1. Тараптар осы Келісімге қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайларда (форс-мажор) міндеттерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
2. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда, осы келісімшартқа сәйкес қандай да болсын міндеттемелерді орындауы осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған, Тарап форс-мажор жағдайлар басталған немесе аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттерін орындаудың мүмкін еместігін негіздеп және дәлелдеп хабардар етуі тиіс.
3. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау, осындай хабарламау немесе уақтылы хабарламау форс-мажордың тиісті мән-жайларынан тікелей пайда болған жағдайларды қоспағанда, Тарапты форс-мажордың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатуға негіздеме ретінде кез келген форс-мажордың жағдайына сүйену құқығынан айырады. Форс-мажор жағдайларының басталғандығы немесе тоқтатылғандығы туралы хабарлама, форс-мажор жағдайы жалпыға танымал және жаппай сипат алған, дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен немесе тиісті органның және немесе мекеменің куәлігімен расталуға тиіс.
4. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажор жағдайы орын алған, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар әрекеті барысына шамалас уақытқа кейінге шегеріледі. Егер мән-жайларының туындауына байланысты Тараптардың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді толықт немесе ішінара орындай алмауы, _______ (кезеңді көрсету) асып кетсе, Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.
7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушы
____________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы)
____________________________________
(мекенжайы)
____________________________________
(телефон, факс)
____________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________
(қолы)
М.О.
|
______________________________
(Бағдарламаға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________
(мекенжайы)
______________________________
(телефон, факс)
_______________________________
(қолы)
|
___________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы « » тамыздағы
№ қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 817 қаулысымен
бекітілген
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді.
Қағидалар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесуге, өз еркімен қоныс аударуға, көшуді ұйымдастыруға, оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсетуге арналған нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға бағытталған шаралар:
1) көшуге субсидия беру;
2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқу, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жеріне жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
3) психологиялық бейiмдеу;
4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына қызметтiк тұрғын үй беру жолымен іске асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аудандық/қалалық комиссия – ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
3) Бағдарламаға қатысушылар – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуын аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген адамдардың өзге де санаттары және оралмандар;
4) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) жалпыұлттық дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – жекелеген мамандықтар (кәсіптер) бөлінісіндегі ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжанатын жұмыс орындарының дерекқоры;
6) көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
7) қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға беру) – қызметтік тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалдаушыға (жалға алушыға) уақытша пайдалануға және ақысын төлетіп пайдалануға беру;
8) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй;
10) өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
11) уәкілетті орган – өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
12) халықты жұмыспен қамту орталығы – жергілікті атқарушы орган жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құратын мемлекеттік мекеме;
13) экономикалық өсу орталығы – соңғы 5-10 жыл бойы экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуімен және жоғары демографиялық әлеуетімен (көші-қон сальдосы оң) сипатталатын елді мекен.
4. Жаңа тұрғылықты жері бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту, сондай-ақ жұмысқа орналасуға жәрдемдесу Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында көзделген шартарда жүзеге асырылады.
2. Көшуге субсидия беру
5. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының көшуі:
1) бір ауданның ішінде;
2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);
3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа облысқа көшуі республикалық маңызы бар қаланы және астананы қоспағанда, облыстардың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары берген жұмыс берушілер өтінімдері негізінде Бағдарлама операторының шешімі бойынша жүзеге асыралады.
7. Өңірлік комиссия шешімінің негізінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегінде тұратын адамдар қатарындағы Бағдарламаға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде құрылысы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2013 жылғы 1 шілде аралығында жүргізілген қызметтік тұрғын үйлерге көшіруге жол беріледі.
Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушылар мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, халықтың еңбекке қабілетті табысы аз санатына жатуға;
2) жұмыс берушілер жаңа тұрғылықты жері бойынша мәлімдеген қолданыстағы дерекқордағы жұмыс орындарына сәйкес келетін кәсіптік білімі не Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу туралы жазбаша міндеттемесі болуға;
3) соңғы үш жылда бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұрақты тұруға тиіс.
8. Бағдарламаға қатысушылардың көшуі қызметтік тұрғын үйдің берілуімен, сондай-ақ көшуге субсидияның төленуімен өз бетінше жүзеге асырылады.
Бұл ретте Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жері бойынша меншік құқығында тұрғын үйі не тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйі болған жағдайда жаңа тұрғылықты жері бойынша қызметтік тұрғын үй берілмейді.
9. Қызметтік тұрғын үй беру және көшуге субсидия тағайындау үшін Бағдарламаға қатысушы отбасының құрамын және көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйымда алдын ала ашылған жеке шотын көрсете отырып, келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішке Бағдарламаға қатысушы мен оның көшіп келген отбасы мүшелерінің мынадай құжаттары қоса беріледі:
1) халықты жұмыспен қамту орталығының (шыққан жерінің) жолдамасы;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) әлеуметтік келісімшарт;
4) Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне келген жері бойынша тұрғын үйі жоқ екені туралы жергілікті атқарушы орган берген анықтама.
10. Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге берілетін субсидиялар олар жаңа тұрғылықты жеріне келгеннен кейін және қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шартын жасағаннан кейін не тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешкен жағдайда келген жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде беріледі.
Бағдарламаға қатысушының жаңа тұрғылықты жеріне келмеген отбасы мүшелеріне көшуге субсидия берілмейді.
11. Келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға алу) туралы шарт жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде не тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешкен жағдайда келген жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде, осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың барлығы болған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көшуге берілетін субсидияны тағайындау туралы шешім шығарады.
Бір елді мекен шегінде көшетін Бағдарламаға қатысушыларға көшуге субсидия төленбейді.
12. Көшуге берілетін субсидияны тағайындау туралы шешімде Бағдарламаға қатысушының отбасы құрамы, оларға берілетін тиісті төлемдердің мөлшері және көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылған жеке шотының нөмірі көрсетіледі.
13. Халықты жұмыспен қамту орталығы көшуге берілетін субсидияны тағайындау туралы шешім шығарғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйымдарға тиісті төлемдерді аударады.
14. Әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес Бағдарламаға қатысушы (отбасымен бірге) келген жерінен алты айдың ішінде кеткен жағдайда көшуге берілетін субсидияның алынған сомасы бюджетке өтеледі.
Әскери қызметке шақырылған, осы елді мекенде тұруға мүмкіндік бермейтін ауруларды, жұмыс берушінің өтінімі бойынша оқуға жіберілген жағдайларды қоспағанда, Бағдарламаға қатысушы отбасы мүшелерінің біреуі келген жерінен бір жыл ішінде кеткен жағдайда, отбасының кетіп қалған мүшесі алған, көшуге берілген субсидия сомасы бюджетке қайтарылады.
15. Бағдарламаға қатысушыларға келген жерлерінде олардың қалауы бойынша қызметтік тұрғын үй беріледі.
Берілетін қызметтік тұрғын үйдің ауданы отбасының құрамына қарай бірге тұратын отбасы мүшесінің біреуіне он сегіз шаршы метрден не отбасына жүз шаршы метрден аспауға және бір бөлмелі пәтерден не отбасылық үлгідегі жатақхананың бір бөлмесінен кем болмауға тиіс.
Жастар қатарындағы адамдарға, сондай-ақ оралмандарға, жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балаларға (осындай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады), көшіру мен жұмысқа орналастыруды жұмыс беруші өзі жүзеге асырған Бағдарламаға қатысушыларға, сондай-ақ басқа облыстарға көшетіндерге жатақханадан бөлмелер беру олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарына, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан жүзеге асырылады.
16. Жастар, оның ішінде некеде тұрғандар үшін жатақханалардан бөлмелер мынадай шарттармен беріледі:
1) жасы 29-ға дейін болуы;
2) қолданыстағы еңбек шартының немесе әлеуметтік келісімшарттың болуы;
3) тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысуы тиіс.
Жастар үшін жатақханалардан бөлмелер 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
17. Жастар үшін жатақханадан бөлме, қызметтік тұрғын үй халықты жұмыспен қамту орталығының тұрғын үй комиссиясы қабылдаған тұрғын үй беру туралы шешімінің және халықты жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушы арасында жасалған қызметтік тұрғын үйді және жатақханадағы бөлмені жалдау (жалға беру) туралы шарт негізінде беріледі.
18. Бағдарламаға қатысушыда не оның отбасы мүшесінде екі айдан астам қолданыстағы еңбек шарты болмаған жағдайда олармен жастарға арналған жатақханадан бөлмені жалға алу шарты бұзылады.
19. Жастарға арналған жатақханадан бөлме берілгеннен кейін Бағдарламаға қатысушы жоғары, жоғарыдан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кәсіптік оқудан өтуге жіберіледі.
20. Тұрғын үй комиссиясының шешімі екі дана жасалады, оның біреуі қатаң есептегі құжат ретінде халықты жұмыспен қамту орталығында сақталады, ал екіншісі өтініш берушіге беріледі.
21. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартын халықты жұмыспен қамту орталығының (келген жерінің) тұрғын үй комиссиясы тиісті шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жасайды.
Бағдарламаға қатысушы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартының тарапы болады. Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартына Бағдарламаға қатысушының сенім білдірілген адамының қол қоюына жол берілмейді.
Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алу шарты үш данада жасалады. Жастарға арналған жатақханалардан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартының бір данасы халықты жұмыспен қамту орталығында сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріледі, ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және жастарға арналған жатақханадан бөлмеге, қызметтік тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.
22. Егер шарт жасасу туралы ұсыныс берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушы шарттың талаптарымен келіспеуіне байланысты жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартына қол қоймаса, халықты жұмыспен қамту орталығы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді Бағдарламаның басқа қатысушысына қайта бөледі.
Бағдарламаның жаңа қатысушысымен шарт жасасу осы Қағидалардың 21-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
23. Жалға алу шарты күнтізбелік бір жыл мерзімге жасалады және жалға алу шартына сәйкес ол аяқталғанға дейін күнтізбелік бір ай бұрын шартты тоқтату туралы хабарлама жіберетін жағдайларды қоспағанда, автоматты түрде ұзартылады.
24. Бағдарламаға қатысушылар осы Қағидаларға сәйкес жастарға арналған жатақханадан бөлме, қызметтік тұрғын үй алу құқығын бір рет қана іске асырады.
25. Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алудың ай сайынғы төлемінің мөлшерін өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы айқындайды.
26. Коммуналдық және пайдалану қызметтерінің шығыстары жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алу төлемінің сомасына кірмейді және Бағдарламаға қатысушы оны өзі төлейді.
27. Жастарға арналған жатақханадан бөлме, қызметтік тұрғын үй жалға берілген кезде қосалқы жалға алуға жол берілмейді.
28. Бағдарламаға қатысушының отбасы мүшесінің жастарға арналған жатақханадан жеке бөлме, қызметтік тұрғын үй беру не Бағдарламаның басқа қатысушысының отбасы құрамында қызметтік тұрғын үй беру туралы өтініші қаралмайды.
29. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен отбасылық үлгідегі жатақханалардан орын беру, тұрғын үйлерді сатып алу, құрылысы басталған объектілерді салып бітіру, осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін, жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі бос тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерді реконструкциялау есебінен қамтамасыз ете алады.
30. Бағдарламаға қатысушылардың тиісті біліктілігі болған жағдайда жастарға арналған жатақханаларды, қызметтік тұрғын үйді салу және тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту барысында құрылатын жұмыс орындарына орналасуға басым құқығы болады.
31. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар ретінде қызметтік тұрғын үй берілген Бағдарламаға қатысушылар қызметтік тұрғын үйде кемінде бес жыл тұрған жағдайда, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жекешелендіре алады.
3. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына атысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына
қызметтіктұрғын үй беру
Қоныс аударуға қажеттілікті айқындау тәртібі
32. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерге Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қоныс аударуға және жұмысқа орналасуға қатысуға үміткерлерді таңдау тәртібі мен шарттары туралы консультация береді.
33. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталықтарына:
1) мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде қажетті жұмыс күшінің саны көрсетілген;
2) Бағдарламаға қатысушылар үшін жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруымен тұрғын үй салу мүмкіндігі туралы;
3) Бағдарламаға қатысушыларды тұрақты жұмыс орындарын ұсына отырып, жұмысқа орналастыру мүмкіндігі туралы өтінім не Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу туралы жазбаша міндеттеме береді.
34. Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына қажетті еңбек ресурстарын қоныстандыру үшін тұрғын үй салуға қажеттілігі бар жұмыс берушілердің тізілімін жүргізеді.
35. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендерді және экономикалық өсу орталықтарын айқындау өлшемшарттарын өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Әзірленген өлшемдерге сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдары өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды және оны өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органға және Бағдарлама операторына жібереді.
36. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере отырып:
1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың санын;
2) көшуге қатыса алатын жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйінің тәрбиеленушілерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалардың (осындай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады), жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастардың, оралмандардың жалпы санын;
3) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендердегі және экономикалық өсу орталықтарындағы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін, олардың жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігін айқындайды;
4) еңбек ресурстарына қажеттілікті аудандық/қалалық комиссиялармен келіседі және ақпаратты уәкілетті органға жібереді.
37. Уәкілетті орган ұсынылған ақпараттың негізінде:
1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың жалпы санын;
2) көшуге қатыса алатын жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйінің тәрбиеленушілерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалардың (осындай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады), жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастардың, оралмандардың жалпы санын қалыптастырады;
3) еңбек ресурстарына қажеттілік және азаматтардың көшу мүмкіндігі туралы ақпаратты өңірлік комиссияға жібереді.
38. Өңірлік комиссия берілетін үйлердің жалпы саны негізінде:
1) шыққан және қабылданатын жерін айқындай отырып, облыс (аудан, қала) шегінде көшетін азаматтардың ықтимал санын келіседі және көшуді ұйымдастыру үшін ұсынымды уәкілетті органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді;
республика шегінде көшетіндердің ықтимал санын келіседі, өтінімді немесе ұсынысты Бағдарлама операторына жібереді.
2) Бағдарламаға қатысушыларды көшіру, орналастыру мәселелерін қарайды.
39. Өңірлік және аудандық/қалалық комиссияның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, уәкілетті органның (халықты жұмыспен қамту орталықтарының), қызметкерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.
40. Бағдарламаға қатысушыларға:
1) бір ауданның ішінде қоныс аударушыларға – отағасына он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасы мүшелерінің әрқайсысына бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) қоныс аударушыларға – отағасына жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасы мүшелерінің әрқайсысына он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бөлінеді;
3) бір облыстан басқа облысқа көшетін адамдарға – отағасына елу еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасы мүшелерінің әрқайсысына отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көшуге субсидия беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |