Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің


Мұнай өңдеу және мұнай шығару өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі



жүктеу 2,14 Mb.
бет5/10
Дата22.05.2018
өлшемі2,14 Mb.
#16291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6. Мұнай өңдеу және мұнай шығару өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі


2012 жылғы Қазақстан Республикасының мұнай-газ жабдығының жалпы ішкі нарық көлемі 2 млрд АҚШ долл. құрады. Ал, ішкі өндіріс жалпы нарық көлемінің 7,1%-ын құрады. Макроөңір елдері секторындағы өнімнің импорттық сыйымдылығы 15 млрд АҚШ долл. асады.

Шаралар:

- техникалық реттемелеу жүйесін жетілдіру және көпшілік жалпы қабылданған дүниежүзілік стандарттарға көшу;

- өнім бөлігін сатылы оқшауландырумен халықаралық жетекші компаниялармен бiрлескен жаңа өндiрiстердің пайда болуы үшін жағдай жасау;

- еңбек өнімділігін арттыру;

- инновациялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуды ынталандыру; бар кәсіпорындардың қуаттылығын модернизациялау.
Химия өнеркәсібі

2015-2019 жылдарға химия өнеркәсібін дамытуда басым секторлары анықталды: агрохимия және өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі.

Көрсетілген секторларды басымды деп тағайындауы қажетті шикізатпен қамтамасыз етілгендігіне, қолданыстағы ірі кәсіпорындардың, өнімнің елімізде және көршілес елдердің нарықтарындағы жоғарғы сұраныстығымен анықталады.

Іс-шаралар: Агрохимия секторын дамытудағы басым бағыттарында мемлекет саясатты калий тыңайтқыштары, өсімдікті қорғауға арналған өнімдері, күрделі (NPK-тыңайтқыштарын) өндіру сондай-ақ кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығының төмен деңгейі, өндірісті жаңғырту және дамытудағы кәсіпорындардың қаражаттарының жетіспеушілігі, агрохимия өндірушілер тарапынан химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерді сату/тарату логистикалық жүйесінің әлсіздігі, агрохимиялық өнімдерді зерттеу үшін сынақ объектілерінің болмауы сияқты осындай сектордың негізгі мәселелерін шешу үшін бағытталады.

2015-2019 жылдар кезеңінде өндіріс көлемінмен өнімдердің қосылған құнын арттыру және секторда жаңа өндірістерді құруға арналған жалпы инвестицисы 454 млрд. теңгеден астам ірі инвестициялық жобалары бизнес-құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес іске асырылатын болады.

Жалпы инвестициясы шамамен 80 млрд. теңге құрайтын бизнес-құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес өндіріс үшін арналған химиялық заттектер өндірісін 2015 – 2019 жылдар кезеңінде ірі инвестициялық жобаларын жүзеге асырылуы көзделген, пигменттер және құрамдар, бояулар мен лактар, және т.б. негізгі бейорганикалық химиялық заттар ретінде басым өнімдерінің өндірісі көлемімен қосылған құнын арттыруға бағытталған.
Фармацевтика өндірісі

Саланы тұрақты дамыту үшін Министрлік мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және отандық кәсіпорындар мен бірлесіп 2015 – 2019 жылдарға фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі Кешенді іс-шаралар әзірленуде.



Шаралар: Кешенді іс-шаралар аясындағы Мемлекеттік саясат кәсіпорындардың GMP халықаралық стандартын енгізу кезінде шеккен шығындарының қарызын өтеу, фармацевтика өнеркәсібін ғылымды дамытудағы басымды басымды тізіміне енгізу арқылы инновациялық даму және өнеркәсіптегі зерттеулерді ынталандыру, бірыңғай дистрибьютор арқылы отандық өндірушілерден дәрілік заттарды, медициналық жабдықтармен және медицина саласына арналған бұйымдарды ұзақ мерзімді сатып алу тетігін жетілдіру, салада жаңа өндіріс түрлерін құру, сондай-ақ саладағы отандық өндірушілерге арналған пұрсаттылық тәртіптемесін жасау сияқты маңызды салалық мәселелердің шешуге жолданған.

Сонымен бірге, республика аумағында өндіріс, биотехнология және вакциналардың жаңа түрлерін жасау үшін ірі шетелдік компанияларды тарту, отандық өндірістің фармацевтикалық және медициналық өнімдерді жаңа нарыққа ілгерілету жұмыстары жүргізілетін болады.


Жеңіл өнеркәсіп

Саланың тұрақты дамуы үшін Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары (2014 жылғы 13 қазандағы № 61 бұйрық) әзірленді және бекітілді, оның шеңберінде мемлекеттік саясат саланың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған: жеңіл өнеркәсіп өнімнің заңсыз өндірісі және айналымымен күрес, контрабанданы қысқарту, жеңіл қнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту, соның ішінде кеден-тарифтік реттеу шарларын қолданумен, сондай-ақ кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету жолымен.



Шаралар:

Жеңіл өнеркәсіп тауарларын Қазақстанның ішкі нарығында ілгерлету (ақпараттық-насихаттау жұмысын өткізу) бойынша, ЕЭК жеңіл өнеркәсіп өнімін бірлескен бизнес-міндеттердің әлеуетін пайдалануды ескере отырып үшінші елдердің нарығына бірлесіп ілгерлету тетігін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.


Экспорттық бақылау

Жаппай қырып-жоятын қаруды, оны тасымалдау, қару-жарақ және әскери техниканы таратпау бойынша халықаралық міндеттерін орындау мақсатында, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру.

Шаралар:

1. Қазақстан Республикасынын аумағына әкелу, пайдалану, транзит және оның аумағынан экспорттық бақылау нысандарды (ерекше таурлар, жұмыстар, қызметтерді) шығару рұқсат ету механизмін жүзеге асыру.

2. Экспорттық бақылау саласы бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу.
Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Өнеркәсіптік қауіпсіздік тұрғысынан қауіпті өндірістік объектілердегі апаттылықты төмендету басым болып табылады.



Шаралар:

1. Өнеркәсіптін саласы бойынша қауіпті өндірістік объектілердегі жабдықтрды техникалық қайта жаңғыртуды жалғастыру;

2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру.
«Жергілікті қамтуды» дамыту үшін жағдайларды жасау

1. Басымдық бағыт – жергілікті қамтуды дамыту мемлекеттік саясатын жүйелеу, нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру.

Осы бағыттын шеңберінде жергілікті қамтуды дамыту мәселелерін реттейтін бір-неше нормативтік құқықтық актілер қабылданды, оларды пайдаланудан күтілетін нәтиже – қазақстандық өндірістін көлемін үлкейту, отандық кәсіпорындардын бәсекелестік қабылетін жоғарылату, жаңа перспетивалық өндірістерді шығару және шығарылған өнімнің сапасын жоғарылату.



Шаралар:

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің функциялардын шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардын, мемлекеттік органдардын, ұлттық компаниялардын және жүйе құрайтын кәсіпорындардын сатып алу мониторингісін бір орталыққа бағындыруды іске аыру;

- офсеттік келісімдерді қолдану;

- отандық тауарлардын ерекшелігін есепке алатын ұлттық техникалық стандарттарын әзірлеу (тарифтік емес реттеу).



2. Басымдық бағыт «Отандық өндірушілерге сервистік қолдау көрсету».

Жергілікті қамту дамытуда қол жеткізген жетістіктерімен қатар отандық өндірушілерге қолдау көрсету және ақпараттық сүйемелдеу бөлігінде айқын сұрақтар байқалады. Мысалы, өнеркәсіптік дамыту және елдің потенциалының бірыңғай ақпарат базасы жоқ, отандық өндірушілер жөнінде толық ақпарат, қолдау шаралары бойынша хабардарлық, жергілікті өндірістін насихаты.

Осыған байланысты сервистік қолдау көрсету мәселелері ерекше назарды бөлуге және келесі шараларды қабылдауды қажет.

Шаралар:


  • отандық өндірушілерді ақпараттық қолдау;

  • ішкі рынокта өнделген отандық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызметінің субъектілеріне шығыстар бөлігін төлеу;

  • жергілікті қамту бойынша сараптама өткізу;

  • жергілікті қамту идеологиясын дамыту;

  • ахуалдық картаны әзірлеу және еңгізу.

3. Басымды бағыт «Отандық өндірістін кейінгі дамыту жолдарын талдау және болжамдау»

Жергілікті қамтуды дамыту жылдар ішінде бірнеше аналитикалық зерттеулер өткізілді, олар жергілікті қамтуды маңызды деңгейге жоғарылатуды рұқсат берді. Бірақ, интеграциялық процесстерге, сондай-ақ ауқымды мән-жайға байланысты жергілікті қамтуды дамыту тәсілдерін кейінгі жетілдіру бойынша аналитикалық зерттеулерді тұрақты негізді жүргізу қажет.



Шаралар:

- отандық өндірушілер үшін преференциалдық тәртібі тиімділігін талдау;

- жергілікті қамту нысаналы индикаторлары жетістігін мониторингілеу;

- жергілікті қамтуды дамытудың дүниежүзілік тәжірибиені зерттеу.



4. Басымдық бағыт «Ішкі рыноктағы ең талап ететін тауалары мен қызметтерді өндірісті игеру бойынша жобаларды іске асыруды қолдау және қолданыстағы өндірістерді модернизациялау»

Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердін отандық өндірушіні қалыпты дамыту үшін талаптарды жасау, және оларды ішкі рынокта жылжыту шеңберінде біздің елдің кіші және орта кәсіпорындарды ынталандыру қажет.

Осыған байланысты, бүгін отандық өндірушілерімен жүйе құрайтын кәсіпорындардын өзара әрекет механизмін әзірлеу және жүзеге асыру мәселесі бойынша активно ірі жүйе құрастыру кәсіпорындарымен жұмыс атқаруда.

Шаралар:


  • шектес өндірістерді дамыту;

  • отандық өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ету;

  • отандық тауар өндірушілерге перспективалық және бәсекеге қабілетті өндірістерді игеруге көмек көрсету;

  • тау-кен рудасы сектордын жер қойнауын пайланушыларымен жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды өткізу кезінде тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетуді саты алу тәртібін сақтауды бақылау.


Экономика салаларындағы энергия тиімділіктің арттыруы

Энергия үнемдеу саласының даму басым бағытына өнеркәсіптік секторда энергия тиімділіктің арттыруы, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік секторы жатады, сонымен бірге энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру саласына инвестицияларды тарту және энергия тиімділік бойынша қаржыландыру мөлшерін тиімді істеу.

Жалпы елдің энергия тұтынуын 70% пайызын Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары құрайды.

Сондай-ақ, энергия үнемдеу потенциалы энергетика секторында орналасқан. Энергетика бастапқы энергия ресустарының негізгі тұтынушы болып табылады.

Көліктің тез даму темптері білікті және қымбат энергия тасымалдауларын-мотор майы және электр энергиясын қажетсінеді. Осыған байланысты, көлік секторында жүргізілетін энергия үнемдеу саясаты аса маңызды болып есептеледі, жүк және адамдар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында ең төмен энергетияның жұмсалуын көліктік құралдарын жетілдіру құрылымы.

Шаралар:

Энергия тиімділік жобаларын қаржыландыру және инвестицияларды тарту, нормативті құқықтық базалар және заңнамаларды әрі қарай жетілдіру үшін қойылған мақсатқа жету үшін шаралар қолданылады.


Қазақстан Республикасының аумағының геологиялық зерттелуін жоғарылату

Экономиканы шикізаттық ресурстармен қамтамасыз ету пайдалы қазбалар қорларының(түсті металдар, алтын) орны толмауының, геологиялық зерттеулерді технологиялық жетілдірудің өзектілігімен, геологиялық барлау үрдісінің ғылыми қамтамасыз ету мәселерінің болумен байланысты.



Шаралар:

- геологиялық барлау жұмыстарын активтендіру,

- минералдық-шикізат базасын және жер қойнауын пайдалануды, жер асты суларын және қауіпті геологиялық үрдістерді мониторинг,

- геологиялық мәліметтер және геоақпараттық жүйелердің мәліметтер Банкін қалыптастыру,

- шикізатты өндіру мен қайта өңдеуде тек қана заманауи технологияларды пайдалану шартымен шет елдік инвестициялады тартуға жағдай жасау, сондай-ақ жаңадан өндірістерді қалыптастыру; өндіруші кәсіпорындарға тек қана экологиялық зардапсыз өндірістерді енгізу.
Халықаралық жүйемен техникалық реттеу және метрологияның ұлттық жүйесінің сәйкестігі деңгейін көтеру

Техникалық реттеу және метрология саласында басым бағыт өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу және бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін жағдай жасау және оны халықаралық және өңірлік нарықтарға ілгерілетуге көмек көрсету болып табылады.



Шаралар:

- Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу бойынша Жоспарды іске асыру;

- мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыс жоспарын іске асыру;

- Кеден одағының техникалық регламенттерімен өзара байланысты ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды талдау және жүйелендіруді өткізу;

- халықаралық, өңірлік және шетел мемлекеттерінің ұлттық стандарттарын, сондай-ақ мәліметтер базасын толықтыру және бейімдеу (аудару);

- нормативтік техникалық құжаттардың Бірыңғай мемлекеттік қорының қызметін дамыту, кеңейту және оны сүйемелдеу;

- техникалық реттеу саласындағы ақпараттық жүйелерді дамыту және ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты республикалық мемлекеттік кәсіпорнының санитариялық және фитосанитариялық шаралары, саудадағы техникалық кедергілер бойынша Ақпараттық орталықтың қызметін техникалық реттеу және қамтамасыз ету саласында ақпараттық жүйелерді дамыту;

- кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу бойынша өңірлік (салалық) семинарлар өткізу;

- техникалық реттеу және метрология саласында кадрларды даярлау және біліктіліктерін көтеру;

- аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың, соның ішінде КО және ЕАЭП жұмыстарының шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

- техникалық реттеу және метрология саласындағы халықаралық, өңірлікжәне өзге де ұйымдардың, соның ішінде техникалық комитеттердің жұмыстарының шеңберіндегі ынтымақтастық (ИСО, МЭК, МГС, ILAC, IAF, СООМЕТ).
Ұлттық инновациялық жүйесінің дамуына жәрдемдесу

«Инновациялар» (түрлері: өнім, процесс, ұйымдастырушылық және маркетингтік инновациялар) дамудың процесстері болып табылады, олардың бәсеке қабілеттілігін көтеру үшін әрбір кәсіпорында, секторда және салада болуы тиіс.

Нәтижесінде инновациялар тәжірибелі-конструкторлық және ғылыми-зерттеу қаржыландыруының жоқ болу, өндіріспен ғылымның тиімді байланысының жоқ болу, кәсіпорындардың жалпы технологиялық және техникалық артта қалу, өндірістік инфрақұрылымның жетілмеу, әлемдік экономикасымен нашар бірігу, экономиканың шикізаттық бағыттары мәселелерін шешу керек. және

Мынадай басым бағыттар бойынша келесі шараларды қолдауды болжайды:



  1. Инновацияны қолдауға қаржылық құралдарды жетілдіру.

Осы бағыт бойынша, соның ішінде техникалық және экономикалық сараптамалар жетілдірілген, заңнамалық деңгейде оларды ұсыну тәртібі жеңілдеді, инновациялық гранттардың түрлері үлкейтіледі және анықталды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады.

Технологияның трансферт процессін жетілдіру бойынша қаржылық құралдар арқылы жұмыс жалғасады.



  1. Инновациялық инфрақұрылымның алдағы дамуы.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - ИИДМБ) бірінші бесжылдық шеңберінде құрылған, инфрақұрылым қызметін оңтайландыру бойынша екінші бесжылдық шеңберінде ИИДМБ 2015-2019 жылдары жұмыс жүргізілді және жүргізілу жалғасады.

Бұдан басқа, ұлттық инновациялық жүйесінің басты элементінің бірі ИИДМБ-на сәйкес анықталған, «Инновациялық технологиялар паркі» алдағы дамуы бойынша жұмысы жалғасады.

3. Инновациялық процессте саны көп субъектілерді тарту мақсатында ақпаратты-насихаттық қызметінің дамуы

Инновациялық даму идеологиясы және оның артықшылықтарын тарату және таңдаулы өнертапқыштар, инноваторлар, іске қосу шараларын анықтауға бағытталатын, инновация бойынша бірыңғай ұлттық байқау жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар жоғарыда аталған шаралармен ғылым мен бизнестің әрекеттесуін нығайту бойынша жұмыс жүргізіледі. .

Бизнестің мәселесін шешу, экономиканың нақты секторларының қажеттілігінің инновациялары мен зерттемелері, қолданбалы зерттеулер нәтижелерін бағдарлау осы бағыттың басты мақсаты болып табылады. Мақсатты технологиялық бағдарламалар осы жұмыстың құралдарын орындалуы болуы тиіс.


Инвестициялық ахуалды жақсарту, оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына ТҰК тарту

Әлемдік экономикалық тұрақсыздық жағдайында инвестицияларды тарту ел дамуының басым бағыты болып табылады. «Бес институциональды реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспары - 100 қадам» шеңберінде инвестициялық ахуалды жетілдіру және инвестициялық заңнаманы жақсарту бойынша әжептеуір шаралар қабылданады. Сонымен қатар, Елбасымен кем дегенде 10 ТҰК тарту және экономиканың басым салаларында «зәкірлі инвесторлармен» бірлескен кәсіпорындарды құру мақсаттары қойылды.



1-басым бағыт «Индустриалды дамытудың инвестициялық қамтамасыз етілуі»

Өңірлерде ең тартымды инвестициялық ахуалды құру, оның ішінде халықаралық ең жақсы тәжірибені ескеріп – ЭЫДҰ стандартына сәйкес, Қазақстанды өңірлік инвестициялық хабқа түрлендіру, сонымен қатар өндеу өнеркәсібінде инвестициялардың төмендеуіне жол бермеу индустриялық инновациялық ел дамуының негізгі бағыты болып табылады. Осыған орай, инвестицияларды тарту бойынша жұмыс күшейтіледі.



Шаралар:

- Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) стандартына сәйкес инвестициялық ахуады жетілдіру

ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық шеңберінде 2011-2012 жылдары ЭЫДҰ-ның Инвестиция комитеті сарапшыларымен Қазақстанның инвестициялық саясатына бірінші шолу (бұдан әрі – бірінші Шолу) өткізілді, оның қорытындысы бойынша елдің инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін ұсынымдар берілді

Кешенді жоспардың шеңберінде ЭЫДҰ ұсынымдарын енгізу бойынша тиісті кезекті жұмыс жүргізілуде.

ЭЫДҰ ұсынымдарын енгізу бойынша Қазақстанмен жүргізіліп отырған жұмыс прогресін бағалау үшін 2015 жылғы қыркүйекте Қазақстанның инвестициялық саясатына екінші шолу өткізуді басталды.

2015 жылғы 30 қарашадағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың Жалпыұлттық жоспарының

26-тармағын, сондай-ақ Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарының 47-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 103 қаулысымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі 2016-2017 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспары бекітілді (бұдан әрі – Егжей-тегжейлі жоспар).

Егжей-тегжейлі жоспар инвестициялық ахуалды, салықтық және кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіру, инвесторлар үшін көшіп-қону мәселелерін жеңілдету, одан әрі әкімшілік кедергілерді төмендетуді қарастырады.

Тұтасымен, Егжей-тегжейлі жоспарлы іске асыру инвестициялық тартымдылықты одан әрі арттыруға жыне инвестициялық ахуалды ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін жетілдіруге қолғабыс ететін болады.

- Қазақстанның тартымды инвестициялық имиджін құру бойынша жұмысты жалғастыру және жандандыру, оның ішінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттық- презентациялық жұмыстарды өткізу

Елдің инвестициялық имиджін жылжыту және инвестицияларды тарту бойынша жұмыс шеңберінде белсенді ақпараттық-презентациялық жұмыс жүргізілуде.

2014 - 2016 жылдың 8 айында 28 бизнес-форум (оның ішінде 10 шетелде) и 10 роуд-шоу (мемлекеттік қаражат есебінен) өткізілді.



Анықтама:

2014 жылы – 12 бизнес-форум (4 шетелде) және 8 роуд-шоу (4 шетелде) өткізілді, олардың қорытындысы бойынша $ 5 млрд. астам жалпы сомасына 67 екіжақты құжатқа қол қойылды;

2015 жылы – 14 бизнес-форум (5 шетелде) және 2 роуд-шоу өткізілді;

2016 жылғы 8 айында – 2 бизнес-форум (1 шетелде) өткізілді.

2014 жылы Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы 30-секунд бейнеролик жасалынды. Осы 30-секунд бейнероликтің трансляциясы 2014 жылы халықаралық телеарналарда BBC World News, Euronews и Bloomberg TV (1 900 рет), 2015 жылы - «CNN», «Euronews», «BBC» (760 рет), сонымен қатар инвестициялық тақырыпқа үш 15-секунд бейнеролика «CNN», «Euronews», «BBC» телеарналарда трансляциясы (2 235 рет) болды.

Осымен қатар, осы кезеңде жарнамалық ақпараттық мақалалардың халықаралық мерзімді басылымдарда «Foreign Affairs», «fDi Magazine», «The Economist» и «Financial Times», сонымен қатар 12 жарнамалық ақпараттық мақалалардың қазақстандық мерзімді басылымдарда «Forbes», «Курсив», «Капитал» жарияланды.

Бұл ретте, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, «Бір терезе» тетігін көпшілікке тарату және күрделі мәселелерді айқындау мақсатымен өңірлерде үнемі мәжілістер өткізіледі. Сонымен қатар, Астана қаласында инвестицияларды тарту бойынша қызмет қорытындылары бойынша жыл сайын пресс-конференция өткізіледі.

- «Бір терезе» шеңберінде мемлекеттік қызметтердің уақтылы көрсетуі

2015 жылдан бастап «Бір терезе» механизмі мемлекеттік қызметтер алу үшін басым инвестициялық жобаларды іске асыратын инвесторлар үшін пилоттық режимде жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап барлық инвесторлар үшін «бір терезе» қағидасы жұмыс істейді.

«Бір терезе» қағидасын кеңейту инвесторлар өтініштерінің көбеюіне әкелетінің ескере отырып, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетімен инвесторларлы сүйемелдеудің автоматтандырылған жұйесін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол online-режимінде инвесторларға тіркеуді, мемлекеттік қызмет беру шарттары, жобаны іске асырудың Жол картасы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін жүзеге асыру туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

2016 жылғы қаңтардан бастап өңірлерде қосымша 19 инвесторларға қызмет көрсету секторлары іске қосылатын болады (Астана қаласында – 2, Алматы қаласында – 3, облыс орталықтарында 1 инвесторларға қызмет көрсету секторлары).

2016 жылғы қаңтар – шілде айларына Investors Services Centre және ХҚКО инвесторларға қызмет көрсету секторларының көмегімен 2500-ден астам өтініштер түсті, бұл ретте шамасында 1800 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

- инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша инвестициялық омбудсменнің тиімді қызметімен қамтамасыз ету

2015 жылғы 29 қазанда ҚР Кәсіпкерлік кодексін іске асыруда 2015 жылғы 26 желтоқсанда № 1069 «Инвестициялық омбудсменнің қызметі туралы қағины бекіту туралы».

Инвестициялық омбудсмен институтының негізгі міндеті – инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделеріне қолдау көрсету.

Инвестициялық омбудсмен институтының механизмі ҚР-ғы инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындаған мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарастыру және оларды шешу үшін ұсыныстарды шығару болып табылады.

2016 жылғы қаңтар – шілде айларында Инвестициялық омбудсмен мекенжайына шетел және отандық инвесторлардан 35 жаңа өтініштер түсті.

- инвесторлар үшін «бір терезе» тәртібінде жұмыс істейтін «Kaznex Invest» АҚ-ң 5 өңірлік фронт-офистерін (АҚШ, Германия, Түркия, БАЭ, ҚХР) ашу және 10 басым елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Оңтүстік Корея, Иран, Жапония, Германия, Франция, ҚХР, Үндістан) инвестициялар бойынша арнайы кеңесшілерді енгізу

Елбасының тапсырмасына сәйкес жаңа тәсілдер енгізілді және инвесторларды тарту бойынша жүйе күшейтілді. Сондай-ақ, инвестициялар бойынша арнайы кеңесшілер басым елдерге бағытталады. Шетелде инвесторлармен тығыз жұмыс істейді және «бір терезе» болып табылатын «Kaznex Invest» АҚ-ң 5 өңірлік фронт-офистері (АҚШ, Германия, Түркия, БАЭ, ҚХР) ашылды.
Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауында бар арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылым құрастыру бойынша жұмысты бітіру нақты мақсат қойды. Жаңа инвестицияларды тарту үшін сәйкес жағдайлар жасау қажет.

2 басым бағыт - «АЭА»

Елдің индустриялық-инновациялық дамуы бойынша негізгі міндеттерінің бірі болып жоғарғы қосылған құны бар өнімдерді шығаратын бәсекеге қаблетті кәсіпорындарды құру арқылы экономиканы диверсификациялау табылады. Оған қоса, инвестицияларды тарту және жоғарғы технологиялық өнімдерді өндірудегі маңызды құрал болып дамыған инфрақұрылымға, тұрақты заңнамаға және жүйелі басқаруға негізделетін арнайы экономикалық аймақтарды дамыту табылады.

Шаралар:

- АЭА саласында заңнаманы жетілдіру.

2015 жылғы 27 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы шықты.

Заң қолданыстағы жеңілдіктерді алу бойынша құқықтық кедергілерді жоюға және дамудың жаңа тәсіліне, әлеуетті инвесторлар үшін қолайлы инвестициалық климатты құруға, АЭА құрылымынңы институционалды жетілуіне және АЭА қызметінде басқарушы компаниялардың рөлін күшейтуге бағытталған.

Бүгінгі күні, ДСҰ және ЕАЭО кіру шеңберінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобымен АЭА қатысушыларын қолдаудың балама шараларын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде
(ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда).

Сонымен қатар, АЭА басым салалар тізбесін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде (ҚР қаулы жобасын әзірлеу).

Одан әрі АЭА саласында заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.


  • Қазақстанның АЭА туралы ақпаратты-презентациялық жұмыстарды жүргізу арқылы инвестициялық имиджін ілгерілету.

2016 жылы «ҚР АЭА инвестициялық мүмкіндіктері» атты 2 роуд-шоу өткізу жоспарлануда (Қытай, Ұлыбритания). Сонымен қатар, 2017 жылы ішкі (ҚР-да) 2 роуд-шоу және халықаралық салалық форумдарда 3 роуд-шоу өткізу жоспарлануда.

Халықаралық авиажелілердегі борттық журналдарда ҚР АЭА инвестициялық мүмкіншіліктері туралы ақпараттарды орналастыру, және ҚР АЭА инвестициялық мұмкіншіліктерін визуалдау үшін презентациялық материалдарды (3D карта) дайындау жоспарлануда (жылына 3 АЭА);



  • АЭА дамыту тәсілдеріне үздік әлемдік тәжірибені енгізу.

Аталған бағытта әлемдік даму институттарымен ынтымақтастықты нығайту жоспарлануда (АДБ, ЭЫДҰ, ДБ). Сонымен қатар, БҮО қызметіне халықаралық кеңесшілерді тарту жоспарлануда.

2015 жылы «Сарыарқа», «ИТП», «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік» АЭА басқарушы органдарына халықаралық стандарттар бойынша жаңа басқарудың моделін енгізу басталды (басқарушы компаниялардың ұйымдастырушылық құрылымы, маркетинг бағдарламасы, бизнес-процесстерді құру). 2017 жылы барлық АЭА басқарушы органдарына жаңа басқару моделін енгізуді аяқтау жоспарланған.

Оған қоса, АЭА жұмысына белсенді түрде халықаралық сарапшылар тартылуда:


  • «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА - DP World араб компаниясы;

  • «Оңтүстік» АЭА - «Shamrock» түрік компаниясы;

  • «Сарыарка» АЭА - «Sinosteel» қытай компаниясы;

  • «Тараз химия паркі» АЭА - «CNCEC» қытай компаниясы.

Сонымен қатар, «Тараз химия паркі» және «Астана – жаңа қала» (№2 ИП) АЭА мастер жоспарларын әзірлеу үшін «Jurong» компаниясы тартылды. «ИТП» АЭА басқару моделін әзірлеу үшін «Jurong» сингапур компаниясы тартылды.
Бәсекелестікке қабілетті туристік индустрияны құру

Туристік сала қызметінің дамуының басты бағыты болып ішкі және келу туризмінің ұлғаюы болып табылады. Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін Қазақстанда туризм өсу нүктелері анықталған – Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағы, Алматы қаласы, Алматы, Шығыс-Қазақстан және Маңғыстау облыстары. Осы өсу нүктелері бойынша 2012 жылғы желтоқсанда Жүйелік жоспарлардың дайындалуы аяқталған. Жүйелік жоспар шеңберінде өткізілген зерттеулер Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2012 жылғы 22 маусымдағы №337-2 ПАБ тапсырмасын орындау үшін әзірленген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдаудың негізі болды.



Шаралар:

- Халықаралық туристік көрмелерге қатысуды қамтамасыз ету;

- «Туризм және саяхат» KITF Қазақстандық Туристік Жәрмеңкеге қатысуды қамтамасыз ету;

- «Іле-Балқаш регатасын» өткізу;

- Қазақстан Республикасының ресми туристік веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- Туристік саланы дамыту мәселелері бойынша республикалық мәжілістер өткізу.



Экономика мен қоғамның ғарыш өнімдері мен қызметтері деген сұраныстарын қанағаттандыру

Елбасы өзінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында инновациялық саланы, оның ішінде ғарыш саласын құруды нақты міндет етіп қойды Осылайша, еліміздің толыққанды отандық ғарыш саласын құрудың маңыздығына айрықша көңіл аударды.

Ғарыш саласы экономика салаларының міндеттерін шешу мақсатында ғарыш аппараттарының орбиталық тобын қолдауды және кеңейтуді және ЖҚЗ және ғылыми-технологиялық мақсаттағы байланыс ғарыш жүйелерін тиімді пайдалану жөніндегі шараларын нығайтуды талап етеді.

Ғарыш саласын бұдан әрі дамыту Қазақстан Республикасында құрылып жатқан ғарыш инфрақұрылымын қолдану тиімділігін арттыру міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс.

Ғарыш саласындағы инновацияларды дамытудың негізгі драйвері қолданбалы ғылыми зерттеулер болып табылады. Осы зерттеулердің шеңберінде таяу және алыс ғарышты, геодинамикалық процестерді зерттеу, ЖҚЗ мәліметтерін қабылдау және өңдеу, ғарыш техникасы мен технологияларының келешекті үлгілерін әзірлеу, зымыран-ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан экономикасының салаларында ғарыш өнімдері мен қызметтерін қолдануды кеңейту жөніндегі ғылыми бағыттар дамытылады.

Тәжірибелік-эксперименттік базаны дамыту ғылымды дамыту міндеттерін және жоғары технологиялар трансферті міндеттерін бір уақытта шешуге ықпалын тигізеді, сондықтан Қазақстан Республикасының ғарыш бағдарламаларында ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен назар аударылады.

Ғарыш ғылымының қазіргі заманғы тәжірибелік-эксперименттік базасын құру оның дәрежесін әлемдік деңгейге көтеруге ықпалын тигізеді.

Шаралар:

- «KazSat» ғарыш байланыс жүйесін, ЖҚЗ ғарыш жүйесін және дәлдігі жоғары спутниктік навигациясын пайдалануға енгізуді қамтамасыз ету және бұдан әрі дамыту;

- ғарыш инфрақұрылымын қолданылуының нәтижелігін арттыру, ғарыш жүйелерінің өнімдері мен қызметтерінің ауқымдылығын кеңейту;

- тәжірибелік өндірісі бар ҒА ҚұСК, ҒТ АКТБ пайдалануға беру және оларды толық өндірістік қуаттылыққа шығару;

- ғарыш технологияларының ұлттық зертханасын (ҒТҰЗ) құру;

- Ресей Федерациясы жалға алған объектілер құрамына кірмеген және ол құрамнан шығарылған «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

- ресейлік ТЗ базасында «Бәйтерек» ҒЗК-ні құру;

- ғарыш техникасы мен технологияларының жаңа үлгілерін әзірлеу;

- ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесінде ұшу-ғарыштық сынауларды құру және жүргізу;

- ғарыш саласының мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

- ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігін мониторингілеу жүйесін дамыту;

- таяу және алыс ғарыштық зерттеулердің ғылыми және эксперименттік базасын дамыту;

- ғарыш техникасының жаңа үлгілерін әзірлеудің зертханалық және тәжірибелік-эксперименттік базасын жаңғырту.

2-Стратегиялық бағыт.

Экономика қажеттілігін қамтамасыз ету және транзиттік әлеуетін іске асыру үшін көлік инфрақұрылымның озық дамуы

Автомобиль жолдарын, теміржол секторін, су көлігін және азаматтық авиация саласын дамыту жолмен тиімді көлік-логистиканың инфрақұрылымын құруы көлік саланың басым бағыттары болып табылады.



Шаралар:

- Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс автомобилдік магистралдарын құру және қайта құру, және де республикалық маңызы бар басқа жолдарды қайта құру,

- Алматы-Шу учаскесінде екінші жолдар салу, Боржақты-Ерсай теміржол желісін салуды аяқтау. Теміржол саласындағы жобаларды іске асыру көлік-логистикалық орталықтардың ұтымды желісін дамыту, жүктеулі теміржол учаскелерінің арасында арақашықтықты және уақытты қысқартуды болжайды,

- ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Орал, Петропавл, Қостанай, Семей және Өскемен қалалары әуежайларының ұшу-қону жолдарын қайта құру, Астана қаласы әуежайдың жаңа терминалын құру және ұшу-қону жолын қайта құру,

- Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту, Құрық портында паромдық өткел салу, сауда флотын құрғақ жүктермен және паромдармен толықтыру, ішкі су жолдарында қауіпсіздікті әрі қарай дамыту және кеме қатынасы шлюздерін ұстау;

- кезең-кезеңмен көлік-логистикалық орталықтарды салуымен ішкі терминалдық жүйесін құруы.



жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау