дейін үлкейгенде режим тұрақты емес болады.
Тәжирибеде тұрақты емес режим жетегіндегі момент шамасының тербелісі және жылдамлдық мөлшерімен сипатталады. Гидромуфтаның жұмысшы қуысы қанша аз толтырылған болса, момент тернбелісі де сонша үлкейеді және тұрақсыз режимдер диапазоны де үлкейеді (рис. 5.1 б).
Моментті сипаттамаларындағы тегістеу және тұрақсыз режимдердің алдын алу үшін:
Турбинді дөңгелектің шығатын бөлігіне және сорапты дөңгелектің кіретін бөлігіне табалдырық орнату керек;
Ішкі торы бар гидромуфталарды қолдану керек;
Айналу өсінен жұмысшы қуысты алып тастау керек.
Ең тиімді бірінші әдісі болып табылады. Табалдырық орнату сұйыққа сақиналы ағынға өзгеруіне мүмкіндік бермейді. Минималды кіріс радиусы сорапты дөңгелектер үшін мұндай жағдайда табалдырық биіктігімен шектеледі. Бірақ табалдырық орнату қысым шығынын жоғарылатуға әкеледі.
Ішкі торы бар гидромуфталар жұмысшы қуыстың жүктеме өзгергенде көлемін өзгертуге мүмкіндік бермейді. Бірақ тор қосымша гидравликалық кедергі болып саналады да гидромуфтаның конструкциясын күрделендіреді.
Үшінші әдіс және радиустарының әр түрлілігін азайтады, осыдан сәйкесінше ағын моменттерінің де әр түрлілігін азаяды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
1. Гидрожалғастырғыштардың реттеу тәсілдерін атандар және салыстырындар? 2. Гидрожалғастырғыштын тұрақты жұмыс істеу режимін қандай шарттарда алуға болады? 3. Гидрожалғастырғыш сипаттамаларының біркелкі еместігін немен түсіндіруге болады? 4. Гидрожалғастырғыш жартылай толған кездегі жұмыс істеу принципін түсіндірініз. 5. Гидрожалғастырғыштың механикалық сипаттамалырындағы үзіліс себептері неде? 6. Гидрожалғастырғыш сипаттамасының тегістеу тәсілдерін атаныз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б. –52 – 62, 91, 93 бет;
Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –60 – 70 бет;
Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 60 – 61, 197-200 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |