Қазақстан Республикасы Үкіметінің



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет15/21
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17559
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

31 

Одан  әрі  МЖӘ  жобаларын  іске  асыру  рәсімдерін  оңайлату  мен 

процесін жеделдету үшін: 

1) кешенді 

мемлекеттік  қызметтер  көрсету  функциялар  және 

«бағдарламалық» МЖӘ енгізілетін болады; 

2) процестердің  қайталануын  болдырмау,  сондай-ақ  МЖӘ  жобаларын 

жоспарлау

 

рәсімдерін жеңілдету, келісу мерзімін қазіргі 7 айдан 3 айға дейін 



(65 жұмыс  күні  ішінде)  азайту  мақсатында  МЖӘ  жобасының  концессиялық 

ұсынысын  және  тұжырымдамасын  әзірлеу  кезеңін  алып  тастау  бөлігінде 

МЖӘ  саласындағы  заңнамаға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілетін 

болады. 


 

3.2 Тарифтік және монополияға қарсы саясат 

Табиғи  монополиялар  субъектілері  қызметінің  тиімділігін  арттыру 

мақсатында: 

– қолданыстағы  рәсімдерді  жетілдіру,  сондай-ақ  тариф  белгілеудің 

баламалы әдістерін енгізу; 

– үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін реттеудің ынталандыру 

әдістерін кезең-кезеңмен енгізуге жағдайлар жасау

– табиғи  монополиялар  субъектілері  мен  уәкілетті  орган  қызметінің 

тиімділігі мен ашықтығын арттыру бойынша

 

іс-шаралар қабылданады. 



2020  жылға  дейін  Республиканың  заңнамасына  сәйкес  электр 

энергиясын орталықтандырылған сатуды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар 

нарықтарда мемлекеттік бағалық реттеу жүзеге асырылады. 

2020  жылға  дейін  «Yellow  Pages  Rule»  қағидаттарына  сай  келмейтін 

мемлекеттік меншіктегі барлық кәсіпорындар мен ұйымдарды жеке секторға 

беру немесе тарату бойынша іс-шараларды іске асыру жалғасады. 

Қазақстанның  әлемдегі  ең  дамыған  30  мемлекеттің  қатарына  кіру 

жоспарларын  іске  асыруға  ықпал  ететін  ЕуразЭО-ға  мүше  мемлекеттердің 

бәсекелестік  (монополияға  қарсы)  заңнамасын  ЭЫДҰ  мемлекеттері 

стандарттарына жақындату мен жетілдіру жұмыстары жалғасады. 

 

4. Адами капиталдың сапасын жақсарту 

Үшінші  жаңғырудың  басты  ресурсы  адами  капитал  болып  табылады. 

Бүкіл  елдің  болашағы  қоғамның  білім  деңгейіне,  оның  берік  азаматтық 

ұстанымына байланысты.

 

Орта  мерзімді  перспективада  негізгі  күш  денсаулық  сақтау  мен  білім 



беру жүйесінің, әлеуметтік қамсыздандыру саласының рөлін өзгерту арқылы 

сапалы адами капитал құруға бағытталады. 

Еңбек  нарығының  жаңғыруын  және  азаматтардың  нақты  табысының 

артуын


 

талап  ететін

 

жаңа  индустриялардың  құрылуы  мен  дамуы,  қосымша 



жұмыспен қамту көзіне айналуы тиіс. 

Білім беру саласында білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге 

және сапасын арттыруға ерекше назар аударылатын болады. 

Мемлекеттік  және  жекеше  бала  бақшаларды,  шағын-орталықтарды 

салу  мен  ашу,  мемлекеттік-жекешелік  әріптестік  тетігін  дамыту  арқылы 




32 

мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесінің  инфрақұрылымын  кеңейту 

жалғасады. 

Орта білім беру жүйесінде 0 (мектепалды даярлық тобы) +11 жылдық 

оқыту  құрылымы  мен  үш  тілде  оқытуға  жоспарлы  түрде  көшу  бойынша 

12 жылдық  білім  беруді  енгізу  жұмысы  жалғасатын  болады.  Білім  беру 

стандарттары жаңартылады. 

Жергілікті  өкілді  органдар  мен  үкіметтік  емес  ұйымдар  өкілдерінің 

қатысуымен  барлық  балалар  үйінде  қамқоршылық  кеңестер  құру 

жоспарланып отыр. 

Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесінде  мемлекет  кепілдік 

берген бірінші жұмысшы мамандығын алу тегін қамтамасыз етіледі. 

Білім  сапасын  арттыру  мақсатында  дуальды  оқытудың  негізгі 

қағидаттарын  енгізу  және  модульдік-құзыреттілік  тәсілдеме  негізінде  жаңа 

білім беру бағдарламаларын әзірлеу жалғастырылады. 

2021  жылға  қарай  Қазақстан  World  Skills  International  халықаралық 

салыстырмалы рейтингінің ТОП 40 енуді жоспарлап отыр. 

Жоғары  оқу  орындарын  (бұдан  әрі  –  ЖОО)  коммерциялық  емес 

акционерлік қоғамдарға қайта ұйымдастыру жалғасады, бұл ЖОО-ны дамыту 

үшін  қосымша  инвестициялар  тартуға,  мемлекеттік  бюджеттен  жүктемені 

алып  тастауға  және  жалпы  алғанда  әлемдік  үрдістер  контекстінде 

университеттердің ілгері жылжуына ықпал етуге мүмкіндік береді. 



Денсаулық  сақтау  саласындағы  саясат  сапалы  және  қолжетімді 

медициналық  көмек  көрсетуге  және  сапалы  әрі  қауіпсіз  дәрілік  заттармен 

қамтамасыз  етуге  бағытталатын  болады.  Қазақстан  Республикасының 

денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың  2016 – 2019  жылдарға  арналған 

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде алғашқы медициналық-

санитариялық  көмек  деңгейінде  аурулардың  алдын  алу  және  анықтау 

денсаулық сақтау саласын дамуының басты бағыттары болады. 

Халықаралық  үздік  тәжірибеге  сәйкес  Қоғамдық  денсаулық  сақтау 

қызметтері  (бұдан  әрі  –  ҚДС)  құрылады.  ҚДС-тың  бастапқы  міндеттері 

негізгі  әлеуметтік  маңызы  бар  инфекциялық  емес  аурулардың  алдын  алу 

және  мониторингтеу  бойынша  іс-шараларды  жандандыру,  санитариялық-

эпидемиологиялық  саламаттылықты  қамтамасыз  ету,  инфекциялық  емес 

ауруларға,  тұрғындардың  өз  денсаулықтарына,  тамақтануды  рационалдау 

және  салауатты  өмір  салтын  ұстануды  ынталандыру  негізінде    ақпараттық 

жауапкершіліктерін  арттыру,  санитариялық  және  дене  шынықтыру 

мәдениетін  дамыту  болып  табылады.  Ұлттық  скриннигтік  бағдарламаны 

жетілдіру  бойынша,    диагностиканың,  ауруларды  емдеудің  және  оңалтудың  

жаңа стандарттарын енгізу жұмыстары жалғасады. 

Мемлекеттің  жұмыс  берушілер  мен  азаматтардың  ортақ  қатысуына 

негізделген медициналық көмек көрсетудің кепілдіктері мен міндеттемелерін 

қамтамасыз  етудің  теңгерімделген  және  тұрақты  жүйесін  құру  мақсатында 

2018 жылы  міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  (бұдан  әрі  – 

МӘМС)  жүйесі  енгізіледі,  бұл  ретте  жеке  денсаулық  сақтау  ұйымдарына 

МӘМС жүйесіне тең қатысу шарттары ұсынылатын болады. 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау