3. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау
Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл талап етілетін міндеттер көрсеткіштері
|
Ведомствоаралық іс-қимыл жүзеге асырылатын мемлекеттік орган
|
Міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жоспарланған шаралар
|
Есепті кезеңде міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар нақты орындаған шаралар
|
Есепті кезеңде мақсаттарға, міндеттерге және көрсеткіштерге қол жеткізбеудің себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Стратегиялық бағыт
|
Мақсат
|
Мақсатты индикаторлар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ҚРҰБ 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарда осы бөлім көзделмеген
|
4. Тәуекелдерді басқаруды талдау
Ықтимал тәуекелдің атауы
|
Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайдағы ықтимал салдар
|
Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар
|
Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың нақты орындалуы
|
Орындамау себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Сыртқы тәуекелдер
|
Энергия тасымалдағыштардың әлемдік бағаларының құлдырауы
|
Экспорттық түсімдердің күрт төмендеуі, елдің сыртқы өтімділігіне және төлем жасау қабілеттігіне байланысты жағдайдың тұрақсыздануы
|
1. Ұлттық Банктің және Ұлттық қордың халықаралық резервтерінің қаражатын активтердің жоғары өтімділігін қамтамасыз ететіндей тиімді басқару
2. Дағдарысқа қарсы жедел ден қою шараларын және оларды қолдану тетіктерін әзірлеу
|
1. Валюталық әртараптандыру мақсатында АВА инвестициялық портфелінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақ портфелінде еуроның үлесі швед кронасының пайдасына 2%-ға азайтылды.
2. АВА дамушы нарықтарының портфелінде құралдар орналастыру бойынша жұмыстар жасалды.
3. Инвестициялау құралдарын одан әрі әртараптандыру сондай-ақ АВА инвестициялық портфелі активтерінің бөлігін ауқымды акцияларға, инвестициялық деңгейдің корпоративтік облигацияларға, айырбастау облигацияларға, дамушы нарықтардың және Латын Америкасының облигацияларына орналастыру үшін АВА стратегиялық портфеліне.
4. 2013 жылғы 1 шілдеде АВА Инвестициялық портфелінен «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ басқаруына АВА баламалы құралдар портфеліне шамамен активтер 2 000,00 млн. доллары сомасына аударылды
5. Активтерді одан әрі әртараптандыру бойынша жұмыстар шеңберінде ҚР АВА және Ұлттық қорының активтерінің бөлігін басқару үшін сыртқы басқарушыларды таңдау бойынша жұмыстар жүргізілді.
|
|
Әлемдік қаржы дағдарысы
|
Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақсыздануы
|
Қаржы тұрақтылығына қауіп
|
Жүйелік дағдарыстың дамуы
|
1. ҚҚА-ның және Ұлттық Банктің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 166/1 және № 202 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жүйелік тәуекелдерге жедел ден қою жоспарының шараларын іске асыру
2. Қазақстанда макропруденциалдық реттеуді енгізу жөніндегі кешенді шараларды іске асыру
|
1. Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).
2. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту кеңесінің 5 отырысы өткізілді.
|
|
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердегі макроэкономика-лық және саяси тұрақсыздық
|
Тұрақты жұмыс істеуінің бұзылуы салдарынан Кеден одағы ішінде капиталдың еркін қозғалысы үшін кедергілердің туындауы
|
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында көзделген, оның ішінде валюталық операцияларға статистикалық мониторинг деректері негізінде қабылданатын жедел ден қою шаралары
|
Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ)
|
|
Ішкі тәуекелдер
|
Мемлекеттік органдардың капиталды жұмылдыруға әсер ететін шаралар бөлігіндегі іс-әрекеттерінің үйлеспеуі
|
Салықтық және кедендік басқару, сондай-ақ қаржы ұйымдарын пруденциялық реттеу бойынша келісілмеген шараларды қабылдау нәтижесінде елден капиталды бақыланбайтын шығару тәуекелінің ұлғаюы
|
Нормативтік базаны әзірлеу кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, капиталдың жұмылдырылуына ықпал ететін шаралар бойынша келісілген шешімдер қабылдау
|
Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ)
|
|
Өтімділік тәуекелі: АВА өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлемінен төмен болуы
|
Өтімділік дағдарысы болған кезде бос қаражаттың (АВА инвестициялық портфелінен активтерді аудару және оларды қолма-қол қаражатты босату үшін сатуға қажетті) түсуі 1 күнге кешіктірілуі мүмкін
|
Тоқсанына 1 рет тексеріледі (әр тоқсанның 10 жұмыс күні). Егер өтімділік портфелінің нарықтық құны осы өлшемдерге сәйкес келмесе, осындай сәйкессіздік анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельден активтердің бір бөлігін аудару арқылы өтімділік портфелін толықтыру жүргізіледі
|
Сыртқы мемлекеттік борышқа алдағы 6 айда қызмет көрсету бойынша төлем көлемін жабу үшін өтімділік портфелінде қаражаттың жетіспеу тәуекелі туындамады. Сондай-ақ өтімділіктің жеткілікті деңгейін бақылау және ұстап тұру үшін тиісінше АВА ішінде инвестициялық портфельден өтімділік портфеліне шамамен 1 млрд. және 1,95 млрд. АҚШ доллар сомадағы активтер аударылды.
|
|
Қолма-қол ақшаға сұраныс күрт өскен кезде қолма-қол ақшаның жетіспеу тәуекелі
|
Қолма-қол ақша айналысының жұмыс істеу тиімділігі төмендеуі немесе жекелеген аймақтарда қолма-қол ақшамен төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы және соның салдарынан әлеуметтік шиеленістің туындауы
|
Дағдарыс болған жағдайда республиканың барлық аймағына қолма-қол ақшаны жеткізу жөніндегі шараларды әзірлеу.
|
Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ)
|
|
Мамандардың тұрақтамау тәуекелі
|
Ұлттық Банк қызметінің нәтижелігі төмендеуі
|
Елдің орталық банкі ретінде Ұлттық Банктің мақсаттарын, міндеттерін және құндылықтарын ұстану қағидаттарымен, өз ісіне берілген және адал қызмет ететін, сыбайлас жемқорлықтың белгілеріне қарсы тұратын жоғары нәтижелі, кәсіби жетілген, жауапты және этикасы жоғары қызметкерлерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған қызметкерлерді іріктеу, жалпыға қолжетімді (қашықтан) оқыту жүйесін жетілдіру және қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру.
|
Қызметкерлерді іріктеу кезінде ҚР заңнамасын білу талабына 142 үміткерге компьютерлік тестілеу жүргізілді.
|
|
5. Бюджеттік бағдарламаларды талдау
Бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің атауы
|
Өлш. бірлігі
|
Есепті кезең
|
Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері/бюджеттік қаражатты игермеу
|
Жоспар
|
Факт
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
бюджеттік бағдарламаның атауы
|
|
сипаты
|
|
бюджеттік бағдарламаның түрі
|
мазмұнына байланысты
|
|
сату тәсіліне байланысты
|
|
ағымдағы/даму
|
|
бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы
|
|
|
|
|
|
тікелей нәтиже көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
түпкілікті нәтиже көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
сапа көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
тиімділік көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
бюджеттік шығыс көлемі
|
бағдарлама бойынша барлығы
|
|
мың тг.
|
|
|
|
оның ішінде:
шағын бағдарлама бойынша
|
|
мың тг.
|
|
|
|
шағын бағдарлама бойынша
|
|
мың тг.
|
|
|
|
Осы бөлім Ұлттық Банк бюджеттік бағдарламалардың басқарушысы болып табылмайтынына, мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыланбайтынына және өз қызметін Ұлттық Банктің Басқармасы бекітетін Ұлттық Банк бюджетінің (шығыстар сметасы) қаражаты есебінен жүзеге асыратындығына байланысты толтырылған жоқ
|
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға
арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы
2013 жылғы есепке талдамалық жазба
Ұлттық Банк 2013 жыл бойы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылға арналған операциялық жоспарын іске асыру бойынша мынадай стратегиялық бағыттар бойынша жұмыс жүргізді.
Мақсаттарға, міндеттерге, мақсатты индикаторларға, іс-шараларға және нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу
1-стратегиялық бағыт.
Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.1- мақсат. Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету
Мақсатты индикаторлар:
Инфляцияны ұстап тұру (6-8%) (көрсеткіш 2012 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізу үшін белгіленді)
2013 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 4,8% құрады, бұл соңы 15 жылда (1998 жылдан бастап) тарихи ең төменгі деңгей болып табылады.
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Инфляция» көрсеткіші
Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ ҒБИ) 2013-2014 жылдар үшін жариялаған ақпаратқа сәйкес Қазақстан «Инфляция» көрсеткіші бойынша рейтингте 2011 жылдың қорытындысы бойынша 17 позицияға көтеріліп, 93 орында (жоспар – 115) болды.
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Пайыздық ставка спрэді» көрсеткіші
Көрсеткіш бойынша ақпарат Дүниежүзілік экономикалық форумның есебінде жоқ. «Пайыздық ставка спрэді» көрсеткіші Дүниежүзілік экономикалық форумның «Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі» рейтингісінде ескерілетін көрсеткіштердің тізбесінен алып тасталды.
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Ұлттық жинақтар деңгейі» көрсеткіші
Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ ҒБИ) 2013-2014 жылдар үшін жарияланған ақпаратына сәйкес Қазақстан «Ұлттық жинақтар деңгейі» көрсеткіші бойынша 2012 жылдың қорытындысы бойынша 23 позицияға төмендеп, 36 орында (жоспар – 12) болды. Рейтингтегі нашарлаудың себебі 2011 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің 36,6%-дан, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 27,6%-ға дейін төмендеуі болып табылады.
1.1.1-міндет. Экономикадағы ақша ұсынысын реттеу
Тікелей нәтижелердің көрсеткіші: Экономиканы монеталандыру деңгейі (33%-дан төмен емес)
ЖІӨ негізінде есептелген экономиканы монеталандыру деңгейі 35,0% (2013 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша) құрады.
Тікелей нәтижелердің көрсеткіші: Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің көлемі (30% төмен емес)
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 10088,6 млрд. теңгеге дейін 12,% көтерілді. Заңды тұлғалардың депозиттері 6183,5 млрд. теңгеге дейін 10,0%, жеке тұлғалардың депозиттері 3905,1 млрд. теңгеге дейін 15,8% өсті.
2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда ұлттық валютадағы депозиттер 6317,0 млрд. теңгеге дейін 0,1%, шетел валютасындағы депозиттер 3771,6 млрд. теңгеге дейін 40,6% өсті. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2013 жылғы желтоқсанда 70,2%-дан 62,6%-ға дейін төмендеді.
Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) банктердегі салымдары 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 3945,5 млрд. теңгеге дейін 15,7% көтерілді. Халықтың салымдары құрылымындағы теңгедегі депозиттер 2208,1 млрд. теңгеге дейін 6,5%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттер 1737,4 млрд. теңгеге дейін 30,0%-ға көтерілді. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2012 жылғы желтоқсандағы 60,8%-дан 2013 жылғы желтоқсандағы 56,0%-ға дейін төмендеді.
2013 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 5,7% (2012 жылғы желтоқсанда 3,6%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 8,1% (8,3%) құрады.
Тікелей нәтижелердің көрсеткіші: Банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі (30% төмен емес)
Банктердің экономикаға берген кредиттерінің жалпы көлемі 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 11291,5 млрд. теңгені құрай отырып, 13,4% өсті.
Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 7936,7 6млрд. теңгеге дейін 12,7% көтерілді, шетел валютасындағы кредиттер 3354,9 млрд. теңгеге дейін 15,0% өсті. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2013 жылғы желтоқсанда 70,7%-дан 70,3%-ға дейін ұлғайды.
2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда ұзақ мерзімді кредиттеу 9161,4 млрд. теңгені құрай отырып, 14,5% көтерілді, қысқа мерзімді кредиттеу 2130,2 млрд. теңгеге дейін 8,9% өсті. Нәтижесінде мерзімді кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2013 жылғы желтоқсанда 80,4%-дан 81,1%-ға өсті.
Заңды тұлғаларға кредиттер 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 7665,4 млрд. теңгеге дейін 7,9% көтерілді, жеке тұлғаларға кредиттер 3626,4 млрд. теңгеге дейін 27,0% ұлғайды. Жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2013 жылғы желтоқсанда 28,7%-дан 32,1%-ға көтерілді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1283,4 млрд. теңгеге дейін 9,1% өсті, бұл экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 11,4% құрайды (2012 жылғы желтоқсанда – 14,2%).
Салалар бойынша алғанда банктердің экономикаға берген кредиттерінің неғұрлым айтарлықтай сомасы саудаға –19,5% (2012 жылғы желтоқсанда –20,1%), құрылысқа – 12,3% (14,0%), өнеркәсіпке – 11,4% (12,0%), ауыл шаруашылығына – 3,3% (3,2%) тиесілі болды.
2013 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,0% (2012 жылғы желтоқсанда – 10,3%), жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 20,3% (21,2%) болды.
1.1.2-міндет. Инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін Ұлттық Банктің ставкалар дәлізінде нарықтық пайыздық ставкаларды қолдау
Тікелей нәтижелердің көрсеткіші: Ақша нарығындағы жағдайға және инфляция деңгейіне байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілеу (6-8%)
Елдегі инфляцияның қалыпты қарқынының сақталуына, сондай-ақ қалыптасқан жағдайларға сәйкес Ұлттық Банк ҚРҰБ Басқармасының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 88 қаулысымен ресми қайта қаржыландыру ставкасын бұрынғы деңгейде сақтай отырып, 2013 жылғы 1 сәуірден бастап жылдық 5,5% деңгейде белгіледі.
1.1.3-міндет. Ақша-кредит саясаты бойынша шешімдер қабылдаудың транспаренттілігін арттыру
Тікелей нәтижелердің көрсеткіші: Ақша-кредит саясатының мәселелері бойынша баспасөз-релиздерін шығару (2013 жылдың қорытындылары бойынша 12)
2013 жылы мынадай 15 баспасөз-релизі шығарылды:
1) «2012 жылдың алдын ала қорытындысы. Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 1 баспасөз-релизі;
2) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2013 жылғы 8 ақпандағы № 4 баспасөз-релизі;
3) «Ақша-кредит саясатының 2013 жылға арналған негізгі бағыттары туралы» 2013 жылғы 15 ақпандағы № 5 баспасөз-релизі;
4) «Қаржы нарығының ағымдағы ахуалы туралы» 2013 жылғы 6 наурыздағы № 8 баспасөз-релизі;
5) «Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 12 баспасөз-релизі;
6) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2013 жылғы 13 сәуірдегі № 9 баспасөз-релизі;
7) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2013 жылғы 17 мамырдағы № 17 баспасөз-релизі;
8) «Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2013 жылғы 5 маусымдағы № 20 баспасөз-релизі;
9) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2013 жылғы 10 шілдедегі № 28 баспасөз-релизі;
10) «Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы» 2013 жылғы 9 тамыздағы № 29 баспасөз-релизі;
11) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 31 баспасөз-релизі»;
12) «ҚРҰБ валюталық саясаты туралы» 2013 жылғы 4 қазандағы № 33 баспасөз-релизі;
13) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2013 жылғы 17 қазандағы № 35 баспасөз-релизі;
14) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2013 жылғы 15 қарашадағы № 44 баспасөз-релизі;
15) «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 48 баспасөз-релизі.
Тікелей нәтижелердің көрсеткіші: «Инфляцияға шолуды» шығару (2012 жылдың қорытындысы бойынша 4)
2012 жылғы 4-тоқсан үшін және 2013 жылғы 1, 2, 3-тоқсандар үшін «Инфляцияға шолудың» шығарылымдары Ұлттық Банктің ресми Интернет-ресурсында орналастырылды.
1.2-мақсат. Ақша-кредит және өзге де мемлекеттік саясат саласында негізделген шешімдерді қабылдау үшін статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету
Мақсатты индикатор: Төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша талдамалық және стандарттық кестелерді уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету – жыл сайын, кемінде 29 кесте
1.2.1-міндет. Сыртқы экономикалық статистиканың халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.
Тікелей нәтижелердің көрсеткіші: ҚР Ұлттық Банкінің веб-сайтында жарияланатын төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша ақпараттық материалдар саны
Есепті кезеңде (2013 жылы) көрсеткіш белгіленген жоқ. 2013 жылдан бастап талдамалық және стандартты кестелерді жариялау жаңа әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тікелей нәтижелердің көрсеткіші: ҚР Ұлттық Банкінің веб-сайтында жарияланатын төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша ақпараттық материалдар саны (Ұлттық Банктің Интернет-ресурсында тоқсан сайын жарияланатын 29 талдама және стандартты кесте
Іс-шара: Сыртқы экономикалық шоттар бойынша қаржы және нақты секторлардың субъектілеріне ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу
Іс-шара: Сыртқы экономикалық шоттар бойынша қаржы және нақты секторлардың субъектілеріне жаңа әдіснамаға сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу.
Төлем балансын жасау үшін сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын республика кәсіпорындары Ұлттық Банкке резидент еместерге қойылатын қаржы талаптары және олардың алдындағы міндеттемелер туралы тиісті есептерді, резидент еместерден алынған қызметтер мен резидент еместерге көрсетілген қызметтер туралы, резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша жасалған халықаралық операциялар туралы есептерді береді. Сондай-ақ кәсіпорындар тауарлар экспорты мен импорты кезінде тасымалдау және сақтандыру шығыстары туралы тексеру сауалнамасын және кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасын толтырады.
Банктер: 1) резидент еместерге қойылатын қаржы талаптары мен олардың алдындағы міндеттемелердің жай-күйі туралы; 2) резидент еместерден тартылған қаржы заемдары мен коммерциялық кредиттерді пайдалану туралы; 3) резидент еместерге берілген кредиттер туралы; 4) резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша жасалған халықаралық операциялар туралы; 5) үкіметтік және мемлекет кепілдік берген заемдарды, мемлекет кепілдеме берген заемдарды игеру және өтеу туралы; 6) қолма-қол шетел валютасының қозғалысы туралы есептер береді.
Ұлттық Банкке есептілік Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын бекітетін Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ұсынылады. Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1746 қаулысымен бекітілген 2013 жылға арналған Статистикалық жоспарына сәйкес Ұлттық Банк сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыру шеңберінде 2013 жылы 18 зерттеуді (ведомстволық статистикалық байқау) жүзеге асырды, оның ішінде 1 – 16ТБ бойынша ай сайынғы статистикалық бақылау, 8 – 1-ПБ, 7-ПБ, 9-10-ПБ, 14-15-ПБ, 17-ПБ, 11-ОБ, нысандары бойынша тоқсан сайынғы статистикалық бақылау, 7 – жаңа әдіснамаға сәйкес жүргізілген тоқсан сайынғы статистикалық бақылау (2-6-ПБ, 11-ПБ-ОС және 11-ПБ-СЖ нысандары), жылдық «Кәсіпорындарды тауарлар импорты мен экспорты кезінде тасымалдау және сақтандыру шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы», сондай-ақ біржолғы «Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» (ОПБ-1).
Зерттеулердің нәтижелері Қазақстан Республикасының төлем балансында 2012 жылғы 4-тоқсанның және 2013 жылғы 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасының халықаралық инвестициялық позициясында және жалпы сыртқы борышында 2012 жылғы 31 желтоқсандағы, 2013 жылғы 31 наурыздағы, 2013 жылғы 30 маусымдағы және 2013 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша көрсетілді.
Ұлттық Банктің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес төлем балансы төлем балансы (ТБ) бойынша, сыртқы борыш (СБ) және халықаралық инвестициялық позиция (ХИП) 28 талдамалық кестені тоқсан сайын және шетел валютасындағы халықаралық резервтер мен өтімділік бойынша 1-кестені ай сайынғы негізде орналастыру жоспарланып отыр.
2013 жылы іс жүзінде 41 талдамалық кесте орналастырылды:
ай сайын:
есепті кезеңнен кейінгі 30-ші күні:
шетел валютасындағы халықаралық резервтер мен өтімділік бойынша 2013 жылғы қараша үшін – 1 кесте;
тоқсан сайын:
есепті кезеңнен кейінгі 35-ші күні:
төлем балансының алдын ала қорытындысы – 1 кесте;
есепті кезеңнен кейінгі 90-ші күні:
төлем балансы бойынша – 4 кесте;
халықаралық инвестициялық позиция бойынша – 2 кесте;
салым бағыттары бойынша шетелдік тікелей инвестициялар бойынша – 3 кесте;
сыртқы борыш бойынша – 3 кесте;
есепті кезеңнен кейінгі 100-ші күні:
халықаралық инвестициялық позиция бойынша – 3 кесте;
салым бағыттары бойынша шетелдік тікелей инвестициялар бойынша – 4 кесте;
сыртқы борыш бойынша – 9 кесте;
есепті кезеңнен кейінгі 110-ші күні:
халықаралық инвестициялық позиция бойынша – 2 кесте;
есепті кезеңнен кейінгі 115-ші күні:
салым бағыттары бойынша шетелдік тікелей инвестициялар бойынша – 8 кесте;
есепті кезеңнен кейінгі 120-шы күні:
сыртқы борыш бойынша – 1 кесте.
Іс-шара. Жаңа әдіснамаға сәйкес сыртқы экономикалық шоттар бойынша статистикалық нысандарды қайта қарау.
Ұлттық Банк 2013 жылғы шілдеде ҚРҰБ-тың жаңа әдіснамаға сәйкес әзірленген статистикалық нысандарға және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарын дайындады (ҚРСА-ға 2013 жылғы 31 шілдедегі №25402/161 хатпен жіберілді).
2013 жылғы қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Статистика агенттігі Төрағасы бұйрығының жобасы ҚРҰБ-пен келісілді (ҚРҰБ-тың жауабы 2013 жылғы 20 қарашадағы №25402/251 хатпен жіберілді).
Тікелей нәтижелердің көрсеткіші: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметіне жіберілетін сыртқы сектордың жекелеген факторлары және көрсеткіштері бойынша ақпараттық материалдардың саны (4 көрсеткіштен және 3 ақпараттық материалдан кем емес)
Іс-шара. Мемлекеттік емес сыртқы қарыздар жөніндегі шарттарға мониторинг жүргізу және борыштық міндеттемелері неғұрлым маңызды болып табылатын ұйымдардың сыртқы борышының жай-күйін бағалау.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығымен мақұлданған Мемлекеттiк және жалпы сыртқы борышты басқару жөнiндегi тұжырымдаманы (бұдан әрі – Тұжырымдама) орындау шеңберінде Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, борыштық міндеттемелері 2012ж.30.09., 2012ж.31.12., 2013ж.31.03. және 2013ж.30.06. жағдай бойынша барынша маңызды болып табылатын қаржылық және корпоративтік секторлардың ұйымдары туралы ақпаратты ұсынды.
Таңдау есепті күнге сыртқы борышы 100 млн. АҚШ долларынан астам (кепілдік берілген сыртқы борышты ескере отырып) қаржылық емес сектордың кәсіпорындарына және банктік емес қаржы ұйымдарына және 300 млн. АҚШ долларынан астам сыртқы берешегі бар банктерге жасалды. Бұл ретте, егер 2012ж.30.09. көрсетілген тізбеге 93 кәсіпорын кірсе, 2013ж.30.06. жағдай бойынша олардың саны 104 жетті, ал банктердің саны (7 банк) өзгерген жоқ.
Осылайша, 2013ж.30.06. жағдай бойынша іріктелген кәсіпорындардың, ұйымдардың және банктердің сыртқы міндеттемелері 120,1 млрд. АҚШ долл. болды, бұл жалпы сыртқы борыштың 83% құрайды.
Іс-шара. Мемлекеттік сектордың сыртқы борышын кеңейтілген анықтамада бағалау
2013 жылы Тұжырымдаманы орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 2012ж.30.09., 2012ж.31.12., 2013ж.31.03. және 2013ж.30.06. жағдай бойынша мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, оның ішінде мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың, атап айтқанда олардың тәуелді және бірлесіп бақылайтын еншілес ұйымдарының борышы және жеке сектордың сыртқы борышы туралы ақпарат ұсынды.
Ақпаратта мемлекеттің қатысуы бар кәсіпорындардың сыртқы борышының жай-күйі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шартты міндеттемелері және Тұжырымдаманың 4.1-тармағына сәйкес келетін құрылымда жеке сектордың борышы туралы жиынтық ақпарат берілді. Есеп айырысулар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес қалыптастырылған кәсіпорындардың және мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың тізбесін ескере отырып жүргізілді.
Осылайша, 2013ж.30.06. жағдай бойынша мемлекеттік сектордың (ҚР Үкіметі, Ұлттық Банк, мемлекеттің басым (50% астам) қатысуы бар ұйымдар) борышы және ҚР Үкіметінің шартты міндеттемелері 33,8 млрд. АҚШ долл. болды, жалпы сыртқы борыштың 23% құрады.
Іс-шара: Халықаралық әдіснаманы ескере отырып және басқа елдермен салыстыра отырып төлем балансының, халықаралық инвестициялық позицияның және сыртқы борыштың жеке көрсеткіштерін бағалау
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысумен өткен мәжілістің 2009 жылғы 16 қарашадағы №01-7.15 хаттамасының 1.2-тармағына сәйкес, Ұлттық Банкке төлем балансының нашарлауы тәуекелдерінің мониторингін қамтамасыз ету және тоқсан сайынғы негізде Президент Әкімшілігін хабардар ету тапсырылды.
Осы тапсырма шеңберінде елдің төлем балансының нашарлауы тәуекелдерінің жүйесі мониторингі жүргізілуде, сондай-ақ төлем балансындағы ағымдағы жағдай және елдің төлем балансының жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін тәуекелдер факторлары (әлемдік экономика, мұнайдың әлемдік бағалары, Ресей рублі бағамының ауытқуы сияқты және басқалары) туралы ақпарат ұсынылады.
2012 жылғы 28 қаңтардағы №01-38.66 Елдің бәсекеге қабілеттігінің кешенді мониторингін жүргізу және талдау әдістемесі шеңберінде бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіштері бойынша ақпаратты Ұлттық Банктің жауапты бөлімшесі тиісті мемлекеттік органға жіберді.
Іс-шара: Жарғылық капиталына Ұлттық Банктің қатысуы бар компаниялардың борышының жай-күйін бағалау
2013 жылы Тұжырымдаманы орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 2012ж.30.09., 2012ж. 31.12., 2013ж.31.03. және 2013ж.30.06. Ұлттық Банктің еншілес ұйымдарының ішкі және сыртқы міндеттемелерінің жай-күйі туралы ақпаратты ұсынды.
2013 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Ұлттық Банктің құрылымына 10 еншілес ұйым кіріп, олардың саны 2013ж.30.06. жағдай бойынша 14-ке жетті. Тиісінше, Ұлттық Банктің еншілес ұйымдарының жиынтық міндеттемелері 2013ж.30.06. 11,5 млрд. теңгені құрай отырып, 2013ж.30.09. 2,2 млрд. теңгеге ұлғайды.
Іс-шара: Нақты тиімді айырбастау бағамының мониторингі
ҚР Ұлттық Банкінің Интернет-ресурсында орналастырылатын нақты тиімді айырбастау бағамының индекстері туралы ақпарат
Отандық тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі ұлттық валютаның Нақты тиімді айырбастау бағамының индексі болып табылады. Индекстің көтерілуі/төмендеуі бәсекеге қабілеттіліктің ықтимал нашарлауы/жақсаруы туралы айтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ай сайынғы негізде теңгенің нақты тиімді айырбастау бағамын есептейді. Нақты тиімді айырбастау бағамдары бойынша жиынтық кестелер ай сайын (есепті кезеңнен кейінгі 50-ші күні) ҚРҰБ Интернет-ресурсында орналастырылды.
Сонымен қатар, төлем балансы бойынша талдама түсіндірмелер шеңберінде ҚР Президентінің Әкімшілігіне және ҚР Үкіметіне тоқсан сайын нақты тиімді айырбастау бағамының динамикасын талдау ұсынылды.
1.3-мақсат. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру
Мақсатты индикатор: Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің көлемі
2013 жылғы 31 желтоқсандағы алдын ала деректер бойынша халықаралық резервтер Қазақстанның тауарлар мен қызмет көрсетулер импортын 4.8 ай үшін (жоспар кемінде 3 болған кезде) қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
1.3.1-міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін қамтамасыз ету
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің көлеміне қатынасы
Өтімділік портфелі ақша-кредиттік саясатты іске асыру, өтімділікті жоғарғы деңгейін ұстап тұру, валютаға қысқа мерзімді сұранысты қанағаттандыру және сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет ету мақсатында операцияларды жүргізуге арналған. Мақсатты көрсеткіш кем дегенде 1 болған кезде арақатынас шамамен 13,47 болды.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігі портфелінің көлемі
Өтімділік портфелінің көлемі мақсатты көрсеткіш 1 млрд. АҚШ долл. кем емес болған кезде шамамен 4,07 млрд. АҚШ долларын құрады.
1.3.2-міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің сақталуын қамтамасыз ету
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Халықаралық резервтердің қысқа мерзімді (1 жылға дейін) сыртқы борыштың көлеміне деңгейі
Бұл көрсеткішке 2015 жылы қол жеткізу жоспарланды.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Сыртқы алтынның тұрақты көлемі
Сыртқы алтын портфелінің көлемі мақсатты көрсеткіш кемінде 1,5 млн. трой унциясы болған кезде шамамен 2,52 млн. трой унциясын құрады.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) және агенттік борыштық міндеттемелерінің, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелерінің, Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің инвестициялық портфеліндегі қолма-қол ақшаның үлесі
АВА сақталуын қамтамасыз ету үшін инвестициялық портфельдің активтері негізінен елдің эталондық портфельге кіретін мемлекеттік, агенттік борыштық бағалы қағаздарымен берілді. Олардың үлесі мақсатты көрсеткіш кемінде 70% болған кезде 90% астамын құрады.
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 2 қаулысына сәйкес АВА инвестициялық портфелінде аударылатын активтер үшін 1 – 8 наурыз аралығында транзиттік кезең беріле отырып, швед кронасының пайдасына (2%) еуроның үлесі 2%-ға азайтылды.
ҚРҰБ Төрағасының 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 65 өкіміне сәйкес ағымдағы жылғы 1 мамырда АВА стратегиялық портфелінің мынадай сыртқы басқарушыларына олардың тиісті мандаттарға кейіннен инвестициялауы үшін АВА инвестициялық портфелінен шамамен 700 млн. АҚШ доллары сомасына қаражат аударылды: Aviva Investors («Дамушы нарықтардың ауқымды облигациялары» мандаты), BNP Paribas («Ауқымды айырбасталатын облигациялар»), BBVA AM («Латын Америкасының облигациялары»), Deutsche AM ((«Дамушы нарықтардың ауқымды облигациялары» мандаты), Julius Baer («Ауқымды корпоративтік облигациялар»), Nomura AM («Ауқымды корпоративтік облигациялар»). Аударылатын активтердің әрбір портфелі үшін 1 – 15 мамыр аралығында транзакциялық кезең белгіленді.
ҚРҰБ Төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 78 өкіміне сәйкес аударылатын активтер үшін 21 – 27 маусым аралығында транзакциялық кезең беріле отырып, инвестициялық портфельден өтімділік портфеліне жалпы нарықтық құны шамамен 1 млрд. АҚШ доллары болатын қаражат аударылды.
ҚРҰБ Төрағасының 2013 жылғы 23 шілдедегі № 88 өкіміне сәйкес ағымдағы жылғы 24 шілдеде аударылатын активтер үшін 24 шілде – 6 тамыз аралығында транзакциялық кезең беріле отырып, АВА инвестициялық портфелінен өтімділік портфеліне шамамен 1 950,00 млн. АҚШ доллары болатын қаражат аударылды.
Бұдан басқа жоғарыда көрсетілген Өкімге сәйкес тамыздың ішінде аударылатын активтер үшін тиісті транзакциялық кезең беріле отырып, АВА инвестициялық портфелінен дамушы нарықтардың портфеліне шамамен 50 млн. АҚШ доллары болатын аударым жүзеге асырылды. Бұл сома Қытайдың бағалы қағаздарын сатып алуға арналды.
Сонымен қатар ҚРҰБ Төрағасының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 91 өкіміне сәйкес 2013 жылғы 29 тамызға дейінгі мерзімде JP Morgan AM сыртық басқарушысына АВА инвестициялық портфелінен АВА стратегиялық портфеліне «Ауқымды акциялар» мандаты бойынша оларды кейіннен инвестициялау үшін жалпы нарықтық құны 300,00 млн. АҚШ доллары болатын аударым жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамына Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сенімгерлікпен басқаруға беру туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 293 қаулысына сәйкес 2013 жылғы 1 шілдеде аударылатын активтер үшін 1 – 19 шілде аралығында транзакциялық кезең беріле отырып, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ басқаруына АВА инвестициялық портфелінен АВА балама құралдар портфеліне шамамен 2 000,00 млн. АҚШ доллары сомасына активтер аударылды.
Активтерді одан әрі әртараптандыру жөніндегі жұмыстар шеңберінде Ұлттық Банк АВА активтерінің бір бөлігін басқару үшін сыртқы басқарушыларды таңдау бойынша жұмыстар жүргізді. Мәселен, есепті кезеңде «Ауқымды акциялар: жоғары дивидендтер», «Ауқымды акциялар: ең төменгі құбылмалылық/вариациялар» мандаттары бойынша АВА активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау бойынша тендерлер жүргізілді.
ҚРҰБ Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 224 қаулысына сәйкес «Ауқымды акциялар: жоғары дивидендтер» мандаты бойынша Kleinwort Benson Investors Dublin Ltd және Schroder Investment Management Limited компаниялары АВА активтерін басқарушылар болып айқындалды.
«Ауқымды акциялар: ең төменгі құбылмалылық/вариациялар» мандаты бойынша АВА активтерін басқаруға жеңімпаздар және басқарушылар болып Nomura Asset Management U.K. Ltd., Quoniam Asset Management GmbH және Analytic Investors компаниялары айқындалды, бұл ҚРҰБ Басқармасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 252 шешімімен де бекітілді.
Қазіргі уақытта көрсетілген сыртқы басқарушылармен тиісті шарттар жасау жұмысы жүргізілуде.
1.3.3-міндет. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық қоры активтерінің оң кумулятивтік кірістілігін қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижесі бойынша, соңғы үш жылдың қорытындылары бойынша алдын ала деректерге сәйкес шамамен 8,27% оң кірістілікке қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес облигациялардың эталондық портфеліне еуро үлесінің 28%-дан 26%-ға дейін төмендеуі есебінен швед кронасы (2%) қосылды.
ҚР Ұлттық қорының активтерінің кірістілігін арттыру және әртараптандыруды кеңейту мақсатында ҚРҰБ Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 103 қаулысымен «Ауқымды пассив акциялар» мандаты бойынша Amundi сыртқы басқарушысы бекітілді.
ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы басқарушыларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 189 және 190 қаулыларымен «Hard currency дамушы нарықтарының облигациялары» мандаты бойынша Amundi және Pioneer Investment Management Limited сыртқы басқарушылары және «Инвестициялық деңгейдегі ауқымды корпоративтік облигациялар» мандаты бойынша Pioneer Investment Management Limited және Bank Julius Baer & Co. Ltd сыртқы басқарушылары бекітілді.
Активтерді одан әрі әртараптандыру жұмыстары шеңберінде ҚР Ұлттық қорының активтерінің бір бөлігін басқару үшін сыртқы басқарушыларды таңдау бойынша жұмыс жүргізілді. Мәселен, есепті кезеңде ҚР Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау бойынша «Ауқымды акциялар: жоғары дивидендтер», «Ауқымды акциялар: ең төменгі құбылмалылық/вариация» мандаттары бойынша тендерлер өткізілді.
ҚРҰБ Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 225 қаулысына сәйкес «Ауқымды акциялар: жоғары дивидендтер» мандаты бойынша тендердің жеңімпаздары және ҚР Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушылары болып Kleinwort Benson Investors Dublin Ltd және Schroder Investment Management Limited компаниялары айқындалды.
«Ауқымды акциялар: ең төменгі құбылмалылық/вариация» мандаты бойынша тендердің жеңімпаздары және ҚР Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушылары болып Nomura Asset Management U.K. Ltd., Quoniam Asset Management GmbH және Analytic Investors компаниялары айқындалды, бұл да ҚРҰБ Басқармасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 253 шешімімен бекітілді.
Қазіргі уақытта көрсетілген сыртқы басқарушылармен тиісті шарттар жасау жұмысы жүргізілуде.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: ҚР Ұлттық қорының тұрақтандыру портфелінің мөлшері
Өтімділіктің жеткілікті деңгейін ұстап тұру және кепілдік берілген трансфертті бөлу бойынша міндеттемелерді орындау үшін ҚР ҰҚ тұрақтандыру портфелінің мөлшері алдын ала деректер бойынша шамамен 22,5 млрд. АҚШ доллары болды.
Тікелей нәтиже көрсеткішін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін активтермен операциялар жеткілікті көлемде жүргізілді.
2-стратегиялық бағыт.
Тиімді валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру
2.1-мақсат. Ырықтандырылған валюталық режим және Кеден одағының жұмыс істеуі жағдайларында валюталық реттеу және бақылау жүйесін жетілдіру
Мақсатты индикатор: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі шеңберінде «Капитал қозғалысына шектеу» көрсеткіші
Дүниежүзілік экономикалық форумның «Ауқымды бәсекеге қабілеттілік индексінде» есепке алынатын көрсеткіштер тізбесінен «Капитал қозғалысына шектеу» көрсеткіші алып тасталды.
2.1.1-міндет. Валюталық реттеудің нормативтік құқықтық базасын, оның ішінде Кеден одағының жұмыс істеуі жағдайында жетілдіру
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Нормативтік құқықтық және/немесе заңнамалық актілердің саны (1 акт)
Іс-шара: Валюталық құндылықтардың айналыс тәртібін реттеуді жетілдіру
Алдына қойылған міндетке қол жеткізу мақсатында Ұлттық Банк «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру мақсатында валюталық құндылықтардың айналысын реттеуді жетілдіру үшін 1 нормативтік құқықтық/заңнамалық актіні әзірлеу жоспарланды.
2013 жылдың қорытындылары бойынша мыналар жүзеге асырылды: «Уәкілетті ұйымдарға айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде халықтан талап етілетін бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру, құжаттар санын қысқарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2.1-тармағына сәйкес ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасы әзірленді. Бұл мәселе бойынша ҚРҰБ Басқармасы 2013 жылғы 25 желтоқсанда № 295 қаулысы қабылданды, ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркеуге жіберілді.
2.1.2-міндет. Валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша толық және шынайы ақпарат алу мақсатында валюталық бақылау рәсімдерін жетілдіру
Ырықтандырылған валюталық режим жағдайында валюталық реттеудің негізгі міндеттерінің бірі резиденттердің валюталық операцияларына жүргізілетін мониторинг жүйесін жетілдіру болып табылатындықтан, валюталық бақылаудың негізгі мақсаты валюталық операциялар бойынша барабар және уақтылы ақпаратты қамтамасыз ету болып табылады. Валюталық операцияларды жүргізу тәртібін жеңілдетумен қатар резиденттердің валюталық заңнама талаптарын сақтауы мақсатында бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыру қажет, сондай-ақ оны орындамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін нормалардың іске асырылуын күшейту керек. Осыған байланысты Ұлттық Банк міндеттерінің бірі валюталық бақылауды жетілдіру қажет, ол валюталық реттеу және бақылау саласындағы Ұлттық Банктің бақылау-қадағалау функцияларын (уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың қызметіне жоспарлы тексеру жүргізу) іске асырудың тиімділігіне де байланысты болып табылады. Бұл ретте Ұлттық Банктің қызметі 2013 жылы бұрынғысынша әр түрлі критерийлер бойынша тексерулер ұйымдастыру кезінде селективтік бақылау жүйесін ендіру арқылы жүргізілетін тексерулердің тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Инспекциялаумен қамтылған уәкілетті банктердің саны – объективті тексерулердің жалпы санының кемінде 10%-ы
Іс-шара: Уәкілетті банктерге тексеру ұйымдастыру (селективтік жоспарлау, жүргізу, тексеру нәтижелері бойынша актілерді ресімдеу) (жыл сайын)
2013 жылы қызметінің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес келу мәніне қарай 10 уәкілетті банкке тексеру жүргізілді (уәкілетті банктер бойынша – жоспарланған тексерулердің 25%, уәкілетті банктердің жалпы санының кемінде 10%-ы) жүргізілді.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Инспекциялаумен қамтылған уәкілетті ұйымдардың саны – тексеру объектілерінің жалпы санының кемінде 30%-ы
Іс-шара: Уәкілетті ұйымдарға тексеру ұйымдастыру (селективтік жоспарлау, жүргізу, тексеру нәтижелері бойынша актілерді ресімдеу) (жыл сайын)
2013 жылы Ұлттық Банк лицензиясының негізінде қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдарға қызметінің Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес келу мәніне қарай 206 тексеру (уәкілетті ұйымдар бойынша – жоспарланған тексерулердің 34%, уәкілетті ұйымдардың жалпы санының кемінде 30%) жүргізілді.
2.1.3-міндет. Валюталық заңнаманы бұзушылықтарды болдырмау мақсатында халықтың және бизнес-қоғамдастықтың Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібі туралы хабардар болуын одан әрі, оның ішінде Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары арқылы арттыру.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және сөз сөйлеу – БАҚ-та 5 жарияланым және сөз сөйлеу
Іс-шара: БАҚ-та жариялау және сөз сөйлеу үшін ақпарат әзірлеу
2013 жылға жоспарланған БАҚ-та жариялау және сөз сөйлеу шараларына қол жеткізілді.
2013 жылғы ақпанда 2 сөз сөйлеу жүзеге асырылды:
«Астана» телеарнасында Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердегі валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімнің мәселелері бойынша;
балаларға арналған «Қызықты қаржы» телебағдарламасында «Әлем елдерінің валюталары» тақырыбы бойынша.
2013 жылғы сәуірде балаларға арналған «Қызықты қаржы» телебағдарламасында «Бағалы қағаздар және биржа» тақырыбында сөз сөйленді.
Бұдан басқа «Ұлттық Банктің экономикалық шолуы» журналының басылымында 2013 жылғы 3-тоқсанда валюталық реттеу мәселелері бойынша 2 мақала жарияланды:
1991 – 2012 жылдар аралығындағы кезеңдегі Валюталық реттеу саясатының эволюциясы;
БЭК түпмәтініндегі валюталық реттеу және валюталық бақылау.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Валюталық заңнаманың мәселелері бойынша семинарлардың саны (2 семинар)
Іс-шара: Валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың мақсаттары, жүзеге асыру жөніндегі шаралар және талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілік туралы ақпараттық-түсіндірме науқанын жүргізу шеңберінде семинарлар ұйымдастыру
22 маусымда «Сбербанк России» АҚ ЕБ қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының мәселелері бойынша семинар өткізілді. 10-11 қазан аралығындағы кезеңде Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының валюталық операцияларды бақылау бөлімдерінің басшылары және мамандары үшін «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» деген тақырыпта семинар өткізілді.
3-стратегиялық бағыт.
Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру
Достарыңызбен бөлісу: |