Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының



жүктеу 117,21 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі117,21 Kb.
#6903











Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы «27» наурыздағы

№ 257 бұйрығына

3-қосымша   




«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы

ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін)

реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға)

шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:



  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты– 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат берілген уақыты– 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесі:



  1. көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді кабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі;

  1. ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау электрондық кезек күту тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады. Электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.

9. Көрсетілетін қызметтi алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметтi берушіге немесе ХҚКО-ға өтініш берген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне жазбаша келісімі;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру бір қабат жоғары (төмен) орналасқан өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) адамның өмір сүру және тіршілік ету ортасына зиянды әсер ету көзі болып табылатынхалықтың тіршілік етуінің санитарлық-гигиеналық жағдайларын төмендететін болса, меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);

болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар) қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды сұратып алуға жол берілмейді.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және ХҚКО-ның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

Өтініштің қабылдануын:

көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған кезде оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы белгі қою;

ХҚКО-ға - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаты болып табылады.

ХҚКО дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға)қолхат негізінде жүзеге асырылады.

ХҚКО нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде ХҚКО сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жіберу үшін ХҚКО-ға дайын құжаттарды жібереді.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚКО өтінішті қабылдаудан бас тартады. ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қолхат береді.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші және ХҚКО басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бойынша қолма-қол беріледі.

Қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналында оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, ХҚКО қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннің ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-ның кеңсесінде қолма қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа өтініш беруге құқығы бар.



4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар


  1. Заңнамада белгіленген тәртіпте өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүруді, бағдарлануды жүзеге асыру қабілеттерінен немесе мүмкіндігінен толық немесе жартылай айырылған көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы өтініш беру жолымен ХҚКО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

  2. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

Министрліктің интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz;

ХҚКО-ның интернет-ресурсында :www.con.gov.kzорналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібімен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметінің байланыс телефоны Министрліктің интернет-ресурстарында: www.economy.gov.kzорналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша


Нысан





Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың

Бас сәулетшісіне ____________________

кімнен_____________________________

(Т.А.Ә. немесе заңды атауы және (немесе) сенімхат)

___________________________________

(Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

мекенжайы________________________ (заңды мекенжайы немесе тұрғылықты жері)

байланыстар________________________

(электрондықмекенжайы, телефон)



Өтініш
Cізден _______________________________________________________

(объектінің толық атауы)

______________________________________мекенжайы бойынша орналасқан

(үй-жайлары (жекелеген бөліктері) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жататын объектінің орналасқан жері)

________________________________________________________________________________________________________________________________________ рұқсат беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы «___» _________

_____________________

(Қолы)
«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

нысан
_____________________________________________

(Тегі, аты, болса – әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)

_____________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан

бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы


15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:



  1. _______________________________;

  2. _______________________________;

  3. ....

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (ХҚКО қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

Телефон _____________



Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы «___» _________
жүктеу 117,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау