Оқыту әдістері –
оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен
оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері. Оқыту әдістерінің 3 тобы бар:
1. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері.
2. Оқу-танымдық іс-әрекетті туғызу әдістері.
3. Оқу-танымдық іс-әрекетті тиімділігін бақылау әдістері.
Оқыту
– бұл оқушы мен ұстаздың мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.
Оқу бағдарламасы
– оқу пәні бойынша оқытудың мазмұнын, оқушыларға берілген білім
көлемін айқындайтын құжат. Оқу бағдарламасында пәнді оқыту мақсаттары мен
міндеттері, оқытуды ұйымдастырудың түрлерінің ерекшеліктері мен әдістемесі құрылады.
Оқытудың бірізділігі
– жаңа оқу материалын оқыту бұрынғы оқытумен қамтамасыз
етілетінін көрсететін білім беру мен оқытудың талабы.
Достарыңызбен бөлісу: |