Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Т. Орынбаев 2013 жылғы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/30
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15886
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

75
мен
қолдау кезінде шектеудің  болмауы
(тестілеу
үдерісіне барлық 
қолданушыларды тарту).
4. Регламенттердің болмауы дамуды және жағдайды жақсартуға күш салу
мүмкіндігін тежейді.
5.
Білікті АТ-мамандарының,  жобалық  менеджерлердің жетіспеуі,
оқытудың жеткіліксіздігіжәне кадрлардың кетуі.
6. Пайдаланушылардың  жүйені пайдалануы және мәліметтерді байланыс
арналары бойынша беру кезіндегі ақпараттық  қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 
төменгі деңгейі.
7. Өзге жүйелермен интеграциялану мәселелері (интероперабельділік
стандарттары енгізілмеген).
8. ДБАЖ ақпараттық  жүйелерін пайдаланушыларды оқыту бойынша
бағдарламаның тұтастығының болмауы.
Ақпараттық жүйелермен байланысты проблемалар:
1. Жүйелер ыңғайсыз және негізінен қателердің болуы, баяу жұмыс істеуі
мен тежелуі, бірнеше жүйелерге бір ақпараттың  көп рет енгізілуі себебінен
пайдаланушылар бас тартады; олар дәрігердің  жұмыс уақытын кемітпейді,
керісінше, оны көбейтеді;
2. ДБАЖ қолайсыздығы және үлкен есептеу ресурстарын тұтынуы;
3. Әртүрлі деңгейдегі, бейіндегі және қуаттылықтағы (жеткіліксіз
масштабталуы)
медициналық 
ұйымдарда
бірыңғай
бағдарламалық 
жасақтаманы
пайдаланумен байланысты қарапайым пайдаланушылар үшін
қолданыстағы жүйелердің функционалының күрделілігі;
4. Кейбір ДБАЖ ақпараттық  жүйелерінің  бас тарту орнықтылығының
әлсіздігі.
Бір бағдарламалық өніммен, атап айтқанда, Медициналық-статистикалық 
жүйемен МСАК ұйымдарының, барлық деңгейлі мен бейінді стационарлардың, 
диспансерлердің,  жедел жәрдем станцияларының  және т.б. қоса алғандағы
қолданыстағы барлық  медициналық  ұйымдардың  барлық  негізгі процестерін
қамтуға талпыну ДБАЖ-нің  аталмыш компонентін қиындатуға әкелді, бұл
жүйенің  техникалық  қолдауы мен ұзақ  мерзімді өміршеңдігінің  мүмкіндігіне
жағымсыз әсер етеді. Бұл ретте қазіргі уақытта ДБАЖ-да жиналатын ақпарат,
зертханалық  зерттеулердің  нәтижелері
туралы
мәліметтерді
жинақтау
функционалының  толық  іске асырылмауына және сандық  медициналық 
суреттер
(рентген-зерттеулерінің, 
УДЗ,
томографиялардың  және
т.б.
нәтижелері) компонентінің  болмауына байланысты төмен диагностикалық 
құндылыққа ие. Бұл функционал ешқашан ДБАЖ жобасының құрамдас бөлігі
болмағандығын атап айту керек. Осылайша, ДБАЖ пайдаланушыларының 
негізгі тобының,  яғни дәрігерлер мен мейіргерлердің  мүдделері мен
қажеттіліктері жеткіліксіз түрде ескерілген.


76
4-қосымша. Е-денсаулық сақтау көмегімен қанағаттандырылуы мүмкін
денсаулық сақтау саласының қажеттіліктерін талдау
Осы қосымшада Денсаулық  сақтау саласын дамытудың  «Саламатты
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен бекітілген
еліміздің  денсаулық 
сақтау жүйесін дамытудың  негізгі бағыттары және «Қазақстан-2050»
стратегиясына сәйкес денсаулық  сақтау саласының  негізгі басымдықтары,
сондай-ақ  е-денсаулық  сақтауды дамыту арқылы қанағаттандырылуы мүмкін
болатын Қазақстанның  денсаулық  сақтау жүйесінің  олармен байланысты
қажеттіліктері сипатталған.
Іске асырылуы жоғарыда аталған стратегиялық  құжаттардың  барлық 
бағыттарының дамуына жағдай жасайтын жалпы қажеттіліктер мыналар:
- Денсаулықты қорғау үдерісінің  қатысушылары арасында өнімділігі
жоғары, қауіпсіз және сенімді коммуникацияны қамтамасыз ету;
- Дұрыс шешімдер қабылдау үшін нақты және уақытылы статистикамен
және аналитикамен, сондай-ақ индикаторлармен қамтамасыз ету.
1-бағыт

Қоғамдық  денсаулықты
қорғау
мәселелері
бойынша
сектораралық  және ведомствоаралық  өзара әрекеттесу тиімділігін
арттыру;
Бағыттың 
мақсаты:
мемлекеттік,
қоғамдық 
және
бизнес-
құрылымдардың  қызметін үйлестіру арқылы азаматтардың  денсаулығын
қалыптастыру, сақтау және нығайту. Бағыт 4 міндетті қамтиды.
Саламатты
өмір
салтын
қалыптастыру
және
мінез-құлық 
факторларынан болатын әлеуметтік маңызы бар аурулардың  деңгейін
төмендету;
дұрыс
тамақтануды
қамтамасыз
ету,
балалар
мен
оқушылардың денсаулығын жақсарту.
Бұл міндет «Біз балаларымыздың  денсаулығын қамтамасыз етудің  жаңа
тәсілдерін енгізу мәселесін пысықтауға тиіспіз. 16 жасқа дейінгі барлық 
балаларды медициналық қызмет көрсетудің барлық спектрімен қамту қажет»,-
делінген «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі 5-бағытына сай келеді.
Осы міндетті орындауға е-денсаулық  сақтау мынадай қажеттіліктерді
іске асыру арқылы әсер ете алады:
- денсаулық  мәселелері жөніндегі ақпараттық-танымдық  веб-сайттарды
(бұдан әрі – ақпараттық-танымдық сайт) жүргізу, тұрақты түрде жақсарту және
жаңарту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау және темекі шегу, алкоголь,
есірткі және т.б. әдеттердің  зияны туралы халықтың  ақпараттандырылуын
арттыру;


77
- балалар мен жасөспірімдер гигиенасы мен инфекциялық  ауруларды
басқару,
дұрыс
тамақтану
мәселелерін
шешу
үшін
санитариялық-
эпидемиологиялық ахуал жөніндегі ақпаратты уақытылы ұсыну;
- бағынышты адамдардың  тапсырмаларды орындау мониторингінің 
құралдарын, қажетті статистикалық  көрсеткіштер мен дашбордтар ұсыну
арқылы (бір беттегі нақты менеджерге қажет негізгі көрсеткіштер) ұлттық, 
өңірлік және жергілікті деңгейлерде денсаулық  сақтау менеджерлерінің  жеке
жұмысын жақсарту;
- пациенттің  денсаулығы жайлы ақпараттандырылуын жақсарту, ЭДП
жазбаларын қайта қарау мүмкіндігін беру, дәрігерге қаралу қажеттігі жөнінде
еске салу, қажетті профилактикалық  шараларды өткізу, нақты бір пациентке
қашықтықтан ұсынымдар жасау және басқа да қажетті ақпаратты ұсыну.
Жол-көлік қауіпсіздігін арттыру, төтенше жағдайлар кезіндегі жедел
медициналық-құтқару көмек тиімділігін арттыру
Осы міндетті орындауға е-денсаулық  сақтау мынадай қажеттіліктерді
іске асыру арқылы әсер ете алады:
- көмек көрсету үдерісіндегі барлық  қатысушыларға өзекті де сенімді
ақпаратты ұсыну арқылы жедел медициналық жәрдем қызметін жетілдіру;
- ақпараттық-танымдық  сайттарда жол-көлік қауіпсіздігі және төтенше
жағдайлар жөніндегі ақпаратты ұсыну.
АИТВ/ЖИТС және туберкулезбен күрес:
Осы міндетті орындауға е-денсаулық  сақтау мынадай қажеттіліктерді
іске асыру арқылы әсер ете алады:
- ақпараттық–танымдық  сайтта аталған аурулардың  алдын алу туралы
ақпаратты ұсыну;
- аталған диагнозы бар науқастар тізімін дәрігерге ұсыну және
көрсетілген не көрсетілетін медициналық қызметтерді тексеру мүмкіндігі;
- дәрігерге бастан кешкен және/немесе ауыратын ауруы, иммундық 
статусы, аллергиялық  реакциялардың  болуы, бұрын көрсетілген медициналық 
қызметтер, медициналық  суреттемелерді қосқанда диагностикалық  зерттеулер
нәтижелері туралы уақытылы, нақты, өзекті және жеткілікті ақпаратты ұсыну
арқылы медициналық (клиникалық) шешімдердің қабылданылуын қолдау;
- нақты жағдайда қолданылуы мүмкін диагностикалау және емдеудің 
өзекті клиникалық хаттамаларын мен нұсқауларын уақытылы ұсыну.
Аса қауіпті инфекциялардың  профилактикасы:
Осы міндетті орындауға е-денсаулық  сақтау мынадай қажеттіліктерді
іске асыру арқылы әсер ете алады:


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау