|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
|
Дата | 28.11.2017 | өлшемі | 99,33 Kb. | | #2426 |
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1542 қаулысымен
бекітілген
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру:
мекенжайлары www.con.gov.kz сайтында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық);
«электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде:
көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – отыз минуттан артық емес;
осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсыру үшін жол берілетін ең ұзақ күту уақыты – он минуттан артық емес;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес;
2) орталыққа өтініш берген кезде:
көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – жиырма минуттан артық емес;
осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген көрсетілетін құжаттар топтамасын тапсыру үшін жол берілетін ең ұзақ күту уақыты – он минуттан артық емес;
көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес;
3) портал арқылы өтініш берген кезде:
көрсетілетін қызметті алушы электрондық сұрау салуды жіберген сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін – он бес минуттан артық емес.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) орталыққа өтініш берген кезде – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама;
2) портал арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама.
Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетiледi;
2) орталықта мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда көрсетіледі. Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
3) порталда құжат қабылдау тәулік бойы (жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты техникалық үзілісті қоспағанда) жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде жеке куәлігінің түпнұсқасын (сәйкестендіру үшін) және осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады;
2) орталыққа өтініш жасаған кезде жеке куәлігінің түпнұсқасын (сәйкестендіру үшін) және осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады;
3) портал арқылы өтініш жасаған кезде осы стандартқа қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтініш ұсынады.
Өтініш бланкілерін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінен алуға болады.
Орталықта өтініш бланкілері күту залында арнайы тағандарда, сондай-ақ www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті орталық арқылы алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, орталық ұсынған нысан бойынша пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) сұрау салуды қабылдау нөмірі және күні;
2) сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда);
6) көрсетілетін қызметті алушының немесе оның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда) және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранысты қабылдау мәртебесі көрсетіледі.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының
және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет
көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдемдесуді көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген немесе олар дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым осы стандарттың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес, тиісті әкімнің атына беріледі.
Орталық арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген немесе орталық қызметкерлері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым орталық басшысының атына Астана қаласы, Республика даңғылы, 43/А мекенжайы бойынша беріледі, телефоны: 8(7172)-55-80-23, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы жібергеннен кейін, оған шағымды өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау нәтижесі бойынша жауабы немесе қараудан бас тарту) туралы жаңартылған ақпарат қолжетімді болады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға орындалуы, жауабы немесе қараудан бас тарту туралы жаңартылған ақпарат та қолжетімді болады.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарау мерзімін:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажеттілігі жағдайында он жұмыс күнінен артық емес ұзартады;
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
15. Мемлекеттік қызмет уәкілетті өкілге көрсетілетін қызметті алушының нотариалды куәландырылған сенімхатын ұсынған кезде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыру орындары қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады) жасалады.
Көрсетілетін қызметті берушінің және орталықтың ғимараттары дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталады.
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орнының мекенжайы:
1) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;
2) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.
17. Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы өтініш берген кезде ЭЦҚ болуы қажет.
18. Қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алу портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш берген кезде мүмкін болады.
19. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының – 1414 телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін.
«Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
Нысан
Өтініш
Мен, ________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
(жеке куәлік деректері және тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
(өкілеттілікті куәландыратын құжаттың деректемелері)
___________________________________________________________ негізінде
________________________________________________ атынан әрекет ететін
(сенімхат бойынша әрекет еткен жағдайда уәкілетті
өкіл толтырады)
маған жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беруді
сұраймын.
Сұрау салуды орындау/қарау нәтижесі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілді: күні 20__ жылғы ____________
_____________________________________________________________________
(маманның тегі және аты-жөні, қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|