Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Т. Орынбаев 2013 жылғы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/30
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15886
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30

42
жері болады. Стандарттау бойынша ұзақ  мерзімді жоспарларды талдау және
айқындау процесі 2013 жылға дейін аяқталады. Е-денсаулық  сақтау
жүйелерінің  бағдарламалық  жасақтамасының  архитектурасын
әзірлеуге
қатысты стандарттарды іске асыру 2014 жылғы сәуірде аяқталатын болады.
Ойдағыдай архитектураның  бөлігі ретінде енгізілуі тиіс е-денсаулық 
сақтаудың негізгі компоненттеріне мынадай тармақтар кіреді:
 Көмек көрсетудің  тұрақтылығының жоғары деңгейін қолдайтын ЭДП
стандартталған ақпараттық үлгісі (интеграцияланған көмек);
 Пациентті, көмек көрсетілетін субъектіні (пациентті/дені сау адамды),
медициналық 
ұйымды
және
медицина
қызметкерлерін
сәйкестендірудің бірыңғай жүйесі;
 ЭДП негізделген бас тіркеуші сервисі;
 ЭМЖ және ЭДП байланыстыратын барлық  қалған жазбалар
тіркеушілерінің сервистері;
 Бекітілген статистикалық  есепке алу және есептілік құжаттаманың 
бөлігі ретінде іске асырылған тіркеушілердің қалған сервистері;
 Алғашқы медициналық көмек жіктемесінің сервисі (ICPC-2);
 Диагноздар жіктемесінің сервисі (АХЖ-10);
 Медициналық қызметтер жіктемесінің сервисі;
 Дәрілік заттар жіктемесінің сервисі (АТС-DDD);
 Электрондық  бағыттар сервисі (ICPC-2 АХЖ-10-ға карта жасаумен)
және тіркеу сервисі; электрондық  үзінді және диагностикалық 
қызметтерге жолдау сервисін қоса;
 Дәрі-дәрмекті электрондық тағайындау сервисі (дәрілік заттардың және
ММБ ұлттық  жіктемесін АТС халықаралық  жкітемесіне карталаумен)
және тіркеу сервисі;
 Қолданыстағы денсаулық  сақтаудың  ақпараттық  ағындарын қолдау
үшін қажетті барлық сервистер;
 Электрондық жолдаманы, электрондық үзіндіні және дәрілік заттарды
тағайындауды іске асыру үшін қажетті хабарламалар сервисі;
 Хабарламалар сервисі.
Электрондық 
жазбалар
құрылымының 
стандартын
іске
асыру
қолданыстағы
реттеуіш
базаға
негізделетін
болады
және
Қазақстан
Республикасының  е-денсаулық  сақтау саласындағы бәсекелестік ортаны және
ашық  нарықты дамытуға болысатын ашық  және интеграцияланатын ЭДП
құруға бағытталады. Стандарттардың  жинағы медициналық  ақпараттық 
жүйелердің  ЭДП-мен және басқа орталық  сервистермен өзара іс-қимыл
мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жоғарыда аталған хабарламалармен алмасу
сервистерінің негізінде жариялануы тиіс.
Деректермен кедергісіз алмасуды және ақпараттық  жүйелер арасында
мағыналы сабақтастықтың  болуын көздейтін интероперабельділік ауруларды
басқарудың  және сапаны арттырудың,  медициналық  көмек көрсетудің 


43
үздіксіздігін қамтамасыз етудің,  медициналық  қателіктерді болдырмаудың, 
медициналық,  басқарушылық  және қаржылық  шешімдерді қабылдауды
қолдаудың маңызды құралы болып табылады. Оған қоса, интероперабельділікті
стандарттау деректерді бірнеше рет енгізуді жоюдың,  бір жүйенің  деректерін
автоматты түрде басқаға көшірудің  есебінен және қателіктер тәуекелін
төмендетудің есебінен маңызды экономикалық әсерді қамтамасыз етеді.
2.3.2. Семантикалық  интероперабельділікке арналған техникалық 
стандарттар
Семантикалық  интероперабельділік денсаулық  сақтаудың  АКТ екі
аспектіде маңызды – ақпараттық жүйелердің арасындағы коммуникация кезінде
және медициналық құрылғылары бар ақпараттық жүйелердің коммуникациясы
кезінде.
2.3.2.1. Жүйелердің интероперабельділігі
Қазіргі кезде ҚР ДСМ әзірленген жүйелерінде XML жазбаларында
негізделген
ішкі
стандарт
пайдаланылған.
Жүйелердің  семантикалық 
интероперабельділігін қамтамасыз ету үшін ДСМ кейінгі бөлімдерде
сипатталған
бірқатар
шараларды
ұстанатын
болады,
сондай-ақ 
интероперабельділіктің 
стандартын
енгізеді,
мысалы:
HL7.
Негізгі
қарастырылған стандарттардың  ішінде (HL7 v2, v3, ENV13606/OpenEHR),
7 жылға перспективаны есепке ала отырып, перспективалы, жеткілікті түрде
пысықталған және халықаралық  қоғаммен танылған ретінде анағұрлым
жарамды стандарт HL7 v3 болады.
2.3.2.2.
Ақпараттық  жүйелердің  медициналық  құрылғылармен
интероперабельдігі
Қазіргі таңда медициналық  құрылғылармен (зертханалық  анализаторлар,
рентгенологиялық аппараттар, УДЗ және т.б.) интероперабельділік мәселесі ҚР
шешілмеген дерлік. Бір зертханалық  анализаторды қосудың  қолданыстағы
практикасы осыны растайды, өйткені қандай да бір аппаратты қосу үшін
ақпараттық  жүйенің  әзірлеушілерін шақырту қажет, олар оны қосу үшін
бағдарламалық  жасақтаманы әзірлеуі тиіс. Қазіргі таңда осы мақсатта ең 
пысықталған HL7 v.2.5.1 стандарты болып табылады. Келешекте барлық 
қауымдастық  HL7 v3 стандартына көшкен кезде, ДСМ осы жаңа стандартқа
автоматтандырылған түрде айырбастаудың құралдарын қарастыратын болады.
Суреттер бар жүйелермен интероперабелділік үшін жоғарыда аталған
стандарттардан
басқа,
мынадай
стандарттарды
пайдалану
мүмкіндігі
қарастырылады:
- DICOM – Digital Imaging and Communication in Medicine. Медицинадағы
сандық суреттер және коммуникация, ISO 12052;
- Web access to DICOM persistent objects – DICOM форматында сақталатын
объектілерге веб-рұқсат, ISO 17432.


44
2.3.3. Терминологияны біріздендіру
Осы бағытта қысқа мерзімді және ұзақ  мерзімді перспективадағы жұмыс
жасалатын болады.
Қысқа мерзімді перспективада жұмысшы топ ҚРЭДС ақпараттық 
кеңістігінде
пайдаланылған
негізгі
техникалық 
терминдердің 
және
концептердің сөздігін құрастыратын болады. Бұл ұзақ мерзімді шара болғанына
қарамастан (салдары көп жылға созылған), осыны тезірек бастау қажет, өйткені
веб-порталдардың  санын
арттыру
деректерді
біріздендіруді
басқара
алмайтынына әкелуі мүмкін. Архитектурада әртүрлі түсінуді болдырмау үшін
барлық  түсініктерді қамтитын деректердің  сөздігін көздеу қажет. Сөздікті БЖ
әзірлеушілері және құжаттаманың  әзірлеушілері жасаған қолда бар жартылай
сөздіктердің  негізінде құруды бастау қажет, оған қоса әртүрлі ақпараттық 
жүйелердің  сөздіктерінде табылған ықтимал қайшылықтарды жою қажет.
Сөздікті құрастырудың қағидаттары STPHI аудитінің есептерінде сипатталған.
Осы сөздікті жариялап, ҚРЭДС барлық  қатысушыларын және денсаулық 
сақтауды автоматтандыруға мүдделі тараптарды осы сөздікті терминдердің 
бірыңғай стандарты ретінде пайдалануға міндеттеу қажет. Сөздікті басқаратын
жауапты тұлғаны (деректердің  архитекторы) тағайындау қажет: жаңа
терминдерді енгізуге, өзгертуге өтінімдерді қабылдау және сөздікті пайдалану
мен өзгертудің  дұрыстығын бақылайтын болады. ДСМ терминологияны
стандарттау процесін енгізу және терминологияның  өмір циклын бөлек
регламентпен сипаттауы қажет.
2.3.4. Хабарламалардың стандарттары
Е-денсаулық  сақтаудың  ақпараттық  жүйелері арасындағы коммуникация
үш нысанда жүргізілетін болады:
- хабарламалар;
- құжаттар;
- сервистер.
Коммуникацияның  архитектурасы SAIF (HL7) сияқты әдістеменің 
ұсыныстарына сәйкес әзірленеді. Мыналар үшін хабарламаларды жіберу
сервистері әзірленеді:
- тіркелімдердегі деректерді жаңарту;
- статистикалық деректерді беру;
- АЖ-нің ЭДП-мен байланысы;
-
денсаулық  сақтау
процесіне
қатысушалардың,  оның  ішінде
медициналық  қызметкерлер мен пациенттердің  нотификациясы/қызметтестігі
(collaboration);
- жедел хабарлармалар (хабарландыру);
- е-денсаулық сақтау процесін іске асыру;
- сәйкестендіру және аутентификация, және т.б.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау