Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму



жүктеу 19,7 Kb.
Pdf просмотр
Дата29.05.2018
өлшемі19,7 Kb.
#18351


Қазақстан Республикасы 

Инвестициялар және даму 

                                                                              министрінің 

                                                                                   2015 жылғы «23» қаңтардағы 

№ 43 бұйрығымен бекітілді 

 

 



Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар 

талаптары бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы 

ереже 

 

 

1. Жалпы ережелер 

 

1. 



Жер 

қойнауын 

пайдалануға 

арналған 

келісімшарттар 

талаптарыбойынша  келіссөздер  жүргізу  жөніндегі  жұмыс  тобы  (бұдан  әрі  – 

Жұмыс  тобы)  Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар  және  даму 

министрлігі  (бұдан  әрі  -  Министрлік)  жанындағы  тұрақты  жұмыс  істейтін 

алқа органы болып табылады.  

2.  Жұмыс  тобы  өз  қызметінде  «Жер  қойнауы  және  жер  қойнауын 

пайдалану  туралы»  2010  жылғы24  маусымдағы  Қазақстан  Республикасы 

Заңын,осы  Ережені  және  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  нормативтік 

құқықтық актілерін басшылыққа алады. 

 

 



2. Жұмыс тобының негізгі міндеттері мен функциялары 

 

3. Жұмыс тобының негізгі міндеттері: 

1) жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу; 

2)  жер  қойнауын  пайдаланушылармен  жер  қойнауын  пайдалануға 

арналған  келісімшарттар  жобаларының  талаптарын  және  бұрын  жасалған 

келісімшарттарға толықтырулар жобаларының шарттарын талқылау.    

4. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында Жұмыс тобы: 

1)  жұмыс  тобы  құзыретіне  кіретін  мәселелер  бойынша  Министрліктің 

құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпаратты сұратады; 

2)консультация  үшін  басқа  мүдделі  мемлекеттік  органдардың 

мамандарын тартады; 

3) министрліктер мен ведомстволарда сараптамадан өтуді ұсынады

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге 

де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

4. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру 

 

5.  Жұмыс  тобының  жұмыс  органы  Министрліктің  Жер  қойнауын 

пайдалану департаменті болып табылады. 



 

6.  Жұмыс  тобы  төраға,  төрағаның  орынбасары,  жұмыс  тобының 



мүшелері мен хатшы құрамында құрылады. 

7. 


Жұмыс 

тобын 


оның 

қызметіне 

басшылық 

жасайтын, 

отырыстыңкүнтәртібін бекітетін, өзінің шешімдерінің іске асырылуына және 

жұмыс тобы жүзеге асыратын қызметке жалпы бақылауды жүзеге асыратын 

төраға басқарады. 

Жұмыс  тобының  төрағасы  болмаған  кезде  оның  функцияларын 

төрағаның орынбасары атқарады. 

8. Жұмыс тобының хатшысы: 

1) жұмыс тобы отырысының күн тәртібін қалыптастырады; 

2)  жұмыс  тобының  отырыстарына  тиісті  құжаттарды,  материалдарды 

дайындауды қамтамасыз етеді; 

3)  екі  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  жұмыс  тобының  мүшелерінекүн 

тәртібін  қалыптастыру  туралы  хабарлайды  және  үш  жұмыс  күні  ішінде 

жұмыс тобы мүшелеріне қажетті материалдарды жібереді; 

4) жұмыс тобы отырысының хаттамасын жасайды. 

9.  Жұмыс  тобының  отырыстары  қажеттілігіне  қарайөткізіледі,  бірақ 

айына бір реттен кем емес және жұмыс тобының төрағасы шақырады. 

10. 


Жұмыс 

тобының 


отырыстарына 

осындай 


келісcөздердіжүргізугеуәкілетті жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдері 

қатысуытиіс.  

11.  Жұмыс  тобы  отырысының  нәтижелері  бойынша  үш  жұмыс  күні 

ішінде  төраға,  хатшы  және  отырысқа  қатысушы  жұмыс  тобының  мүшелері 

қол қойған хаттама жасалады. 

12.Жұмыс  тобының  шешімі  ашық  дауыс  беру  жолымен  дауыстардың 

көпшілігімен  қабылданады және  егер оған жұмыс  тобы  мүшелерінің  жалпы 

санының  көпшілігі  дауыс  берсе  қабылданды  деп  есептеледі.  Дауыстар  тең 

болған жағдайда  төрағаның дауысы шешуші болып есептеледі. 

13.  Жұмыс  тобы  мүшелерінің  ерекше  пікір  білдіруге  құқығы  бар,  ол 

білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамағаенгізілуі тиіс.  

14.  Жұмыс  тобы  өз  қызметін  Министрлік  басшылығы  шешімінің 

негізінде тоқтатады.  

 

__________________________ 



 

жүктеу 19,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау