Ќазаќстан Республикасы


-бөлім. Су құбыры-кәріз шаруашылығы



жүктеу 0,98 Mb.
бет2/3
Дата25.11.2017
өлшемі0,98 Mb.
#1317
1   2   3

3-бөлім. Су құбыры-кәріз шаруашылығы
9. Су бөлуші
Параграф 1. Су бөлуші, 1-разряд
58. Жұмыс сипаттамасы:

су тарату будкаларынан халыққа су жіберу;

халықтан суға талонмен ақы алу;

су өлшегіштердің көрсеткіштерін алу;

судың шығынын есептеуді жүргізу, зақымданғанда құбыржолдарды бекіту;

су тарату будкасын жылыту және құбыржолдардың сыртын орау;

қатып қалған құбыржолдар мен арматураны қыздыру, мұзын жару;

будканың және бөлінген жерлердің тазалығын сақтау.

59. Білуге тиіс:

су тарату будкалары жабдықтарының құрылымы;

құбыржолдар мен арматураны қыздыру тәсілдері, құбыржолдардың зақымдануы жағдайында суды тоқтату тәсілдері, судың шығуын есептеу және журнал жүргізу ережесі, су өлшегішті күту ережесі.

Параграф 2. Су бөлуші, 2-разряд


60. Жұмыс сипаттамасы:

су тегеуріні сорғысына, резервуарларға қызмет көрсету;

судың болуы туралы журналды жүргізе отырып башнялар мен резервуарлар бактарында судың болуын сағат сайын есептеу;

санитарлық өңдеу ережесін сақтай отырып бактар мен резервуарларды тазарту жөніндегі жұмыстарға қатысу;

судың жіберілуін жекелеген аудандар бойынша көбейту немесе қысқарту, сондай-ақ кезекші басқару диспетчерінің нұсқауы бойынша судың өртке қарсы қорын пайдалану.

61. Білуге тиіс:

су тегеуріні сорғысының, резервуарлардың және жылжытпа камераларының құрылымы, санитарлық қадағалау ережесі мен талаптары.

10. Ұйытушы


Параграф 1. Ұйытушы, 2-разряд
62. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті ұйытушының басшылығымен ұйытқы, әк, көмір жасау құрылғыларына қызмет көрсету;

берілген қаттылықтағы реагент ерітінділерін жасау;

реагент ерітінділерін жұмыс бактарына және оларды мөлшерлегіш құрылғыларға жіберу;

реагенттердің берілген мөлшерлемесін сақтау;

мөлшерлегіш құрылғылардың жұмысын қолмен реттеу;

шығыр, сорғы, компрессорлар мен басқа да реагент шаруашылығы механизмдерін пайдалану.

63. Білуге тиіс:

ұйытқы, әк, көмір ерітінділерін жасау ережесі мен реагенттердің нормалары мен мөлшері;

реагент шығынының ауыспалы есебін жүргізу ережесі, шығыр, сорғы, компрессор және басқа да реагент шаруашылығы механизмдерінің жұмыс режимі.

Параграф 2. Ұйытушы, 3-разряд
64. Жұмыс сипаттамасы:

ұйытқы, әк, көмір жасау құрылғыларына қызмет көрсету;

мөлшерлеу автоматты жүйесіне қызмет көрсету, диаграмманы ауыстыру, өзі жазатын қауырсынды тазалау, басқарудың автоматты түрінен қолмен басқаратынға немесе керісінше аудару, аспапты нөлге келтіру;

түрлі үлгідегі механикалық араластырғышқа қызмет көрсету.

65. Білуге тиіс:

реагент шаруашылығы технологиялық жабдықтары мен имараттарының құрылымы, олардың жұмыс режимі;

реагент шаруашылығы механизмдерінің құрылымы мен қызмет көрсету.

11. Су құбыры-кәріз желісін аралап тексеруші


Параграф 1. Су құбыры-кәріз желісін аралап тексеруші, 2-разряд
66. Жұмыс сипаттамасы:

диаметрі 300 мм-ге дейінгі магистральды су құбырларын, коллекторларды және бекітпелі кәріздік, су құбырларын, көше, аула желілері мен тексеру құдықтарын аралап тексеру;

имараттарды: эстакадаларды, көпір, вантузды құдықтарды, арнайы құдықтардағы авариялық жылжымаларды байқау;

имараттардағы табылған барлық кемшіліктерді белгілей отырып аралап тексеру журналын жүргізу;

арнайы бригаданы шақыруды талап етпейтін желідегі кемшіліктерді жою.

67. Білуге тиіс:

құбыржолдардағы желінің, туннельдердің, құдық камераларының және бекіткіш арматураларының, коллекторлар мен құбыржолдардың орналасу тәсімдері, құдықтарда жұмыс істеу қауіпсіздігі техникасы ережесі, желіні және имараттарды аралап тексеру журналын жүргізу ережесі.

Параграф 2. Су құбыры-кәріз желісін аралап тексеруші, 3-разряд


68. Жұмыс сипаттамасы:

диаметрі 300 мм-ден 700 мм-ге дейінгі магистральды су құбырларын, коллекторларды және бекітпелі кәріздік, су құбырларын аралап тексеру;

желілерді, коллекторларды, су жүргізгіштерді, тегеурінді құбыржолдарды, эстакадаларды, және басқа да имараттарды техникалық байқау;

олардың техникалық хал-жайы туралы қорытынды беру;

аралап тексеру кестесін құрастыру.

69. Білуге тиіс:

су құбыры кәріздік желі, коллекторлардың және құбыржолдардың құрылғысы, бекітпелі құбыржолдарды және су жібергіштерді, вантуздарды, шиберлерді, қалқан бекітпелерді, өлшеу пункттерін сығымдау, жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясы мен ережесі.

Параграф 3. Су құбыры-кәріз желісін аралап тексеруші, 4-разряд


70. Жұмыс сипаттамасы:

диаметрі 700 мм-ден асатын магистральды су құбырларын, коллекторларды және бекітпелі кәріздік, су құбырларын, сондай-ақ дюкерлерді аралап тексеру;

олардың техникалық хал-жайы туралы ескертпелер дайындау, актілерді, хаттамаларды және басқа да бұзушылықтарды, дұрыс емес немесе заңсыз пайдалану туралы құжаттарды ресімдеу.

71. Білуге тиіс:

қаланың су құбыры кәріздік желісі тәсімі;

қайта қосу камерасының орналасу орны;

техникалық пайдалану ережесі;

су құбырын, кәрізді пайдалану ережесі.

12. Озонаторшы
Параграф 1. Озонаторшы, 5-разряд
72. Жұмыс сипаттамасы:

аспаптардың көрсеткіштері бойынша суды озондаудың және озондау қазандығында разрядтың сипаты бойынша көзбен технологиялық процесті жүргізу;

кептіру құрылғысының толтырғышын регенерациялау;

берілген режимге сәйкес озондау станциясын іске қосу және реттеу;

суда және станцияның өндірістік орынжайындағы озон концентрациясын бақылау;

станциялардың жекелеген элементтеріндегі ақаулықтарды айқындау.

73. Білуге тиіс:

озондау станциясының технологиялық тәсімі;

озондау станциясы және қосалқы жабдықтарды энергиялық қоректендіру электр тәсімі;

станциялардың жұмыс принципі мен жекелеген элементтерінің, ауа үрлегіштердің, озондау қазандығы ауасын кептіру блогының, бекіткіш және реттегіш аппаратурасының контактілік бассейнінің құрылымы, өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі мен қауіпсіз жұмыс істеуі;

жоғары шиеленіс құрылғыларын пайдалану және қауіпсіздік жұмысы ережесі.

13. Су бекіту имараттарының операторы


Параграф 1. Су бекіту имараттарының операторы, 1-разряд
74. Жұмыс сипаттамасы:

берілген ординарда су қоймасындағы су деңгейін өлшеу және бекіту құрылғысының көмегімен деңгейін реттеу;

бекіту құрылғыларының герметикалығын тексеру және плотиналар мен су қоймаларының жай-күйін қадағалау;

тығын болдырмау, жапырақтарды жинау; көл, арналар, құбыржолдар жүйесін санитарлық қорғау;

сүзгілеу торларын қоқыстан тазарту.

75. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскедегі сумен жабдықтау тәсімі;

қызмет көрсетілетін су бекіту имараттарының қысқы және жазғы кезеңдегі қызметі мен жұмыс принципі.

Параграф 2. Су бекіту имараттарының операторы, 2-разряд


76. Жұмыс сипаттамасы:

қоректендіру арналары мен құбыржолдардың қорғау қалқандарына қызмет көрсету;

құбыржолдар мен резервуарлардағы су тегеуріні мен деңгейін өлшеу;

көтеру механизмдеріне қызмет көрсету және қалқандарды талямимен және электр тельфермен төмендету;

көтергіш айлабұйымдары мен бекіткіш арматураны профилактикалық байқау және майлау;

шлюзді жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою;

су режимін және бекіткіш құрылғылары жарамдылығын қадағалау;

қызмет көрсететін имараттардың жұмысын жүргізу;

қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеуге қатысу.

77. Білуге тиіс:

қоректендіру арналарының, бекіткіш құбыржолдардың, жеткізгіш арналар мен электр жабдықтарының жұмыс істеу режимдері, судың жіберілу тәсілдері мен өндірістік магистральдар;

қызмет көрсетілетін учаске арналары мен құбыржолдарының орналасу тәсімі;

бас имараттардың, су бұрғыштар мен шлюз жабдықтарының тәсімдері, электр техникасы мен гидравлика негіздері, шлюз механизмдерін басқару ережесі.

Параграф 3. Су бекіту имараттарының операторы, 3-разряд


78. Жұмыс сипаттамасы:

гидротехникалық имараттарға қызмет көрсету және су деңгейін қадағалау;

шлюздерді бетон және тас плитамен бекіту, құбыржолдарды монтаждау және қалау, имараттарды жөндеудегі басқа жұмыстарды орындау;

шлюз аппаратының көтергіш механизмдерін басқару;

техникалық басшының көрсеткіші бойынша механизмдерді қайта қосу;

қысқы кезеңде торларды электр тогымен қыздыру.



79. Білуге тиіс:

гидроимараттардың орналасу тәсімі;

гидроимараттардың жұмысының берілген параметрлері, сүзгілеу торларын тазалау тәсілдері, қызмет көрсетілетін ауданды сумен жабдықтау тәсімі, механизмдер мен электр аппаратураны пайдалану ережесі;

жер, бетон, таспен жұмыс істеу технологиясы.

14. Су құбыры-кәріз шаруашылығында қашықтықтан басқару пультінің операторы
Параграф 1. Су құбыры-кәріз шаруашылығында қашықтықтан басқару пультінің операторы, 2-разряд
80. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен қашықтықтан басқару пультынан су құбыры-кәріз имараттарына қызмет көрсету;

берілген режимге сәйкес агрегаттардың жұмысын реттеу;

бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің жазбасын жүргізу.

81. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін имараттарды қолдану принципі;

шұғыл қайта қосу ережесі мен тәртібі.

Параграф 2. Су құбыры-кәріз шаруашылығында қашықтықтан басқару пультінің операторы, 3-разряд


82. Жұмыс сипаттамасы:

қашықтықтан басқару пультынан қуаттылығы тәулігіне 300 м ³мың су құбыры-кәріз имараттарына қызмет көрсету;

берілген режимге сәйкес агрегаттардың жұмысын реттеу;

бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің жазбасын жүргізу.

83. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін имараттарды қолдану принципі;

электр аппараттарды пайдалану ережесі, шұғыл қайта қосу ережесі мен тәртібі, электр техникасы жөніндегі негізгі мәліметтер.

Параграф 3. Су құбыры-кәріз шаруашылығында қашықтықтан басқару пультінің операторы, 4-разряд


84. Жұмыс сипаттамасы:

қашықтықтан автоматты басқару пультынан қуаттылығы тәулігіне 300 м ³мыңнан жоғары 500 мыңға дейінгі су құбыры-кәріз имараттарына қызмет көрсету;

белгі беру құрылғыларындағы: клеммалар, лампочкалар, контактілер және тағы баска ұсақ ақаулықтарды жою.

85. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін технологиялық жабдықтар мен имараттардың құрылымы;

бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерін қолдану принципі мен мәні, имараттардың технологиялық тәсімі, шұғыл қайта қосудың кезектілігі мен ережесі;

жабдықтар мен имараттардың жұмыс режимі;

электр аппаратураны пайдалану ережесі.

Параграф 4. Су құбыры-кәріз шаруашылығында қашықтықтан басқару пультінің операторы, 5-разряд
86. Жұмыс сипаттамасы:

қашықтықтан автоматты басқару пультынан қуаттылығы тәулігіне 500 м ³мыңнан жоғары су құбыры-кәріз имараттарына қызмет көрсету;

жекелеген аспаптар мен құрылғылардың кемшіліктерін баптау және жою;

жоғары вольтты тарату құрылғыларындағы шұғыл қайта қосу өндірісі.

87. Білуге тиіс:

қашықтықтан автоматты басқару жүйесінің құрылымы, имарат жұмысын шұғыл реттеу ережесі мен тәртібі;

бақылау-өлшеу аспаптары жұмысының дұрыстығын тексеру тәсілдері.

15. Аэротенктегі оператор


Параграф 1. Аэротенктегі оператор, 2-разряд
88. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне 50 мың м3 –ға дейінгі өнімділікпен суды биологиялық тазалау имараттарына қызмет көрсету;

аэротенктердің берілген жұмыс режимін сақтау;

ауа арналары жүйесін басқару;

имараттардың, агрегаттардың, механизмдердің авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

ағымдағы және профилактикалық жөндеуге қатысу.

89. Білуге тиіс:

жеткізетін және тарататын коммуникациялар жүйесінің мөлшерлеу құрылғыларының қызметі мен қолдану принципі;

тұнбаны үрлеу және айдау жөніндегі жабдықтар мен имараттарды пайдалану ережесі.

Параграф 2. Аэротенктегі оператор, 3-разряд


90. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне 50 мың м3 –нан 200 мыңға дейінгі өнімділікпен суды биологиялық тазалау имараттарына қызмет көрсету;

аэротенк топтарын пайдалану және берілген жұмыс режимін сақтау;

аэротенктер бойынша белсенді тұнба сұйықтығын тарату;

тұнба арнасының, ауа өткізгіштердің, реттегіш механизмдердің жекелеген учаскелерін басқару;

аэротенктердің жұмысын бақылау-өлшеу аспаптары бойынша қадағалау;

ауаның және белсенді тұнбаның жіберілуін реттеу;

аэротенк топтары жұмысының технологиялық берілген режимін қамтамасыз ету;

суды биологиялық тазалау имараттарын ағымдағы және профилактикалық жөндеуге қатысу.

91. Білуге тиіс:

аэротенктер мен олардың коммуникациялары, қайталама тұндырғыштардың құрылымы, тазалау имараттары бойынша сұйықтық пен белсенді тұнбадан өту жолдары;

реттейтін механизмдердің, тұнба арналарының, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен қызметі;

жөндеу жұмыстарын жүргізу ережесі.

Параграф 3. Аэротенктегі оператор, 4-разряд


92. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне 200 мың м3 –нан асатын өнімділікпен суды биологиялық тазалау имараттарына қызмет көрсету;

имараттардың жұмысын үйлестіру және жекелеген имараттарға қызмет көрсететін біліктілігі төмендеу операторды басқару;

су тазалаудың технологиялық режимін бекіту;

барлық имараттар мен биологиялық тазалау механизмдерінің жұмыс журналын жүргізу.

93. Білуге тиіс:

ағын суды тазалау технологиялық процесі;

жер асты коммуникацияларының, құдықтардың, камералар, дюкерлердің тәсімдері;

бекітілген жерлерді тазалау тәсілдері.

16. Биосүзгідегі оператор


Параграф 1. Биосүзгідегі оператор, 2-разряд
94. Жұмыс сипаттамасы:

биосүзгі секцияларына қызмет көрсету және суды олардың бетіне теңдей таратылуын қадағалау;

тарату: спринклерлік және реактивтік суландыру құрылғыларын тазалау;

мөлшерлеу құрылғыларын баптау және зарядтау және сүзгілерді зарядтау кезеңін кезектестіру;

сүзгіге ауаның жіберілуін тексеру;

сүзгі бетіндегі қалқыған заттарды қажетіне қарай тазалау, сүзгілеу қабатын: домна шлагын, қиыршық тасты штыктау, имараттарды пайдалану журналын жүргізу.

95. Білуге тиіс:

биосүзгілердің қызметі мен қолдану принципі;

биосүзгідегі суды тазалау процесі;

сүзгілеу қабатына арналған қиыршық тас пен домна шлагы түйіршіктерінің шекті мөлшері;

сүзгілерді зарядтау кезеңдері;

имараттарды пайдалану журналын жүргізу ережесі.

17. Тұнба алаңындағы оператор
Параграф 1. Тұнба алаңындағы оператор, 1-разряд
96. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 50 мың м3 имараттарға қызмет көрсету;

алаңдағы тұнбаның таратылуын реттеу, біліктерді қадағалау;

алаңшалар мен таратқыш лотоктарды ұсақ жөндеу;

алаңшадағы жүктеменің біркелкі таралуын қадағалау, оларды кезектестіру және алаңшадағы қатқан қалдықтарды тазалау.

97. Білуге тиіс:

тұнба алаңының қызметі мен жұмыс принципі;

алаңдарды және тарату лотоктарын тазалауда қолданылатын айлабұйымдар мен аспаптар.

Параграф 2. Тұнба алаңындағы оператор, 2-разряд
98. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 200 мың м3 имараттарға қызмет көрсету;

тұнба алаңдарын немесе тұнба бөгендерін аралап тексеру; тұнбаның тұнба алаңы каскады бойынша біркелкі таралуын қадағалау және сүзгілеу қабатының түсуін реттеу. жеткізу арналарын және жер асты тарату арналарын тұнбадан тазарту және жазғы кезеңде алаңның жер асты біліктеріндегі арам шөпті тазарту; қысқы уақытта қатқан жерлерін жою;

алаңдағы берілген жүктемені сақтау;

коммуникацияларды профилактикалық жөндеу.

99. Білуге тиіс:

тұнба алаңдарын, тұнба бөгендерін табиғи жолмен кептіру имараттарының құрылымы мен қызметі;

ағын судың тұнбасын кептіру тәсілдері;

жөндеу жұмыстарын жүргізу ережесі.

Параграф 3. Тұнба алаңындағы оператор, 3-разряд


100. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 200 мыңнан астам м3 имараттарға қызмет көрсету;

төмендеу разрядты операторды басқару;

тұнбаны қайта айдау сорғы станциясының жұмысын қадағалау;

кептірілген тұнбаны механикалық тазалау және оны тасымалдау.

101. Білуге тиіс:

құбыржолдардың тәсімдері, оларды қайта қосу, тұнбаны тазалау мен оларды тасымалдау механизмдері.

18. Метантенктегі оператор


Параграф 1. Метантенктегі оператор, 2-разряд
102. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 100 мың м3 –ге дейінгі агрегаттарға қызмет көрсету;

шикі тұнба және белсенді тұнбаны салу;

метатенктегі тұнбаның деңгейін және температурасын қадағалау және будың жіберілуін реттеу;

күмбез асты кеңістігіндегі және газ желісіндегі газдың тұрақты қысымын ұстап отыру;

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен имараттар мен механизмдерді профилактикалық және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысу.

103. Білуге тиіс:

метантенктердің қызметі мен жұмыс принципі, жеткізетін және тарататын коммуникациялардың тәсімі;

буды қысымын, тұнба деңгейі мен температурасын бақылау аспаптары мен температуралық режимі.

Параграф 2. Метантенктегі оператор, 3-разряд


104. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 100 мың м3 –нан 200 мың м3 – ге дейінгі агрегаттарға қызмет көрсету;

тұнбаны тарату, метантенктер тобындағы ашыған тұнбаны іріктеуді қамтамасыз ету;

араластырғыш құрылғылардың жұмысын бақылау: эжекторлар, механикалық араластырғыш, гидроэлеватор;

тұнбаны және белсенді тұнбаны түсіру, метантенктер жұмысының берілген режимін қолдау;

профилактикалық және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысу.

105. Білуге тиіс:

барлық коммуникациядағы метантенктердің құрылымы, газ желісі мен арматураны пайдалану ережесі;

гидроэлеватор, механикалық араластырғыш және эжекторлардың құрылымы мен жұмыс принципі.
Параграф 3. Метантенктегі оператор, 4-разряд
106. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 200 мың м3 –нан 500 мың м3 – ге дейінгі агрегаттарға қызмет көрсету;

метантенк имараттары кешені: мөлшерлеу камерасы, газ тарату құрылғылары, сорғы станциялары мен шикі және ашыған тұнбаны айдайтын сорғы станцияларының, газ реттеу станцияларының жұмысын үйлестіру;

берілген технологиялық режимге басқару пультын орнату;

механизм кешенінің және технологиялық аспаптың жұмыс журналын жүргізу;

механизмдер мен имараттардың профилактикалық және ағымдағы жөндеу жұмыстары.

107. Білуге тиіс:

жер асты коммуникациялары: құдықтар, камералар, дюкер, құбыржол тәсімдері; тығындарды жою тәсілдері;

ағын суды тұндыру принципі, газ желісінің, газ реттеу станциясы мен жабдықталған эксгаустер орынжайлардың, қорғау газ құрылғыларының, конденсат жинағыштардың орналасу ережесі;

электр техникасы, химия, микробиология негіздері.

Параграф 4. Метантенктегі оператор, 5-разряд
108. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 500 мың м3 –нан асатын агрегаттарға қызмет көрсету;

технологиялық режим белгілеу;

тұнбаларды айдайтын сорғы станцияларын қоса, түрлі механизмдер мен имарат агрегаттарын басқару;

механизмдер мен имараттарды профилактикалық және ағымдағы жөндеу жұмыстарында төмендеу разрядты операторды басқару.

109. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін имарат жұмыстарының технологиялық процесі;

жөндеу жұмыстарын жүргізу ережесі мен технологиясы, технологиялық процесті қашықтықтан басқару принципі мен ережесі.

19. Тұндырғыштардағы оператор

Параграф 1. Тұндырғыштардағы оператор, 2-разряд


110. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 50 мың м3 агрегаттарға қызмет көрсету;

тұндырғыштардан тұнбаны шығару және оның сапасын қадағалау;

санитария және гигиена ережелеріне сәйкес имараттар мен механикалық жабдықтарды тазалықта ұстау;

ағын сұйықтықтың түсуіне қарай имараттың жұмыс істеу режимін өзгерту;

қызмет көрсетілетін имаратты ағымдағы және профилактикалық жөндеуге қатысу.

111. Білуге тиіс:

тазалау имараттары мен механикалық жабдықтардың қызметі мен қолдану принципі;

тұнба қырғыштардың, тұнба сорғылардың түрлі жүктемедегі жұмыс режимдері, механикалық жабдықтарды жөндеу және су жинау лотоктарын тазалау мерзімдері.

Параграф 2. Тұндырғыштардағы оператор, 3-разряд


112. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 50 мың м3-дан 200 мың м3-ға дейінгі агрегаттарға қызмет көрсету;

механизмдерді іске қосу және тоқтату;

тұндырғыштардағы тұнбаны түсіру және түсіру ұзақтығын реттеу. тұндырғыш жұмысының берілген режимін сақтау, олардан судың жіберілуін реттеу;

науаға алғаш тұндырғаннан кейін, белгіленген деңгейден көп тұнба жиналғанда жүзген қалдықтардың түсуін болдырмау;

құбыржолдардағы тығындарды алып тастау;

механикалық жабдықтарды ағымдағы жөндеу.

113. Білуге тиіс:

тұнба қырғыш және тұнба сорғыш механизмдердің құрылымы, олардың жұмыс істеу принципі;

тазалау имараттарының гидравликалық режимі мен олардың жұмыс принциптері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен пайдалану.

Параграф 3. Тұндырғыштардағы оператор, 4-разряд
114. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 200 мың м3-нан жоғары агрегаттарға қызмет көрсету;

имараттар мен механизмдерді профилактикалық жөндеу жұмыстары;

механикалық тазалау механизмдерінің, агрегаттар мен имараттардың жұмыс есебі;

автоматты басқару пультінің технологиялық режимін белгілеу.

115. Білуге тиіс:

жер асты коммуникацияларының: құдықтар, камералар, дюкерлер, қорғау құрылғыларының тәсімдері, өлшеу құрылғылары, тығын тазалау тәсілдері;

механизмдерді: тұндырғыштар, сорғылар мен гидроэлеваторларды баптау тәсілдері;

электр техникасы мен слесарлық іс негіздері.

Параграф 4. Тұндырғыштардағы оператор, 5-разряд


116. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 500 мың м3-нан жоғары агрегаттарға қызмет көрсету;

имараттардың жұмысын үйлестіру және төмендеу разрядты операторларды басқару;

механизмдерді, агрегаттар мен механикалық тазалау имараттарын күрделі жөндеу.

117. Білуге тиіс:

ағын суды механикалық тазалау технологиясы негіздері мен принциптері;

жөндеу жұмыстарын жүргізу ережесі мен технологиясы;

технологиялық процесті басқару пультінің жұмыс істеу тәсімі.

20. Құм тұтқыш және май тұтқыш операторы

Параграф 1. Құм тұтқыш және май тұтқыш операторы, 2-разряд


118. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 500 мың м3 құм тұтқыш және май тұтқышқа қызмет көрсету;

құмды жою механизмдерін іске қосу және тоқтату;

құмның мөлшерін қадағалау және құмды айдау ұзақтығын айқындау;

құм алаңшаларына құмның жіберілуін қадағалау және алаңшалардағы тазалайтын суды жою айлабұйымдарындағы тығынның тұруын реттеу;

түсірілетін құмды өлшеу; орта сынама алу;

құбыржолдар мен гидроэлеваторлардағы тығынды жою;

құм тұтқыштар мен май тұтқыштардың үздіксіз істеуін қамтамасыз ету;

құм тұтқыш пен май тұтқыштың жұмыс журналын жүргізу.

119. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін тазалау имараттарын, құбыржол коммуникациялары мен лотоктардың қызметі мен жұмыс принципі, құм тұтқыш және май тұтқыштарды ағымдағы және профилактикалық жөндеу ережесі.
Параграф 2. Құм тұтқыш және май тұтқыш операторы, 3-разряд
120. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 500 мың м3 құм тұтқыш және май тұтқышқа қызмет көрсету;

құм тұтқыш жұмысы, су, ауа жіберу, құм пульпасын айдау режимдерін белгілеу;

сорғы құрылғыларына: гидроэлеваторлары, жоғары тегеурінді сорғыларға қызмет көрсету және бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштеріне сәйкес жұмыс есебін жүргізу;

профилактикалық және ағымдағы жабдықтарды жөндеуді жүзеге асыру және төмендеу разрядты операторларды басқару.

121. Білуге тиіс:

түрлі құм тұтқыш, гидроэлеватор, сорғы, бақылау-өлшеу аспаптары, құбыржол коммуникациялары жүйелерінің құрылымы;

ағын суды тазалау технологиясы.

21. Тор операторы
Параграф 1. Тор операторы, 1-разряд

122. Жұмыс сипаттамасы:

тырма арқылы қолмен тордан қалдықтарды алып тастау;

уатқышқа қалдықтарды тасымалдау және оларды уату;

торды ағымдағы және профилактикалық жөндеуге қатысу.

123. Білуге тиіс:

жеткізу арнасы мен уатқыштағы тордың қызметі мен жұмыс принципі;

тор және уатқышты күтудің негізгі талаптары.

Параграф 2. Тор операторы, 2-разряд

124. Жұмыс сипаттамасы:

механикалық тырмаларға, торларға, электр қозғалтқыштарға, уатқыштар мен басқа да механизмдерге қызмет көрсету;

торды ағымдағы және профилактикалық жөндеуге қатысу.

125. Білуге тиіс:

механикалық тырмаларға, торларға, электр қозғалтқыштарға, уатқыштар мен басқа да механизмдер мен айлабұйымдардың құрылымы және жұмыс істеу принципі;

арналар мен құбыржолдар коммуникацияларының тәсімі.

Параграф 3. Тор операторы, 3-разряд

126. Жұмыс сипаттамасы:

автоматты құрылғы кешеніне қызмет көрсету;

төмендеу разрядты операторлардың жұмысын басқару;

қызмет көрсетілетін жабдықтың авариясыз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

тырмалау бөлімшесінен түскен қалдықтарды және уатуға келмейтін заттарды басқа операторлармен бірлесіп алып тастау;

профилактикалық және ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру, жабдықтардың жарамдылығын жою.

127. Білуге тиіс:

автоматты құрылғының құрылымы мен жұмыс принципі;

жеткізу және тарату арналарының тәсімдері;

слесарлық іс негіздері.

22. Тазалау имараттарының операторы

Параграф 1. Тазалау имараттарының операторы, 1-разряд


128. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 5 мың м3 тазалау имараттары кешеніне қызмет көрсету;

тырма немесе арнайы тырмалағыштар арқылы тордағы қалдықтарды алып тастау;

алаңның дұрыс жүктелуін қадағалау;

алаңдар мен тарату лотоктарын ұсақ жөндеу;

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен торды ағымдағы жөндеуге қатысу.

129. Білуге тиіс:

тұндыру алаңшасының, торлар мен тығын құрылғыларының қызметі мен қолдану принципі;

алаңшалар мен тарату лотоктарын тазалауда қолданылатын аспаптар мен айлабұйымдар;

торды күту жөніндегі негізгі талаптар.

Параграф 2. Тазалау имараттарының операторы, 2-разряд

130. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 5 мың м3 –ға дейінгі тазалау имараттары кешеніне қызмет көрсету;

тұндырғыштардағы тұнбаны шығару;

ағын сұйықтығына қарай имараттың жұмыс режимін реттеу;

биосүзгі секциялары бетіндегі суды тарату;

тарату құрылғыларын тазалау;

мөлшерлеу құрылғыларын баптау және зарядтау және кезеңдерін ауыстыру;

сүзгіге ауаның жіберілуін қадағалау;

сүзгі беттеріндегі қалқыған қалдықтарды алып тастау; сүзгілеу қабатты үшкірлеу;

алаңшалар мен тоғандарға қызмет көрсету;

тұнбаның тұнба алаңдарының каскадтары бойынша дұрыс таралуын қадағалау;

жеткізу арналарын, дренаждарды тұнбалардан және жазғы кездерде арам шөптен тазарту; қысқы уақытта қатқан қалдықтарды алып тастау;

шикі тұнба және белсенді тұнбаны салу;

метантенктердегі тұнба деңгейін және температураны қадағалау;

күмбез асты кеңістігіндегі және газ желісіндегі газ қысымын ұдайы ұстап отыру;

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен имараттар мен механизмдерді профилактикалық және ағымдағы жөндеу.

131. Білуге тиіс:

тазалау имараттарының құрылымы, жұмыс режимдері;

арналар мен құбыржолдардың коммуникациялары;

жабдықтарды профилактикалық жөндеу және су жинау лотоктарын тазалау мерзімдері, мөлшерлеу құрылғыларының, жеткізу және тарату коммуникациялары жүйесінің, электр сорғылардың, тұнбаны үрлеу және айдау жабдықтарының құрылымы;

қолданылатын сүзгілеу қабаты фракциясын, биосүзгідегі суды тазалау процесі, сүзгілерді зарядтау кезеңін алмастыру, биосүзгідегі жұмыс журналын жүргізу;

ағын судың тұнбасын табиғи жолмен кептіру тәсілдері;

табиғи жолмен кептіру имараттарының құрылымы мен қызметі.

Параграф 3. Тазалау имараттарының операторы, 3-разряд
132. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 5 мың м3 –нан жоғары тазалау имараттары кешеніне қызмет көрсету;

құмды шығару механизмдерін іске қосу және тоқтату, құм тұтқыштағы құмның мөлшерін қадағалау, өлшегіштерді жүргізу және сынама алу, құбыржолдар мен гидроэлеватор тығындарын алып тастау;

тұндырғыштағы тұнбаны жіберу, олардағы судың деңгейін өз бетінше реттеу;

берілген деңгейден асатын тұнбаның жиналуын болдырмау;

биосүзгі секцияларын пайдаланып өз бетінше жұмыс істеу;

ағын сұйықтығын тарату;

метантенктердегі тұнбаны тарату және газды сынау;

араластырғыш құрылғыларының жұмысын бақылау;

тұнбаны және белсенді тұнбаны түсіру.профилактикалық және ағымдағы жөндеу.

133. Білуге тиіс:

тазалау имараттарының гидравликалық режимдері;

метантенктердегі бу, тұнба деңгейін және температураны бақылау аспаптары;

газ желілерін пайдалану ережесі;

метантенктердің температуралық режимі;

сумен жабдықтар және тазалау имараттарының санитарлық аймақ тәсімдері.

23. Сүзгідегі оператор
Параграф 1. Сүзгідегі оператор, 1-разряд
134. Жұмыс сипаттамасы:

толтыру материалдарын шаю және сұрыптау;

торлардың, тазалау имараттарының, арналардың, камералардың, құдықтардың бетін тазалау, тазаланған заттарды алып тастау;

орынжайлардағы және тазалау имараттарында санитария және гигиена ережелерін сақтау.

135. Білуге тиіс:

тазалау имараттарының қызметі мен негізгі элементтері, судың қасиеті мен сапасы;

имараттарды санитарлық тазалау ережесі.

Параграф 2. Сүзгідегі оператор, 2-разряд


136. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне өнімділігі 15 мың м3 сүзгілерге қызмет көрсету;

су құбыржолын тазалау имараттарын шаю және тазалау сапасын қадағалау;

кейіннен жұмысқа қоса отырып санитарлық өңдеу имаратын тоқтату;

сүзгілерді, контактілі жарықтандырғышты технологиялық шаю.

137. Білуге тиіс:

тазалау имараттары мен оларды біріктіретін коммуникациялардың құрылымы, тазалау имараттарын техникалық пайдалану ережесі.

Параграф 3. Сүзгідегі оператор, 3-разряд


138. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне өнімділігі 15 мыңнан 60 мың м3-ге дейінгі сүзгілерге қызмет көрсету;

тұндырғыштардағы қалдықтарды және ағартқыштардағы тұнбаларды босатпай алып тастау;

профилактикалық және авариялық жөндеу имараттары тобының жұмысын тоқтату;

тазалау имараттарының технологиялық және қосалқы жабдықтарының жұмысын қадағалау, берілген режимнен ауытқуын анықтау.

139. Білуге тиіс:

технологиялық және қосалқы жабдық құрылымдары мен жұмыстары;

имараттардағы суды өңдеу режимдері, тазалау имараттарының жұмысын есептеу жүйесі мен белгіленген құжаттаманы жүргізу ережесі.

Параграф 4. Сүзгідегі оператор, 4-разряд
140. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне өнімділігі 60 м3 мыңнан асатын сүзгілерге қызмет көрсету;

берілген режим бойынша технологиялық және қосалқы жабдықтардың жұмысын реттеу және есептеу;

тазалау имараттарының жұмысын автоматты түрде реттеу;

суды шаю сапасын мемлекеттік стандартқа сәйкес қамтамасыз ету;

имараттарды технологиялық және санитарлық өңдеу сапасын, профилактикалық және авариялық жөндеу сапасын бақылау.

141. Білуге тиіс:

технологиялық және қосалқы жабдықтар мен автоматты реттеу құралдарының құрылымдық ерекшеліктері, тазалау имараттары мен технологиялық жабдықтардың жұмысын автоматты реттеу ережесі мен әдістері.

24. Эмшер операторы
Параграф 1. Эмшер операторы, 2-разряд
142. Жұмыс сипаттамасы:

екі сатылы тұндырғыштарға (эмшерлерге) қызмет көрсету;

эмшерге сұйықтық жіберу және оны шығару;

«Піскен» тұнбаны шығару;

тұнбаларды ашыту барысын қадағалау;

науалар мен саңылауларды ірі қалдықтардан ұдайы тазартып отыру;

жинақтау науаларындағы сұйықтықты ағарту деңгейін бақылау;

қабығын алып тастау;

ашытудың берілген режимінен ауытқуын анықтау және оларды жою;

тұнбаны өлшеу және сынама алу;

имаратты жөндеуге қатысу.

143. Білуге тиіс:

тазалау имаратының құрылымы мен ағын сұйықтығын тазалау технологиясы;

имарат механизмдерінің құрылымы мен профилактикалық жөндеу мерзімдері.

25. Суландыру және сүзгілеу алаңы операторы
Параграф 1. Суландыру және сүзгілеу алаңы операторы, 1-разряд
144. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 30 мың м3–ге дейінгі суландыру және сүзгілеу алаңдары учаскелеріне қызмет көрсету және аралап тексеру;

учаске аумағындағы ағын сұйықтығын біркелкі тарату;

жеткізу арналарын, дренаж және жер асты тарату арналарын тұнба қабаттан және шөптен тазарту, суландырылатын учаскелердің берілген жүктемесін сақтау;

имараттарды профилактикалық және ағымдағы жөндеу;

техникалық имараттардың жарамдылығын қадағалау.

145. Білуге тиіс:

суландыру және сүзгілеу алаңдары имараттарының қызметі мен қолдану принциптері;

суды тазалау тәсілдері.

Параграф 2. Суландыру және сүзгілеу алаңы операторы, 2-разряд


146. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 30 мың м3 –нан асатын суландыру және сүзгілеу алаңдары учаскелеріне қызмет көрсету және аралап тексеру;

агрономның тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары егілген алаңдарға қызмет көрсету;

суландырылатын учаскелер мен имараттардың жағдайын қадағалау;

алаңдарды қысқы және жазғы суғаруға уақытылы дайындау.

147. Білуге тиіс:

суландыру және сүзгілеу алаңдары имараттарының құрылымы;

суғару алаңдарының орналасуы мен суландыру жүйесін тарату;

агротехника және биохимия негіздері.

26. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар жабдықтарын басқару пультінің операторы


Параграф 1. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар жабдықтарын басқару пультінің операторы, 1-разряд
148. Жұмыс сипаттамасы:

тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардағы лифтілердің жұмысымен екі жақты келісу арқылы бақылау;

лифтілерді авариялық тоқтауы туралы ақпаратты жинау;

жарамсыз лифтілерді тоқтату;

үй қабаттарының арасында тоқтап қалған лифті кабиналарындағы жолаушыларды шығару;

келісу байланысындағы жарамсыздықтарды жою;

авариялық қызметке және жоғары тұрған ұйымға авариялық тоқтаулар туралы деректер жіберу, журналды жүргізу.

149. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін лифтілерді құрылымы және қызметі туралы қарапайым мәліметтер;

өрт қауіпсіздігі талаптары, лифті кабинасында және тоқтау алаңдарында орналасқан екі жақты келіссөз байланысының, басқару аппараттарының қызметі;

лифтіні пайдалану ережесі.

Параграф 2. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар жабдықтарын басқару пультінің операторы, 2-разряд


150. Жұмыс сипаттамасы:

тұрғын үй және қоғамдық ғимарат лифтілерінің жұмысын пультпен үш белгілі автоматты бақылауды жүзеге асыру;

пульттағы және белгі беру және келіссөз байланысы жүйесіндегі ұсақ авариялық тоқтауларды болдырмау;

лифтіні тексеру;

шахта, кабина және жер асты контактілерінің есігіндегі құлыптар мен қауіпсіздік контактілерінің жарамдылығын тексеру.

151. Білуге тиіс:

белгі беру және екі жақты келісу құрылғыларының тәсімдері;

лифтінің қорғау құрылғыларының қызметі мен орналасуы;

шахта, кабина және жер асты контактілері есігіндегі қауіпсіздік контактілерінің құрылымы мен реттеу;

шахта және кабиналарды қоршау талаптары.


Параграф 3. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар жабдықтарын басқару пультінің операторы, 3-разряд


152. Жұмыс сипаттамасы:

ақауларды автоматты іздеуді қоса отырып лифтілердің жұмысын пультпен автоматты көп белгілі бақылауды басқару және жүзеге асыру;

белгі беру жүйесіндегі және лифтілерді диспетчерлік басқару пультында келіссөз байланысындағы ақаулықтарды жою;

техникалық қызмет көрсету, жөндеу.

153. Білуге тиіс:

пульттің құрамдас бөліктерінің, байланыс желілерінің құрылымы, лифтілердегі ақаулықтарды автоматты іздеу тәсімдері;

контактілі және контактісіз датчиктерді реттеу және жөндеу ережесі мен тәсілдері;

электр техникасы негіздері мен электронды микроэлементтердің қолдану принципі.

Параграф 4. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар жабдықтарын басқару пультінің операторы, 4-разряд
154. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, лифтілер мен басқа да инженерлік жабдықтардың, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау жұмысын диспетчерлік пультты автоматты бақылауды басқару және жүзеге асыру;

көрсеткіштері дұрыс болмаған жағдайда жекелеген жүйелердің жұмысы туралы белгілерді диспетчерлік пульттан шығару;

пульт және датчик арасындағы сымды байланыс және пультты жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

155. Білуге тиіс:

диспетчерлік пульт құрылымы мен принципиальды тәсімі, инженерлік жабдықтардың жұмысын автоматты бақылау датчигінің құрылымы мен оларды реттеу және ауыстыру тәртібі;

пәтерлер мен кіреберістер арасындағы байланыс құрылғылары, датчиктер, түрлі белгі беру арасындағы байланысқа қойылатын техникалық талаптар.

Параграф 5. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар жабдықтарын басқару пультінің операторы, 5-разряд


156. Жұмыс сипаттамасы:

қаладағы тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, лифтілер мен басқа да инженерлік жабдықтардың жұмысын диспетчерлік пультты автоматты бақылауды басқару және жүзеге асыру;

желідегі судың қысымы, температурасы, лифтінің және басқа да инженерлік жабдықтардың жағдайы туралы ақпарат жинау;

жарамсыз жабдықтарды тоқтату;

инженерлік жүйелер мен телебелгі беру және телебасқару жабдықтарының, су құбырларының, кәріздің, жылумен жабдықтау және лифтілердің берілген режиміне сәйкес техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, реттеуді ұйымдастыру және қатысу;

инженерлік жүйе, жабдықтардың техникалық жағдайы мен жүргізілген жұмыс туралы деректер журналын жүргізу және жоғары тұрған ұйымға жіберу.

157. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін инженерлік жүйе және жабдықтар кешенінің құрылымы;

жүйе және жабдықтарды реттеу, техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу ережесі мен тәсілдері, лифтілердің, жарықтандыру, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, кәріз жұмысындағы ақаулықтарды себептері мен сыртқы желі тәсімдері және оларды жою ережесі, журналдарды ресімдеу және бастапқы құжаттарды ресімдеу ережесі;

жылу тұтынушыларының жұмыс режимі кестесі, түсетін ақпаратты есептеу және өңдеу тәртібі, жылу техникасы мен электр техникасы негіздері.

Параграф 6. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар жабдықтарын басқару пультінің операторы, 6-разряд
158. Жұмыс сипаттамасы:

қаладағы тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, лифтілер мен басқа да инженерлік жабдықтардың жұмысын диспетчерлік және бақылау пункттері аппаратураларын жөндеп және баптай отырып диспетчерлік пультты автоматты бақылауды басқару және жүзеге асыру;

инженерлік жүйе және телебелгі беру жабдықтарының, телебасқару және өртке қарсы автоматика электронды құрылғылардың берілген режимге сәйкес техникалық қызмет көрсетуді, ағымдағы жөндеу, реттеуді ұйымдастыру және қатысу;

пәтерлердегі инженерлік жабдықтарды, лифтілерді, қоқыс шығару құрылғыларын дұрыс пайдалану туралы тұрғындармен профилактикалық жұмыс жүргізу.

159. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін инженерлік жүйе және жабдықтар кешенінің кинематикалық, электрлік және мнемоникалық тәсімдері;

авариялық жағдайлардағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері;

электроника негіздері.

27. Тұнбаны тазалау имараттарының операторы
Параграф 1. Тұнбаны тазалау имараттарының операторы, 1-разряд
160. Жұмыс сипаттамасы:

резервуарлардағы брандспойтпен тұнбаны шаю және алып тастау;

су құбырлары жылжымаларын, қалқандарды, гидротығындарды және басқа да бекіту құрылғыларын жөндеудегі қосалқы жұмыстарды орындау.

161. Білуге тиіс:

тұндырғыштардағы қалдықтарды тұндыру алаңдарына дейін шығарып тастау тәсімі;

брандспойтті пайдалану ережесі.

Параграф 2. Тұнбаны тазалау имараттарының операторы, 2-разряд
162. Жұмыс сипаттамасы:

тұнба және шайма суды айдау сорғыларына қызмет көрсету;

тұндырғыштардың жұмысын тоқтату;

жылжымаларды, қалқандар мен басқа да жабдықтарды жөндеудегі қарапайым слесарлық жұмыстарды орындау.

163. Білуге тиіс:

су науаларының тәсімі, көлденең тұндырғыштардың, ағартылған су, тұнба резервуарларының, сорғы құрылғыларының құрылымы, сүзгілердің құрылымы;

өртке қарсы, шаруашылық құбырларының тәсімдері.

28. Тұнбаны сусыздандыру құрылғысының операторы


Параграф 1. Тұнбаны сусыздандыру құрылғысының операторы, 2-разряд
164. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 200 мың м3 тұнбаны сусыздандыру құрылғысына қызмет көрсету;

бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштері бойынша сүзгілерді шаюға арналған тігінен, түрілген, сорғы жабдықтарын қадағалау;

сүзгілеу матасын ауыстыру және жөндеу;

сүзгілерді айдау вакуум сорғыларына қызмет көрсету, олардың жұмысының технологиялық режимін қамтамасыз ету;

сусыздандырылған тұнбаны тасымалдау механизміне қызмет көрсету;

механизмдердің ағымдағы және профилактикалық жөндеуіне қатысу.

165. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін механизмдер мен имараттардың құрылымы;

шикізат және реагенттердің сипаттамасын, тұнбаны сусыздандыру технологиясы;

механизмдердің жұмыс режимдері.

Параграф 3. Тұнбаны сусыздандыру құрылғысының операторы, 3-разряд


166. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 200 мыңнан 500 мың м3-ге дейінгі тұнбаны сусыздандыру құрылғысына қызмет көрсету;

бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштері бойынша вакуум сүзгілердің, ауа жіберу жүйесінің, тұнба таратқыштардың, вакуум желілердің, химиялық реагенттердің құбырларын, сүзгілерді ресиверлерді шаю сорғы жабдықтарын қадағалау;

ингибирленген тұз қышқылы ерітіндісін әзірлеу және вакуум сүзгілерді шаю;

сорғы құрылғыларына қызмет көрсету;

реагент мөлшерін есептей отырып вакуум сүзгілерге түсетін шикізаттың ылғалдығын айқындау;

қызмет көрсетілетін жабдықтарды ағымдағы және орташа жөндеу.

167. Білуге тиіс:

вакуум сүзгілердің құрылымы мен олардың жұмыс принциптері, реагент мөлшерін және олардың концентрациясын айқындау тәсілдері;

химиялық реагенттердің молекулярлық салмағы;

реагенттерді сақтау және ұстау ережесі.

Параграф 4. Тұнбаны сусыздандыру құрылғысының операторы, 4-разряд


168. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 500 мыңнан м3 асатын тұнбаны сусыздандыру құрылғысына қызмет көрсету;

барлық коммуникацияларды, механизмдерді және агрегаттарды: сорғы, тұндырғыш, мөлшерлегіштердің жұмысын қадағалау;

имараттардың жұмысын үйлестіру және төмендеу разрядты операторды басқару;

имараттар мен механизмдерді ағымдағы, профилактикалық жөндеу;

тұнбаны сусыздандыру механизмдерінің, агрегаттары мен имараттарының жұмыс журналын жүргізу;

басқару пульты операторының технологиялық режимін белгілеу.

169. Білуге тиіс:

тұнбаны механикалық түрде сусыздандыру жабдығының құрылымы;

тұнбаны және белсенді тұнбасын механикалық сусыздандыру принциптері, аралас тазалау имараттарының, жер асты коммуникацияларының, құдықтардың, камералардың, дюкерлердің технология негіздері мен тұндыру технологиялық процесінің тәсімі, тығындарды жою тәсілдері, электр техника, химия, микробиология және слесарлық іс негіздері;

технологиялық процесті басқару пультымен жұмыс істеу тәсімі.

Параграф 5. Тұнбаны сусыздандыру құрылғысының операторы, 5-разряд


170. Жұмыс сипаттамасы:

қуаттылығы тәулігіне 1 млн-нан м3 асатын тұнбаны сусыздандыру құрылғысына қызмет көрсету;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын үйлестіру және төмендеу разрядты операторларды басқару;

жабдық жұмыстарының оңтайлы режимін таңдау;

ақаулықтарды анықтау және жою;

қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеуге қатысу.

171. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, белгі беру және қорғау құрылғылары мен агрегаттардың техникалық сипаттамасы, құрылымы мен жұмысы;

тұнбаны сусыздандыру технологиялық процесінің тәсімі, арнайы химиялық заттардың қасиеті.

29. Тұнбаны кептіру құрылғысының операторы,

Параграф 1. Тұнбаны кептіру құрылғысының операторы, 2-разряд
172. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен тұнбаны механикалық түрде кептіру құрылғысына қызмет көрсету;

кептіру құрылғыларына біркелкі және уақытылы тұнбаның жіберілуін қадағалау;

құрғақ тұнбаны іріктеу және кептіру құрылғыларының жұмыс режимін, кептірілген тұнбаны тасымалдау жұмыс режимін өзгерту;

механизмдерді жөндеуге қатысу.

173. Білуге тиіс:

барлық қызмет көрсетілетін механизмдердің қызметі мен жұмыс принципі;

кептіруге түсетін шикізаттың сипаттамасы мен кептіру технологиясына ылғалдың әсері;

механизмдерді профилактикалық жөндеу мерзімдері.

Параграф 2. Тұнбаны кептіру құрылғысының операторы, 3-разряд


174. Жұмыс сипаттамасы:

тұнбаны механикалық түрде кептіру құрылғысына қызмет көрсету;

механизмдерді профилактикалық жөндеуге қатысу.

175. Білуге тиіс:

барлық қызмет көрсетілетін механизмдердің қызметі мен жұмыс принципі;

механизмдерді профилактикалық жөндеу тәртібі.

Параграф 3. Тұнбаны кептіру құрылғысының операторы, 4-разряд
176. Жұмыс сипаттамасы:

вакуум сүзгілердегі тұнбаны термиялық түрде кептіру құрылғысына қызмет көрсету;

газ, ауа, кэктің жіберілуін реттеу арқылы құрылғы жұмыстарының берілген режимін ұстап отыру, бақылау-өлшеу аспаптары бойынша ылғалдықты және кептіру температурасын қадағалау;

механизмдерді ағымдағы жөндеу.

177. Білуге тиіс:

тұнбаны термиялық кептіру технологиясы, имараттар мен жер асты коммуникацияларының тәсімдері;

жылу техникасы, электр техникасы, химия және слесарлық іс негіздері.

Параграф 4. Тұнбаны кептіру құрылғысының операторы, 5-разряд


178. Жұмыс сипаттамасы:

барабанды кептіру пештерінде термиялық кептіру құрылғысына қызмет көрсету;

тұнбаны кептірудің технологиялық режимдерін бекіту;

тұнбаны механикалық түрде сусыздандыру және термиялық кептіру бөлімшелерінің имараттары мен машиналары кешенінің жұмысын үйлестіру;

жағу, агрегаттар мен термиялық кептіру механизмдерінің жұмыс журналын жүргізу;

механизмдер мен жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды айқындау және жою.

179. Білуге тиіс:

барабанды кептіру пештерінде тұнбаны термиялық кептіру технологиясы;

бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика тәсімдері мен жұмыс принциптері.

30. Хлоратор құрылғысының операторы


Параграф 1. Хлоратор құрылғысының операторы, 2-разряд
180. Жұмыс сипаттамасы:

бұлаулардағы зертхана рецептілері бойынша хлорлы әк және кальций гипохлорид ерітіндісін әзірлеу;

бос баллондардың жарамдылығын, яғни баллондардағы хлор, аммиак, күкірт газын толықтай пайдаланылуын, жарамды баллондардың ішіндегісін қадағалау (қақпағын кигізу, гайкасын бұрау);

баллондарды ағымдағы жөндеу: сальник орау, хлор, аммиак, күкірт газын жіберетін резина шлангілерін және түтіктерін ауыстыру;

баллондарды бекітілген тәртіпте сақтау, хлораторлы орынжайлардағы тұрақты температураны ұстау;

баллондарды қоймадан хлораторға дейін және кейін тасымалдау.

181. Білуге тиіс:

хлор, аммиак және күкірт газының қасиеті, ерітінді рецептурасы;

баллон құрылымдары;

газы бар және бос баллондарды тасымалдау және сақтау ережесі;

баллондар мен резина шлангілерді ағымдағы жөндеу ережесі, хлорды ұстау қауіпсіздік ережесі;

қорғау құралдары;

баллондардан хлордың және газдың шығуын болдырмау тәсілдері, газбен уланғанда жедел көмек көрсету тәсілдері.

Параграф 2. Хлоратор құрылғысының операторы, 3-разряд


182. Жұмыс сипаттамасы:

хлораторлы, аммиакты, фтораторлы ерітінділер жасау жөніндегі механикалық құрылғыларға және күкірт газы құрылғысына қызмет көрсету;

зертхана белгілеген хлордың, аммиактың, күкірт газының, фтордың мөлшерін ұстап отыру;

хлор, аммиак, күкірт газы, фтордың тұрақты шығымын бақылау, оларды аппараттар бойынша бөлу, аппараттарды қайта қосу;

жабдықтардың, механизмдердің жұмысын қадағалау;

қалған хлор, фторды және хлорлы әк, кальций гипохлориді ерітіндісі төзімділігін айқындау;

хлор әгі немесе кальций гипохлориді ерітіндісімен суды зарарсыздандыру;

хлораторлы, фтораторлы, аммиакты құрылғылар мен күкірт газы құрылғысының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

түрлі үлгідегі механикалық араластырғышқа қызмет көрсету;

баллондарды ауыстыру, жабдықтар мен құрылғыларды ағымдағы жөндеу жұмысына қатысу;

баллондардан, бөшкелерден және аппаратуралардан авариялық жағдайларда газдың шығуын болдырмау;

жабдықтардың, бекіту арматураларының, фтор өткізгіштердің слесарлық жұмыстарын жүргізу.

183. Білуге тиіс:

ерітінді жасау, суды хлорлау жабдықтары мен механизмдерінің құрылымы;

газдың шығуын болдырмау тәсілдері мен реагент ерітіндісі концентрациясын айқындау, желдеткіш жүйесі, көтергіш көлік механизмдерінің құрылымы, химия негіздері, хлор, аммиак, күкірт газы, фтористі және кремний фтористі натрийдің қасиеті;

слесарлық іс негіздері.

Параграф 3. Хлоратор құрылғысының операторы, 4-разряд
184. Жұмыс сипаттамасы:

мөлшерлеудің автоматты жүйесіне қызмет көрсету, диаграммаларды ауыстыру, автоматты түрден қолмен басқаруға қайта қосу;

хлорды, фторды пайдалану және сақтаумен байланысты жұмыстарды орындау;

орынжайдың газдануын аспаптардың көмегімен айқындау;

оттекті оқшаулау аспаптарын пайдалану;

полиэтилен құбырларды, полиэтиленнен жасалған бекіту арматурасын пісіру;

фтораторлы құрылғы жабдықтары мен механизмдерінің жұмыс технологиялық процесін үйлестіру;

газсыздандыру құрылғысына қызмет көрсету. Авариялық жағдайларда хлордың шығуын болдырмау;

көтергіш көлік механизмдерін пайдалана отырып ыдыстарды жылжыту;

құрылғыларды жөндеу.

185. Білуге тиіс:

хлорлау, аммонизациялау автоматты құрылғысы және күкірт газы құрылғысы, көтергіш көлік механизмдерінің құрылымы;

жабдықтар мен механизмдерді жөндеудің барлық түрін айқындау және өндіру;

хлордың және газдың шығуын болдырмау тәсілдері, автоматика телебасқару аспаптары мен тіркейтін аспаптардың қызметі мен жұмыс принципі.

31. Авариялық қалпына келтіру жұмыстарының слесары

Параграф 1. Авариялық қалпына келтіру жұмыстарының

слесары, 2-разряд
186. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен су құбыры желісін жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындау, кәріз желілеріндегі тығындарды тазалау, арналарды және котловандарды қазу және оларды бекіту, жапсарларын тығындау, қорғасын құю және кесу, құбыр келте құбырларына цемент құю;

қарапайым слесарлық жөндеу жұмыстарын орындау;

құбырлар мен үлгілік бөлшектерді жеткізу және қалау;

қолмен су құятын механизмдері мен пневматикалық құралдардың жұмысы.

187. Білуге тиіс:

су құятын механизмдер мен пневматикалық құралдардың құрылымы;

механизмдер мен пневматикалық жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері;

аспаптар мен айлабұйымдарды профилактикалық жөндеу кезеңділігі мен ережесі.

Параграф 2. Авариялық қалпына келтіру жұмыстарының

слесары, 3-разряд
188. Жұмыс сипаттамасы:

диаметрі 300 мм-ге дейінгі келте құбырларға қорғасын немесе күкірт балқымасын құю, су құбырларын жөндеу жұмыстарын орындау;

су тарату колонкалары мен өртке қарсы гидранттардың жарамдылығын айқындау;

өлшегіш құбыржолдарды түрлі тәсілдермен қыздыру;

шағын диаметрлі желілердің кірмелерін эскиздер мен тәсімдер бойынша қосу және тоқтату;

шағын диаметрдегі желілерді гидравликалық сынау;

барлық диаметрдегі құбырларды роликпен, құбыржолдармен кесу;

анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен құбырларға қорғасын және түрлі ерітінді алмастырғыштарды құйып, тығындау;

кәріз желісін гидравликалық әдіспен тазалау, құбырлардағы тығындарды 7-8 м-ге дейін икемді білікпен тазалау;

қажетті салмақтағы үрлеме доптарды, дискілерді және жүк көтергіштігі 0,5 т-ға дейінгі шығырларды дайындау;

ағын суда жұмыс істеу үшін темір арқанның жарамдылығын тексеру;

төмен жатқан құдықтағы тұнбаны алу;

металл шпунтты қолмен орнатып, қағып, алып немесе суды төмендететін құрылғыларды пайдалана отырып, механикалық тәсілмен жер асты жұмыстарын орындау;

пластмасса құбыржолдарды келте құбырларда резина сақиналарды біріктіре отырып монтаждау.

189. Білуге тиіс:

жылжытпалардың, гидрант, су тарату колонкаларының, құбыржолдардың, қол гидравликалық сығымдағыштары мен манометрлерінің құрылымы мен жұмыс принципі, келте құбырларды қорғасынмен және қорғасын алмастырғыштармен толтыру ережесі мен тәсілдері, құдықтарда газдың болуын айқындау тәсілдері;

гидравликалық сынау әдістемесі; құбыржолдардың, арматуралардың зақымдануын жою тәсілдері, сондай-ақ судың ағып етуін болдырмау тәсілдері;

құбыржолдарды хлормен хлорлау әдістері, қарапайым сызбаларды, тәсімдер мен эскиздерді оқу;

аспаптар мен айлабұйымдарды профилактикалық жөндеу ережесі.

Параграф 3. Авариялық қалпына келтіру жұмыстарының

слесары, 4-разряд
190. Жұмыс сипаттамасы:

диаметрі 300 мм-ден 900 мм-ге дейінгі келте құбырларға қорғасын немесе күкірт балқымасын құю, су құбырларын жөндеу жұмыстарын орындау;

қолданыстағы желілер мен магистральдардағы үлгілік бөліктер мен арматураны орнату және алмастыру;

желілер мен магистральдардағы ақаулықтардың сипатын айқындау;

құбыржолдардың жекелеген учаскелерін ажырату, олардың ауасын шығарып, кіргізіп тұратын қондырғыны орната отырып босату және толтыру;

құбыржолдарды шаю;

құбыр желілері мен магистральдардағы жылжытпалардың жұмысын реттеу.манометр бойынша қысым көрсеткіштерін алу;

құбыржолдардағы қысымды кесу;

кәріз желісін гидравликалық әдіспен тазалау, құбырлардағы тығындарды 12 м-ге дейін икемді білікпен тазалау;

тығындарды икемді білікпен, су тегеурінімен жуып және жылжымалы автосорғы арқылы қайталама гидравликалық қысым әдісімен тазалау;

қажетті салмақтағы үрлеме доптарды, дискілерді және жүк көтергіштігі 1 т-ға дейінгі шығырларды дайындау;

анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен кәріз желісін жөндеу;

тазалауда қолданылатын жабдықтар мен механизмдерді профилактикалық жөндеу;

пластмасса құбыржолдарды пісіру.

191. Білуге тиіс:

учаскені сумен жабдықтау тәсімі;

күрделі сызбалар мен эскиздерді оқу ережесі, натурадан тәсімдер, эскиздер құрастыру, келте құбырларды қолмен тығындау және пневматикалық құралдарды пайдалану тәсілдері;

қысыммен кесу аппаратының құрылымы, өлшеу құбырларын ажырату ережесі мен тәсілдері және оларды қыздыру;

жұмыс жүргізілетін аудандардағы кәріз желісінің орналасу тәсімі;

кәріз желілері мен коллекторларды гидравликалық тәсілмен тазалау технологиясы және тығындарды икемді білікпен алып тастау;

кәріз құбыржолдары мен имараттарын жөндеу және тазалауда қолданылатын негізгі жабдықтар мен механизмдер, құрғақ топырақтардағы жер асты жұмыстарын орындау ережесі.

Параграф 4. Авариялық қалпына келтіру жұмыстарының

слесары, 5-разряд
192. Жұмыс сипаттамасы:

диаметрі 900 мм-ден асатын келте құбырларға қорғасын немесе күкірт балқымасын құю, су құбырларын жөндеу жұмыстарын орындау;

қолданыстағы құбырларға ірі седелкаларды дайындап, қырналап барлық диаметрдегі құбырлардың қысымын біріктіру;

магистральдар мен желілерді хлорлы әкпен, сұйық немесе газ тәрізді хлормен қала жағдайында хлорлау, хлорлаған суды ағызып тастау;

желіні ажыратпай тегеурінмен сальникті компенсаторларды авариялық жөндеу немесе құю;

магистральдар мен су құбырларындағы үлкен жылжымаларды автожетекпен, пневможетекпен және электр жетекпен ашу және жабу;

механикалық жетектерді орнату, реттеу және жөндеу;

кәріз желісін, дюкерлерді, арналар мен дөңгелек, сопақтау, шатрлық қималы коллекторларды гидравликалық әдіспен тазалау, құбырлардағы тығындарды 12 м-ге дейін икемді білікпен тазалау;

қажетті салмақтағы үрлеме доптарды, дискілерді және жүк көтергіштігі 2 т-ға дейінгі шығырларды дайындау;

түрлі шар тәрізді және ерш зәкірлі штангілердің көмегімен кәріз желісі мен коллекторларды жою;

суды төмендету құралдарын және жылжымалы крандарды пайдалана отырып қолданыстағы кәріз желісін жөндеу;

пластмасса құбыржолдарды желімдеу және құрастыру.

193. Білуге тиіс:

қысымдағы аппаратураның құрылымы мен жұмыс принципі;

учаске желісінің жұмыс режимі;

қала жағдайында құбырларды хлорлау ережесі мен тәсілдері, құбыржолдарды хлорлағаннан кейін суды ағызудың қауіпсіз тәсілдері;

дюкерлердің құрылымы мен жұмыс ерекшеліктері, түрлі диаметрдегі құбыржолдардағы сальникті компенсаторлардың құрылымы, құбыржолдарды шаю тәсілдері, үлкен жылжымаларды ашу және жабуда қолданылатын механикалық, гидравликалық және электр жетектердің құрылымы мен жұмыс принципі, қолданылатын жетектердегі ақаулықтарды жою тәсілдері, барлық кәріз желінің, авариялық шығарылымның орналасу тәсімі; кәріз желісі, дюкер, коллекторлар мен арналарды гидравликалық әдіспен тазалау технологиясы;

сулы топырақтағы жер асты жұмыстарын өндіру ережесі, газдануды болдырмау әдістері, механизмдер мен жабдықтарды жөндеу жүргізу мерзімдері.

Параграф 5. Авариялық қалпына келтіру жұмыстарының

слесары, 6-разряд


194. Жұмыс сипаттамасы:

қолданыстағы су құбыры кәріз желілерінде ерекше күрделі авариялық қалпына келтіру жұмыстарын орындау;

құбырларды, су құбырларын, кәріз желілерін, бекіту арматурасын және диаметрі 1200 мм-ден асатын жылжымаларға қызмет көрсету, реттеу және жөндеу;

магистральды құбыржолдарды іске қосу және ажырату;

негізгі коллекторлар мен арналардағы қайта қосуларды орындау. желілер мен құбыржолдардың жағдайын диагностикалық аспаптармен айқындау;

кәріз желілеріндегі тығындарды тазалауда арна тазалайтын машиналарды басқару;

аварияларды жою, күрделі жабдықтарды баптау және іске қосу жұмыстарын басқару.

195. Білуге тиіс:

үлкен диаметрдегі су құбыры кәріз желілеріндегі авариялық жөндеу жұмыстарын жүргізу ережесі, қызмет көрсетілетін су құбыры кәріз желінің орналасу тәсімдері, қысыммен істейтін құбыр пісіру ерекшеліктері;

пісіру жіктерінің сыныптауышы;

оларды айқындау және болдырмау әдістері, газдануды белгілеу және жою әдістері.

196. Жұмыс үлгілері:

1) шандор және қалқан бекітпелері, шиберлер – монтаждау және демонтаждау;

2) диаметрі 1200 мм-ден жоғары жылжымалар - жабу, ашу және жөндеу;

3) энергиялық қопару құрылғысы – жұмысқа дайындау;

4) жерасты құбырлары – топырақты ашпай жөндеу.

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктік аныктамалығының

(63-шығарылым) 1-қосымшасы


жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау