Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы»



жүктеу 0,94 Mb.
бет6/6
Дата05.03.2018
өлшемі0,94 Mb.
#11269
1   2   3   4   5   6

18. «Сопылық» ұғымы туралы
«Сопылық» немесе «тасаууф» (араб. التصوَف) – ежелден қазақтың діні мен дәстүрінде қастерлі саналатын діни-рухани ұғым. Ол діни термин ретінде Жаратушыны тану әрі Оған жақын болу мақсатында нәпсіні тәрбиелейтін, мінез-құлықты көркейтетін, адамның ішкі жан дүниесін рухани кемелденуге жетелейтін жол немесе методологияны білдіреді. Жалпы, бұл ұғымның мағыналарын бір ауыз сөзбен түсіндіріп жеткізу мүмкін емес. Сондықтан әр заманның мұсылман ғалымдары бұл ұғымға әр түрлі түсініктемелер берген.

Жаңа ғасырдың әйгілі ислам ғалымдарының бірі Саид Рамазан әл-Бути өзінің «Фиқһ ус-Сира» кітабында тасаууфқа қатысты өз ойын былай білдірген: «Барлық мұсылмандар жүрегінің ахуалын кемелдендіру үшін еңбектенуі керек. Ислам ғұламаларының басым бөлігі жүректі кемелдендіру әдіс-тәсілдерін зерделейтін ілімді тасаууф, яғни сопылық деп атайды, кейбірі оны ихсан, ал кейбірі сулук деп біледі».

Тілдік мағынасы жағынан алғанда, «суфи» және «тасаууф» сөздерінің шығу төркініне қатысты бірегей бір пікір жоқ. Бұл сөздердің шығу тегі мен тілдік мағыналары жайында түрлі хабарлар бар. Солардың бірі Мұхаммед пайғамбар дәуіріндегі тақуа жандардың «асһаб ус-суффа» деген атауымен байланысты. «Асһаб ус-суффа» Мұхаммед пайғамбардың Медине қаласындағы мешітінде өмір сүрген кедей сахабалар еді. Олар дүниелік істерден алшақтап, тек ілім үйренумен және дәріс берумен шұғылданатын.

Ибн Халдун өзінің «Муқаддима» кітабында тасаууф атауы – «суф», яғни жүн немесе иленген тері деген сөздерден шығуы мүмкін деген. Өйткені дүниелік істерді тәрк етіп, өмірін толығымен Жаратушыға құлшылық жасауға арнаған заһид (аскет) адамдар жүннен тоқылған немесе иленген теріден тігілген киімдерді киюді жөн санады. Ибн Халдун оларды мұнымен дүниеқұмарлықтан арылтатын өмір сүру салтын өздеріне лайық деп табатындықтарын жеткізген.

Ал «суфи» атауы әлі танылмаған кезде тасаууфты ұстанғандар әр жерде әр түрлі атаулармен аталатын: «ғураба» – елін тастап, ілім іздеп кеткендер, «сайияхин» – ілім үшін бір мекеннен екінші мекенге барғандар, «фуқара» – айналадағы және қолдағы барлық нәрсенің иесі Алла деп, одан басқа ешкімнен ештеңе сұрамайтын пақырлар, «нурия» – жүрегін нұрмен толтыруға әрекет етушілер, және т.б. Сухрауарди «суфи» ұғымына қатысты «муқаррабун» (Жаратушыға жақын жандар) деген атауын қолданған.

Сопылық – ислам дінінің үш ұстынының бірі – ихсан мәселелерімен айналысатын ілім. Ихсан – сопылық дүниетанымда ең жоғары құлдық мақамы. Алланы көрмесең де көріп тұрғандай құлдық ету. Бұл мақамда адам Алланың көркем есімдері мен сипаттарын тануға ынтасын жинап, рухани шабытқа қауышады.

Сопылық Мұхаммед пайғамбар заманында жеке ғылым ретінде әлі қалыптаспаған еді. Өйткені оған қажеттілік жоқ болатын. «Асру саада», яғни алтын дәуірдің адамдары пайғамбарға жақын болғандықтан, табиғи түрде жүректерін тек Жаратушыға арнаған, құлшылығы көп, шынайы тақуа жандар болған. Сол үшін оларға рухани мақамдарды бағындырған ұстаздар мен арнайы жүйеленген тәрбие ережелері қажет болмады. Олардың өмірлері пайғамбар мен кемеңгер сахабалардың қоғамында өткендіктен, олар табиғи түрде тақуа болатын. Бұл адамдардың аты «сопы» болмаса да, заты сопылыққа сай еді.

Тасаууф методологиясы бойынша ғибадаттарға мұқият болу, нәпсіні тәрбиелеу және жүректі жаманнан тазалап, жақсымен толтыру арқылы ғана адам ихсан дәрежесіне жете алады. Сондықтан сопылық «илми тазкия» (жүрек ілімі) және «илм ул-ахләқ» (мінез-құлықты түзейтін ілім) деп те аталатын болған. Себебі жүрек түзелсе, адамның ниеттері мен іс-әрекеттері де түзеледі. Осыған орай, сопылық тариқаттар жүректі нәпсінің тізгінінен азат етудің өзіндік жолдарын қалыптастырды. Нәпсіні бағындыру әрі көңілді пәк ету үшін олар көптеген машақаттар шегеді. Дегенмен, тасаууфтағы машақат шегу тек сабырлы болу немесе қиындықтарға төзімді болу деген мағыналармен шектелмейді. Бұл машақат – Хақ жолында адам өзіне саналы түрде ұлы мақсатты белгілеп, оған қол жеткізу үшін ерікті түрде мойнымен көтерген ауыртпашылықтарды жеңу машақаты. Шынайы сопылар Жаратушының мейірім-шапағатына бөлену мақсатында тәнін де, жанын да қинап, қиын сынға түсті, шыдады. Сопылар адамның нәпсісі мен көңілін машақаттармен шынықтыруды темір ұстасының болатты лаулаған отпен шыңдауымен теңейді.

Тасаууфтың мақсаты – адамның рухы мен нәпсісінің үйлесім табуы, жүрегін тазартуы, әдептілігі мен мінез-құлқын көркейтуі, ақыл-парасатын кеңейтуі арқылы «кемел адам» дәрежесіне жету. Сондықтан кейбір сопылар тасаууф ілімін «тахаллуқ және тахаққуқ» деп те атаған. Тахаллуқ (تخلَق) – исламдағы мінез-құлық нормаларын үйрену, ал тахаққуқ (تحقَق) деген – сол көркем мінез-құлықты адамның өз бойында іске асыруы, сіңдіруі, соның нәтижесінде рухани кемелдену арқылы кейбір ақиқаттарды меңгеруді білдіреді. Яғни тасаууфты ұстанған адам айналасындағы қоғамға көркем мінез танытады, әрі Құдайды тану арқылы оған жақындай түседі.

Сопылық жолына түскен адам сөзі мен ісінде пайғамбардың мінезін танытып, шариғаттың әмірлерін орындайтын әрі тыйымдарынан тыйылатын, Жаратушының тағдырына бойсұнған жан. Шынайы сопы – шариғатта ұнамсыз және тыйым салынған істерден бойын алшақ ұстап, тіпті барлық күмәнді нәрселердің маңына да жоламайтын тақуа адам. Сондықтан сопылықты ұстанатын адам шариғатты, фиқһ ілімдерін жете меңгеруге әрекеттеніп, амалдарды алған біліміне сәйкес орындап, исламдағы әдеп нормаларын бұлжытпай орындайды, әрі тақуа және салиқалы жандармен қарым-қатынасын үзбейді.

Егер де аталмыш шарттардың бірі орындалмаса, бұл адамды шынайы сопы деп тануға болмайды. Жинақтай келгенде, исламдағы сопылық – момынның Жаратушыға деген иманын әрекетпен қуаттайтын, кез келген ісін Алланың өзін көріп тұрғанын сезіне отырып жасауға үйрететін, адам рухын нәпсі үстемдігінен құтқарып, өзінің «мендігін» ұмыттырып, Жаратқанның қалауына толықтай бойсұынуға тәрбиелейтін мектеп.

Сопылық ислам дініне ориенталистер мен кейбір шығыстанушылар айтқанындай үнді, грек немесе христиан діндерінің ықпалымен енген жат дүние емес. Сопылықтың негіздері мен ережелері пайғамбардың ғибратты ғұмыры мен тағылымға толы тұлғасынан, саңлақ сахабалардың өнегеге толы өмірінен, исламның негізгі қағидаттарынан алынған дүниелер.

Шынайы сопылықтың келбетін ежелден қазақ даласында алғаш болып ислам дінін таратқан әулиелер мен пір-ұстаздардың тұлғасынан көруге болады. Өмірін толығымен дінге, Хаққа қызмет етуге арнаған бұл жандар исламды халыққа сөзімен, ісімен, әдебімен танытты. Мұндай тұлғалар дін тарихында Нақшбандия, Қадария, Руфаия, Яссауия, Шазилия секілді көптеген сопылық тариқаттардың (мектептер) негізін салған.

Сопылықты, тариқатты ұстанатын адам ең әуелі шариғат ілімін жақсы меңгеруі тиіс. Түркі әлеміне белгілі Қожа Ахмет Йассауидің хикметтері адамдарды тазалыққа, адалдыққа, қанағатшылдыққа, кісі ақысын жемеуге, қиянат жасамауға үндейді. Қожа Ахмет «Мир’ат ул-қулуб» (Жүректердің айнасы) атты еңбегінде алдымен шариғатты, одан кейін ғана тариқат, мағрифат және ақиқат деп сопылық жолының мәртебелерін сатылап көрсетті. Сондай-ақ ол білімсіз сопылықты:

«Тариқатқа шариғатсыз кіргендердің

Шайтан келіп, имандарын алар екен»,

деп мінеген.

Сопылықтың ілімсіз болмайтындығы туралы өз ойын Әубәкір Кердері де:

Сопылық жолы ауыр жол,

Ұстап көрсең тәуір жол,

Сопылықты ұстансаң,

Оқыған көп ғалым бол,

деген өлең шумақтарымен жеткізді.

Ислам дінінің қазақ даласына емін-еркін таралуына сопылық елеулі ықпал еткендігі белгілі. Қазақ зиялылары мен дін қайраткерлері сопылық ілімінің шынайы мақсаттарын жақсы түсінген, әрі оларды жүзеге асыру үшін өздері де көп тер төкті. Сол мақсаттардың бірі – парасатты, кемел адамды тәрбиелеп шығару. Абайдың: «толық адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл адам. Ол – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан дүниесі ағарып, рухани қасиетке ие болған адам» деп айтқаны сопылық іліміндегі кемел адамның тұлғасын білдіреді. Ұлы Абай кемел адамның сипаттары ретінде сыддық, кәрам, ғақылды көрсетеді. Мұнда сыддық – әділетпен, кәрам – шапағатпен, ғақыл – ғылыммен астасып кетеді.

Қорыта келгенде, шынайы сопылық ілімі қазақ халқының мұсылмандықты ұстанатын ұлт ретінде қалыптасуына, әрі діни-рухани құндылықтардың күнделікті өмір салтында берік орын алуына ықпал етті. Мұны Яссауидің жырларынан бастау алатын абыздар мен жыраулар поэзиясындағы және Қорқыттан бергі ән-күйлердегі сопылықтың сарынынан байқауға болады. Ислам дінінің қазақ даласында орнығуына үлкен ықпалы болған сопылық жол қазақ халқының дәстүрлі, рухани құндылықтарының қалыптасып, мәдениеті мен өркениетінің дамуына да орасан көп ықпал жасады.

19. «Тариқат» ұғымы жайында
Тариқат (араб. الطريقة – жол, әдіс-тәсіл, сулук) ұғымы – қазақ тіліне діни термин ретінде сопылық ілімнің таралуымен енген сөз. Тасаууфқа қатысты ғылыми кітаптарда, жазбалар мен шығармаларда тариқат атаулары мен мақам түсініктері жайында көп жазылған. «Тариқат» сөзінің терминдік мағынасы – жол, яғни Жаратушының мағрифатына қол жеткізуге ниеттеніп бел буған адамның парасатты-рухани кемелдену жолы.

ІХ ғасырдың басында тасаууфтың теориялық негіздері жасалып, сопылардың практикалық, рухани-психологиялық машықтары, өзін-өзі тәрбиелеудің тәжірибесі, шынықтырудың әдіс-тәсілдері қалыптасты. Осы кезде «тариқат», «мағрифат», «хақиқат» деген ұғымдар қолданысқа еніп, олар дербес ілім ретінде қалыптасқан тасаууфтың құрамдас үш бөлігі ретінде танылды. Тасаууфта көптеген тариқаттар жарық көрген. Олардың ішінде мысалы Тайфурия, Қадирия, Сухрауардия, Бекташия және Орта Азиялық Нақшбандия, Кубрауия, Йассауия және т.б. тариқаттарды атап өтуге болады. Бұл тариқаттар бір-бірінен тек шәкірттерін тасаууф ілімі аясында тәрбиелеу әдістемесі тұрғысынан ғана ерекшеленді.

Жалпы алғанда, тариқатты тасаууфтың практикалық бөлігі, методологиялық тармағы деп айқындауға болады. Өйткені пір мен мүрит арасындағы қарым-қатынас қағидаттары мен ережелері, әдеп нормаларын сақтау, мүритке жүктелетін барлық рәсім-жорықтар осы тариқаттың шеңберінде жүзеге асады. Тариқат тасаууфтың тармағы ретінде сопыларға қойылатын талаптардың, қағидалардың, іс-әрекеттердің барлығын өзінде қамтиды.

Сопылық тариқаттың басты қызметі – тасаууф тәрбиесіне алынған мүриттердің бойындағы ашық және жасырын кемшіліктерін анықтай отырып, олардың жүрегі мен санасын жаман ой-пікірлер мен сезімдерден пәктеу, әдептілікке баулу, адамды рухани кемелдікке жетуіне жол көрсету. Қате-күнәларынан тазарып, Жаратушысымен қауышуға үмітті адам сол мақсаттарына қол жеткізу үшін руханияты биік те білгір арнайы мүршит, ұстаз іздейді. Сондықтан тариқатқа қадам басу дегдарлықтан – ақыретке бет бұру үшін дүниеден безуден, қанша бай болса да, көңілінде дүние-мүлікке, нәпсінің құмарлығына бой алдырмаудан, шынайы діни өмір салтына лайық, нағыз діндар болудан, еркіндік пен қалауды пір-мүршитке тапсырудан басталады. Дегенмен, сопының тариқатқа өз еркімен кіруі шарт.

Мүрит тәрбиесінің басты мақсаты – мінез-құлық пен әдепті түзеу, нәпсіні жеңу, адамның бойындағы менмендік, тәкаппарлық, эгоистік сезімдерді жою. Мүрит пірдің тәрбиесімен тариқаттағы мақамдардан, яғни рухани сатылардан көтеріліп, Жаратушыға сүйіспеншілігі артады, дүниелік өмірдің салтанатына қызығушылығы азаяды.

Осыған қатысты имам әл-Ғазали «Ихяай улум-уд-дин» кітабында былай дейді: «Мүритке оны хақ жолымен бастайтын, үлгі тұтар тұлғасы болатын шейх-ұстаз қажет. Расында діннің жолы бұлыңғыр, ал Шайтанның жолдары көп әрі айқын. Яғни шейх – мүриттің қорғаушысы әрі жолбасшысы болмақ. Сондықтан мүрит өзен жағасымен жетектелген зағип секілді ұстазының артынан еруі қажет...».

Сопылық тариқатта мақам және хал түсініктеріне көп маңыздылық беріледі. Мақам – мүриттің тариқаттағы тәрбиенің ықпалымен басып өтетін рухани-мағнауи сатылары. Абу Насыр Сарраж тариқаттың мынадай тоғыз мақамдарын атап өткен:

1) Тәубе – оралу, яғни кемелдік пен жоғары инабаттылыққа қайту. Тариқатқа кірген адамның ниеті мен болмысы әуелі осы тәубесімен айқын болады. Тәубе ету арқылы сопы Жаратушымен қауышу жолында кедергі болатын барлық нәрселерден бас тартуға ант ішіп, бар ынта-жігерін Алламен жүздесуге жұмсайды.

2) Тақуалық – адамның діни, адамгершілік, әдептілік парыздары мен міндеттеріне адалдығын сипаттайтын имандылық қасиеті. Шиблидің түсіндірмесі бойынша тақуалықтың үш көрінісі бар: тіл тақуалығы, яғни тілді бос сөздермен былғамау, өсек-жала айтудан сақтау; көз тақуалығы – күмәнді, күнәлі бейнелерге қарамау; жүрек тақуалығы – ұнамсыз қылықтарды қою, көкірек көзі ашық көңілге ұнамсыз барлық нәрселерден алшақ болу. Яғни сопы өзінің тіліне, көзіне, құлағына және аяқтарына ие болып, күдікті және харам нәрселерден сақтау керек.

3) Зуһд – тақуалықтың жалғасы, оның тағы бір көрінісі. Бұл мақамда сопының тамақтану, халал мен харамды ажырату секілді істеріне ерекше мән беріледі. Зуһд сопы үшін дүниенің сән-салтанатынан, қызығушылықтардан бас тарту болып табылады. Жунайд Бағдади осыған қатысты: «Зуһд – қолды мал-мүліктен алыс ұстау, жүректі Хақтан басқа барлық нәрселерден пәк сақтау» деп айтқан. Ал әл-Ғазали болса бұл жайында: «Зуһд дегеніміз – дүниеден ерікті түрде бас тарту және сол үшін қайғырмау» деп өз ойын білдірген.

4) Фақр – кедейлік, пақырлық, жарлылық. Әлемдегі жаратылыстардың барлығы, тіпті адамның болмысы да Жаратушыға тиесілі, оның мүлкі болып табылады. Кез келген нәрсені тек жалғыз бір Алладан ғана сұрау керек. Пақырлықты осылай түсінген адам ғана тасаууфтың шынайы мәнісін меңгере алады.

5) Сабырлылық – төзімділік пен шыдамдылық. Сопылар басына түскен өмірлік қиыншылықтар мен машақаттар жайында тілімен ешқашан налымайды, сондай-ақ Құдайдан басқа ешкімнен көмек-медет сұрамайды. Сабыр – иманның жартысы, өйткені сопының қарсыласы болған нәпсі сабырлылықпен ғана тізгінделеді. Тағаттылықтан, бойсұнудан ләззат алу сабырлылық таныту арқылы ғана мүмкін болады.

6) Қауіп – жүректің сенімнен, иманнан айрылып қалудан, күмән мен күдіктің шырғалаңына түсіп қалудан қауіптену. Мүрит сыртқы әсерлерден азапқа түсуден емес, нәпсінің қулығына алданып қалудан қорқады.

7) Ража – үміттену. Жүректің келешекте Жаратушысымен қауышуына үміттенуі, сағынышы, ұмтылысы деген мағынаны береді. Шынайы сопы осы ража деп ешнәрсеге уайымдамай, қайғырмай тек рухани және құдайлық ақиқаттарды танып, ішкі тәжірибе арқылы Мағрифатта болуды аңсайды.

8) Тәуекел – адамның орын алған барлық жақсы-жаман істер мен оқиғаларды Құдайдың қалауынан деп білуі, кез келген жағдайда тек Жаратушыға сүйенуі. Тәуекел ету – Алланың қолдауына сүйенген адамның иманы. Ол мағрифат кемелдігінен туындайтын жоғары мақамдағы иман. Тәуекел еткен адам барлық істерде Аллаға арқа сүйеп, өзін Құдайдың қарамағындағы бір аспап немесе құрал деп санайды. Жақсылықтар мен жамандықтардың барлығын Жаратушының қалауы мен басына жазған тағдыры екендігіне шын көңілмен сеніп, оған толығымен бойсұнады.

9) Риязат – жүректі әрлендіру, тағдыр-жазмышқа бойсұну, нәпсінің разылығына емес, Хақтың разылығына ұмтылу. Риязат – пенденің өзін риза етуін қойып, Жаратушысының ризашылығына жетуге талпынуы, оның берген сынақтарына мүлдем наразы болмауды білдіреді. Бұл мақамда мүрит ешнәрсеге ашуланбайды, уайымдамайды, қайғырмайды. Құдайдың ризашылығына қол жеткізген мағрифат өкілдері жайында Қушайри былай дейді: «Салик (тасаууф жолындағы жолшы) алдымен Хақты, оның сипаттарын таниды, кейіннен құлшылық пен риязат жасау, нәпсілік қажеттіліктен арылу, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы Хаққа жақын (муқарриб) болады. Сонда ғана Алла өзін жақын тануға мүмкіндік береді».

Әр сопылық тариқаты рухани тәрбие беретін мектеп ретінде өзіндік әдістемелік ерекшеліктерге ие. Дегенмен, олардың барлығына бірдей ортақ қағидалар мен тәсілдер де бар. Рухты кемелдендіру мен нәпсі тәрбиесіндегі бұл ереже-тәсілдер мұқым пайғамбарлар мен ислам тарихындағы ұлы тұлғалардың өмір-тәжірибесінде кеңінен қолданылған. Бұл қағидаларды мүрит күнделікті өмірінде қолданысқа енгізбесе, оның рухани кемелденуіне нұқсан келеді. Олар:

1) «Қиллатут-тағам» – тамақты аз жеу. Асқазанды аспен толтырмай, жиі ауыз бекіту – пайғамбарлар сүннеті. Әсіресе нәпсіні тәрбиелеуде тиімді тәсілдердің бірі – осы өзін-өзі ашықтыру тәжірибесі. Осыған қатысты Мұхаммед пайғамбар: «Адам ұрпағының ең жаман ыдысы – ол тоя тамақ ішкен қарын. Адам баласына денесін көтеріп жүруге қажет азын-аулақ (бірнеше асам) тамақ жеткілікті. Ал міндетті түрде жейтін болса, онда асқазанының үштен бірін – тамаққа, келесі үштен бірін – суға, ал қалған үштен бірін ауаға арнасын», – деген. Абай да «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деп, қарын тоқтықты азғындыққа түсумен теңеген.

2) «Қиллатул-манам» – аз ұйықтау. Ұйқыны қазақтың даналары үш арсызға жатқызған. Қажеттен тыс көп ұйықтаған адамның нәпсісі семіріп, оны еріншектік пен жалқаулық басады. Есесіне, ондай адам Жаратушысына шынайы ықыласпен мінәжат етуді, парыздары мен сүннет амалдарын орындауды, күнделікті көптеп дұға-зікірлерін жасауды ұмытып қояды. Абай осыған қатысты: «Анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен демеклік. Мұның бәрі – жан құмары» деп, ұйқыны тән құмарлығына жатқызған. Рухани кемелденуге талпынған мүриттер үнемі ауыз бекітіп, ораза ұстаумен қатар, ұйқының уақытын қысқартып, көбірек Раббысына құлшылық жасауға әрекеттенеді.

3) «Қиллатул-калам» – аз сөйлеу. Бос сөз сөйлемеу, өтірік-өсек сөздерді тасымау, нәпсінің қалауын білдіретін ойды айтпау, жалпы тілге ие болу – сопылықты ұстанған тақуа жандардан бұрын, Жаратушының ең сүйікті жаратылыстары – пайғамбарларға тән қасиеті екендігін ескеру қажет. Сондай-ақ, бұл қасиеттің орындалуы тариқаттағы тақуалық мақамының басты талаптарының бірі болып табылады.

4) «Ъузлату ъанил-анаам» – оңашалану. Ислам әрдайым адамды жақын туыстарымен, айналасындағы қоғаммен тығыз достық қарым-қатынаста болуға үндейді. Көпшілікпен бірге жасалған құлшылық та оңаша орындалған ғибадаттан абзал саналады. Дегенмен, кей кездері оңашада жалғыз қалып нәпсіні тәбиелеудің, рухани кемелденудің өз пайдасы бар. Белгілі бір уақытқа дүниелік қатынастарды үзіп, өзін толығымен Жаратушыға құлшылық етуге арнау, дене мүшелерін күнәлардан тыйып, көкірек көзінің ашылуына ықпал жасайтын құлшылық түрлеріне бойын дағдыландыру секілді тәрбиелеу тәсілдері шынайы тасаууф тариқаттары мен салиқалы жандар тарапынан жиі қолданылған. Сопылықта оңашалану орындарын «хилуат» немесе «чилехана» деп атайды. Мұнда сопының жалғыз өзі немесе ұстаздың жетекшілігінде өзі секілді бірнеше мүриттермен бірге орындауы мүмкін. Өзін-өзі тәрбиелеу тәжірибесінің мұндай мысалын Мұхаммед пайғамбардың пайғамбарлыққа дейін Хира үңгірінде оңаша қалып, уақытын ғибадатпен өткізгедігінен көруге болады. Сондай-ақ рамазан айының соңғы он немесе жиырма күні бойы дүниелік істерден қол үзіп, мешіттен шықпай, өзін тек құлшылыққа арнау – исламда иғтикаф деп аталады.

Сопылық тариқаттың пірі, мүршит болу үшін ең алдымен әһлі-сүннеттің сенімі мен шариғатын терең әрі жетік меңгеруі керек. Туындайтын барлық мәселелерді исламның құқықтық жүйесі аясында жоғары кәсіби деңгейде жан-жақты қарастыра білуі шарт.

Мүршиттің өзі де міндетті түрде арнайы ұстаздың, пірдің қолында рухани тәрбие алған, «сәйру сүліктегі» (ақиқатқа жету жолындағы жолаушылық) мақамдарды меңгерген, парасаты мен руханияты жетілген адам болуы керек. Нәпсі тәрбиесі мен рухани кемелдену жолдарының мәртебелерін толыққанды меңгеріп, әр адамның рухани халы мен табиғатына қарай тәрбие беруге біліктілігі жетуі қажет. Мұндай адам ілім, амал, хал тұрғысынан Мұхаммед пайғамбардың шынайы мұрагері болып табылады.

Сонымен қатар, тариқатта тек өзі тәрбие көрген тариқат ұстазынан, пірінен шежірелі (силсила) «ижазаты» (рухани тәрбие беруге рұқсаты) бар адам ғана мүршит бола алады. Ижазатта тариқаттың барлық пірлерінің есімдері, бір-біріне берген шежірелі рұқсаттары көрсетіледі. Яғни тариқат тәртібі бойынша адамның рухани кемелдену сатыларынан өтіп, өзгелерге кемелдікке жетелейтін тәрбиені бере алатын тұлға ғана пір қызметін атқара алады.

Қорыта келгенде, сопылық тариқат – исламның ихсан ұстынын меңгеру жолы. Шынайы тариқаттың мақсаты мен ондағы әдеп нормалары, машықтар исламның моральдық қағидаттарынан негіз табады.

20. «Пір», «мүршид», «мүрид» дегеніміз кімдер?
«Мединеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» деген сөздердің халық арасында көп айтылатыны мәлім. Осы «Пір» дегеніміз кім? Түркілерде пір қандай рөл атқарған? деген сұрақтар біршама адамды ойландыратыны анық. Расымен де, «пір» дегеніміз кім?

Дін өздігінен болатын құбылыс емес. Қазақ әулие, имам, ишан, пір, қожа, молда деп дін таратушыларды айтқан және рухани азық иелері ретінде құрмет тұтқан. Қазақтардың санасында «пір» ұғымы ежелден-ақ болған. Пір – сөзі бізге парсы тілінен кірген. Парсышадан «данагөй қария» деп аударылса, діни, сопылық әдебиеттерде «рухани жетекші, басшы» деп көрсетіледі. Сопылық ілімнің ғұламаларын, сол жолдың үлкені, ақсақалы, құрметтісі деген мағынада пір деп атаған. Көп жағдайда пір «әулие» атанып, аскеттік өмір сүреді. Діни ұғымда пір қолдаушы, қорғаушы, сүйеніш болып есептеледі, аруақ туралы түсінікке де жақындайды. «Пір» сөзінің орнына кейде мүршид, шейх сөздері де қолданылады. Жалпы «пір» дегеніміз, ол – ұстаз.

Пір болған адам  өзі де пірден дәріс алған, одан қол алған кісі. «Қол алу» дегенді «пірден рұқсат алу» деп түсінуге болады. Пірлер  киелі, қасиетті, аузы дуалы, тақуа адамдар болған. Пір – сопылық бауырластыққа мүше болатын адамды баулитын ірі дінбасы. Пір сопылық жолға түскен адамға қолдаушы, сүйеніш болып есептеледі. Парсылық бір ақын, Исламдағы сопылықты парсышалап түсіндіру барысында Қожа Ахмет Яссауиді «Түркістанның пірі» деп атаған, сол сәттен кейін түркі жұртында да «Пір» сөзі қолданыла бастады. Ахмет Яссауи түркі жұртының алғашқы пірі болса, қазақтарда алғашқы пір  Бекет батыр болған. Олар халыққа жасаған қызметі, данагөйлігі, ақылдары, тақуалығы арқылы пір дәрежесіне жеткен адамдар. Сопылық жол алғаш пайда бола бастаған тұста хақ тариқаттар көп болған, дініміздің барлық қағидалары, әмір-тыйымдары да үйретілетін. Осы себепті де ол кезде, пір, мүршидтер санаулы ғана болатын, өйткені нағыз сопы болып, әулие атану оңай іс емес-тін. Пір немесе әулие болған адамдардың да мақсаты, бұл емес еді, олар жүрегін Аллаға беріп, ақиқатқа жеткісі келетін. Өзі осындай дәрежеге жеткен соң, арқасынан ерген ізбасарларын тәрбиелеп, Хаққа жетудің дұрыс жолын көрсетуді парыз деп білген. Бірақ, арада бірнеше ғасырлар өткен соң сопылық жол өзгерістерге ұшырады, жасанды пір, әулиелер көбейді. Әр ауыл, қалада бір шейх пен пір пайда болып отырды. Әрине, бұл сопылық жолдың келесі ұрпақтар тарапынан сынға қалуына өзіндік рөл ойнады. Қазіргі күні, халық арасында пір, әулиелер жайлы оң көзқарас жоқтың қасы, әсіресе жастар оны адасушылық деп санайды. Бұл негізгі ақиқаттың бұрмаланғанының әсері деуге болады.

Алғашқы тариқат дәуірлеріндегі шейх, мүршидтерден халыққа ешқандай зиян болмаған, олар өз текке, ханакаларында (діни білім берілетін орындар) шәкірттерге дәріс беріп, әр тариқат өздеріне сай зікір салып, керісінше халықтың тура жолды, ақиқатты табуына жәрдемдескен. Олар шәкірт ісіне де аса мән берген. Шәкірттер қаншалықты қатаң болса да, тәртіпке бағынатын. Себебі нәпсіні тыю, барлық дүнияуи қызықтардан баз кешу оңай емес. Шәкірттер тариқаттың мақамдарынан өтіп, бір сөзбен айтқанда «Өлмес бұрын өлудің» күйін кешетін. Мүрид осы асыл мақсатқа жету үшін өзіне тура бағыт беретін мүршитке мұқтаж. Мүршид сөзінің жалпылай, тасаууф ұғымында жекелей де мағынасы бар. Жалпы мағынада мүршит дегеніміз  адамды теріс жолдан қайтарып, дұрыс жолды көрсететін, көңілімен Аллаға бағынған, шәкіртін кәмілдікке тәрбиелейтін адам.

Тасаууф термині ретінде мүршит нәпсіні тыю жолдарымен жүріп өтіп, қиындықтарын сезіне білген тәжірибелі ұстаз, Алланы тану жолына түскен адамға айтылады. Мүршиттің теккелердегі мүриттерді тәрбиелеу жұмыстары әр тариқаттың өзіндік әдістерімен жүргізіліп отырған, сол себептен олар сан қилы болған. Әлдебір адамға осындай қасиеттердің берілуі халифалық делінеді. Сол мүршиттің ерікті шәкірті, ізбасары ол – мүрит. Мүрит ол рухани ұстазы бар, өз еркімен сопылық жолына түскен, рухани жетілудің алғашқы сатысындағы адам. Ұстазы мүршитке «қол беруші» яғни, пірінің біліміне, тақуалығына толықтай көзі жетіп, рухани дамыта алатын адамға, өзін толықтай сеніп тапсырушы. Мүриттің тәрбие алу барысында өзін отбасы қамқорлығында жүргендей сезінуі оның рухани кемелденуіне септігін тигізеді. Сондықтан сопылық мектебінде тәрбие беруші мүршиттер «әке» орнында болса, оның әйелі «анасы» іспетті болып келген. Ал, тариқаттағы өзге тәрбиеленуші мүриттер бауырларындай болып, бір отбасы мүшелеріндей өмір сүру жағдайы қарастырылады.

Сопылық жолда ұстаз бен шәкірттің (яғни, мүршит пен мүриттің) қарым-қатынасы, байланыстары, сұхбаттары рухани жетіп-даму үшін үлкен рөл атқарған. Сопылық тариқатқа қадам басушы мүрит, алдымен, шариғат шарттарын, исламның қарапайым моральдық, этикалық қағидаларын ұстануы, орындауы қажет. Мүриттің сопылық жолға түсуі ішкі рухани ізденістері нәтижесінде болады. Мүриттікке қабылдау рәсімдері оған арнайы киім ұсыну, Хақ жолын еркімен қалап, тәубеге келуі жайлы ант беру, тағы басқа арқылы өткізілген. Мүрит ұстазымен рухани үндестікке жетуді қалайды, оған толықтай мойынсұнады. Мүриттің рухани кіріптарлығы ұстаздан тәлім-тәрбие алып, дербес жол табу алдындағы уақытша құбылыс саналады. Мүриттер ұстаздарынан үлгі алып, оларды жырларына қосып отырған. Мысалы, Пір Қожа Ахмет Яссауидің шәкірт, мүриттерінің саны өте көп болған. Ең атақты шәкіртінің бірі Сүлеймен Бақырғани болған, ол да өз жырларында Ахмет Яссауиді «Пір» деп атап көрсетеді:

Қараса Кағба (тап қасындағыдай) көрінген,

(Аяғын) басса, жер (қысқарып) түрілген.

Ладуни ілімі (өн бойына) үйірілген,

Пірім Ахмет Яссауи,

– деп жырлаған жолдарында да Ахмет Яссауидің киелі әулиелігін баяндап тұрғандай.

Қорыта айтқанда, қазақтардың діни түсінігінде пір, мүршид, мүрид түсінігі болғандығын көреміз. Себебі, түркі жұрты 11-12 ғасырларда пайда бола бастаған сопылық жолды, сол жолдың ұстанушыларын, ұстаздарын, сопыларын қадір тұтып, құрметтеген. Қарапайым халық үшін пір жай ғана ұстаз емес, тура жолға бастаушы бір щамшырақ ретінде болған. Ал, қазіргі таңда пірлердің болмауы, пір-әулиелерге деген теріс көзқарастың адамдардың санасына кіруі, бір жағынан кешегі атеистік идеологияның әсері болуы мүмкін.



ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША

20 СҰРАҚ-ЖАУАП
8-шығарылым:

Діни-рухани ұғымдар
______________
Астана қ., Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс
Басуға ___ қол қойылды.



жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау