Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің


-бөлім. Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары



жүктеу 1,04 Mb.
бет6/9
Дата20.11.2018
өлшемі1,04 Mb.
#22410
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3-бөлім. Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары


1-стратегиялық бағыт. Елді индустриялық-инновациялық дамыту үшін жағдайлар жасау

Қара металлургияны дамыту

Қара металлургияны дамыту болат алу үшін жоғары сапалы шикізат өндірісі, ферроқорытудың жаңа түрлерінің өндірісі, болаттың жаңа түрлерінің өндірісі және жоғары легирленген болаттың түрлерін кеңейту бойынша басым бағыттарды іске асыруға бағытталатын болады.



Шаралар: өндіріс көлемін және өнімнің қосымша құнын ұлғайтуға, сондай ақ қоршаған ортаға кері әсерлерін төмендетуге бағытталған, жалпы инвестициялық көлемі 400 млрд. теңгеден асатын ірі инвестициялық жобалар бизнес құрылымның ұсыныстарына сәйкес іске асырылатын болады.
Түсті металлургияны дамыту

Елдің түсті металлургиясын дамыту базалық металдар (мыс, алтын, титан, алюминий) өндіруді кеңейтуге, бұйым өндірісінің (илектер, сымдар, бейіндер мен қорытпалар, фольгалар, зергерлік бұйымдар, аралас салалар үшін бұйымдар) көлемін ұлғайтуға бағытталатын болады.



Шаралар: бизнес құрылымның ұсыныстарына сәйкес инвеситициялық көлемі 800 млрд теңге болатын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады. Жылдық қуаты 6 мың тонна титан құймаларын және 15 мың тонна ильменитті шоғыр өндіретін өндіріс құру бойынша инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.

Қазақстанда бұрын өндірілген никел өндірісі, кобальт-никел кенінің «Горностаевск» кенорнында қуаты 40 мың тонна тауарлы ферроникел өндіретін металлургиялық комбинаттың құрылысы бойынша мәселелер пысықталуда.


Машина жасау

1. Автокөлік құралдарын, олардың бөлшектерін, жабдықтарын және қозғалтқыштарын өндіру.

Басымды бағыт – автокөлік құралдарын, олардың бөлшектерін және қозғалтқыштарын өндіру – Қазақстандағы машина жасаудың жалпы көлемінде елеулі үлес алатын экономиканың жаңа индустриясы.

Қазақстан Республикасы автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамыту стратегиясы отандық компаниялардың General Motors, Hyundai, Kia, Peugeot, Renault-Nissan-Avtovaz, Skoda, Toyota, Iveco секілді әлем көшбасшыларымен ынтымақтастығында негізденеді. Бұл стратегия Қазақстанға қысқа мерзімде технологиялық қалуды, келешекте ғаламдық автомобиль экожүйесіне енуге көмек беретін құзыреттілікті шұғыл өсіруді орындауға көмек береді.

Шаралар:

- автомобильдердің ірі сериялы өндірісіне бағытталған жобаларға қолдау көрсету;

- өзіндік автоқұрауыштық базаны құру;

- ішкі сұранысқа ынталандыру;

- шикізат емес тауарларын сату нарығын кеңейту;

- техникалық ретте инфрақұрылымын құру; ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған техникалық ретте жүйесін жетілдіру және нысыналы экспорт нарығындағы техникалық кедергілерді еңсеру; кешенді кәдеге жарату жүйесінің құрылуын ынталандыру;

- автомобиль өнеркәсібі секторын білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
2. Электр машиналарын және электр жабдықтарын өндіру.

Басымды бағыт - Сектор өндірісі өнімінің ішкі нарығы 3,5 млрд. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде 2,9 млрд. АҚШ доллары импортқа қатысты. Ішкі нарықтың және басымды тауар топтары бойынша макроөңірлер нарықтарының импорттық сыйымдылығы 1 млрд. АҚШ долларын және тиісінше 38 млрд. АҚШ долларын құрайды.



Шаралар:

- еңбек өнімділігін арттыру;

- шикізат емес тауарларды сатуға арналған нарықтарды кеңейту;

- қазіргі бар кәсіпорындардың қуаттылығын жаңғырту;

- ішкі нарықта өнімнің қауіпсіздігін және сапасын арттыруға бағытталған техникалық ретте жүйесін жетілдіру және нысаналы экспорттық нарықтардағы техникалық кедергілерді еңсеру;

- қаржылық ресурстардың қолжетімділігін арттыру;

- жаңа өндірістер пайда болуы үшін жағдай жасау; технологиялар және ҒЗТҚЖ трансфертін қолдау.

3. Ауыл шаруашылық техникасының өндiрiсi

Қазақстандағы ауыл шаруашылық техникасының машина жасау өнiмiне деген сұраныс импорт (80%-ға) есебiнен басымды түрде қанағтандырылады. Қазақстанда ауыл шаруашылық техникасының едәуiр ескiру деңгейiмен (80%-ға дейiн) сипатталатын ауыл шаруашылық техникасына деген жоғары жасырын сұраныс бар.

Агроөнеркәсiп кешенiне (бұдан әрi - АӨК) жаңа технологияларды енгiзу ауыл шаруашылық машиналарының жаңа түрлерiнiң өндiрiсін дамытуға әкеледi. Агротехникаға сұранысты мемлекеттiк қолдау және сатып алушыларды жеңiлдiктi қаржыландыру жүзеге асырылады.

Шаралар:

- iшкi сұранысты ынталандыру;

- ауыл шаруашылық техникасын сатып алу кезiнде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi субсидиялау тетіктерiн жетiлдiру; ауыл шаруашылық техникасының өзiндiк өндiрiсiнiң көлемiн жабдықтаудың жалпы көлемiнде 30%-ға жеткiзу;

- жоғары өнiмдi бәсекеге қабiлеттi өндiрстердi дамытуды ынталандыру;

- Қазақстанда сатылы оқшауландырумен ауыл шаруашылық техникасының бiрлескен өндiрiсiн құру үшiн шетелдiк инвесторларды тарту;

- бар кәсiпорындардың қуаттылығын жаңғырту; өнiмдiлiктi арттыру.



4. Темiржол техникасының өндiрiсi

Қазақстан iрi вагон және локомотив парктерi бар және темiржол техникасының бәсекеге қабiлеттi өндiрiсiн дамытудың маңызды келешегi бар елдердiң ондығына кiредi. Темiржол техникасын басымды түрде КО және ТМД елдерiнiң аумағына экспорттау бұл сектордың ерекшелiгi болып табылады.



Шаралар:

- iшкі нарықта өнiм қауiпсiздiгiн және сапасын арттыруға бағытталған техникалық реттеу жүйесiн жетiлдiру және нысаналы экспорттық нарықтағы техникалық кедергiлердi еңсеру;

- халықаралық талаптарды есепке ала отырып темiржол машина жасау стандарттарын үйлестiру;

- шикiзат емес тауарларды сатуға арналған нарықты кеңейту;

- жылжымалы құрамға арналған жоғары технологиялық бұйымдардың жекелеген түрлерiнiң жаңа өндiрiстерiн құру;

- негiзгi компоненттер мен жинақтауыштар берушілерді дамыту; қаржы ресурстарына қолжетiмдiлiгiн арттыру.



5. Тау-кен өндiру өнеркәсiбiне арналған машиналар мен жабдықтардың өндiрiсi

Қатты пайдалы қазбалардың негiзгi түрлерiнiң қоры және деңгейi бойынша Қазақстан минералдық-шикiзаттық базасы дамыған елдiң бiрiншi ондығына кiредi. Импорттық жабдықты жөндеу жұмыстарын жүргізуде, тау-металлургия кешенінің (бұдан әрі – ТМК) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын жоспарланған түрде жаңғырту және жаңа кен орындарын пайдалануға беру салдарынан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жинақтауыш және қосалқы бөлшектерін өндіру қазақстандық тау-кен өндіру компанияларының қажеттілігі өсуде.



Шаралар:

- жаңа жоғары технологиялық өндiрiстер құру;

- жұмыс істеп тұрған кәсiпорындардың өндiрiсiн жаңғырту және ресурс сыйымдылығын төмендету;

- әртараптандыруды ынталандыру және нарықта сұранысқа ие өнiмдi шығару;

- iшкі нарықта өнiм қауiпсiздiгін және сапасын арттыруға бағытталған техникалық реттеу жүйесiн жетiлдiру және нысаналы экспорттық нарықтардағы техникалық кедергiлердi еңсеру; технологиялар және ҒЗТҚЖ трансфертін қолдау, офсеттік саясат.

6. Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі

Қазақстан Республикасының мұнай-газ жабдығы нарығының жалпы шамамен 2 млрд АҚШ долл. құрайды. Бұл ретте, ішкі өндіріс жалпы нарық көлемінің шамамен 7,0%-ын құрайды. Макроөңір елдері секторындағы өнімнің импорттық сыйымдылығы 15 млрд АҚШ долл.-дан асады.



Шаралар:

- техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және жалпығы бірдей қабылданған дүниежүзілік стандарттарға көшу;

- өндіріс бөлігін бірте-бірте оқшауландыра отырып, халықаралық жетекші компаниялармен бiрлескен жаңа өндiрiстердің пайда болуы үшін жағдай жасау;

- еңбек өнімділігін арттыру;

- инновациялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуды ынталандыру; жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуаттылығын жаңғырту.
Химия өнеркәсібі

2015-2019 жылдарға химия өнеркәсібін дамытуда басым секторлары анықталды: агрохимия және өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі.

Көрсетілген секторларды басым секторларға қажетті шикізаттау, жұмыс істеп тұрған ірі кәсіпорындардың болуымен, елде және таяу елдердің нарықтарында өнімге жоғарғы сұраныстығымен айқындалады.

Шаралар:

Агрохимия секторын дамытудағы күрделі (NPK-тыңайтқыштарын), калий тыңайтқыштарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру бойынша басым бағыттарды кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын жүктеудің төмен деңгейі, өндірісті жаңғырту және дамыту үшін кәсіпорындарда қаржы қаражатының атпшы болуы, агрохимия өндірушілері тарапынан химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерді өткізу/дистрибуциялау үшін логистика жүйесінің әлсіздігі, агрохимиялық өнімдерді зерттеу үшін сынақ базаларының болмауы;

- бизнес-құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес инвестицияның жалпы көлемі 454 млрд. теңгеден астам өндіріс көлемі мен өнімдердің қосылған құнын арттыруға және секторда жаңа өндірістерді құруға бағытталған ірі инвестициялық жобалары іске асырылатын болады;


  • инвестициясының жалпы көлемі шамамен 80 млрд. теңгені құрайтын бизнес-құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған, негізгі бейорганикалық заттар, бояудайтар және препараттар, бояулар мен лактар және т.б. ретінде өнімдердің басым өндіру көлемі мен қосылған құнын арттыруға бағытталған.


Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру

Құрылыс материалдары өнеркәсібінің дамуы шыны, керамикалық гранит, қазіргі заманғы гидрооқшаулағыш және жылу оқшаулағыш материалдарды, ағаштан жасалған құрылыс материалдарын өндіруге, сондай-ақ өнеркәсіптік тұрғын үй құрылысына арналған материалдарды өндіруге бағытталады.

Ең бастысы - адамның денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға арналған жоғары технологиялық энергияны үнемдейтін материалдарды өндіру, өндірістің экономикалық тиімділігі мен сапасын жоғарылататын техникалық сипаттамаларын жақсарту, жұмыс барысында энергия шығындарын азайтуды қамтамасыз ету.

Шаралар

- ұлттық және жергілікті бюджеттерден, ұлттық компаниялардан және жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен қаржыландырылатын объектілерді салу және қайта жаңарту кезінде отандық құрылыс материалдарын барынша пайдалану арқылы отандық өндірісті ынталандыру;

- Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерінің өсуін болдырмау (электр энергиясы, газ және темір жол көлігі);

- қолданыстағы техникалық регламенттер мен стандарттар талаптарына сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын әкелуге және сатуға қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын тұлғалардың бақылаушы органдарының қызметін күшейту;

- заманауи жоғары технологиялық құрылыс материалдарын өндіруге инвестициялар тарту.
Фармацевтика өнеркәсібі

Саланы тұрақты дамыту үшін ИДМ мүдделі мемлекеттік органдармен, қауымдастықтармен және отандық кәсіпорындармен бірлесіп


2015 – 2019 жылдарға арналған фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі кешенді шаралар әзірлеуде.

Шаралар: Кәсіпорындардың GMP халықаралық стандартын енгізу шығыстарына жұмсалған шығындарын өтеу, инновацияларды дамыту және фармацевтика өнеркәсібін ғылымды дамыту басымдығы тізбесіне енгізу арқылы салада зерттеулер жүргізуді ынталандыру, Бірыңғай дистрибьютор арқылы отандық өндірушілерден дәрілік заттарды, медициналық жабдықты және медициналық ұзақ мерзімді сатып алу тетігін жетілдіру, салада жаңа өндіріс түрлерін құру, саланың отандық өндірушілері үшін преференциялық режимін құру сияқты саланың негізгі проблемаларды шешу.

Бұдан басқа, , отандық өндірістің фармацевтикалық және медициналық мақсаттағы бұйымдарын жаңа нарыққа жылжыту, республика аумағында өндіріс, биотехнология және вакциналардың жаңа түрлерін жасау үшін ірі шетелдік компанияларды тарту бойынша жұмыстары жүргізілетін болады.


Жеңіл өнеркәсіп

Саланың тұрақты дамуы үшін Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары (2014 жылғы 13 қазандағы


№ 61 бұйрық) әзірленді және бекітілді, оның шеңберінде мемлекеттік саясат саланың негізгі проблемаларын: жеңіл өнеркәсіп өнімдерін заңсыз өндіруге және олардың айналымына қарсы күрес, контрабанданы қысқарту, жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету үшін, оның ішінде кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдана отырып мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту, сондай-ақ кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету шешуге бағытталған.

Шаралар:

  • жеңіл өнеркәсіп тауарларын Қазақстанның ішкі нарығында жылжыту

(ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу);

  • ЕЭК-тің жеңіл өнеркәсіп өнімін бірлескен бизнес-миссиялардың әлеуетін пайдалануды ескере отырып үшінші елдердің нарығына бірлесіп жылжыту тетігін қалыптастыру.


Экспорттық бақылау

Жаппай қырып-жою қаруын, оны жеткізу құралдарын, қару-жарақ-ны және әскери техниканы таратпау бойынша халықаралық міндеттемелерді сақтау, сондай ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру.

Шаралар:

1. Экспорттық бақылау объектілерін (ерекше тауарлар, жұмыстар, қызметтерді) Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің, пайдаланудың, транзиттеудің және оның шегінен тыс жерлерге әкетудің рұқсат беру тәртібін жүзеге асыру.

2. Экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу.

Ішкі нарықта барынша сұранысқа ие тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің өндірісін игеру бойынша жобаларды іске асыруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға жәрдемдесу;

Осыған байланысты, бүгін жүйе құраушы кәсіпорындардың отандық өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау тетігін әзірлеу және оны іске асыру мәселесі бойынша ірі жүйе құраушы кәсіпорындармен белсенді түрде жұмыс жүргізуде.

Шаралар:


  • Субконтрактация және өнеркәсіп кооперациясы орталығын құру және дамыту;

  • аралас өндірістерді дамыту;

  • отандық өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ету;

  • отандық тауар өндірушілерге перспективалық және бәсекеге қабілетті өнімдердің өндірісін игеруге жәрдемдесу;

  • тау-кен секторының жер қойнауын пайланушыларының жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін сақтауын бақылау.


Экономика салаларының энергия тиімділігін арттыру

Энергия үнемдеу саласын дамытудың басым бағыттарына өнеркәсіп, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы секторында және көлік секторында энергия тиімділігін арттыруы, сондай-ақ энергия тиімділігі жөніндегі шараларды қаржыландырудың тиімді шараларын әзірлеу және энергия үнемдеу энергия тиімділігін арттыру саласында инвестицияларды тарту және жатады.

Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарының тұтыну үлесі жалпы елдің электр тұтынуының 70%-ын құрайды. Электр және жылу энергиясын өндіруге басталуы энергияны барлық жиынтық тұтынудың 54%-ы жұмсалды.

Сондай-ақ, энергия үнемдеудің үлкен әлеуеті энергетика секторында. Энергетика бастапқы энергия ресустарының негізгі тұтынушысы болып табылады.

Көліктің тез даму қарқыны анағұрлым білікті және қымбат энергия тасымалдауыштарға-мотор отынына және жылу энергиясына қажеттілікті ұлғайтады. Осыған байланысты, көлік секторында жүргізілетін энергия үнемдеу саясаты аса өзекті ең аз энергетикалық шығындар кезінде жүктерді және жолаушылар тасымал қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарының құрылысын жетілдіру болып табылады.

Шаралар:

Энергия тиімділік жобаларын қаржыландыру және инвестицияларды тарту, нормативті құқықтық базанылар және заңнамаларды одан әрі жетілдіру, энергия тиімділіктің қорын құру, энергия сервистік жобалардың іске асыру, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік, энергия тиімділік жобаларын қаржыландыру және инвестицияларды тарту арқылы, сонымен қатар энергия сервистік жобалардың іске асыруы, электр энергиясын жеткізіп беруде шығындарды азайтуға бағытталған энергетикалық инфрақұрылымды модернизациялау, қуаттылықты кеңейту және өңіраралық байланыстарды күшейту.



Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру

Экономиканы шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету қазіргі кезде орын алып отырған пайдалы қазбалар қорларының (түсті металдар, алтын) орны толмауы, геологиялық зерттеулерді технологиялық жетілдірудің болуы проблемаларына, геологиялық барлау процесінің ғылыми қамтамасыз етудің мәселерінің негізделген.



Шаралар:

- геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру,

- минералдық-шикізат базасын және жер қойнауын пайдалануды, жер асты суларын және қауіпті геологиялық процестерді мониторингілеу,

- Геологиялық ақпарат деректері банкін және геоақпараттық жүйелерді қалыптастыру,

- шикізатты өндіру мен өңдеуің қазіргі заманғы технологияларын қолдану жағдайларында ғана шетелдік инвестицияларды тартуға жағдай жасау, сондай-ақ жаңа өндірістерді құру; өндіруші кәсіпорындарға тек қана экологиялық эиянсыз өндірістерді енгізу;

- геологиялық барлауды қарқынды дамыту арқылы жаңа ресурс базасын құру;

- геологиялық барлау жұмыстарын бюджеттік мүмкіндіктерді ескере отырып мемлекеттің геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайту;

- ұлттық өндіруші компания арқылы геологиялық барлау қызметтері секторын дамыту мәселерін қарау;

- геологиялық барлау саласына инвестицияларды тарту үшін заңнаманы жетілдіру.
Техникалық реттеу және метрология ұлттық жүйесінің халықаралық жүйеге сәйкестік деңгейін арттыру

Техникалық реттеу және метрология саласының басым бағыты өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушыларды өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу және бәсекеге қабілетті өнім өндіруге жағдай жасау және оны халықаралық және өңірлік нарыққа жылжытуға жәрдемдесу болып табылады.



Салалардағы техникалық реттеу және метрологияны дамытудың негізгі проблемалары ғылым мен өндірістің пәрменді байланысының, нәтижелері салалар бөлігінде кәсіпорындарды индустрияландыру, ғылыми-техникалық қайта жарақтандыру міндеттерін шешу үшін пайдаланылуы мүмкін ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландырудың болмауы болып табылады.

Шаралар:

- Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу жөніндегі жоспарды іске асыру;

- Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарын іске асыру;

- Кеден одағының техникалық регламенттерімен өзара байланысты ұлттық және мемлекетаралық стандарттарға талдау жүргізу және жүйелендіру;

- шетелдердің халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарын, сондай-ақ деректер базасын толтыру және бейімдеу (аудару);

- Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының жұмыс істеуін дамыту, кеңейту және оны сүйемелдеу;

- ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпараттық орталығы қызметін техникалық реттеу және қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық жүйелерді дамыту;

- кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу бойынша өңірлік (салалық) семинарлар өткізу;

- техникалық реттеу және метрология саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау;

- аккредиттеу жөніндегі, оның ішінде КО и ЕЭП-тің халықаралық және өңірлік ұйымдарының жұмысы шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

- техникалық реттеу және метрология саласындағы, оның ішінде техникалық комиттердің (ИСО, МЭК, МГС, ILAC, IAF, СООМЕТ) халықаралық, өңірлік және өзге де ұйымдарының жұмысы шеңберінде ынтымақтастық;

- өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру үшін метрологиялық зерттеулер мен техникалық реттеу нәтижелерінің негізінде бәсекеге қабілетті ғылымды қажет ететін жоғары технологиялық өнімдерді дамыту және өндіру.


Ұлттық инновациялық жүйені дамытуға жәрдемдесу

«Инновациялар» (түрлері: өнімдік, процестік, ұйымдастырушылық және маркетингтік инновациялар) дамудың процестері болып табылады, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әрбір кәсіпорында, секторда және салада болуы тиіс.

Нәтижесінде инновациялар экономиканың шикізат бағыты, әлемдік экономикамен әлсіз интеграциялар, өндірістік инфрақұрылымның жетілмеу, кәсіпорындардың жалпы технологиялық және техникалық артта қалу, ғылымның өндіріспен пәрменді байланысының болмауы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық зерттемелерді қаржыландыруды болмауы проблемаларын шешуі тиіс.

Негізгі бағыттар бойынша мынадай шараларды қолдану болжанайды:



  1. Инновацияларды қолдаудың қаржылық құралдарын жетілдіру.

Осы бағыт бойынша, оның ішінде техникалық, қаржы-экономикалық және құққықтық сараптамалар енгізілген, заңнамалық деңгейде оларды ұсыну рәсімі оңайлатылды, инновациялық гранттардың түрлері нақтыланды және ірілендірілді.

Қаржылық тетіктер арқылы технологиялар трансфері үдерісін жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.



  1. Инновациялық инфрақұрылымды одан әрі дамыту.

Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - ИИДМБ) екінші бесжылдығы шеңберінде ИИДМБ-нің бірінші бесжылдығы шеңберінде құрылған инфрақұрылым қызметін оңтайландыру жұмысы жүргізілді және жалғасатырылатын болады.

Бұдан басқа, ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтерінің бірі ИИДМБ-ге сәйкес айқындалған, «Инновациялық технологиялар паркі» Дербес кластерлік қорын одан әрі дамыту жұмысы жалғастырылатын болады.

3. Инновациялық процеске көп субъектілердің санын тарту мақсатында ақпараттық-насихаттау қызметін дамыту.

Үздік стартап-жобаларды, инноваторларды анықтауға және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға, соның ішінде инновациялық даму идеологиясын және оның артықшылықтарын таратуға бағытталған инновациялар жөнінде ұлттық конкурс өткізіледі.

Жоғарыда аталған іс-шаралармен бірге ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын күшейту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, ғылымды қажет ететін экономикаға өтуді қалыптастыру, венчурлық қаржыландыруды дамыту, инновацияны, технология трансферін қолдауды заңнамалық тұрғыдан жетілдіру мақсатында ЭЫДҰ елдерінің халықаралық тәжірибесіне негізделген жүйелік шараларды зерттеу бойынша мәселелерді пысықтау жоспарлануда.


Инвестициялық ахуалды жақсарту, оның ішінде ТҰК-ні экономиканың шикізат емес секторына тарту

Әлемдік экономикалық тұрақсыздық жағдайында инвестицияларды тарту ел дамуының басым бағыты болып табылады. «Ұлт жоспары - бес институциональдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» шеңберінде инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық заңнаманы жетілдіру бойынша маңызды шаралар қабылданады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы кем дегенде 10 ТҰК тарту және экономиканың басым салаларында «зәкірлі инвесторлармен» бірлескен кәсіпорындарды құру мақсаттарын қойды.



«Индустриялдық дамуды инвестициялық қамтамасыз ету» 1-басым бағыт

Өңірде едәуір тартымды инвестициялық ахуалды құру, оның ішінде әлемдік үздік практиканы ескере отырып – ЭЫДҰ-ның стандартына сәйкес Қазақстанды өңірлік инвестициялық хабқа түрлендіру, сондай-ақ өндеу секторында инвестициялардың төмендеуіне жол бермеу елді индустриялық-инновациялық дамытудың негізгі бағыттар болып табылады. Осыған байланысты, инвестицияларды тарту жұмыс күшейтілетін болады.



Шаралар:

- Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан


әрі – ЭЫДҰ) стандартына сәйкес инвестициялық ахуалды жақсарту;

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бес жыл тұрақты бірлесіп жұмыс істеудің арқасында 2016 жылғы қазанда Қазақстанды аталған ЭЫДҰ-ның Инвестициялар комитетінің қатысушы ретінде шақыру туралы ЭЫДҰ-ның кеңесіне ұсыным беру туралы шешім қабылдады.

А.ж. 23 ақпанда ЭЫДҰ-ның Кеңесі Қазақстанның ЭЫДҰ ИК-ке кіруі және ЭЫДҰ-ның халықаралық инвестициялар мен көп кәсіпорындар жөніндегі декларациясына қосу туралы оң шешім қабылдады.

А.ж. мамырда Қазақстан ЭЫДҰ-ның Инвестиция комитетіне «қауымдастырылған мүше» ретінде және көрсетілген Декларацияға қосылу үшін ЭЫДҰ-ның ресми хатымен шақырту алды.

А. ж. 15 маусымда АЭФ шеңберінде ЭЫДҰ-ның сарапшыларымен Екінші шолудың ресми таныстыру өтті.

А. ж. маусымда Қазақстан Республикасы ресми түрде ЭЫДҰ-ның Халықаралық инвестициялар мен көп кәсіпорындар декларациясына қосылды және ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің қауымдастырылған мүшесі болды.

ЭЫДҰ-ның Инвестициялар комитетіне қатысу Қазақстанның инвестициялық ахуалының ЭЫДҰ-ғе мүше елдердің жоғарғы стандарттары мен практикаларына сәйкестігінің көрсеткіші болып табылады, бұл елге инвестицияларды тартуға оң ықпал етеді. Бұдан басқа, ЭЫДҰ-ның Инвестициялар комитетіне қатысу инвесторлар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу мен енгізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 2015 жылғы 30 қарашадағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 26-тармағын, сондай-ақ Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарының 47-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 103 қаулысымен ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі 2016-2017 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспарды (бұдан әрі – Егжей-тегжейлі жоспар) іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Егжей-тегжейлі жоспар инвестициялық ахуалды жақсартуды, салықтық және кедендік әкімшілендіруді, инвесторлар үшін көші-қон мәселелерін оңайлатуды, әкімшілік кедергілерді одан әрі төмендетуді және т.б. көздейді.

- «Бір терезе» шеңберінде мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуді

2015 жылдан бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін «Бір терезе» тетігі басым инвестициялық жобаларды іске асыратын инвесторлар үшін ғана пилоттық режимде жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап «бір терезе» қағидаты барлық инвесторлар үшін жұмыс істейді. «Бір терезе» қағидатын кеңейту инвесторлар өтініштері ағынытың едәуір артуына әкелетінін ескере отырып, инвесторларды сүйемелдеудің автоматтандырылған жүйесін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол online-режимінде инвестордың тіркелуіне, мемлекеттік қызметті ұсыну шарттары, жобаны іске асырудың Жол картасы туралы ақпарат алуға және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2016 жылғы қаңтардан бастап барлық өңірлерде Investors Services Centre-ге қосымша 19 инвесторларға қызмет көрсету секторлары іске жұмыс істейді (инвесторларға қызмет көрсету секторлары Астана қаласында – 2, Алматы қаласында – 3, облыс орталықтарында 1-еуден).

2016 жылы Investors Services Centre және ХҚО-дағы инвесторларға қызмет көрсету секторларының көмегімен 5500-ден астам өтініштер келіп түсті, бұл ретте шамамен 8000 мемлекеттік қызмет ұсынылды.

- инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша инвестициялық омбудсмен қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету.

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін іске асыруда «Инвестициялық омбудсменнің қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1069 қаулысы қабылданды.

Инвестициялық омбудсмен институтының негізгі міндеті – инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесуді қамтиды.

Инвестициялық омбудсмен институтының тетігі Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындаған мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарады және оларды шешу үшін ұсынымдар шығарады.

2016 жылы Инвестициялық омбудсменнің мекенжайына шетелдік және отандық инвесторлардан 50-ден астам жаңа өтініштер келіп түсті.

- Қазақстанның тартымды инвестициялық имиджін құру бойынша жұмысты одан әрі жандандыру, оның ішінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттық-таныстыру жұмыстарын жүргізу.

Елдің инвестициялық имиджін жылжыту және инвестицияларды тарту жұмысы шеңберінде белсенді ақпараттық-таныстыру жұмыс жүргізілуде.

2014 - 2016 жылдары 40 бизнес-форум (оның ішінде 14-і шетелде) және 17 роуд-шоу (бюджеттік қаражат есебінен) өткізілді.



Анықтама үшін:

2014 жылы – 12 бизнес-форум (4-і шетелде) және 8 роуд-шоу (4-і шетелде) өткізілді, олардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы $ 5 млрд.-дан астам 67 екі жақты құжатқа қол қойылды;

2015 жылы – 14 бизнес-форум (5-і шетелде) және 7 роуд-шоу (4-і шетелде) өткізілді;

2016 жылы– 14 бизнес-форум (5-і шетелде) және 2 роуд-шоу өткізілді.

2014 жылы Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы


30 секундтық бейнеролик жасалынды. Осы 30 секундтық бейнероликтің трансляциясы 2014 жылы халықаралық BBC World News, Euronews және Bloomberg TV (1 900 рет), 2015 жылы «CNN», «Euronews», «BBC» (760 рет) телеарналарында жүзеге асырылуы, сондай-ақ инвестициялық тақырыптағы үш 15 секундтық бейнеролик «CNN», «Euronews», «BBC» (2 235 рет),
2016 жылы «CNBC», «SKY NEWS», «RBC» (646 рет) телеарналарында трансляцияланды.

Сонымен қатар, осы кезеңде «Foreign Affairs», «fDi Magazine», «The Economist» және «Financial Times» халықаралық мерзімді басылымдарында


6 жарнамалық ақпараттық мақала, сондай-ақ «Forbes», «Курсив», «Капитал» қазақстандық мерзімді басылымдарында 12 жарнамалық ақпараттық мақала жарияланды.

Бұл ретте, мемлекеттік қолдау шараларын таныстыру, «Бір терезе» тетігін көпшілікке танымал ету және проблемалы мәселелерді анықтау мақсатында өңірлерде үнемі тұрақты түрде көшпелі кеңестер өткізіледі. Сондай-ақ, Астана қаласында елге инвестицияларды тарту бойынша қызмет қорытындылары бойынша жыл сайын баспасөз-конференциясы өткізіледі.

Мемлекет басшысы өзінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында қолданыстағы арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша жұмысты аяқтау туралы нақты мақсат қойды. Жаңа инвестицияларды тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет.

«АЭА» деген 2-басым бағыт

Елді индустриялық-инновациялық дамытудың негізгі міндеттерінің бірі жоғары қосылған құны бар өнімдерді шығаратын бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды құру арқылы экономиканы әртараптандыру болып табылады. Бұл ретте, инвестицияларды тарту және жоғары технологиялық өндірісті дамытудағы маңызды құрал дамыған инфрақұрылымға, тұрақты заңнамаға және басқару жүйесіне негізделетін арнайы экономикалық аймақтарды (бұдан әрі-АЭА) дамыту болып табылады.



Шаралар:

Бүгінгі күні АЭА-да инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдайларды жасау және АЭА-ны сапалы, жоғары технологиялық жобалармен толтыру мәселелерін жүйелі түрде шешуге бағытталған заң жобасын әзірлеу жұмысы жүргізілуде.

Заң жобасы қолданыстағы префенцияларды алу бойынша қолданыстағы құқықтық кедергілерді жоюға және дамытудың жаңа тәсілдерін енгізуге, әлеуетті инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық ахуалды жасауға, АЭА-ның институционалдық құрылғысын жетілдіруге және АЭА қызметіндегі басқарушы компаниялардың рөлін күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар АЭА-ның басым қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту бойынша жұмыс (Қазақстан Республикасы қаулы жобасын әзірлеу) жүргізілуде.

Одан әрі АЭА саласында заңнаманы жетілдіру жұмысы жалғастырылатын болады.


  • Қазақстанның АЭА туралы ақпараттық-таныстыру жұмыстарын жүргізу арқылы инвестициялық имиджін ілгерілету.

2017 жылы ішкі 2 (Қазақстан Республикасында) роуд-шоу өткізілді, сондай-ақ 3 халықаралық салалық форумға қатысты.

Халықаралық авиажелілерінің борттық журналдарында АЭА-ның инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттарды орналастыру және


АЭА-ның инвестициялық мүмкіндіктерін көзбен шолу үшін таныстыру материалдарын (3D карта) дайындау (жылына 3 АЭА);

  • АЭА-ны дамыту тәсілдеріне озық әлемдік тәжірибені енгізу жоспарлануда.

Аталған бағытта әлемдік даму институттарымен (АДБ, ЭЫДҰ, ДБ) ынтымақтастықты нығайту жоспарлануда.

Бұл ретте, АЭА-ның жұмысына халықаралық сарапшыларды:



  • DP World араб компаниясы «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА-ны;

  • «IDA management» компаниясы «Сарыарқа» АЭА-ны;

  • «EDIS» сингапур компаниясы «Тараз химия паркі» АЭА-ны тарту пысықталуда.

Бұдан басқа, 2014-2015 жылдары АЭА-да «Тараз химия паркі» және «Астана – жаңа қала» (№2 ЖК) мастер-жоспарларын әзірлеу үшін, сондай-ақ «ИТП» АЭА-да басқару моделін әзірлеу үшін «Jurong» Сингапур компаниясы тартылды.
2-стратегиялық бағыт. Экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету және транзиттік әлеуетін іске асыру үшін көлік инфрақұрылымын дамыту

Осы стратегиялық бағыт шеңберінде басым бағыттарды таңдау негіздемесі «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығы) және «100 нақты қадам» ұлт жоспары болып табылады.

Осы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін хаб қағидатымен тиімді инфрақұрылымды қалпына келтіру негізінде елдің макроөңірлерін интеграциялау арқылы бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыру, көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне интеграциялау, транзиттік әлеуетін іске асыру мақсаты айқындалды.

Сонымен қатар Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада басым бағыттарды және жоспарланған шараларды таңдауда көрініс тапқан бірқатар шаралар белгіленген.

Көлік саласының басым бағыттары автомобиль жолдарын, темір жол секторын, су көлігін және азаматтық авиация саласын дамыту арқылы тиімді көлік-логистика инфрақұрылымын құру болып табылады.

Шаралар:

- Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс автомобиль магистралдарын салу және реконструкциялау, сондай-ақ республикалық маңызы бар басқа да жолдарды реконструкциялау,

- Алматы-Шу учаскесінде екінші жолдарды салуды аяқтау. Теміржол саласындағы құрылыс жобаларын іске асыру көлік-логистикалық орталықтардың оңтайлы желісін дамыту, едәуір жүктемен теміржол учаскелерінің арасындағы арақашықтықты және уақытты қысқартуды болжайды,

- ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Семей, Қостанай және Өскемен қалалары әуежайларының ұшу-қону жолағын реконструкциялау, Астана қаласы әуежайының жаңа терминалын салу және ұшу-қону жолағын реконструкциялау,

- Құрық айлағын одан әрі дамыту, сауда флотының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ішкі су жолдарындағы және кеме қатынасы шлюздерінің қауіпсіздік деңгейін арттыру;

- көлік-логистика орталықтарын кезең-кезеңмен салу арқылы ішкі терминал желісін қалыптастыру;

- Астананы «шұғыла» қағидаты бойынша өңірлермен байланыстыратын өңіраралық автожолдар желісін реконструкциялауды аяқтау;

- халықаралық көлік-логистика жүйесіне интеграциялау мақсатында қазіргі заманағы инфрақұрылымды құру және аралас (құрамдастырылған, мультимодальды) тасымалдарды дамыту үшін жағдай жасау арқылы қазақстандық трансконтиненталды дәліздерді дамыту;

- Интеллектуалды көлік жүйесі мәселелерін пысықтау, сондай-ақ Астана қаласындағы «Жаңа көлік жүйесі» жобасын іске асыру үшін нысаналы трансферттерді көрсету;

-азаматтық авиация саласын ЕО талаптарына және Британдық азаматтық авиация агенттігінің моделіне көшіру;

- Астана және Алматы қалаларында халықаралық авиациялық хабтарды құру.
3-стратегиялық бағыт. Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуникалдық шаруашылықты дамыту

1-басымдық


жүктеу 1,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау