардағы жеңісі үшін жоғары оқу орындарына түсудің жеңілдетілген тетіктерін пысықтау жоспарлануда. Жоғары оқу орындары дербестік шеңберінде түрлі салаларда талантты талапкерлерге атаулы артықшылықтар беруге құқылы.



      Дарынды балаларды қолдау және олардың әлеуетін ел экономикасы үшін пайдалану мақсатында тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін халықаралық олимпиадалардың, республикалық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары қорытынды емтихандардан, ҰБТ-дан босатылатын болады және ЖОО-ға тікелей қабылданатын болады.



      Бірыңғай емтихан тапсыру қорытындылары бойынша 9, 11-сынып бітірушілеріне мамандық пен колледжді таңдау жолымен ТжКБ-мен кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастырудың жаңа жүйесі енгізілетін болады. Бірыңғай емтихан тапсырған 11-сынып бітірушілері мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысады.



      ТжКБ жүйесінде кезең-кезеңімен кредиттік жүйе, жан басына қаржыландыру енгізілетін болады.



      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмысшы кадрларды және орта буын мамандарын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөле отырып, "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасын іске асыру жалғастырылады.



      NEET санатындағы жастарды, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары, ауыл жастарын тегін ТжКБ-мен қамтуды кеңейту жоспарлануда. Олар үшін орта буындағы мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысы көзделеді.



      "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалғасатын болады. "Серпін" жобасының түлектері оқу өңірінде жұмыспен және мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.



      Жастар үшін жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер есебінен, оның ішінде нысаналы топтар үшін (әлеуметтік осал және табысы төмен санаттар) гранттар саны ұлғайтылатын болады. Талапкердің академиялық жетістіктерінің (merit-based) ғана емес, оның әлеуметтік-экономикалық мәртебесінің (need-based) пайдасына мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу жүйесін қайта қарау жоспарлануда.



      Жоғары білім алу үшін мемлекеттік гранттардың оқу жетістіктері мен әлеуметтік мәртебесіне байланысты бірнеше түрі болады.


     
жүктеу 146,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау