құрылады.
2. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның міндеттері мен функциялары
8. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның негізгі міндеттері:
1) осы стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес жартылай стационарлық жағдайда арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсету;
2) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін
арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
3) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады.
9. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның негізгі функциялары мыналар:
1) қызмет алушыларды қабылдау және олардың сырқатын, жай-күйінің ауырлығын, жасын ескере
отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейімдеу жөнінде іс-шаралар өткізу;
2) қызмет алушылардың жеке басына қол сұғылмаушылық пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;
4) қызмет алушыларға осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын
өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты
көмек көрсету;
5) мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу;
6) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен
түрлері, ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
7) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
8) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
9) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар
болып табылады.
3. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау шарттары
10. Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
үшін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға жіберуді облыстық, Астана және Алматы
қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті
орган) қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік емес меншік нысанындағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйым қызмет
алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
12. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жартылай стационарлық
үлгідегі ұйымға қызмет алушыларды қабылдау уәкілетті орган жартылай стационарлық үлгідегі
ұйымға ұсынатын мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз адамдар
үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші (осы
стандартқа 1-қосымша);
2) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
3) уәкілетті органның жолдамасы;
4) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
5) мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме (қарттар үшін – талап етілмейді);
6) медициналық карта (осы стандартқа 2-қосымша);
7) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін – талап етілмейді);
8) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін –
Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін
растайтын куәліктің көшірмесі.
13. Құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен бірге ұсынылады, салыстырып тексергеннен кейін
түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.
4. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болудың шарттары
14. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болу жағдайы санитарлық-эпидемиологиялық
нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздігіне, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздікке қойылатын
талаптарға сәйкес болуға тиіс.
15. Құрылтайшы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның қазіргі заманғы техникамен
жабдықталуын қамтамасыз етеді.
16. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның ғимараты құрылыс нормалары мен ережелеріне
сәйкес онда болу ыңғайлылығы мақсатында, оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және
ғимаратқа іргелес жатқан аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы
құрылғылармен жабдықталған.
Болу шарттары қызмет алушылардың жоғары белсенділігі мен әлеуметтенуіне септігін тигізеді.
17. Егер жартылай стационарлық үлгідегі ұйым стационарлық үлгідегі ұйымның құрылымдық
бөлімшесі болып табылса, онда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның қызмет алушыларына
ғимаратқа жеке есіктен кіруге және бөлек болуға жағдай жасалады.
18. Қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, оңалту жөніндегі іс-шаралар олардың
денсаулығының жағдайын, жасын, жеке даму деңгейін, әлеуметтендіру, оңалтудың жеке
бағдарламасының (болған жағдайда) мазмұнын ескере отырып жүзеге асырылады.
19. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болу тәртібі жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның
басшысы бекітетін ішкі тәртіп ережесінде айқындалады.
20. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның жұмыс режимін жартылай стационарлық үлгідегі
ұйымның басшысы құрылтайшымен немесе уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті
жағдайларды ескере отырып белгілейді.
21. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызмет
күн сайын (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) көрсетіледі.
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман келуді есепке алу журналын жүргізеді (осы стандартқа 3-
қосымша).
22. Уақытша болуға арналған жартылай стационарлық ұйымдарда оңалту іс-шараларын үздіксіз
жүргізу мақсатында басқа қаладан келген қызмет алушылардың түнде болуына жағдай жасалады.
5. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке
қажеттілігін айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу
23. Арнаулы әлеуметтік қызметтің қажеттілігін (түрлері мен көлемін) әлеуметтік қызметкерлер,
дәрігерлер, педагогтар мен жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басқа да мамандары (бұдан
әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары) (осы стандартқа 4-қосымша)