Қазақстан республикасы қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі



жүктеу 0,83 Mb.
бет3/11
Дата15.11.2018
өлшемі0,83 Mb.
#20389
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.1.5. Су және су жағалары

Қазақстан аумағы, әсіресе оның солтүстік аумағы сулы–сазды алқаптарға бай, негізінен, бұл жерлерде 48 мыңға дейін жететін ірі және ұсақ көлдер. Олардың ішінде тайыз тұзды көлдер де көп, олардың жағалауында өсімдіктердің болмауы суда жүзіп аулаушы құстарды (мысалы, қаздар мен үйректер) қызықтырмайды, дегенмен, олардағы аралдар күлік, шағала, крач тіпті қызғылт фламинго (Chettusia, Larus sp., Sterna sp., Phaenicopterus roseus) (Теңіз көлі). сияқты, коллониялы құстар түрлері үшін ұя салуға өте жайлы. Басқа көлдер, әсіресе дала аймағында, қамысты нуларға (Phragmites australis) бай, олар суда жүзетін құстар үшән, тек қана ұя салу кезеңінде емес, жаз аяғында балапан шығаратын кезде, көктемгі және күзгі көш–қоны кезінде де тығылатын орын ретінде маңызды.

Материк ортасында орналасқан, Сібірден Каспиге дейін, азия және африкада қыстауға ұшып өтер жолда бұл көлдердің аңшы құстар санын басқару үшін стратегиялық маңызы бар. Орталық Қазақстандағы –Қорғалжын және Ырғыз–Торғай көлдер жүйесінің тіпті 70-жылдары, ең алдымен, суда жүзетін құстар ортасы, халықаралық маңызды су–саздақ алқаптар деп танылып, Рамсар конвенциясына енгізілгені тектен тек емес. Шөлейт аймағындағы өзендер жазығы үшін орман қауымдастықтары сыйпатты: әртүрлі жапырақты теректер (Populus diversifolia), мүк (Elaeagnus), талдар (Salix) және жыңғылбастык (Tamarix) нулар. Көлдер жағасының көп ауданын қамыстылар (Phragmites australis) алады. Күшті антропогендік қысым (реттелмеген шөп шабу, жүйесіз мал бағу, су ағысының су қоймалары мен ирригация, алқаптық жерлердің жыртылуы және басқалар) жазық экожүйелерінің шөлейттену үдерісін тудырады.

Өзен жазығы мен өзен бойындағы котловиндердің өзіндік орман–шалғын және шөлейтті экожүйелер дала мен шөлейт аймақтарына аймақтық емес экожүйелер ретінде кіреді. Олардың ішінде далаларда талды–теректі ормандар, арасында шалғын мен шалғынды–сазды өсімдіктер дақтары –300 жақын элементарлы экожүйелер бар. Шөлейтерде –талды(comm. Salix) және мох-тораңғысы (comm. Populus diversifolia + Elaeagnus angustifolia) тоғайлы ормандар, жыңғылбастар (Tamarix), жыңғылдар (Halimodendron halodendron) және ішінде қамыстылар кездесетін, шалғынды дақылды экожүйелер. Шалғындарда сазды жүйелерден басқа 200 дейін қарапайым экожүйелер кездеседі. Өзендер жағалауында шалғынды– саздақ (қамысты, бескильницевая) (Phragmites australis, Becmania sp.) және шалғынды өсімдіктер сортаң шалғынды–далалы және галофитті типті шөлейт экожүйелерімен алмасады. .

Өзендер жазығы, алқап пен шалғындар 6 млн. га. ауданды алып жатыр. Өзендер жазығы мен шалғындардың жалпы ауданы 6 млн. га құрайды. Жоғарғы өнімді сулы шалғындар 2.2 млн. га, оның 1.3 млн. га алқаптық. Бұл жерлерде топырақ суының төмендеуі, топырақтың кебуі мен тұздалуы, шалғынды өсімдіктер құлдырауы ( ботаникалық құрамның нашарлауы, өнімнің азаюы, шабындықтар мен жайылымдардың трансформациясы), биологиялық түрліліктің тозуы байқалады. Әсіресе, Іле, Сырдария Шу өзендері алқабындағы шалғынды өсімдіктер өзгеруі кенет көп, жоғары өнім қамысты қоғамдастықтар тіпті құлдыраған.

Дала аймағында ең көп ценотикалық түрлілігі жағынан нағыз және сазды шалғындар, сазды және сулы өсімдіктер ерекшеленеді. Жоғарғы беттің сумен басылу мерзімі азайғанда немесе болмағанда, шалғынды өсімдіктер далалыққа айналады. Өзен ағысының шектелуінен шалғынды өсімдіктер құлдырайды және шалғындар өсімдік типі ретінде біртіндеп жоғалады.

Дала жазықтары үшін гидрометриялық коэффициент – 0.5-1.2, шөлейттер үшін – 0.2-0.5.

Жағалау экожүйелері шаруашылықтық пайдалануда орман қорын, шабындық алқабын, жыртылатын жер, рекоеациондық аумақтарды береді. Шөлейт пен дала аймақтарының қосылатын жерінде өзен жағалауындағы шалғынды–тоғайлық экожүйелер ауданы 5 округке бөлінеді. Бұл масштабта көлдер жағасының экожүйелері бөлінбеген.

Қорғауды талап ететін сирек, эндемикалық экожүйелер: түранғылы (comm. Populus), аршалықтар (comm. Fraxinus sogdiana).

Су және саздақ экожүйелері су деңгейі мен тұздылығының ауытқуын сезеді, олар ағысының соңғы құйылатын облысымен ерекшеленеді, Солтүстік Мұзды мұхитқа барып құйылатын Ертіс бассейнінен басқасына, үнемі кеуіп кету сыйпатты. Өздерінің аборигенді ихтиофаунасының жиыны жағынан бассейнді экожүйелердің суда жүзетін құстар мен жемдік базасының айырмашылығы болады: бентосы, планктоны, балдырлары, жағадағы су өсімдіктері.



Су экожүйелерінің фаунасы 10түрлі сүтқоректілермен, оның олардың ішінде: шыбын– шіркеймен тамақтанушылар (Insectivora) – 2 түрі, орыс жұпар тышқаны (Desmana moschata) и кәдiмгi кутора (Neomysfodiens); жабайылар (Carnivora) – 4, еуропа норкасы {Mustek lutreold), америка норкасы {Mustela vison), қама (Lutra lutra), каспий тюлен» (Phoca caspica); кемірушілерге (Rodentid) 4 түрі, бобыр (Castor fiber), нутрия (Myocastor coypus), ондатра (Ondatra zibethicus), су түнеу (Arvicola terrestris)., жатады.

Ұя салатын құстардың 115 түрі, немесе Қазақстанда салатын ұя құстардың 29,5 Оның ішінде 9 отряд өкілдері: гагаралар (Gaviformes), поганка сияқтылар (Podicipe-diformes), ескек аяқтысы (Pelecaniformes), сирақтысы (Ciconiiformes), қызғышысы (Threskiornithidae), фламинго секілділер (Phoenicopteridae), қазтәрізділер (Anseriformes), малшыныңы (Ralliformes) и қара бидайларға ұқсастар (Charadriiformes).

Қазақстанның аборигенді ихтиофаунасы алғашқыда балықтар (Pisces) мен жайын ауыздалар (Cyclostomata) 100 түрінен артық болмаған. Олар жаңа түрлерді климатқа көндіру бойынша жасалған кең масштабты жұмыс нәтижесінде өсті. Өткен ғасырдың 30-80 жылдарында Қазақстан су орындарына 65 түрлі балықтар әкелінді және кездейсоқ келгендер де бар. Қазір олардың 24 ұяға жататын 130-140 түрлері мен түршелері бар. Бірқатар балық түрлері (түршелері) жеке бассейндер мен аймақтар үшін эндемикалы болып табылады. Эндемиктердің бір бөлігі (Балхаш алабұға – Perca schrenki, аралдық лосось Salnw trutta aralensis, аралдық қаяз – Barbus brachycephalus brachycephalus және б.) жаһандық масштабтағы генофондар өкілдері болып саналады. Әсіресе, Каспий ихтиофаунасы бәрегеә боп саналады. Онда эндемиктердің 4 тегі, 31 эндемик түрлері, 45 эндемик түршелері өмір сүреді. Каспий теңізі әлемдік генофондының резерваты және осетралық балыөтардың делдалдық қоры болады.

Қазақстан ормандары солтүстік облыстардың қайыңды, солтүстік–батыстың аралды борлары, Қазақ аласа орманды дөңдері, Ертіс өзені оң бойының жолақты борлары, Алтай, Сауыр, Жоңғар Алатау, Тянь–Шань таулы ормандары, сексеуіл, тоғайлы, интрааймақтың алқаптық ормандары болып бөлінеді.

Орман өсімдіктерінің қоғамдастықтары ағаш текті (20 түрден астам) және бұталы (40 түрден астам) кең құрамды. ҚР мемлекеттік орман қоры (әрі қарай МОҚ), 01.01.2010 ж. орман қорын есепке алу деректері бойынша 28,4 млн. га құрайды, немесе республика аумағының 10,2 %. Орманмен жабылған алқаптар ауданы 12,2 млн. га, немесе МОҚ жерлерінің 44,2 %, орманды жерлердің – 4,5 %.
1.1.6. Агроэкожүйелер

Адамның реттеуімен құруымен жасалған экожүйелер ерекше ландшафтар топтарын береді: егістіктер, саяжайлар, жүзімдіктер, орманпарктік отырғызулар, топырақ қорғайтын және жол бойынғы орман жолақтары, техногенді бұзылған жерлерге отырғызылғандар, тыңайған жерлер, жақсартылған жайылымдар және басқалар. Олардың түрлілігі адамның шаруашылық әрекетіне байланысты және оны адам анықтайды.

Қазақстан Республикасының жалпы ауданының . 272 490,2 мың га (2009 жылғы 1 қарашаға) жерінің 91 704,5 мың га аумағын ауылшаруашылық алқаптар алып жатыр: оның 59 628,2, 24 073,0– егәс, 5тәк, 036,7– шөп шабындықтары , 5 036тік жерл,7 тыс. га – тыңайған, 117,4, – көпжылдық отырғызылымдар.

Егістіктер. Егістік жерлер агроэкожүйелері негізінен әртүрлі агротехникалық әдіспен өңделетін мәдени дақылдар басым моноценоздармен көрінеді.

Агроэкожүйелердің биотүрлілігі алдымен, өсіп тұрған өсімдіктер мен арам шөптер түрлерінің санымен (флоралық түрлілік) , сондай–ақ, өсімдіктер мен арам шөптер арасындағы әртүрлі сәйкестіктермен (фитоценотикалық түрлілік) анықталады.

Қазақстан Республикасының климаты мен топырағының сан алуандығы өсімдік өсуінің көп профилдігін, экожүйелер агротехникалық ерекшеліктерін анықтайды. Солтүстік мәдени кеңдігімен қатар, оңтүстікте жылу сүйетін өсімдіктер суарылып өсіріледі. Мәдени дақылдардың негізгі түрлері:

Дәнді – бидай, қара бидай, жүгері, күріш, ешпен, тары, сорго, қарақұмық, бұршақ, фасоль, соя (Triticum, Secale, Hordeum, Avena, Panicum, Zea, Oryza, Sorghum, Fagopyrum, Pisum, Phaseolus, Glycine);

техникалық– картофель, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, табак (Solanum tuberosum, Gossypium, Beta, Helianthus cultus, Nicotiana);

көкөніс– қырықжапырақ, редька, желкек, шалғам, қызанақ,, бұрыш, баклажан, сәбіз, ақжелкен, аскөк, қияр, пияз, чеснок, қызылша, салат (Brassica, Raphanus sativus, Armorocia rusticana, Raphanus sativus, Lycopersicon esculentum, Capsicum annuum, Solanum melongena, Daucus carota, Petroselinum crispum, Anetum graveoleus, Cucumis sativus, Allium sepa, Allium sativum, Beta, Lactuca sativa);

бақшалықтар– қарбыз, қауын, асқабақ, кәдiлер, патиссон (Citrullus lanatus, Cucumis melo, Cucurbita pepo, Cucurbita pepo, Cucurbita pepo);

жемдік – жоңышқа, эспарцет, мысыққұйрық, судан шөбi, итқонақ, нут, рапс (Medicago, Onobrichys, Agropyron, Sorghum sudanense, Setaria italica, Cicer, Brassica napus);

жеміс–жидектер– алма, алмұрт, өрәк, шие, шабдалы, жүзім, қарақат, бүлдірген, малина (Malus sylvestris, Pyrus domestica, Prunus domestica, Prunus persica, Prunus cerasus, Vitis vinifera, Ribes, Fragaria, Rubus).

Аталған мәдени өсімдіктер республикада көптеген сорттарымен белгілі, оның ішінде агрофитоценоздарды ішкі түрлілігін жасайтын қазақстандық селекциямен алынғандар. 1933 жылдан бастап, 70 түрден астам дақылды сорттар шығарылып, аудандастырылды, 68 жеміс– жидек сорттары, 60 астам көкөніс–бақша дақылдар сорттары, кортофелдің 23 сорты.

Агроэкожүйеде арам шөптердің таралуы көптеген экожүйелер үшін сыйпатты.

Арам өсімдіктердің көп тараған түрлері 55 ұяға, 294 текке,  582 түрге бөлінеді. Әсіресе, ең көп тарағандар күрделі гүлділер (104 түрі),дақылдылар(64 түрі), шаршы гүлдi, бұршақ, бурачниковых және сағымды (30-39 түрден ).

25 млн. га тың және тыңайған жердің жыртылуы Қазақтанда жерлердің әртүрлі типтегі ластануын қалыптастырды.

Қара топырақты құнарлы жерлерде қаулен - қара сұлылы (Avena fatya, Conchus) ластану, ауырсаздақ механикалық құрамды талшынды топырақтардың бидайық - жаушалғыны (Agropyron ramosum, A. repens) ластануы көрінеді. Ақтөбе, Қостанай, Павлодпр облыстарының жеңіл механикалық құрамдағы топырақтары бар жыртылатын жерлері щитинисто-курайное (Salsola pestifer, Setaria glauca, S. viridis) ластанған.

Керексіз арам өсімдіктерді түрлі гербецидтермен жою топырақтың кірленіп, фаунаның жоғалуына әкелі мүмкін.

Тыңайған жерлер. Қазіргі кезде егістіктегі топырақтың дегумификация, эрозия және дефляциясына, тұздалу және шөлейттену үдерістерінің дамуына байланысты егістіктен 5 036,7 мың га жақын жер шығарылды.

«Тасталған» егістіктерде –тыңайтылған жерлерде арам өсімдіктер қаулап өскен, жеке кіші аймақтарда әртүрлі. Тыңайтылған жерлер өсімдіктерінің түрлілігі жер өңдеуді игеру мен топырақ трансформациясы, оның ішінде тыңайтқыштармен, ирригация, аурулардан, арам шөптерден, зиянкестерден химиялық әдістермен сақтаумен анықталады.

Қазақстанның ормандалалы және дала аймағындағы байтүрлішөпті– бозды (8,5 млн. га), түрлішөпті– бозды (13,6 млн. га) дала сияқты табиғи экожүйелердің жоғалуы, ол жерлерде көптеген пайдалы өсімдіктердің маңызды азаю фактісі, биотүрлілікті реабилитациялау мен жоғалған экожүйелерді қалпына келтіру керектігін көрсетеді. Кейбір түрлер Қызыл кітапқа түсірілген: тамақтық 21 түр, дәрілік 20 түр және т.б.

Шөлейт аймағындағы тыңайған жерлерде азотты жақсы көретін өсімдіктер қалыптасады, ал қайтара тұзданған суарылатын жерлерде – тұзды жақсы көретін түрлер. 15-25 жыл және одан да көп уақыт бойы түпкілікті өсімдіктердің табиғи қайта қалпына келу үдерісі барысында біржылдық арам шөптіктен көпжылдық аймақтыққа дейін өзгереді. Бірақ топырақ эрозиясы мен дегумификациясынан кейін аймақтық топырақ экожүйелерінің қалпына келу үдерісі өте ұзақ болу (50-100 жылға дейін) немесе болмауы мүмкін.

Себілген жайылымдар. Табиғи төмен өнімді жемдік алқаптарды жақсарту жолымен жасалатын жайылымдар мен шабындықтардағы мәдени экожүйелер ерекше.

Жемдік агроэкожүйелер ішінде түпкілікті жақсартылған жайылымдар мен шабындықтар басым, олар жоғарғы беттегілермен салыстырғанда көп тиімді.

Тамырдлы жақсарту егілетін шөптерді дұрыс таңдап аоуға байланысты. Дала және құрғақ дала аймағында сары және көк жоңышқа (Medicago), құмдағы эспарцет (Onobrychis), ақ және сары түп шөп (Melilotus), жалпақ және енсіз сабақты мысыққұйрық (Agropyron) негізгілер болып саналады. Қой шаруашылығы дамыған құрғақ далалы аймақты аудандарда елекшөпті қияқ (Elymus junceus), прутняк (Kochia prostrata) сияқты көпжылдық өсімдікткрдің келешегі зор.

Шөлейт аймағының жақсартылған жемдік алқаптарында негізгі көпжылдыө жемдік дақылдар болып: солтүтістікте – кең масақ мысыққұйрық және масақ (Agropyron), оңтүстікте масақ, құмды мысыққұйрық және шөл (Agropyron), сол сияқты ең жемісті және көп жыл өмір сүретін фитоценоздарда (10 жылдан көп) ертекөктемгі және көктемгі жақсартылған жайылымдар жасау үшін сынғақ елекшөпті масақ (Psathyrostachys juncea) пен прутняк (Kochia) саналады.

Шөлейт аймағында агроэкожүйелер құрамында жергілікті табиғи өсіп жатқан құрғақшылыққа төзімді жемдік өсімдіктер кең тараған: прутняк (Kochia prostrata), құмды түрді, терескен (Ceratoides papposa), кейреук (Salsola orientalis), камфоросма (Camphorosma) - солтүстікте, прутняк (Kochia) тасты және құмды түрді, терескен (Ceratoides papposa), кейреук (Salsola orientalis), чогон (Aellenia subaphylla), ақ және өқара сексеуілдер (Haloxylon aphyllum и H. persicum),ияқты эфемерлер мен эфемероидтар – (Bromus tectorum ) шатыр, (Eremopyrum ) мортықтар (Poa bulbosa ) пияз тектi, алау мятлик оңтүстікте.

Орман отырғызылымдары. Республикада орман агроэкожүйелерін жасау орман жамылымын өсіру қажеттігінен туындайды, әсіресе орман аз айдандарда, және бақша–парктер инфрақұрылымдарын дамыту үшін.

Қорғайтын орман жолақтары мен бақша–парктерді отырғызу ауылшаруашылық дақылдар өнімділігін, жалпы жеміс, жидектер көлемін жинауды өсірумен қатар, биологиялық түрлілікті сақтауда үлкен рөл атқарады. Бұл агроорман экожүйелері көптеген жануарлар мен құстарға пана болады, олардың шегінде құнды өсімдіктер мен микроорганизмдер сақталады.
1.2. Түрлік әртүрлілік

1.2.1. Флора

Қазақстан флорасының түрлілігі әртүрләі таксондардың (түрлер, тектер және т.б. ) құрамы мен саны жағынан да, географиясы, атап айтқанда, табиғи –климаттық аймақтары және жоғарғы ендіктері жағынан да ауытқып отырады Дала және шөлейт аймақтарының жазық бөлігінде флораның өзіндік сыйпаттары және түрлілігі батыстан шығысқа қарай, ал тау экожүйелері –солтүстіктен –батысқа (Алтай), оңтүстіктен –батысқа қарай (Батыс Тянь–Шань).

Қазақстан аумағында 6000 артық жоғары тамырлы өсімдіктер, 5000 жақын саңырауқұлақтар, 485 - қыналар, 2000 артық балдырлар, 500 жақын мүк тәрізділер тіркелген. Мүктер мен балдырлар бойынша түгендеу әлі аяқталмаған. Толық түгендеу саңырауқұлақтар мен жоғары өсімдіктер өткен, олардың 14% түрі эндемиктер, бұл республика флорасының жоғары өзіндік сыйпаты барын көрсетеді. Эндемиктердің ішінде 10 түрлі монотиптерін атап өткен жөн: туу соршөбi (Physandra), рафидофитон (Rhaphidophyton), лжепустынноколосник (Pseudoeremostachys), ложная шандра (Pseudomarrubium), бочанцевия (Botschanzevia), канкриниелла (Cancriniella), таволгоцвет (Spiraeanthus), крупнотычиночник (Pterygostemon), пастернаковник (Pastinacopsis), недзвецкия (Niedzwedzkia). Эндемиктердің ішінде реликтілер де аз емес.

Қазақстан жоғары өсімдіктер флорасы толығымен субтропикалық эоцен өсімдіктері, мезлфилді– орман олигоцен флорасы, ескіортатеңіз неоген флорасы, оның ішінде алғашқы дала миоцен–плиоцен негізінде қалыптасқан. Өткен кезеңнің бірқатар өкілдері реликтілер ретінде сақталынған. Олар – таволгоцвет Шренка (Spiraenthus schrenkianus),рафидофитон Регеля (Rhaphidophyton regelii), мордовник зайсанский (Echinops saissanicus), парнолистник Потанина (Zygophyllum potaninii)и др. (эоцен); береза туркестанская (Betula turkestanica), орех грецкий (Juglans regia), яблоня Сиверса (Malus sieversii), рябина персидская (Sorbus persica), тополь таласский (Populus talassica) және басқалар (олигоцен); касатик кожистый (Iris scariosa), ревень низкий (Rheum nanum), лук многокоренный (Allium polyrrhizum) және басқалар (миоцен-плиоцен).

Қазақстан микрофлорасының 4,8% эндемикалық түрлер болып саналады. Әсіресе, жоғарғы эндемизм Қазақстан сферопсидті саңырауқұлақтарына сыйпатты, олардың 3 эндемикалық тектері және 124 эндемикалы түрлері бар (түрлік құрамның 12% сферопсидті саңырауқұлақтар).

Қазақстанда әлемдік маңызды аргробиотүрлілік (АБӨ) өсімдіктерінің бірегей генетикалық ресурсы топтасқан. Оларға 24 түрлі ауылшаруашылық дақылдардың генетикалық әлеуетін анықтайтын 194 түрлі өсімдіктер енеді. Олардың бірқатарының ауылшаруашылығын дамыту үшінде, экспорттық әлеуетті кеңейту үшін де құндылық маңызы бар.

Әлемдік маңыз АБӨ жеміс түрлері өнде, әсіресе жабайы алма (Сиверс алмасы – Malus sieversii (Ledeb.) M.Roem., Недзвецкий алмасы – Malus niedzwetzkyana Dieck.) және кәдімгі абрикос (Armeniaca vulgaris Lam.). Олар Батыс Тянь–Шань, Қаратау, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Кетмен, Жетісу Алатауы және Тарбағатай таулы ормандарында өседі. Соңғы зерттеулер қазіргі осы мәдениеттің тиімді делдалдық сорттарының бәрінде жабайы алма гендері бар.

Сол сияқты экономикалық қазақстандық генетикалық ресурстары ретінде нағыз пiстелер (Pistacia vera L.), кәдімгі бадам (Amygdalus communis L.) және шараптық жүзімдіктер (Vitis vinifera L.) белгілі. Қазақстанда осы түрлер ареалдарының ең солтүстіктегі учаскелері орналасқан. Бұл олардың табиғи таралуында аязға төзімді, суыққа шыдамды генетикалық негіздерінің болуына жағдай жасайды.

Қазақстанда қарақаттың 10 түрі (Ribes spp.) және тұшала (Glossularia spp.) көптеген түрлері бар, жидек өнімдерінен тапшылық көріп отырғандар үшін, өнім алуда осы мәдениет түрлерін тиімді кеңейтуді қамтамасыз ету қажет.

Қазақөстанның көкөністік АБТ сәбіз (Daucus carota L.), портулак (Portulaca oleracea L), қояншөп (Asparagus), пияз және сарымсақ (Alliums pp.) жатады. Ерекше назар пияз бен сарымсаққа аударылуы керек. Республикада осы тектестердің, туынды түрлерін қоса есптегенде, 120 түрлері бар. Бұл генетикалық бай материал тек ұлттық тқрғыда ғана емес, жаһандық деңгейде де маңызды.

Табиғи агробиологиялық гүлді– декоративті өсімдіктерді меңгерудің үлкен болашағы бар. Бәйшешектердің отаны деп Голландаяны атау қалыптасқан. Дегенмен, олардың түрлік генетикалық түрлілігі Қазақстанда шоғырланған. Осы жерде бәйшешектердің(Tulipa spp.). 31 түрі өседі.

Табиғи АБТ техникалық (лен – Linum spp., софлор – Carthamnus spp., индау – Eruca spp., сурепица, горчица – Brassica spp.) және жемдік өсімдіктердің (алдымен, жоңышқа – Medicago spp.) келешегі бар.

Республикада бидайдың 70 астам сорты, жеміс– жидектердің 68 сорты, көкөніс– бақшалықтардың 60 астам сорты, картофелдің 23 сорты шығарылып, аудандастырылған.

Жоғарғы өсімдіктердің флора құрамында дәрілік, жемдік, техникалық, тамақтық, декоративті, сондай–ақ, ағаш–бұталы өсімдіктер де аз емес.

Илеуге арналғаны өсімдіктер – шикізаттық өсімдіктер тобының ең көп танылғаны. Көпжылғы зерттеулер негізінен құнды таниноностер 20 артық түрлерін айқындады, олардың ішінде горец дубильный (Polygonum coriarium), горец бухарский (P. bucharicum), щавель тяньшанский (Rumex tianschanicus), щавель Паульсеновский (R. paulseniaсus), ревень татарский, ревень Максимовича (Rheum tataricum, Rh. maximowizii.). Осы түрлердің ұүрғақ тамыр қоры 200 мың тоннаны құрайды.

Кешенді пайдаланылатын техникалық өсімдіктер – тростник обыкновенный (Phragmites australis), чий блестящий (Achnatherum splendens).Тростник обыкновенный және чий блестящий нулары соңғы кезде көп азайып кеткен.

Қаралған 450 эфирмайлы өсімдіктердің ішінде 70 кем емесі май құрамы мен маңызы жағынан келешекті. Олардың ішінде жусан (Artemisia), иссоп (Hyssopus), мята (Mentha), тысячелистник (Achillea).

Негізгі дәрілік өсімдіктер ресурстары Іле арты Алатауы, Кетмен, Күнгей, Теріскей, Жоңғар Алатауы, Қырғыз жотасы, Боралдайтау, Алтай, Тарбағатайда таралған. Көптеген түрлер бойынша Республика экспортшы бола алады. Осылайша, эфедра хвощевая (Ephedra equisetina) ресурсы шығынсыз 700 тонна құрғақ шикізат әзірлеуге мүмкіндік береді, солодка голая және уральская (Glycyrrhiza glabra, G. uralensis) қоры 75 мың таннаны құрайды, бұл түрлер шикізатын үлкен көлемде сыртқа шығаруға болады. Басқа түрлер бойынша ресурстар өсімдік шикізатына ішкі сұранысты қанағаттандырады. Тек бұл кампанияны жүргізудің жүйесін реттеу ғана қажет.


1.2.2. Фауна

Қазақстанның фаунасын түгендеу тек омыртқалы жануарлар үшін ғана аяқталды, олардың жеке кластары бойынша жинақталған фауналық деректер шығарылған. Қазақстан аумағында омыртқалы жануарлардың (Vertebrata) 835 түрі, олардың ішінде сүтқоректілер – 178, құстар – 489 (олардың 396 осы жерде ұя салады, қалғандары қыстауға келеді, көктем мен күзде ұшып өтеді), қосмекенділер – 49, жер мен суда мекендеушілер – 12, балықтар – 104 және жайна ауыздар – 3 түрі.

Қазақстанда 80 мыңға жақын омыртқасыздар (Invertebrata) бар, олар омыртқалылардан биомасса жағынан да, түрлерінің саны жағынан да басымырақ, табиғатта заттар алмасуының айналымында маңызды рөл атқарады. Олар келесі типтер: молюскалар (300 жақын түрі), членистоногие (60 мыңнан астам оның ішінде: шыбын- шәркейлер 50 мыңға жақын және өрмекші тәрізділер 10 мыңдай), кольчатые черви (100 артық түрі), немертиндер (бірнеше түрі), первичнополостные черви (жүз шақты түрі), жалпақ қоңыздар (100 артық түрі), кишечнополостные (бірнеше түрі ), губки (бірнеше түрі) және қарапайымдар (10 мыңнан кем емес жиналған топтар типі).

Сүтқоректілердің түрлік сан алуандығының жартысына жақынын кемірушілер тұқымдастары құрайды (Rodentia) - 82 түрі, олардың ішінде Қазақстан үшін биологиялық түрлілікті сақтау көзқарасы тұрғысынан эндемикалық түр мен тек – селевиния (Selevinia), немесе боялычная соня (Selevinia betpakdalensis); сол сияқты Батыс Тянь– Шаннің эндемигі – сурок Мензбира (Marmota menzbieri).

33 түрлі аңшылық сүтқоректілер ішінде алдыңғы орында тұяқтылар (лось, қабан, елік, сайғақ, сібір тау ешкісі тау-теке, марал) (Alses alses, Sus scrofa, Capreolus pygargus, Saiga tatarica, Capra sibirica, Cersus elaphys sibiricus) және жабайы (қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, сілеусін, аю, құну, бұлғын, сасық күзен, және басқалар) (Canis lupus, Vulpes vulpes,Vulpus corsac, Meles meles, Lynx lynx, Ursus arctos, Gulo gulo, Martes zibelina, Mustela eversmanni), тіпті осы екі топтың көптегшен өкілдері аңшылықтьан алынып, жоғалу қаупі барынан, Қызыл кітапқа енгізілген.

Ердеден келе жатқан – сайғақтың (Saiga tatarica) тағдыры мысал бола алады, ХХ жәгне ХІХ ғасырларда екі рет жоғалу шегінде болып, ғалымдар мен өндірушілердің күш салуымен ғана аман қалған. Қазір сайғақ – маңызды аңшылық түрі, орнықты пайдаланылуы олардың санын мониторингтеп отыруға байланысты.

Құстардың 489 түрі ішінде алдыңғы орында аңшылық ретінде 43 –тен астам түрі сулы-саздақ кешендерді мекендеушілер болып табылады (қазтәрізді - Anseriformes, татрең тәрізділер - Charadriiformes, маймақ қаз - Gaviiformes, сұқсыр үйрек - Colymbiformes, ескекаяқтылар - Steganopoda және тынратәрізділер - Gruiformes).

Қазақстанның дала және шөлейттегі суалқаптарында жүздеген мың құс ұя салады, ал мезгілдік көш-қон кездерінде, көктем мен күзде миллиондаған үйректер, қаздар, қарашақаздар, шалшықшылар Anas, Anser, Rufibrenta, limicolae) және басқа да сулы-саздақтар құстары.

Аңшылық- өндірісте екінші орынды тауық тұқымдастар алады – Galliformes (глухарь – Tetrao urogallus, рябчик – Tetrastes bonasia, тетерев – Lyrurus tetrix, куропатки–белая – Lagopus lagopus , тундровая – Lagopus mutus, серая – Perdix perdix и бородатая – Perdix daurica; фазан – Phasianus colchicus, кеклик – Alectoris chukar, улар – Tetraogallus himalayensis, перепел – Coturnix coturnix). Қазақстанда жабайы құстардың 35 түрі кездеседі- – орлов, канюков, соколов, луней, ястребов, змееядов, осоедов, грифов, сипов, бородачей (Aguila, Buteo, Falco, Circus, Accipiter, Circaetus, Pernis, Aegypius, Gyps, Gypaetus) және басқалар. Өкінішке орай олардың жартысына жақыны (барлық ірі қырандар, бүркіттер және өлекселер) 50-60 жылдарғы аяусыз қыру нәтижесінде өте сирегені соншалалық, республикалық Қызыл кітапқа енгізілді, оның ішінде бүркіт (Aguila chrysaetus) – Қазақстанның мемлекеттік гербінің символы.

Қазақстандық фаунада тұтас эндемиктердің болмауына қарамастан, бірқатар даланың қанатты мекендеушілері тек Қазақстан аумағына ғана сыйпатты, мысалы, Қазақстан аумағында шектелген, тек Волга оңжағалауында мекендейтін қара бозторғай, сол сияқты ақбас тырна (Anthropoides virgo) және шалшықшы ақсұңқар (Chettusia gregaria).

Қазақстанда бауырымен жорғалаушылардың (Reptilia) 49 түрі көп уақыт бойы, (40-180 мың данадан жылына) дала тасбақасы (Agrionemys horsfieldi) даярланды, бұл оның оңтүстік, оңтүстік-шығыс Қазақстанда санының кемуіне әкелді. Бұл жағдай медицинада уын пайдаланатын улы жыландар –қалқантұмсықтар (Agkistrodon halys), кәдімгі және дала сұр жыландарына да төнді. Соңғы жылдары әртүрлі өрмекшілекр уларына сұраныс бар.

Қазақстанның қазіргі ихтиофаунасы 100 жақын балық санын көрсетеді. Олардың Қазақстан суорындарына жіберілген 15 жаңа түрі көптеген түрлердің жүзжылғы тарихи интродукциясы нәтижесінде балық түрлеріне айналған. Қазақстанның балықшаруашылығы үшін маңызы бар балықтардың 19 түрі анықталады: бекірелі - белуга (Huso huso), орыс бекіре (Acipenser guldenstadti), севрюга (Acipenser stellatus), шип (Acipenser nudiventris), қарамастан және шартты біріктір- сияқты частиковые - щука (Esox lucius), плотва (Rutilus rutilus), язь (Leuciscus idus), белый амур (Ctenopharyngodon idella), жерех (Aspius aspius), линь (Tinca tinca), восточный лещ (Abramis brama orientalis), серебряный карась (Carassius carassius), сазан (Ciprinus carpio), белый толстолоб (Hypophthalmichthys molitrix), пестрый толстолоб (Aristichthys nobilis), обыкновенный cом (Silurus glanis), обыкновенный окунь (Perca fluviatilis), балхашский окунь (Perca schrenki), обыкновенный судак (Stizostedion lucioperca).

Барлық дөңгелекқауыздылар мен түрлі балықтардың (140 түрге жақын) қазір 5-8 түрі жасанды жолдармен өсіріліп, гибридтер де қосылады. Олар Каспидегі бекірелілер (Acipenseridae) Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы ақсахалылар (Coregonidae), қиыршығыстағы шөппен қоректенетіндер (ақ амур және дөңмаңдай балықтар), негізінен оңтүстік аймақтарында, барлық жерлерде дерлік – тұқы балықтар (Суршш carpio), (жабайы және үй формалы сазандар), сол сияқты гибрмдтер қатары.

Балықшаруашылық генетикалық ресурс ретінде майшабақтар (Clupeidae), нельма (Stenodus l.nelma), белорыбица (S.l.leucivhthys), хариус (Thymalus arcticus), таймень (Huso taimen), щука, каспийская вобла (Rutilus rutilus caspius), кутум (R.frisii), линь (Tinea tinea), усачтер (Barbus brachycephalus и В.capita), маринкилер (Schizothorax spp.), балхашский окунь.

Қазақстан ихтиофаунасында аквариумдық өсіруге, алдымен, тұқы балықтардың ұсақ формалары (Cyprinidae) және шырмауықтылар (Cobitidae), олардың ішінде эндемикалық және субэндемикалық түрлері қызықтырады. Бұл бағытта , әсіресе гольцы (Noemacheilus conipterus, N.strauchi, N.kuschakewichi және б..), оңтүстік-шығыс –азиаттық өкілдер тегіне Acanthophthalmus ұқсас және талмалардың лимнофилді эндемикалық түрлері (Phoxinus brachyurus, Ph.poljakowi, Ph.percnunis ignatowi). Бұл топқа оңғақ (Tinea tinea) және шаншар тбалық тектері Pmgitius әлеуетті жатады.

Амфибий мен рептилилердің генетикалық ресурсы ретінде улы жыландар түрін қарауға болады: дала және кәдімгі сұржылан, қара сұр жылан, қалқантұмсық жылан (Vipera ursinu, V.berus, V.libethina и Arkistrodon halys), сол сияқты шығыс медицинасында пайдаланылатын бақа-тістер (Ranodon sibiricus), шығыс айдаһары, (Егух tataricus) және басқалар.

Герпетофаунаның өзіндік түрлері оларды өсірі мен экзотикалық сапалылығы бары ретінде сыртқа шығаруға мүмкіндік береді. Олардың ішінде кенсірткенің түрлері (Sauria) Teratoscincus, Crossobamon, Alsophylax, Tenuidactylus, Trapelus, Phrynocephalus, Ablepharus и Eremias тектерінен, жыландар (Serpentes), Coluber, Spalerosophis және Elaphe тектерден. Рептилийге коммерциялық сұраныс ретінде ортаазия тасбақасы мысал бола алады, экспорттың бабын болып саналады.

Жануарлар әлемінің агробиотүрлілігі (жабайылар мен үй жануарлары) Қазақстанда жеткілікті танылмаған, қазіргі кезде селекциялық жұмысқа пайдаланылмай отыр.

Республика аумағында ертеде тұқымдары үй жануарлары болған жабайы омыртқалылар түрлері мекендейді. Сүтқоректілер ішінде олар – арқар (Ovis orientalis), тау қойы (О.аттоп), қабан (Sus scrofa), құлан (Equus hemionus), шиебөрілер (Canis aureus), қасқыр (C.lupus), дақты мысық (Felis lybica) және басқалар. Құстар ішінде – бұл, алдымен үйректер (Anatidae – үйрек, қаз) және тауықтылар (Gallidae)..

Қазақстанда үй жануарларының шаруашылық сапасын жақсарту үшін жабайы аңдар генетикалық материалдарын табысты пайдаланудың бір мысалы ретінде, «арқармеринос» қой түрін алуды қарауға болады, оларды шығаруда жабайы тау қойлары пайдаланылды (Ovis ammori). Алынған гибрид «меринос» түрінің өте құнды сапасын берді, олтау қойына сыйпатты климаттық факторларға, ауруларға мықтылық көрсетті.

Республика аумағында жергілікті үй жануарларының түрі пайдаланылады, оның ішінде қазақстандық селекциямен алынған: ірі қара мал – 4 (Алатау, Әулиеата, Қалмық, қазақ ақ басы), қойлардың – ( Еділбай, Казахская курдючная грубошерстная и полугрубо­шерстная, Цыгайская, Қазақ жібекжүнді, Оңтүстік-қазақ, солтүстік-қазақ мериносы, Қазақ арқармериносы, Кракөл койлары), ешкі – 3 (жергілікті қатты жүнді, жүнді және түбіт), жылқы – 2 (Адай, Жебе жолының Қазақ жылқысы).

Республикада дала дануарларының бірқатары ауылшаруашылық түрлерді шығармай-ақ пайдаланылуда, өйткені сұраныс қажетілік сыйпаты бар, аудандастыруды, қазақстандық жағдайға бейімделуді талап етпейді және еріксіз жағдайда өсе алады. Ең табысты мысалы болып, Шығыс және Орталық Қазақстан жағдайларында маралдарды (Cervus elaphus) өсіру саналады.

Бір бөлігі көп уақыт бойы еріксіз өніп жатқан, терісі бағалы дала аңдары белсенді пайдаланылуда: су күзені (Mustela vison, M.lutreola), бұлғын (Marieszibelina), түлкі (Vulpes vulpes). Қазақстан аумағында мекендейтін терісі бағалы дала аңдардың селекциялық-генетикалық пайдалану келешегі бар: ақкіс (Mustela erminea), бозсуыр (Marmota bobac), ондатра (Ondatra zibethina), кәмшат (Lutra lutra), олардың доместикациясы үдерісі дамысты өтуде.

Тиісті биотехникалық шараларды әзірлеуде ақбөкендерді (Saiga tatrica) жартылай еріксіз немесе қоршауда ұстау мүмкін болады, оларды үйге үйрету тәжірибесі Қалмықияда көп жылдар жүргізіліп келеді.

Сұр үйрек (A.strepera), сұр қаз (Anser anser), барылдауық үйрек (Anasplatyrhynchos), бөдене (Coturnix coturnix) сияқты, орнитофаунаның жабайы түрлері селекциялық-генетикалық зерттеудің назар аударатын нысандары бола алады.

Фермаларда белгілі аңшылық түрлерді өсірудің жеткілікті үлкен келешегі ба,р, алдымен дуадақ тектілер Otis, Tetrax и Chamydotis, қырғауыл Phasasnius colchicus) және басқа тауық түрлерін.

Қазақстанда 80 мыңға жақын омыртқасыздар (Invertebrata), түрлері мекендейді, олар омыртқалылардан саны жағынан да биомассасы жағынан да көп, олар табиғаттағы зат алмасу айналымында маңызды қызмет атқарады. Олардың типтері: моллюскалар(300 артық түрі), мүшеаяқтылар (60 мыңнан артық), оның ішінде: жәндіктер – 50 мыңға тарта, өрмекшітектілер 10 мыңға жақын), бунақты қоңыздар (100 артық түрі), немертины (бірнеше түрі), қуысты қоңыздар (бірнеше жүздеген түрі), жалпақ қоңыздар (100 тарта түрі), ішекқуыстылар (бірнеше түрі), губки (бірнеше түрі), қарапайымдар (типтердің жиналған тобы, 10 мың түрден астам).

Бунақты (Streptopelia decaocto), кәдімгі (S.turtur), үлкен (S.orientalis) және кіші түркептерлер (S.senegalensis), қара бозторғайлар (Melanocorhypha jetoniensis), қара сайрауық (Turdus merula), шетен-сайрауықтар (T.pilaris), ала тасты сайрауық (Monticola saxatilis), қарала торғайлар (Acridotheres tristh) және басқа да торғай түрлерін «экзотикалық» құстар ретінде өсіріп, сыртқа шығаруға болады.


жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау