6-жаттығу. Талапарыз үлгісімен танысыңыз.
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
соттың төрағасы Қ. Болатұлы мырзаға
Талапкер: Алматы қаласы, Әуезов
көшесі 52 – үй, 25 - пәтерде тұратын
Ботагөз Жандосова
Жауапкер: «Керуен» сауда үйі
ТАЛАПАРЫЗ
Мен 2006 жылдың 20 қаңтарында бір жылдық кепілдеме мерзіммен «Керуен» сауда үйінен ас үй жиһазын сатып алдым. Жиһазды орнату кезінде ақаулықтар байқалды. Мен сауда үйінің меңгерушісіне ас үй жиһазын қайта қабылдау немесе ауыстырып беру туралы өтініш білдірдім. Алайда меңгеруші менің өтінішімді орындаудан бас тартты.
Осы мәселеге байланысты заңды түрде шара қолдануыңызды сұраймын.
Б. Жандосова.
2006 жыл 20 қаңтар.
7-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріп, хабарламахат мазмұнын әңгіме-леңіз.
1.Талапарыз қайда жіберілген ?
2.Талапарыз иесі кім ?
3.Талапкер қандай жиһаз сатып алған ?
Неліктен оны ауыстырып беруді өтінген ?
5. Меңгеруші сатып алушының өтінішін орындады ма?
8-жаттығу. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз.
орындаудан
қайтарып беруден
көмек көрсетуден бас тартты
Жеткізуден
төлеуден
9-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Орнату кезінде, қайта қабылдау, өтініш білдіру, заңды түрде, бас тарту, шара қолдану, сот төрағасы, ақаулықтар байқау, ауыстырып беру, өтінішті орындау.
10-жаттығу. Жағдаяттар бойынша талапарыз жазыңыз.
"Мұнайгаз" фирмасының президенті Ж.Батыровтың "Қуат" құрылыс фирмасының басшысы А.Исаевқа және "Ардагер" азық-түлік дүкенінің меңгерушісі Ғ.Асанованың "Қайсар" ЖШС-ның президенті Дәулет Болатұлына жіберген хабарламахаты бойынша сотқа талапарыз жазыңыз (жағдаяттардың толық мазмұны хабарламахат тақырыбы 1-жаттығуда көрсетілген).
ХАБАРЛАНДЫРУ
Хабарландырулармен теледидар, радио, газеттерден және хабарландыру тақталарынан танысуға болады. Хабарландыру әр түрлі жағдайлар, мысалы, бос қызмет орны туралы, жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу және қандай да бір қызмет түрлерін ұсыну туралы, сондай-ақ қандайда бір шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабарлау үшін беріледі. Ресми хабарландырулардың белгілі тәртібі болады. Мысалы, бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші — қандай мекеме конкурс жариялайтыны, екінші — қандай қызмет орнына жариялайтыны, одан кейін үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізімі, конкурс мерзімі, мекеменің мекенжайы көрсетіледі.
Бос қызмет орны – ваканция
Жылжымайтын мүлік – недвижимость
Үміткер – кандидат
1-жаттығу.Сұрақтарға жауап беріңіз.
Хабарландырулармен қайдан танысуға болады ?
Хабарландырулар қандай жағдайларда беріледі ?
Бос қызмет орны туралы хабарландыру қандай тәртіппен беріледі ?
Сіз қандай хабарландыруларды жиі оқисыз ?
2-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерін аударыңыз.
Бос қызмет орны, мекеменің мекенжайы, конкурсқа катысу, жылжымайтын мүлік, құжаттар тізімі, қызмет түрлері, үміткерге қойылатын талаптар, конкурс мерзімі.
2000 жылы бас директор болып тағайындалды.
2003 жылдың 16 қазанында - 2003 жылы 16 қазанда
2004 жылдың 21 шілдесінде - 2005 жылы 21 шілдеде
2006 жылдың 5 сәуірінде - 2007 жылы 5 сәуірде
1995-1998 жылдар аралығында
1999-2001 жылдар аралығында
2003-2004 жыддар аралығында
2005-2007 жылдар аралығында
1965 жылдан 1969 жылға дейін
1978 жылдан 1986 жылға дейін
1989 жылдан 1996 жылға дейін
1999 жылдан 2004 жылға дейін
1961 жылдан бері
2006 жылдан бері
3-жаттығу. Етістіктерді өткен және келер шақта жазыңыз.
Мен беру (бердім - беремін)
Сен оқу .................
Сіз көру .....................
Ол хабарландыру ілу ..................
Біз жазу ................
Сендер іздеу. ................
Сіздер аудару .............
Олар жіберу ..............
4-жаттығу. Хабарландыруларды оқыңыз.
Хабарландыру
2004 жылдың 15 қазанында сағат 15.00-де Абай атындағы Каз МУ-нің акт залында "Алтын күз" атты студенттер кеші өтеді.
Қазақ тілі кафедрасы
5-жаттығу. Жоғарыдағы хабарландырулар бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Бірінші хабарландыру не туралы ?
Қандай кеш туралы хабарланған ?
Кеш қай күні болады ?
Кеш қайда өтеді ?
Кеш сағат нешеде басталады ?
Кешті кім ұйымдастырған ?
Тапсырма. Жоғырыдағы үлгілер бойынша ............ туралы хабарландыру жазыңыз.
Грамматиканы еске түсіріңіз.
аудар + а
Мен жүргізе + е аламын /алмаймын
сөйле + й
6-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, өзіңіздің не істей алатындығыңыз және не істей алмайтындығыңыз туралы айтыңыз.Қазақша еркін сөйлеу, құжаттарды жүргізу, бұл жұмысты атқару, компьютерде жұмыс істеу, өтініш жазу, немісше аздап сөйлеу, сұрақтарға жауап беру, адамдарды қабылдау, қазақ тілінен орыс тіліне аудару.
Грамматикалық минимум
Есімше жұрнақтары: -атын, -етін, -йтын, -йтін
біл + етін
сөйле+ йтін үміткер
атқар + атын
Есте сақтаңыз: қазақша сөйлейтін — қазақша сөйлей алатын
еркін аударатын — еркін аудара алатын
7-жаттығу. Үлгі бойынша түрлендіріңіз және аударыңыз Казақстанда тұратын азаматтар — Қазақстанда тұратын + дар
1. Қазақша еркін сейлейтін кісілер ................................................................
2. Хатшының міндетін атқаратын қызметкерлер ................................................
3. Институтта жұмыс істейтін азаматтар ..........................................................
4. Конкурсқа қатысатын қыздар .....................................................................
5. Бәрін білетін студенттер .........................................................................
6. Конференцияға қатысатын ғалымдар ................................................................
7. Қазақ тілін жетік білетін үміткерлер ...............................................................
8. Компьютерде жұмыс істей алатын адамдар ...................................................
9. Құжаттарды сауатты жүргізе алатын хатшылар ...............................................
8 - жаттығу. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз.
өндіріс жөніндегі менеджер
жоғары білімі бар
қазақ, ағылшын тілдерін жетік білетін
жасы 25 беске дейінгі маман
жеке іс парағы
компьютерде жұмыс істей алатын маман
конкурсқа қатысу үшін
дипломның көшірмесі
төлқұжат
хабарласу
9 - жаттығу. Мәтін мағынасына қарай тиісті сездерді қойыңыз.
«Қамқор» ЖШС экономист қызметінің .............. орнына конкурс жариялайды. Конкурсқа ......... 30 - 45-ке дейінгі, экономикалық ........ білімі бар, компьютер бағдарламаларын жетік .........., ағылшын және қазақ тілдерінде еркін .............., мамандығы бойынша ........ өтілі 5 жылдан кем емес, адамдармен ............ орнатуға бейімі бар мамандар қатыса алады. Конкурс .......... — 3 апта. Конкурсқа ............ құжаттар: төлқұжат, жеке ............ парағы, 5 фотосурет, өмірбаян ............ мекенжайға хабарласыңыздар: Алматы қаласы, Достық даңғылы 114.
___________________________________________________________
еңбек, іс, жасы, мына, мерзімі, жоғары, қажетті, сөйлей алатын,
қарым-қатынас, меңгерген, бос.
10-жаттығу.
Төмендегі бос қызмет орны туралы хабарландырулардағы үміткерлерге қойылытын талаптарды үлгі бойынша түрлендіріңіз.
Үлгі:
Конкурсқа аспаз-кондитер дипломы және еуропалық, түрік тағамдары саласында кәсіптік білімі бар, бірлескен мекемелерде мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес мамандар қатыса алады. «Жанар» ЖШС конкурстық негізде бас аспаз қызметіне шақырады.
Бас аспазға қойылатын талаптар:
Еуропалық, түрік ұлттық тағамдары саласында кәсіптік білім
Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес
Аспаз-кондитер дипломы
Түйіндемені мына мекенжайға жіберулеріңіз сұралады:
Қазақстан Республикасы,
Көкшетау қаласы,
Махамбет көшесі, 120.
Пошталық индекс: 445896
«Дентон Уайдд» Филиалында атқарушы директор лауазымына бос орын бар.
Біліктілік талаптары:
Жоғары заңдық білім
Жетекші ретінде кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі
Ағылшын тілін (ауызша және жазбаша) білу
Құқықтың мына салаларын білу: мұнай мен газ саласындағы халық-аралық құқықты, корпоративтік, банктік және салық құқығын, электр энергиясы мен табиғи газ бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білу
Түйіндемені мына факс бойынша жіберулеріңізді өтінеміз: 3272/581 950.
«Трансэнергомет» ЖШС мына маманды жұмысқа қабылдайды:
Атқарушы директор — 1 бос қызмет орны.
КЕЛІСІМШАРТ
Келісімшарт — тараптар арасында қандай да бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат.
Мысалы: сату — сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және тағы басқа.
Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар екіжақты немесе көпжақты болады.
Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және айы, күні, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Мысалы, пәтерді сату — сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі, яғни пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.
Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі нотариалдық кеңседе сақталады. Қалған даналары қатысушы тараптарға беріледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Келісімшарт — қандай құжат?
Ол қандай жағдайларда жасалады?
Қатысатын адамдар санына қарай қандай келісімшарттар жасалады?
Келісімшарттар қайда куәландырылады?
Келісімшарт неше дана болып жасалады?
Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта қандай мәліметтер беріледі ?
2-жаттығу. Келісімшарт үлгісімен танысыңыз
Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшарт
Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 141, екі мың алтыншы
жылғы 24 тамыз
(келісімшарт жасалған мекенжай және дата сөзбен жазылады)
Біз, төменде қол қоюшылар, Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, 176-пәтерде тұратын азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2005 жылғы 13 ақпанында берген жеке куәлігінің № 444312119, Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы, 54-үй, 33-пәтерде тұратын азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2002 жылы 10 мамырда берген жеке куәлігінің № 314625101, төмендегілер туралы осы келісімшартты жасадық:
Мен азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, 176-пәтерде саттым,
мен азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлы Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, мекенжайындағы 18-пәтерді сатып алдым. Көрсетілген пәтер 1995 жылы 5 наурызда жасалған сату-
сатып алу келісімшартының негізінде ТИБ-те тіркелген; жеке меншік құқығы бойынша азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлына тиесілі. Келісімшарт № 16 тізбеге тіркеліп, Көкшетау қала-сының лицензия № 0011 "Әділ" нотариалдық кеңсесінде куә-ландырылған:
- пәтер жалпы пайдалы аумағы 57 шаршы метр 4 бөлмеден түрады;
- пәтердің инвентарлық кұны ТИБ-тің 1995 жылғы 5 наурыздағы № 17 бланкіде керсетілген анықтамасы бойынша жүз елу (150 000) мың теңге тұрады;
Мен, азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, көрсетілген пәтерді азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлына осы келісім-шартқа қол қою кезінде төленетін үш жүз елу мың (350 000)
теңгеге саттым.
Осы уақытқа дейін көрсетілген пәтер ешкімге сатылған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ, дау-таласта болған жоқ, тұтқынға алынған жоқ.
Пәтерді пайдалануды Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» заңында белгіленген, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес азамат Жақыпов Орал Санжарұлы жүргізеді.
Сатылған пәтерді азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлының беруі және оны азамат Сансызбаев Думан Әскербеұлы қабылдап алуы екі тарап қол қоятын беру-алу актінің негізінде
жүзеге асырылады.
Қолданылып жүрген заңның № ... - бабының мазмұны түсіндірілді.
Келісімшартты ресімдеуге байланысты шығынды азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы төлейді.
Келісімшарт үш дана етіп жасалған, бір данасы нотариалдық кеңсенің ісінде, екінші данасы сатушыда, үшінші дана-
сы сатып алушыда сақталады.
Тараптардың қолы сатушы/
сатып алушы/
Осы келісімшартты 2006 жылғы 25 тамызда мен, Исабеков Аслан Сағиұлы, Көкшетау қаласындағы лицензия № 3464 "Сенім" нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, құқықтық іс әрекетке қабілеттілігі және сатылатын пәтердің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді. Келісімшарт техникалық инвентаризация бюросында тіркелді. Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. № 112 тізбеге тіркелді.
Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус (қолы)
жекеменшік құқығы бойынша - по праву собственности
сатушыға тиесілі - принадлежащий продавцу
жалпы пайдалы аумағы - общая полезная площадь
ешкімге сатылған жоқ - никому не продан
қарыз өтеу - уплата долгов
менің қатысуым кезінде - в моем присутствии
пәтердің инвентарлық құны — инвентаризациоиная стоимость квартиры
тұтқынға алынған жоқ — под арестом не состоит
беру-алу актісі — передаточный акт
«Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» заң — закон «О жилищных отношениях»
3-жаттығу. Сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.
Пәтерді сатушы кім ?
Сатушының мекенжайы қандай ?
Сатушының жеке куәлігінің нөмірі қандай ?
Пәтерді сатып алушы кім ?
Сатып алушының мекенжайы қандай ?
Оның жеке куәлігінің нөмірі қандай?
Екі тарап қандай келісімшарт жасасқан?
Сатылатын пәтер неше бөлмелі?
Пәтер не бойынша Амантаев Арлан Аяпбергенұлына тиесілі ?
Пәтердің инвентарлық құны қанша ?
Пәтер неше теңгеге сатылған ?
1996 жылғы жиырма бесінші тамызда а) .........
жасалған келісімшарт бойынша ә)
пәтер туралы қандай мәліметтер б)
көрсетілген ? в)
13. Жақыпов Орал пәтерді пайдалануды неге сәйкес жүргізеді?
14. Осы уақытқа дейін пәтер қандай а)
іс-әрекетте болған жоқ? ә)
б)
в)
15. Пәтерді беру және қабылдап алу қандай акт негізінде жүзеге асырылады ? 16. Қандай заңның бабы түсіндірілді ?
17. Келісімшартты рәсімдеуге байланысты шығынды кім төлейді ?
Келісімшарт неше дана етіп жасалды ?
Келісімшарт қайда куәландырылады ?
Онда тараптар туралы қандай а)
мәліметтер тексеріледі ? ә)
б)
4-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Келісімшарт жасау, мәміле барысында, пәтерді сату — сатып алу туралы келісімшарт, осы уақытқа дейін, тараптардың қолы, жүзеге асырылады, төмендегілер туралы, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес, пәтерді сатып алдым, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі, келісімшартты рәсімдеу, дау-таласта болған жоқ, жекеменшік құқығы бойынша, жалпы пайдалы аумағы.
5-жаттығу. Екі тілде берілген сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз.
Тұтқынға алынған жоқ.
1. дееспособность сторон
Төмендегілер туралы осы келісімшартты жасадық.
2. указанная квартира принадлежит мне
Көрсетілген пәтер маған тиесілі
3. нижеподписавшиеся
4. Ешкімге сатылған жоқ
4. текст договора прочитан вслух
5.Тараптардың құқықтық іс- әрекетке қабілеттілігі.
5. Заключили настоящий договор о нижеследующем.
Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды.
6. никому не продан.
7. Төмеңде қол қоюшылар
7. под арестом не состоит
6-жаттығу. Үлгімен танысыңыз.
Автокөлікті сату — сатып алу туралы келісімшарт
Алматы каласы, Әуезов көшесі, 112-үй,
13 05. 2007 ж., 2003 үшінші жылғы 13 мамыр
Біз, төменде қол қоюшылар, Көкшетау қаласы, 1-ықшам ауданы, 20-үй, 10-пәтерде тұратын азамат Бейсебеков Болат Әнетұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 10 ақпанда берген жеке куәлігінің № 465346514, Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы 102-үйде тұратын азамат Бәйменов Мейрам Қанатұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 3 ақпанда берген жеке куәлігінің №100245141 төмендегілер туралы келісімшарт жасадық:
1. Мен, азамат Бейсебеков Болат Әнетұлы, "жигули" маркалы жеңіл автокөлігімді сатамын, кузовының типі, шығарылған типі, шасси нөмірі, двигатель нөмірі, мемлекеттік нөмірі А 582 КОМ, мен, азамат Бәйменов Мейрам Қанатұлы, көрсетілген автокөлікті сатып аламын.
Көрсетілген автокөлік Мемлекеттік автоинспекциясының 1998
жылғы 16 сәуірде берген № 254631 техникалық паспорттың
негізінде маған, Бейсебеков Болат Әнетұлына тиесілі.
Автокөлік жүз жетпіс бес мың (175 000) теңгеге сатыла-
ды. Көрсетілген соманы қол қою кезінде азамат Бәйменов Мей-
рам Қанатұлы төлейді.
Осы уақытқа дейін көрсетілген автокөлік ешкімге сатыл-
ған жоқ, тұтқынға алынған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ.
Осы келісімшартты ресімдеудің шығынын азамат Бәйме-
нов Мейрам Қанатұлы төлейді.
Осы келісімшарт үш дана етіп жасалған, бір данасы но-
тариалдық кеңсенің ісінде сақталады, екінші данасы азамат
Бейсебеков Болат Әнетұлына, үшінші данасы Бәйменов Мейрам
Қанатұлына берілді.
Тараптардың қолы: сатушы/
сатып алушы/
2007 жылғы 13 мамырда осы келісімшартты мен, Жазықова Шолпан Ахатқызы, Көкшетау қаласындағы лицензия № 365 "Айқын" нотариалдық кеңсенің нотариусы куәландырамын.
Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі және сатылатын автокөліктің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді.
Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. № 257 тізбеге тіркелді. Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус
(қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |